Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – жас ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеу негізі



бет1/4
Дата12.10.2020
өлшемі29,26 Kb.
#64776
  1   2   3   4

Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – жас ұрпақты

ұлтжандылыққа тәрбиелеу негізі

Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуымен байланысты тәрбиенің барлық саласында қайта түлеу процесі жүріп жатқаны мәлім. Жас ұрпақты өз халқының асыл қазынасы болып табылатын халық педагогикасының озық та өнегелі дәстүрлерімен сусындатып, соның негізінде мәдениет пен білім қорын жинақтаған, шығармашылық қабілеті дамыған, әр істе белсенді әрекет жасай алатын, өз Отанын шексіз сүйетін жеке тұлғаны қалыптастыру тәрбиенің өзекті мәселесіне айналды . Өйткені мемлекетіміздің саяси тұрақтылығы, материалдық және рухани тұрғыдан кемелденуі, жас жеткіншектеріміздің алар білімі мен тәрбиенің деңгейіне тікелей байланысты. Сондықтан да қоғамның білім беру жүйесін жаңарту мен жетілдіру мәселелері үлкен міндет жүктеп отыр. Оның ішінде бүгінгі таңда өзекті мәселелердің біріне айналған ұлтжандылық тәрбиесі. Бұл мәселе жайында Республика Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстанның болашағы - қоғамның идеялық бірлігінде» деген еңбегінде «Біздің тағы бір аса маңызды идеологиялық міндетіміз – Қазақстандықтарды Отансүйгіштікке тәрбиелеу» деп атап көрсетуінің үлкен мәні бар. Сондай-ақ елбасының егемен елімізді дамыту мақсатында жасалған «Қазақстан- 2030» стратегиялық бағдарламасында «Қазақстанның барлық азаматында Отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз» делінген.

Осыған орай «Бүгінгі тәрбиенің басты міндеті – адамзат мәдениетінің сан ғасырлық өркениеттік жетістіктері мен ұлттық рухани, мәдени байлықтарды кіріктіре отырып, оқушы жастарды нарықтық экономикаға бейімделген, өмірге икемделген, жан – жақты жетілген, қабілетті, кез – келген тұтқиыл жағдайлардан жол тауып шыға алатын ынталы да іскер, табанды да талантты отанын сүйетін азамат етіп тәрбиелеу болып отыр.

Сонымен қатар ұлтжандылық тәрбиесі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында оқушыларды азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, Республиканың қоғамдық – саяси, экономикалық мәдени өміріне қатысу қажеттілігіне тәрбиелеумен атап көрсетілген.

Білім беру мен тәрбие мақсатын көздеген осындай мемлекеттік құжаттар ұлтжандылық тәрбиесінің жас ұрпақты тәрбиелеуде қай уақытта болмасын әрқашанда зор маңызға ие болғанын дәлелдейді.

Кемеңгер ойшыл бабаларымыз Қорқыт ата, Әл-Фараби, Ахмет Яссуаи, Махмуд Қашғари, Ахмет Жүинеки, Сайф Сарай, Жалайри, Дулати, Шоқан,Ыбырай, Абай, Шәкәрім т.б. ғұлама – ғалымдар өздерінің шығармаларында ел, жер, Отанды сүю, ар-ождан, намысты қорғау, ғылым, білімді халық игілігіне жұмсау сияқты ұлттық рухтың өзекті мәселелеріне ерекше мән беріп келген. ХV – XVIII ғ.ғ өмір сүрген Асан қайғы, Жиенбет, Шалкиіз, Бұқар, Дулат сияқты ақиық ақындар өздерінің өлең-жыр, толғауларымен елдік пен ерлікті, сақилық пен серілікті, әділдік пен адалдықты жалықпай насихаттаумен болды. Ал, Доспамбет, Ақтамберді, Махамбет сынды әрі батыр, әрі ақын – жыраулар «ел намысы – ер намысы» деп қарап, дұшпанға өткір тілді өлеңін де, алмас қылышында жұмсай білді.

Елін, жерін шет ел шапқыншыларынан қорғауда ерен ерлігі аңызға айналған, өлең-жыр, толғауларға арқау болған Қобыланды, Ер Тарғын, Ер Сайын, Ер Қосай, Едіге, Қамбар, Абылай, Бөгенбай, Қабанбай, Кенесары, Сырым, Исатай сияқты батырларды тәрбиелеп өсірген де қазақ халқы. ХХ ғ. Кеңестік дәуірдегі әр түрлі соғыстардың қас батырлары Аманкелді, Бауыржан, Мәлік, Төлеген, Әлия, Мәншүк, Рахымжан, Талғаттардың ерен ерлік іс-қимылдары да өлең – жыр, дастанға айналып, жастарды Отансүйгіштік рухта тәрбиелеудің эталоны болды.

Профессор М.Ғабдуллин өзінің "Ата-аналарға тәрбие туралы кеңес" еңбегінде "Бүгінгі жастарды ұлтжандылық рухта тәрбиелеуде ақын-жыраулардың өнеге сөздерінің белгілі мөлшерде пайдасы бар екені нақ. Мұндағы тәрбиелік мәні бар әңгімелер жастарға жат емес. Халықты сүй, халық үшін ерлік еңбек ет, ел-жұртқа қорған бол деушілік қазіргі күнде ескірген сөздер емес, қайта мағыналы, мәнді сөздер. Сондықтан бұлардың ішінен жастарымызды тәрбиелеуде әсер ететіндерін таңдап алып, орнымен пайдалана білсек, нұр үстіне нұр болар еді" дейді.

Әскери ұлтжандылық тақырыптарына ой толғаған жауынгер жазушы, тәлімгер педагог Б.Момышұлы жас жауынгерлерді ерлік, ұлтжандылық, Отанын, елін, жерін сүю, ұлттар достығына тәрбиелеу қажеттілігін өз шығармаларының арқауы етті. Ол ұлттың дәстүрді, елжандылықты жастардың қанына сіңіруде мақал-мәтелдердің, батырлар жырларының, терме-толғаулардың мәніне тоқталады.

Ал жауынгер жазушы, фольклорист ғалым, Кеңестер Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллин өзінің "Менің майдандас достарым" еңбегінде сұрапыл соғыстың бір толастаған кезінде тар окопта Ер Сайын, Ер Қосай, Қобыланды жырларын өзінің майдандас достарына әңгімелеп беру арқылы қазақ жастарын ерлікке қалай рухтандырғанын баяндайды. "Ерлік тәрбиеден туады" деп Бауыржан атамыз айтқандай, өзінің бар саналы өмірін жас ұрпақты оқыту-тәрбиелеу ісіне жұмсаған, қазақ халқының прогрессивті, педагогикалық ой-пікірлерін қалыптастырып, ұлт мектебінің іргетасын қалаушылардың бірі - қоғам қайраткері, белгілі жазушы, аудармашы, ағартушы-демократ С.Көбеевтің өмірі мен педагогикалық мұрасын саралап қарастырсақ, оның жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастырып, оларды ұлтжандылыққа баулуда еткен еңбегінің мол екенін байқаймыз.

Жеткіншек ұрпақты тәрбиелеуге қажетті негізгі адамгершілік қасиет, С.Көбеевтің пікірінше, ұлтжандылық болып табылады. " Туған елін сүю сезімі туа біткен сезім болып табылмайды, оны адамға табиғат тарту етпейді. Ұлтжандылықты қоғам мен жекелеген адамдар бойына сіңіріп, дамытып, тиісті деңгейге көтереді. Отбасы мен мектеп жастарды асқақ ұлтжандылық сезімге тәрбиелеуге тиіс" - дейді ол.

С. Көбеев баланың өз Отаны үшін қажетті азамат болып қалыптасуында ата-ананың алатын орны мен атқаратын мәнін зор бағалап, отансүйгіштік тәрбие негізі ана тілі екенін терең түсіндіре білді. Оның пікірінше, жас ұрпаққа білім беру өз ана тілінде жүргізілуі керек. Барлық ақыл-ойын, күш-жігерін аянбай жұмсап, өз өмірінің жарты ғасырдан астамын мектепте өткізген О.Көбеев халықтар достығы жолында жалынды жаршы бола білді, жастарды туған халқын құрметтеуге тәрбиеледі.



Баланың ұлтжандылық сезімінің қалыптасуы, біріншіден, ата – анасын, туған үйін, сосын балабақшасын, көшесін, тұрған ауыл немесе қаласын, одан кейін барып, өз өлкесін сүюден басталады. Оның ішінде көркем әдебиеттердегі тарихи аңыздар, батырлар жырын оқу арқылы өз еліне деген сүйіспеншілік оянады. Үлкендерді, құрбы-құрдастарын құрметтеуге тәрбиелемей, біз оларды халыққа, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелей алмаймыз.

Отан – бізді қоршаған айналадағы дүние. Отанға ата – ананы, бауыр, жан-жануар, өсімдік, бәрін – бәрін жатқыза аламыз. Отанды сүю және оған деген жауапкершілік,борыш сезімі анасынан, айналадағы адамдарды құрметтеуден, баланың өзін аялаған жүрек жылуын сезінуден, туған жердің сұлулығына масаттана білуден басталады. Бұл жөнінде ғалым В.А. Сухомлинский: «Сезіне білуге үйрету тәрбие берудегі ең қиын нәрсе. Ізгі жүректілік, сергектік, сезімталдық, үн қосқыштық мектебі – достық, жолдастық, туыстық. Адамдардың бақыты, қуанышы, жан тыныштығы үшін бір нәрсе істегенде ғана бала басқа адамның ең нәзік жан толқуларын сезінетін болады», - деп құнды пікір қалдырған.

Ұлтжандылық сезімге тәрбиелеу түрлі тәрбие аспектілерінің ажырамас бөліктерінен (ақыл – ой, эстетикалық, адамгершілік, еңбек, т.б.) құралады. Ұлтжандылық сезімге тәрбиелеу талаптарын баланың ақыл – ой даму деңгейі өзіне қажетті жағдайын, алғы шарттарын қабылдайды. Ұлтжандылыққа тәрбиелеу үрдісі баланың эстетикалық жағдайда даму талаптарына жол ашады. Мұнда бала туған өлкесінің сұлулығын, тазалығын сезінеді және сүйіспеншілік сезімі оянады.


Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет