Мемлекеттік тілде іс жүргізу



Дата24.04.2017
өлшемі317 Kb.
#14986
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

мемлекеттік тілде іс жүргізу

пәнінен барлық мамандықтарда оқитын студенттердің

өздік жұмыстарына арналған әдістемелік нұсқау

Павлодар


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Филология, журналистика және өнер факультеті
Қазақ тілі кафедрасы

мемлекеттік тілде іс жүргізу

пәнінен барлық мамандықтарда оқитын студенттердің

өздік жұмыстарына арналған әдістемелік нұсқау

Павлодар


Кереку

2010


ӘОЖ 651.9:811.512.122 (07)

КБК 65.050. 2я7

М-44
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің филология, журналистика және өнер факультетінің қазақ тілі кафедрасының отырысында басуға ұсынылды

Пікірсарапшы: филология ғылымдарының кандидаты, профессор А. Ф. Зейнулина
Құрастырушылар: Т. Х. Сматаев, М. А. Баймұқанова, Т. Қ. Бәлкен, А. Ж. Анесова

М-44 Мемлекеттік тілде іс жүргізу пәнінен барлық мамандықтарда

оқитын студенттердің өздік жұмыстарға арналған әдістемелік

нұсқау / құраст. : Т. Х. Сматаев, М. А. Баймұқанова,

Т. Қ. Бәлкен, А. Ж. Анесова. – Павлодар : Кереку, 2010. – 26 б.

Мемлекеттік тілде іс жүргізу пәнінен студенттердің өздік жұмыстарына арналған әдістемелік нұсқау барлық мамандықтардың студенттеріне ұсынылады. Әдістемелік нұсқау жұмыс бағдарламасына сәйкес әзірленді.

ӘОЖ 651.9:811.512.122 (07)

КБК 65.050. 2я7


© Сматаев Т.Х. және т.б., 2010

© С. Торайғыров атындағы ПМУ, 2010
Материалдық дурыс болуына, грамматикалық және орфографиялық қателерге авторлар мен құрастырушылар жауапты


Кіріспе
Жоғары және орта арнаулы оқу орындарында 1999-2000 оқу жылынан бастап «Мемлекеттік тілде іс жүргізу» курсы пән ретінде өткізіліп келеді.

Аталған оқу орындарының қазіргі студенттері – мекемелердің, ұйымдардың, кәсіпорындардың басшылары, қызметкерлері немесе олардың құрамдас бөлімдерінің ертеңгі басшылары. Келешекте мекемедегі құжаттарды құрастыратын, ресімдейтін, я осы істерге басшылық жасайтын мамандар. Сондықтан мемлекеттік тілдің қазіргі жағдайында «Мемлекеттік тілде іс жүргізу» арнайы курсын оқу орындарының оқу жоспарына енгізудің маңызы зор болып отыр.

Қалай десек те, еліміздегі мемлекеттік ұйымдар, мекемелер, кәсіпорындар іс қағазын мемлекеттік тілде жүргізуге кірісіп те кетті. Сондықтан іс жүргізуде әрбір азамат құжат жұмыстарымен айналысқан жағдайда өзінің сауаттылығын, білімін, шеберлігін жоғары ұстаған жөн.

Әрбір қызметкер, білікті маман әр түрлі іс қағаздарының жазылу тәртіптерін, толтыру үлгілерін білулері қажет.

Әдістемелік нұсқауда пәнге қатысты қысқаша түсініктеме, жұмысты өткізу мен қорғау, студенттерге ескертпелер, жеке тапсырмалар т.б. тұрады. Әдістемелік нұсқаудың мақсаты іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізудің маңыздылығын, құндылығын ұғындыру болып табылады. Іс қағаздарды мемлекеттік стандартқа сәйкес толтыру әдістері, құжаттың стилі, оларға қойылатын талаптардың ерекшеліктерімен таныстырып, іс жүзінде жүзеге асыру.

Қосымшада құжат толтырудың үлгілері студенттерге оңтайлы болу үшін қатарластырылып беріледі.

Әдістемелік нұсқауда ресми құжаттарға сүйене отырып, сауатты түрде құрастыруға, құжаттарды рәсімдей алуына мүмкіндік береді.

Әдістемелік нұсқау кафедраның «Мемлекеттік тілде іс жүргізу» пәнінің жұмыс бағдарламасы негізінде жасалды.




  1. СӨЖ-ге қысқаша түсініктеме

«Мемлекеттік тілде іс жүргізу» курсында әрбір студент іс қағаздары үлгілерімен таныса отырып, құжат түрлері бойынша мемлекеттік тілде құрастыру, ресімдеу жұмыстарына дағдыланады. Бұдан басқа термин сөздер мен ресми іс қағаздары стилінің қолданылуын практика жүзінде қалыптастыра алады.

Студенттің өздік жұмысы оқу процесінің бір қалыпы, сондықтан оның негізгі бір бөлігі болып саналады. СӨЖ-ді дұрыс ұйымдастырып және оны орындау үшін, оқытушы жақтан өздік жұмысының көлемін жобалау және бақылау керек.

1.1 Мақсаты:

Іс қағаздарын қазақша жүргізудің мемлекеттік құндылығын, әлеуметтік маңыздылығын, оның қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің алғы шарттарының бірі екендігін ұғындыру.

