Мен қазақ қыздарына қайран қалам!



бет2/3
Дата12.06.2023
өлшемі217,92 Kb.
#178682
1   2   3
Байланысты:
ҚЫЗ ТӘРБИЕСІ газетке мақала

ҚЫЗДЫҢ ҚЫЛЫҒЫ ҚАЙДА?..


Қыз қылығынан кербездік іздесек, әлі күнге дейін тарих қойнауына сүң­гіп, Қобылан­дыдай батырды жамбы атқы­зып, жан-жақты сын таразысына салып, мыңның іші­нен таңдап алған Құрт­­қа қыздың тал­ғам­паздығына, қара сөзге дес бермеген Жи­реншедей ше­шенннің жүрегіне ақылдылығымен шоқ салған Қара­көздің даналығына, қапаста қорғансыз қалған Тарғынын тығырықтан шыға­рып, бар қиындықтан құтқарып алған Ақжүністей арудың адалдығы мен тап­қырлығына еріксіз орала беретіні­міз неліктен екен? Әрине, кінә өзіне мың мәрте оралуға мәжбүр­лейтін тарихта емес, бар мін – сол фольк­лорла­ры­мыз­ға оралмаудан өзге жол қал­дырмаған өзімізде болар… Бәріне бір­дей топырақ шашпасақ та, осы сұраулы сөйлемге жауап тапқымыз келді. Сонымен,


– Қыз бойындағы қандай қасиетті қылықтылық деп айтар едіңіз? – деген сауалымызға колледж оқытушыларының пікірін білуді жөн санадық
Нәсібекова Г.Б. колледждің қазақ тілі пәні мұғалімі
– Қылық пен ырбақайлықты шатастыруға болмайды. Бізде жігіттердің көбі осыны айы­ра алмайды. Бірақ тәтті қылықты да өті­рік, жасанды істеуге болмайды. Жалпы маған әйел затының тәкаппар болғаны ұнайды. Қыз бала неғұрлым тәкаппар болса, соғұрлым бағалы да болады. Тәкаппар болғанда да көкірек көтеріп, кеуде керу емес, жалпы өзінің бағасын биікке қоя алса, соғұрлым жігіттерге тартымдырақ көрінеді.
Барпаяқова Р.К. колледж оқытушысы
– Қылықтылықты қазақ қызының құнды, ерекше қасиетінің бірі десем, қателеспеймін. «Қыз қылығымен» деп халқымыз қай уақытта да айтып отырған. Қыздың қылық­ты болуы үшін міндетті түрде сұлу, ақылды немесе өзге де бір қасиеті болуы керек деу өте қате. Өкінішке қарай, қазіргі заманда жағымсыз қылығымен қайран қалдырып жатқан қандастарымыз да жоқ емес. Ал, қылықтылық дегенді қыздар кері мағынада түсінбеу керек. Оның астарына, түпкі негізіне, идеясына үңілген жөн. Нақты бір формуламен, нақты бір анықтамамен мәнін түсіндіріп айту, меніңше, қиын. Бұл – абстарктілі нәрсе
Әлмерденова Ұ.М.-колледж әдіскері
– Әрине, қылық деген – қыздың бойында­ғы ең бір асыл қасиет деп ойлаймын. Қыздың көркі қашанда қылығында. Кейбіреулер: «қыздың түр-әлпетіне қарамаймын, ішкі жан дүниесі терең болса болды» деп жатады. Пікір орынды болғанымен, ақиқаттан алыс кете алмаймыз. Ең бірінші, жат көз жарымызды көріп, сұлулығына сүйсінгенін қалаймыз. Содан кейін барып қана қыздың бойынан өзіміздің талаптарымызға сай қасиеттерді іздей бастаймыз. Бұл – заң­дылық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет