Мен болашақта кім боламын
Әр адамның өзінің арманы, мақсаты болады. Сол арманға қол жеткізу үшін бала кезден алдыңа мақсат қойып, сол мақсатқа жету үшін талмай еңбек етіп, іздену керек. Дәл сол сияқты менің де болашаққа армандарым өте көп. Менің ең үлкен арманым ол ғарышкер болу. Оған себеп жаратылыстану сабағы. Ол сабақта жер, ғаламшарлар, күн, ай тағы да басқа аспан денелері туралы өтеміз. Мені қызықтырғаны біз өткен планеталардан, күннен басқа да планеталар барма және күнненде үлкен күн барма, деген сұрақтар мені мазалайды. Сонымен қоса айға барғым келеді және басқада планеталарды зерттегім келеді. Мүмкін ғарышкерлер зерттей аламаған тағы да басқа планеталар мен аспан денелерінің ашылмаған қызықтары бар шығар. Мен өз мақсатыма, арманыма жету үшін, елімнің атын шығару үшін ғарышкерлер бармаған жерге барғым келеді. Бірақ ғарышкер болу оңай емес, себебі оған көптеген жыл оқу керек талай еңбектену керек, дегенмен де мен айтқанымнан қайтпаймын. Мен үшін елімнің, жерімнің
атын шығару өте маңызды. Сол үшін оқимын, еңбектенемін, жұмыс жасаймын. Мен ата-анамның мақтанышы болуым керек, ата-анамның еңбегін жерге қалдырмауым керек, мен елімнің азаматы болу үшін жаралғанмын мен осы Үш-биік ауылымның және Қазақстанымның атын шығаратын атақты ғарышкер боламын. Менің 1-сыныпта арманым өте көп болды бірақ адамның ақыл ойы өсе келе өмірдің шынайы бейнесінде қабылдай бастайтындықтан, арманыңның бағытыда өзгеруі мүмкін екен. Арман сәттілікке бастар жолдың алғашқы баспалдағы Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай ''Жарқын болашақ –жастардың қолында'' дегендей , біздің болашағымыз өз қолымызда.Менің де арманым бар армандар орындалады. Үкілеген үміттің рахатына бөленіп өмірдің тәттілігін сезіндіретін арман атты құндылықтың нарқын біліп,әппәқ арманнның иесіне айналудан қорықпаймын. Өйткені біз қайталанбас жарқын сәтке толығымен лайықпыз. Мен осы мамандықты таңдауыма себеп болған Рахимова Ляйля ұстазға мыңда бір рахметімді айтамын.