Мемлекетіміздің арқа сүйер болашақ мамандық иелерін іс қағаздарын толтырудың мемлекеттік стандарттары мен толтыру әдістері, жазылу стилі, қызметі, мақсаты сияқты білім негіздерімен қаруландырып, қазақ тілінің қоғам дамуындағы рөлінің күшеюіне олардың өз септігін тигізуін қамтамасыз ету. Іс қағаздарының түрлері, оларға қойылатын талаптар, олардың дұрыс ресімделуі, лексикасы сияқты ерекшеліктерімен таныстыру.
1.2 СӨЖ-дің маңыздылығын анықтайтын себепкер шарттар:

- СӨЖ пән бойынша құжаттарды дұрыс құрастыруда және оны меңгеруде үлкен орын алады;

- өздік жұмыс студенттердің пәнге деген көзқарастарын қалыптастырады;

- өздік жұмыс барысында студенттердің келесі қабілеттері қалыптасады: еңбекқорлық, мақсаттылық, ұқыптылық, жинақтылық, өздік ойлау, іске деген жауапкершілік;

- жүйелі СӨЖ студенттердің ойлау қабілеттерін арттырады, білімдерін тереңдетеді, кеңейтеді.


1.3 СӨЖ-ді орындағаннан кейін студенттер мыналарды білуі керек:

- құжаттардың түрлерін;

-құжаттарды құрастырудың және ресімдеудің негізгі талаптарын;

- құжат мәтінін дұрыс құрастыруын;

- реквизиттердің қазақша атауларын;

- реквизиттердің орналасу тәртіптерін;

- ресми іс қағаздары стильдерінің ерекшеліктерін;

- іс жүргізуге байланысты термин атауларын;

- іс қағаздарын толтыруда мемлекеттік тілде сауатты жазу.
1.4 Жұмысты өткізу және қорғау

- студенттер жұмыстарының нәтижесін семинар сабағында айтады немесе жазба түрде тапсырады;

- студенттер өз уақыттарын және жұмыстың тапсыру күнін оқытушымен келістіріп, белгілейді;

- жұмыстарды тексергеннен кейін тиісті ұпайлары (балл) қойылады.



2 Өздік жұмыстардың тақырыптары мен мазмұны
1-тақырып. Қазақстан Республикасындағы тіл туралы Қазақстан Республикасының негізгі заң актілері

1. Қазақстан Республикасының Конституциясының тіл туралы баптары (7,19,93-баптар)

2. ҚР тіл туралы ҚР заңы

3. Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

4. Павлодар облыстық «Ана тілі» бағдарламасы
2-тақырып. Құжат реквизиттері

1. Қазақстан Республикасында белгіленген құжат реквизиттері

2. Құжат реквизиттерін ресімдеудің тәртібі

3. Қазақ тілінде құрастырылып ресімделетін құжаттардағы реквизиттердің орны


3-тақырып. Жеке адамдардың құжаттары. Өмірбаян. Резюме. Қолхат. Сенімхат

1. Жеке адамдардың құжаттарының ерекшеліктері

2. Өмірбаян

3. Резюме

4. Қолхат

5. Сенімхат


4-тақырып. Қызметтік құжаттар. Жеке құрамның құжаттары: өтініш

1.Қызметкерлер құрамына байланысты құжаттардың ерекшеліктері мен маңызы

2. Жұмысқа қабылдау туралы өтініш

3. Ауыстыру туралы өтініш

4. Еңбек демалысы туралы өтініш

5. Босату туралы өтініш


5-тақырып. Кадрларды тіркеу жөніндегі жеке іс парағы

1. Жеке іс парағының үлгісі

2. Жеке іс парағын толтыру
6- тақырып. Мінездеме

1. Мінездеменің жазылу жағдайлары

2. Мінездеме үлгісімен жұмыс

3. Мінездеменің мәтінін құрастыру


7-тақырып. Қызметкерлер құрамына байланысты бұйрықтар.

1. Қызметкерлер құрамына байланысты бұйрықтардың жазылу ерекшеліктері

2. Жұмысқа қабылдау туралы бұйрық

3. Жұмыстан босату туралы бұйрық

4. Еңбек демалысы туралы бұйрықтар

8-тақырып. Еңбек келісімдері

1. Еңбек келісімінің үлгісімен жұмыс

2. Еңбек келісімінің түрлері

3. Еңбек келісімінің үлгісін аудару


9-тақырып. Анықтамалық – ақпараттық құжаттар: анықтама

1. Анықтамалық-ақпараттық құжаттардың маңызы мен түрлері

2. Анықтаманың түрлері, үлгілермен жұмыс

3. Жұмыс орнынан берілетін анықтама жазу


10-тақырып. Баяндау хат

1. Баяндау хаттың жазылу жағдайлары

2. Орындлған жұмыс туралы баяндау хат жазу

3. Орындалмаған жұмыс туралы баяндау хат жазу


11-тақырып. Түсініктеме

1. Түсініктеменің жазылу жағдайлары

2. Орындалмаған жұмысқа қатысты түсініктеме жазу

3. Жұмыс босату туралы тұсініктеме жазу


12 –тақырып. Хабарландыру

1. Хаттамалардың жазылу жағдайлары

2. Мерекелік шара туралы хабарландыру жазу

3. Жиналыс туралы хабарландыру жазу

4. Кездесу туралы хабарландыру жазу
13-тақырып. Қызметтік хаттар

1. Қызметтік хаттың жазылу жағдайлары

2. Қызметтік хаттардың мәтіндерін аудару

3. Жарнамалық қызметтік хат жазу

4. Шақыру хат жазу
14-тақырып. Реттеу құжаттары. Хаттама

1.Реттеу құжаттарын ресімдеу мен құрастырудың ерекшеліктері

2. Хаттама мәтінін оқып аудару

3. Хаттама мәтінін құрастыру


15-тақырып. Ұйымдастыру құжаттары. Жарғы

1. Ұйымдастыру құжаттарының түрлері

2. Ереже мәтінін оқып аудару

3 Тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар
1-тақырып. Қазақстан Республикасындағы тіл туралы Қазақстан Республикасының негізгі заң актілері
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. 1995 жылғы тамыздың 30-ында қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясының 7, 14, 19, 41, 58, 93-баптарын конспектілеңіз.

2. Қазақстан Республикасындағы тіл туралы 1997 жылғы шілденің 11-індегі №151-1 Қазақстан Республикасының заңының 1-бабында қолданылған негізгі ұғымдарды және оларға берілген анықтамаларды жаттаңыз.

3. Қазақстан Республикасындағы тіл туралы 1997 жылғы шілденің 11-індегі №151-1 Қазақстан Республикасының заңының мемлекеттік тілге байланысты баптарын конспектілеңіз.

4. 2001 жылғы ақпанның 7-сінде ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілген Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі мақсаттарын анықтаңыз, конспектілеңіз.

5. Практикалық сабаққа ұсынылған сұрақтарға жауап беруге дайындалыңыз.
2-тақырып. Жазылаты және басу құралдарымен дайындалатын құжаттарға қойылатын талаптар

Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Жазылатын және басу құралдарымен дайындалатын құжаттарға қойылатын талаптар тақырыбын оқыңыз, конспектілеңіз. [1, 9-12;] [2, 8-9]

2. Құжаттарды ресімдеудің ережелері тақырыбын оқыңыз, конспектілеңіз. [1, 13-21; 2,11-30]

3. Реквизиттердің қазақ және орыс тілдеріндегі атауларын жаттаңыз.

Төмендегі сұрақтарға жауап беруге дайындалыңыз:



1) Құжаттар қандай форматты қағаздарға дайындалады?

2) А4, А5 форматты қағаздардың өлшемдері қандай?

3) Ресми мәтіндер басылатын бланкілердің жиек өлшемдері қандай болуы тиіс?

4) Мәтіннің тақырыбын жолдың ортасынан басқанда қандай ережелер сақталуы тиіс?

5) Құжаттың беттерін нөмірлеудің ерекшеліктері қандай?

6) Рим цифрлары қандай жағдайларда қолданылады?

7) Қазақ тілінде қысқарған сөздерге жалғау қалай жалғанады?

8) Ұлты қазақ азаматтардың аты-жөндері қалай жазылуы тиіс?

9) Реквизит деген не?

10) Құжаттардың мәтінінде дата қалай жазылады?
3-тақырып. Құжат реквизиттері. Құжаттарды ресімдеудің ережелері
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Кез-келген министрліктер мен мекеме, ұйым және кәсіпорындардың атауларын жазып көрсетіңіздер.

2. Ұйым туралы анықтамалық деректер құрамына қандай деректер кіреді?

3. Адресатты бланкіге жазып көрсетіңіз. Оның орналасуына мән беріп жазыңыз.

4. Мына атауларды қысқартып, қосымша жалғап жазыңыз:

- С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті;

- Жауапкершілігі шектеулі серіктестік;

- Ашық акционерлік қоғам;

- Пәтер иеленуші кооператив;

- Халыққа қызмет көрсету орталығы.

5. Орындаушының тегі мен телефон нөмірі қалай жазылу керек?

6. Бұйрық, хаттама мәтіндерінің тақырыптары қалай жазылады?

7. Құжаттарға заңдылық күшін беретін негізгі реквизвиттерді атаңыз?


4-тақырып. Құжаттың түрлері
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Кез-келген құжаттың көшірмесін жасаңыз.

2. Өз визит карточкаңызды құрастырып ресімдеңіз.

3. Мәтіні трафареттік түрде болатын құжатты құрастырыңыз.

4. Мәтіні еркін түрде құрастырылатын құжат дайындаңыз.

5. Мәтіні анкета түрінде болатын сауалнама құрастырыңыз.

6. Мына құжаттардың аудармасы қалай: жарғы, нұсқау, ереже, лауазымдық нұсқау, штат кестесі, үндеу, дербес карточка, шарт, т.б.


5-тақырып. Жеке адамдардың құжаттары. Өмірбаян. Резюме. Қолхат. Сенімхат
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Жеке адамдардың құжаттарының маңызы, ерекшеліктері.

2. Өмірбаян.

3. Резюме.

4. Қолхат.

5. Сенімхат.

Төмендегі тапсырмаларды орындаңыз:

1) Өзіңіздің өмірбаяныңызды жазыңыз.

2) Жұмысқа қабылдайтын мекемеге дайындалған резюмеңізді жазыңыз.

3) Біреуден бағалы зат алғаныңыз туралы қолхат жазыңыз.

4) Мекемеден қандай да бір құжат алғаныңыз туралы қолхат жазыңыз.

5) Біреуге өзіңіздің атыңызға түскен пошта хат-хабарларын алуды сеніп тапсыратыныңыз туралы сенімхат жазыңыз.
6-тақырып. Қызметтік құжаттар. Жеке құрамның құжаттары: өтініш
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Қызметкерлер құрамына байланысты құжаттардың ерекшеліктері мен маңызы

2. Жұмысқа қабылдау туралы өтініш

3. Ауыстыру туралы өтініш

4. Еңбек демалысы туралы өтініш

5. Босату туралы өтініш

Төмендегі тапсырмаларды орындаңыз:

1) Қызметтік құжаттардың жіктелуін есте сақтаңыз.

