«Мен өз елімнің патриотымын!» Тақырыбы: «Мен өз елімнің патриотымын!» Мақсаты



бет1/107
Дата14.05.2020
өлшемі346,12 Kb.
#68087
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   107
Байланысты:
000243e7-9fe2673c
docx1545937953, 000243e7-9fe2673c, 000243e7-9fe2673c, 0003e8b9-a577dda0

«Мен өз елімнің патриотымын!»

Тақырыбы: «Мен өз елімнің патриотымын!» Мақсаты: 
1. Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін тарихын білуге тәрбиелеу.
2. Оқушылардың таным белсенділіктерін, қызығушылықтарын дамыту.
3. Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін білдіре алатын оқушыларды  тәрбиелеу. 
Көрнекілігі: мақал - мәтел, нақыл сөздер.
Барысы: 
1.    Ұйымдастыру.

•    Аспаны ашық еліміздің


Көркі сұлу жеріміздің, 
Біз-бақытты баламыз! 
Ақпыз,қара, сарымыз, 
Ағайынбыз бәріміз! 
2.    Мұғалімнің кіріспе сөзі:
- Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан –сенің туған елің, туған жерің, дос – жарандарың, туған туысқаның. Отан- бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді.Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз, Қазақстанның патриотымыз!
Отан деген не, кім қалай түсінеді?
                     Көп аузынан түспейтін,
                     Отан деген немене?
                     Оның тұлға түс кейпін,
                     Достым білгің келе ме? 
1 - оқушы:   Отан дейміз от жаққан жерімізді,
                    Отан дейміз өсірген елімізді.
                    Отан дейміз туған жер, атамекен – 
                    Биік тау, орман, тоғай көлімізді.
2 - оқушы: Отан дейміз кең-байтақ астананы,
                 Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.
                  Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,
                  Ол бірақ өз үйіңнен басталады.
3 - оқушы: Отан- тарих, Отан – тіл,
                   Жасаған елің, өз- халқың.
                   Отан – өлең, Отан-жыр,
                   Көтерген көкке ел даңқын.
4 - оқушы: Отан – сенің ата-анаң,
                    Отан – досың, бауырың,
                    Отан – өлкең, астанаң,
                    Отан – аудан, ауылың.
1 - оқушы: Отан – осы достарым,
                     Көңілге мұны түйе біл!
                     «Отан» деп өс жас қауым,
                     Оны ардақтап сүйе біл!
Хор: «Отан»
- Біздің Отанымыз қалай аталады?
- Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?
- Қазақстан Республикасының президенті кім?
               Ел болдық ерік алдық астаналы
               Енді кімнен қазағым жасқанады?
               Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,
               Нұрсұлтанның атымен басталады.

Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы. Сан ғасырлар бойы ата-бабаларымыз жерін жаудан қорғап, бүгінгі ұрпақ, бізге жеткізді. Қазақстан жер көлемібойынша 9 орында тұр.Қазақстанда үлкен қалалар көп. Олар: Алматы, Астана, Қарағанды, Шымкент, Көкшетау, Қостанай, Ақтау, Павлодар, Ақтөбе, Тараз, Қызылорда, Өскемен, Семей, Талдықорған. Бұлар – әдемі қалалар.


Астана - Отанымыздың бас қаласы, астанасы. Ол Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Астана қаласын қазір бүкіл ел біледі.
Базарбек: Туған өлкем
 Қазақстан-тәуелсіз, егеменді, көп ұлтты мемлекет. Онда қазақтар, ұрыстар, ұйғырлар, өзбектер, корейлер, украйндер және тағы басқа ұлттардың өкілдері тұрады. Олар тату-тәтті, бірлікте өмір сүріп жатыр.
-Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?
-Қазақстан Республикасының президенті кім?
               Ел болдық ерік алдық астаналы
               Енді кімнен қазағым жасқанады?
               Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,
               Нұрсұлтанның атымен басталады.
Аумалы - төкпелі заманды бастан кешкен қазақ халқының өзіндік басқару жүйесі болған. Ел қамын жеген ерлері, сөзін сөйлеп, халық жағдайын жасаған шешендері, білімпаз билері, әр елде, әр ауылда сөз тыңдар ақсақалдары болған. Қазақта аты аңызға айналған Қазыбек би, Әйтеке би, Төле би сияқты би-шешендер өте көп.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   107




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет