Мотивация ұғымы-адамның накты бір мақсатқа жетуге бағытталған талаптану жүйесімен түсіндіріледі. Мотивациялык жүріс-тұрыс "Адам нені қалайды? Ол неге ұмтылады?" сұрақтарына жауап береді Адам өзінің тіршілік етуі, дамуы және жетілдіруі үшін өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыруы үшін құралдар мен белсенділіктерді кажет етеді. Адам кажеттіліктері әртүрлі болады. Адам кажеттіліктерінің негізі оның күші, пайда болу кезеңдері мен канағаттандырылу тәсілдерімен сипатталынады.
Қажеттіліктер - бұл, не адам ішінде пайда болып, сонда болады, яғни, әр түрлі адамдарға жалпы жеткілікті болуы, бірақ сол уақытта әрбір адамға айқын дара көрінуі.
Мотив - адамды айқын әрекеттерге шақырады. Мотив адамның "ішінде" болады “арнайы” мінезқұлығы болады, адамның сыртқы және ішкі күшіне әсер ететін факторларға тәуелді болады, сонымен қатар оған паралель ететін басқа мотивтерге де тәуелді. Адам өз мотивіне ықпал ете алады, ол оны көтермелей алады немесе кейбір бәсекелестіктерді алып тастай алады.
Мотивациялау – адамда белгілі бір мотивтер туғызып олар адамға белгілі бір ісәрекет жасататын процесс. Мотивациялау адамды басқару негізі болып табылады.
Стимул - бұл белгілі бір мотив туғызатын рычаг рөлін атқарады. Стимулдар ретінде жеке заттар, адамдардың бір бірімен қарым қатынасы т.б. жатады. Адам кез - келген стимулға беріле салмайды. Жеке стимулдарға адам реакциясы қарсы болуы мүмкін.
Сонымен қатар жеке адамды тұлға ретінде сипаттайтын оның қарым-қатынаска деген қажеттілігі (аффилиация мотиві), билік мотиві, басқаларға жәрдемдесу мотиві (альтруизм) және өшпенділік сиякты адамның басқа адамдарға деген қатынасын реттейтін әлеуметтік маңызды мотивтеріне кенірек тоқтала кетуге болады.
Сыртқы мотивация - бұл қандай-да бір іс-әрекеттің мазмұнымен байланысты емес, бірақ адам үшін сыртқы жағдайларға байланысты (сыйақы алу үшін жарыстарға қатысу және т.б)
Ішкі мотивация бұл іс-әрекеттің мазмұнымен байланысты мотивация (спортпен шұғылдану, өйткені-ол жағымды эмоциялар береді және т.б)
Оң мотивация - бұл оң ынталандыруға негізделген мотивация (егер мен байсалды болмасам, онда ата-анам маған компьютерлік ойын ойнауға мүмкіндік береді және т.б)
Теріс мотивация бұл теріс ынталандыруларға негізделген мотивация (егер мен байсалды болмасам, онда ата-анам маған ұрыспайды)
Тұрақты мотивация - бұл адамның табиғи қажеттіліктеріне негізделген мотивация (шөлді басу, аштықты басу және т.б)
Тұрақсыз мотивация бұл үнемі сыртқы қолдауды қажет ететін мотивация (темекіні тастау, салмақ жоғалту және т.б)
Мотивация теориялары Мотивацияның көптеген теорияларының негізі - адамның қажеттіліктері туралы түсінік (бір нәрсенің жетіспеушілігін сезіну, онсыз адам ыңғайсыздықты, ішкі және сыртқы тепе-теңсіздікті сезінеді, ол оны жеңгісі келеді). Қажеттіліктер: • туа біткен, бастапқы (табиғи) болуы мүмкін мысалы, тамак, су, жылу кажеттілігі; • алынған (әлеуметтік) қарым-қатынас, білім алу, өзін-өзі тану қажеттілігі .Адамның қажеттіліктерінің күрделілігін және олардың мотивацияға әсерін сипаттайтын алғашқы ғалымдардың бірі Абрахам Маслоу болды.