2) Жеке құрамның құжаттарын есте сақтаңыз.

3) Жұмысқа қабылдау туралы өтініш жазыңыз.

4) Университет ректорының атына өтініш жазып үйреніңіз.

5) Басқа қызметке ауыстыру туралы өтініш мәтінін жазыңыз.

6) Жұмыстан босату туралы өтініш жазыңыз.


7-тақырып. Кадрларды тіркеу жөніндегі жеке іс парағы
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Жеке іс парағының үлгісі

2. Жеке іс парағын толтыру

Төмендегі тапсырмаларды орындаңыз:

1) Кадрларды тіркеу жөніндегі жеке іс парағының бланкісімен танысыңыз.

2) Кадрларды тіркеу жөніндегі жеке іс парағының бланкісін аударыңыз.

3) Кадрларды тіркеу жөніндегі жеке іс парағының бланкісін толтырыңыз.

4) Кадрларды тіркеу жөніндегі жеке іс парағының бланкісінің сауалдарына жауаптардың нұсқаларын есте сақтаңыз.
8-тақырып. Мінездеме
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Мінездеменің жазылу жағдайлары

2. Мінездеменің үлгісімен жұмыс



  1. Мінездеменің мәтінін құрастыру

Төмендегі тапсырмаларды орындаңыз:

1) Мінездеменің оқулықтардағы үлгілерімен танысыңыз.

2) Мінездеме мәтінін құрастыруға қойылатын талаптар туралы оқыңыз.

3) Мектеп оқушысына немесе кәсіпорын жұмыскеріне берілетін мінездеме мәтінін құрастырыңыз.

4) Мінездеме мәтінін ресімдеңіз.

5) Мінездеме мәтінінде кездесетін сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз.




9-тақырып. Қызметкерлер құрамына байланысты бұйрықтар
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Қызметкерлер құрамына байланысты бұйрықтардың жазылу ерекшеліктері

2. Жұмысқа қабылдау туралы бұйрық

3. Жұмыстан босату туралы бұйрық

4. Еңбек демалысы туралы бұйрық

Төмендегі тапсырмаларды орындаңыз:


  1. Оқулықтардағы қызметкерлер құрамына байланысты бұйрықтардың мәтіндерімен танысыңыз.

  2. Қызметкерлер құрамына байланысты бұйрықтардың мәтіндерін құрастыруға қойылатын талаптармен танысыңыз .

  3. Болашақ мамандығыңызға қатысты мекемеге жұмысқа қабылдау туралы бұйрық жазыңыз .

  4. Болашақ мамандығыңызға қатысты мекемедегі қызметкерге кезектен тыс еңбек демалысын беру туралы бұйрық мәтінін құрастырыңыз (мәтінде себебін, күнтізбелік күн санын көрсетіңіз).

  5. Басқа қызметке ауыстыру туралы бұйрық мәтінін құрастырып ресімдеңіз.

  6. Қызметкерлер құрамына байланысты бұйрықтардың мәтіндерінде қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз.

10-тақырып. Еңбек келісімі


Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Еңбек келісімінің үлгісімен жұмыс

2. Еңбек келісімінің түрлері

3. Еңбек келісімінің үлгісін аудару

Төмендегі тапсырмаларды орындаңыз:

1) Ұсынылған оқулықтардағы еңбек келісімінің мәтінін аударыңыз.

2) Еңбек келісімі мәтінінде қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз.

3) Қазақ тіліне аударыңыз: индивидуальный трудовой договор, работодатель, должность, работник обязуется, подписать договор, срок действия договора, перевод на другую работу, договор составлен в двух экземплярах, оплачиваемый отпуск, обеспечить безопасность труда, установить заработную плату.
11-тақырып. Анықтамалық-ақпараттық құжаттар: анықтама
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Анықтамалық-ақпараттық құжаттардың маңызы мен түрлері

2. Анықтаманың түрлері, үлгілермен жұмыс

3. Жұмыс орнынан берілетін анықтама жазу

Төмендегі тапсырмаларды орындаңыз:

1) Практикалық сабаққа ұсынылған сұрақтарға жауап беруге дайындалыңыз

2) Анықтама мәтінін аударыңыз:


«Арман» АҚ

№ 18 Анықтама

Қанат Саматұлы Исенов 2008 жылдан облыс әкімдігінің іс басқармасы мемлекеттік мекемесінде жұмыс істейді.

Есептелген табысының жалпы сомасы­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­_________________

____________________________________________­­­­­­­­­_­­­ теңге.

(жазбаша)

Табыс салығының сомасы____________________________

_____________________________________________теңге.

(жазбаша)

Зейнеткерлік жарнасының сомасы_____________________

_____________________________________________теңге.

(жазбаша)

М. О. Бас бухгалтер__ __________________Ш. Болатова
2010.11.20.

3) Қазақ тіліне аударыңыз: в соответствии, отделение, сообщать, выдана по месту требования, работает с, заработная плата в размере, ежемесячная зарплата, работает в качестве, на должности.




12-тақырып. Баяндау хат
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Баяндау хаттың жазылу жағдайлары

2. Орындалған жұмыс туралы баяндау хат жазу

3. Орындалмаған жұмыс туралы баяндау хат жазу

Төмендегі тапсырмаларды орындаңыз:

1) Практикалық сабаққа ұсынылған сұрақтарға жауап беруге дайындалыңыз

2) Баяндау хат мәтінін аударыңыз:

Ш.Уәлиханов атындағы

Көкшетау университеті

оқу бөлімінің бастығы

С.Б.Смаиловаға

Баяндау хат

2010.01.09

Орыс тілді аудиториядағы студенттердің білім деңгейінің әртүрлі екендігін мәлімдей келе, Сізден орыс аудиториясындағы 1- курс студенттерін бастауыш, орта, жалғастырушы топ түрінде топшаларға бөлуге рұқсат етуіңізді сұраймыз.
Қазақ тілі кафедрасының

меңгерушісі: қолы/Омарова/

3) Орыс тіліне аударыңыз: тиісті шара қолдануыңызды сұраймыз, туралы хабарлаймын, белгіленген мерзімде тапсырмаған, себебін анықтап, жұмыс күніне, кешіккені туралы хабарлаймын, қажетті шаралар.

4) Мына сөз тіркестермен сөйлем құрастырыңыз: тиісті шара, құрылыс материалдары, кәсіпорында тіркелген, сізге хабарлаймын, қабылдауыңызды сұраймын, Естай көшесінде орналасқан.


13-тақырып. Түсініктеме
Сұрақтар мен тапсырмалар
1.Түсініктеменің жазылу жағдайлары

2.Орындалмаған жұмысқа қатысты түсініктеме жазу

3.Жұмысты босату туралы түсініктеме жазу

Төмендегі тапсырмаларды орындаңыз:

1) Практикалық сабаққа ұсынылған сұрақтарға жауап беруге дайындалыңыз

2) Түсініктеме мәтінін аударыңыз:


Е. Букетов атындағы

Қарағанды университетінің

оқу бөлімінің бастығы

М.Н.Смағұловаға

Түсініктеме

2010.10.12

Филология факультетінің орыс бөлімі 1-курсында 10.10.2009 ж. 2, 3 – жұп ағылшын тілі сабағы болмаған себебі, 1-курс студенттері тест тапсыруға деканат тарапынан босатылған. Өтілмеген ағылшын тілі сабағы – сәрсенбі 1- сабақ (12.10.09), бейсенбі 2-сабақта (12.10.09) өткізілетін болып келісілген болатын.
Ағылшын тілі кафедрасының

аға оқытушысы қолы /Насырова/


3) Орыс тіліне аударыңыз: міндет, заңды тұлғаның міндеттері, жүзеге асыруға міндетті, орындауға міндетті, қоса берілді, қамтамасыз етуге міндетті, есеп беруге міндетті, бақылау жүргізуге, қатысуы, міндеттеме алу.

4) Жұмысқа келмегеніңіз туралы түсініктеме жазыңыз.


14 –тақырып. Хабарландыру
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Хабарландырулардың жазылу жағдайлары

2. Мерекелік шара туралы хабарландыру жазу

3. Жиналыс туралы хабарландыру жазу

4. Кездесу туралы хабарландыру жазу

Төмендегі тапсырмаларды орындаңыз:

1) Болашақ мамандығыңызға сәйкес мекемеде болатын жиналыс туралы хабарландыру мәтінін жазыңыз. Мәтінде күн тәртібінде қаралатын (кемінде үш мәселе) мәселелер мен баяндамашыны көрсетіңіз.

2) Мекемеде немесе қала, аудан көлемінде аталып өтетін мемлкеттік мерекеге қатысты хабарландыру жазыңыз. Бағдарламадағы шаралар саны кемінде үшеу болсын.

3) Баспасөз бетінен мекемелердегі бос орындарға жарияланған конкурс туралы хабарландыру мәтіндерін тауып, жазып алыңыз (мамандығыңызға сәйкес).


15-тақырып. Қызметтік хаттар
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Қызметтік хаттардың жазылу жағдайлары

2. Қызметтік хаттардың мәтіндерін аудары

3. Жарнамалық қызметтік хат жазу

4. Шақыру хат жазу

Төмендегі тапсырмаларды орындаңыз:

1) Оқулықта берілген қызметтік хат мәтіндерін аударыңыз

2) Қызметтік хат мәтіні бойынша сөздік жасаңыз

3) Ресми мәндегі құттықтау хат жазыңыз

4) Баспасөз бетінен құттықтау хат мәтінін тауып жазып алыңыз. (ресми мәндегі)

5) Ақпарат хат мәтінін жазып алыңыз.


16-тақырып. Реттеу құжаттары. Хаттама
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Реттеу құжаттарын ресімдеу мен құрастырудың ерекшеліктері

2. Хаттама мәтінін оқып аудары

3. Хаттама мәтінін құрастыру

Төмендегі тапсырмаларды орындаңыз:

1) Оқулықта берілген хаттама мәтінінің үлгісін аударыңыз

2) Хаттамада қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерінің сөздігін жазыңыз

3) Хаттама мәтінін құрастырыңыз

17-тақырып. Ұйымдастыру құжаттары. Жарғы
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Ұйымдастыру құжаттарының түрлері

2. Жарғы мәтінін оқып аудары

Төмендегі тапсырмаларды орындаңыз:

1) Оқулықта берілген жарғы мәтінінің үлгісін аударыңыз.

2) Жарғы мәтінінде қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерінің сөздігін жазыңыз.

4 Өздік жұмыстарға арналған тапсырмалар
«Өтініш» тақырыбына арналған тапсырмалар
1. Салық ирспекциясы басқармасының бастығы С.Е. Ахметовтың атына бағдарламашы ретінде қызметке алу туралы өтініш жазыңыз.

2. Ы. Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінің директоры А.И. Жүсіпованың атына өз еркімен жұмыстан босату туралы өтініш жазыңыз.

3. М. Жұмабаев атындағы облыстық кітапхана меңгерушісі А.С. Болатованың атына 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне арналған әдебиеттер көрмесін ұйымдастыруға көмек көрсету туралы өтініш жазыңыз.

4. І. Жансүгіров атындағы орта мектептің директоры Т.С. Дәулетованың атына бір айлық сессияға баруыңызға байланысты ақылы демалыс беру туралы өтініш жазыңыз.

5. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ректоры, профессор У.М. Сағалбековтың атына күндізгі бөлімнен сырттай бөлімге ауысу туралы өтініш жазыңыз.

6. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің ректоры А.Жақсылықтың атына қазақ әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы Б.Бейсенбин атынан бір бөлмелі пәтер беру туралы өтініш жазыңыз.

7. Ы. Алтынсарин атындағы қазақ-түрік гимназиясының директоры А.Асқарқызының атына отбасы жағдайына байланысты кезектен тыс демалыс беру туралы өтініш жазыңыз.
«Сенімхат» тақырыбына арналған тапсырмалар
1. Топ басшыңыз Г.В. Нұрғалиеваға шәкіртақыңызды алуға сенім білдіретіндігіңіз туралы сенімхат жазыңыз.

2. Желтоқсан айының шәкіртақысын алуды тарих бөлімінің 1 курс топ басшысы А.К. Зоринаға сеніп тапсыратындығыңыз туралы сенімхат жазыңыз.

3. Азамат Жомарт Есенгелдин, азаматша Ботагөз Серікбайқызы Қалиеваға еңбекақыңызды алуды сеніп тапсыратындығыңыз туралы сенімхат жазыңыз.

4. Азамат Жәнібек Өскенбаев, азамат Өтеген Рақымбайұлы Рақымбаевқа, Дөнентаев көшесіндегі 19-үйді жекешелендіруіне сенетіндігіңіз туралы сенімхат жазыңыз.

5. Көкшетау қаласы, Әуезов көшесі, 2-үй, 2-пәтерді сатуды өзіңіздің апайыңыз А.А. Әлиеваға сеніп тапсыратындығыңыз туралы сенімхат жазыңыз.

6. Өзіңіздің ініңіз А.Е. Болатовқа «Волга-3110» маркалы машинаңызды бір жылға жүргізуіне сенімхат жазыңыз.

7. Семей қаласындағы «Айналайын» ААҚ-мен мәміле жасауға сенім білдіретіндігіңіз туралы сенімхат жазыңыз.
«Қолхат» тақырыбына арналған тапсырмалар
1. «Мадис» жарнама агенттігінің машинасын уақытша пайдалануға алатындығыңыз туралы қолхат жазыңыз.

2. Өзіңіз жұмыс істейтін мекеменің бухгалтериясынан 75 000 (жетпіс бес мың) теңге несие алғандығыңыз туралы қолхат жазыңыз.

3. Алматы қаласындағы Ұлттық кітапхананың сирек кітаптар қорынан Абай шығармаларының алғашқы басылымын алғандығыңыз туралы қолхат жазыңыз.

4. Өзіңіз жұмыс істейтін жерден белгілі бір құнды зат алғандығыңыз туралы қолхат жазыңыз.

5. Кеден бөлімінен құнды заттар алғандығыңыз туралы қолхат жазыңыз.

6. Өзіңіздің досыңыз А.А. Поддубныйдың бір айға 30 000 (отыз мың) теңгені 10 пайыз өсіммен беруге алғандығыңыз туралы қолхат жазыңыз.

7. М. Жұмабаев атындағы облыстық кітапхана архивінің сирек кітаптар бөлімінен бір аптаға кітап алғандығыңыз туралы қолхат жазыңыз.
«Түсініктеме» тақырыбына арналған тапсырмалар
1. Қазақ тілінде іс жүргізу пәнінің оқытушысы атына сабаққа келмеген себебіңіз туралы түсініктеме жазыңыз.

2. Оқу бөлімінің басшысы атына 29 қазан, яғни сенбі күні 1-жұптағы дене шынықтыру пәнін не себепті ауыстырғандықтарыңыз туралы түсініктеме жазыңыз.

3. Қазақстан тарихы пәнінің оқытушысы И.А. Жұмабекованың орнына басқа оқытушы беру туралы түсініктеме жазыңыз.

4. Ғылыми-практикалық конференцияға не себепті қатыспағандығыңыз туралы түсініктеме жазыңыз.

5. Педагогикалық тәжірибені өтуді не себепті ауылға сұрайтындығыңыз туралы түсініктеме жазыңыз.

6. Не себепті жұмыстан кететіндігіңіз туралы түсініктеме беріңіз.

7. Зауыттағы өнім сапасының күрт төмендеуінің себебі туралы түсініктеме жазыңыз.
«Резюме» тақырыбына арналған тапсырмалар
1. № 2 қалалық орта мектепке жұмысқа орналасу үшін резюмеңізді жазып тапсырыңыз.

2. Салық полициясы комитетіне программист ретінде жұмысқа орналасуға үміткер ретінде резюме жазыңыз.

3. «Тұран Әлем» банкінен несие алу үшін резюме жазыңызы.

4. Халық банкінен несие алу үшін резюме үлгісін жазыңыз.

5. Ақмола облыстық «Арқа ажары» газетінің редакциясына тілшілік қызметке үміткер ретінде резюме үлгісін жазыңыз.

6. Көкшетау қаласының М. Ғабдуллин атындағы № 3 мектеп-кешенінің оқу ісі меңгерушісі қызметіне үміткер ретінде резюме үлгісін жазыңыз.


«Мінездеме» тақырыбына арналған тапсырмалар


  1. Оқушыңызға оқуға түсу үшін мінездеме жазыңыз.

  2. Студентке аспирантураға түсу үшін мінездеме жазыңыз.

  3. Жұмысшыңызға прокуратураға жұмысқа тұру үшін мінездеме жазыңыз.

  4. Қызметкеріңіздің кәсіби білімін көтеру мақсатында мінездеме жазыңыз.

  5. Жұмысшыңыздың қызметін жоғарылату мақсатында мінездеме жазыңыз.

  6. Ғылыми-техникалық орталықтың бас маманы қызметіне ұсыну туралы мінездеме жазыңыз.

  7. Бас маманды жаңа қызметке жоғарылату туралы мінездеме жазыңыз.


«Хабарландыру» тақырыбына арналған тапсырмалар


  1. Студенттердің дәстүрлі ғылыми-практикалық конференциясы болатындығы туралы хабарландыру жазыңыз.

  2. Көңілділер мен тапқырлар сайысының болатындығы туралы хабарландыру жазыңыз.

  3. Белгілі әншінің концерті болатындығы туралы хабарландыру жазыңыз.

  4. Кәсіпорынның тұсаукесер тойы болатындығы туралы хабарландыру жазыңыз.

  5. Кітап дүкеніне жаңа тауарлардың түскені туралы хабарландыру жазыңыз.

  6. Сынақ кітапшаларын деканатқа тапсыру туралы хабарландыру жазыңыз.

  7. Оқудың төлемақысын өтеу туралы деканат тарапынан хабарландыру жазыңыз.


«Баяндау хат» тақырыбына арналған тапсырмалар
1. Оқушылар қабылдау жоспарының орындалуы туралы баяндау хат жазыңыз.

2. Студенттердің сабаққа дұрыс қатыспайтындығы туралы баяндау хат жазыңыз.

3. Философия пәні мұғалімінің орнына басқа мұғалім беруін өтінетіндігіңіз туралы баяндау хат жазыңыз.

4. Қазақ тілі курстарын ұйымдастыру туралы баяндау хат жазыңыз.

5. Факультет деканының атына студенттердің себепсіз сабақ босатқанын мәлімдеп, оқытушы атынан бяндау хат жазыңыз.

6. Қалалық білім беру бөлімінің атына биылғы оқу жылына 1-сыныпқа 420 бала қабылданатынын мәлімдеп, бастауыш сынып мұғалімінің 3 штаттық орнын сұрап, мектеп директоры атынан баяндау хат үлгісін жазыңыз.

7. Бөлім меңгерушісі атына тоқсан қорытындыларын, тауар сапасы мен сатылу деңгейі туралы мәлімдеп, менеджер атынан баяндау хат үлгісін жазыңыз.
«Ақпараттық хат» тақырыбына арналған тапсырмалар
1. Мұғалімдердің білімін жетілдіру институтының ұйымдастыруымен 2006 ж. наурыз айында «Қазіргі білім беру жіне оқытудың жаңа технологиялары» тақырыбында аймақтық семинар өткізілмекші. Осы жағдайға орай ақпарат хат үлгісін жазыңыз.

2. Облыстық іскер әйелдер қоңамының ұйымдастыруымен «Әйел және іскерлік әлемі» атты дөңгелек үстел өткізілмекші. Осы жағдайға байланысты күнін, өткізілетін орнын, қарастыралатын мәселелерін көрсетіп, ақпарат хат үлгісін жазыңыз.

3. Облыстық кітапханада ҚР-ның танымал жазушысы С. Жүнісовтың шығармашылығына арналған «Көкшкнің Сәкен серісі» атты оқырмандар конференциясы өткізілмекші. Осы жағдайға байланысты конференцияның күнін, орнын, қарастылатын мәселелерін көрсетіп, ақпарат хат үлгісін жазыңыз.

4. Қалалық әкәмшіліктің ұйымдастыруымен «Аймақтың экономикалық ахуалы және өркендетудің тиімді жолдары» атты семинар ұйымдастырылмақшы. Осыған байланысты семинардың күнін, орнын, қарастылатын мәселелерін көрсетіп, ақпарат хат үлгісін жазыңыз.

5. «Жұлдыз» республикалық дарынды балалардың орталығында нақты ғылымдардың республикалық олимпиада өткізілмекші. Осы жағдайға байланысты олимпиаданың күнін, орнын, пәндердің тізімдемесін көрсетіп, ақпарат хат үлгісін жазыңыз.

6. Орта мектептің ұйымдастыруымен қалааралық мектептердің арасында тапқырлар мен көңілділер сайысы өткізілмекші. Соған орай ақпарат хат үлгісін жазыңыз.

7. Облыстық спорт және туризм бөлімінің қйымдастыруымен аймақтық жеңіл атлетикадан спартакиада өткізілмекші. Осы мәселеге орай барлық жағдайды ескеріп, ақпарат хат үлгісін жазыңыз.

8. Қалалық СЭС-тің ұйымдастыруымен «Нашақорлық пен жас ағзаның ерекшелігі» атты конференция өткізілмекші. Осы мәселеге байланысты ақпарат хат үлгісін жазыңыз.

9. «Атамұра» республикалық баспасынан осы жылы жоспарланған әдебиеттерді көрсетіп, ақпарт хат үлгісін жазыңыз.

10. Қалалық спорт мектебіндегі барлық секциялар мен жетекшілерін көрсетіп, тәлім алушылардың жетістігін баяндайтын ақпарат хат үлгісін жазыңыз.



«Хаттама» тақырыбына арналған тапсырмалар
1. Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауындаңы мәселелерді талқылауға арналған хаттама құрастырыңыз.

2. Студенттік кеңестің отырысында қаралған мәселелер туралы хаттама құрастырыңыз.

3. Оқуға түсетін талапкерлерге арналған мәселелер бойынша хаттама құрастырыңыз.

4. Студенттердің педогокикалық тәжірибе өтуін ұйымдастыру мәселесіне арналған хаттама құрастырыңыз.

5. Ағымдық, аралық аттестацияны қабылдаудың жолдары туралы хаттама құрастырыңыз.

6. Кәсіподақ комитеті мәжілісінің хаттамасын жазыңыз.

7. Жұмысшы А. С. Семеновтың жоғары оқу орнын тәмамдауына байланысты еңбекақысын, разрядын көтеру туралы хаттама құрастырыңыз.

8. Балалардың жазғы демалыстарын ұйымдастыру мәселесіне арналған хаттама құрастырыңыз.

9. Денсаулығы төмен балаларды санаторийге емдеуге жіберу туралы хаттама құрастырыңыз.

10. Тәрбие жұмыстарының жоспарын бекітуге арналған хаттама құрастырыңыз.



Әдебиеттер
Негізгі

1 Конститутция. Қазақстан Республикасының Конститутциясы. – Алматы : «Жеті жарғы», 1998. – 250 б.

2 Қазақстан Республикасының Тіл туралы Қазақстан Республикасының Заңы. – Алматы : «Жеті жарғы», 1998. – 67 б.

3 Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған бағдарламасы. – Алматы : 2001. – 42 б.

4 Алдашева А., Ахметжанова З., Қадашева Қ., Сүлейменова Э. Ресми іс қағаздары. – Астана, 2001. – 216 б.

5 Баймұқанова М. А. Мемлекеттік тілде іс жүргізу : оқу құралы. – Павлодар, 2004. – 65 б.

6 Дүйсембекова Л. Іс қағаздарын қазақша жүргізу. – Алматы : Ана тілі, 2004. – 208 б.

7 Салагаев В., Шалабай Б. Іс қағаздарын жүргізу. – Алматы : Раритет, 2000. – 125 б.

8 Жахина Б., Құрманова А., Қайырбекова И. Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу курсы. – Көкшетау, 2003. – 100 б.

9 Қасымбеков М. және т.б. Екі тілде іс жүргізу. – Алматы, 1994. – 224 б.

10 Есімболова М. Қ. Мемлекеттік тілде іс жүргізу курсы (үлгілер) : оқу құралы. – Алматы, 2004. – 150 б.

11 Делопроизводство в Республике Казахстан /сост. : В. И. Скала, Б. В. Скала, Н. В. Скала. – Алматы : «LEM», 2001. – 216 с.


Қосымша

12 Екі тілде іс жүргізу: Сөздік-анықтамалық. – Алматы : Атамұра Қазақстан, 1994. – 224 б.

13 М. В. Кирсанов, Ю. М. Аксенов Курс делопроизводства: Документационное обеспечение управления : учебн. пособие. – 5-е изд., испр. и доп. – М. : ИНФРА-М; Новосибирск: Сибирское соглашение, 2003. – 320 с. (Серия «Высшее образование»)

14 Қазақстан Республикасындағы тіл саясаты : Құжаттар жинағы. – Астана : Елорда,1999. – 216 б.

15 Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік: Іс жүргізу мен мұрағат ісі//жалпы редакциясын басқарған п.ғ.д., профессор А. Қ. Құсайынов. – Алматы : Республикалық мемлекеттік «Рауан» баспасы, 2000. – 256 б.

16 Облыс әкімінің аппаратында қолданылатын нұсқаулық-әдістемелік құжаттар. – Павлодар, 1999. – 73 б.

17 Ақылбек Г. Б. Ресми іс қағаздары стилі сөздері мен сөз тіркестерінің қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздігі/жауапты ред. Чукуев Ә. А. – Өңд., толық., 2-басылуы. – Павлодар : «ЭКО» ҒӨФ, 2001. – 291 б.

18 Қазақстан Республикасының барлық ұйымдық-құқықтық нысандардағы бірлестіктерінде құжаттаудың және құжаттама жүргізудің негізгі ережелері. – Алматы, 1992. – 214 б.



Мазмұны
Кіріспе ..............................................................................................3

1 Әдістемелік нұсқауға қысқаша түсініктеме .................................4

2 Өздік жұмыстардың тақырыптары мен мазмұны..........................6

3 Тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар............................9

4 Өздік жұмыстарға арналған тапсырмалар....................................19

Әдебиеттер.......................................................................................25






Каталог: fulltext -> buuk
buuk -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі жүсіпов нартай қуандықҰЛЫ
buuk -> Мамандыққа кіріспе «Музыкалық білім»
buuk -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
buuk -> Кітаптану және кітап тарихы 050418 «Кітапханатану және библиография»
buuk -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
buuk -> Психотерапия технологиялары
buuk -> ДӘСТҮР – ДӘріс қазақ тілі пәнінен студенттерге арналған оқу құралы Павлодар Кереку 2010 Т. Х. Сматаев ДӘСТҮР – ДӘріс
buuk -> Ашимбетова Р. Д. Журналистің тіл мәдениеті Оқу құралы 050504 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған Павлодар


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет