«Мен өз елімнің патриотымын!» Тақырыбы: «Мен өз елімнің патриотымын!» Мақсаты


Малика: Отан - сенің ата- анаң, Отан - сенің бауырың. Отан - өлкең,астанаң, Отан - аудан,ауылың. Жан



бет3/9
Дата18.02.2018
өлшемі1,56 Mb.
#37915
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Малика: Отан - сенің ата- анаң,
Отан - сенің бауырың.
Отан - өлкең,астанаң,
Отан - аудан,ауылың.

Жан: Отан - тарих, Отан – тіл,
Жасаған елің, ер халқың.
Отан - өлкең,Отан - жыр,
Көтерген көкке ел даңқын...

Дидар: Отан осы, достарым,
Көңілге мұны түйе біл.
«Отан» деп өс, жас қауым,
Оны ардақтап, сүйе біл.
- Бір күні Мұзафар Әлімбаевтан француздың танымал жазушысы:-Сіз қай елде дүниеге келдіңіз ? деп сұрайды.
- Қазақстан Республикасында! – деп жауап береді.
-О,қандай керемет әрі үлкен мемлекетте тұрасыз! Сіздердің байтақ жерлеріңізге бес Франция сиып кетеді.
- Ия, деп мақтанышпен жауап беріпті Мұзафар Әлімбаев.
Осы кең байтақ еліміздің ең негізгі Ата заңы- Конституцияны егемендік құқығымызды негізге ала отырып,1995 жылы 30 тамызда өткізілген республикалық референдумда қабылдадық . Осы Ата заңымыздың 1 бөлім Жалпы ережелер, 30-бабында Азаматтардың барлығы білім алуға құқылы.Орта білім алу міндетті.
- Балалар, ойланайықшы! Сендер саналы,білімді азамат болып өсуің үшін өздеріңнің бірінші парыздарың не деп ойлайсыңдар?
1. Білім алу.
2. Отанды сүю.
3. Ана тілін сүю, құрметтеу.
4. Ұлтжанды азамат болу.
5. Атамекенді,туған жерді сүю.
6. Денсаулығымыз мықты,салауатты ұрпақ болу.
7. Ел болашағын берік қолда ұстайтын нағыз азамат болып өсу.
Бастау жырлары
Армысыздар, асыл жандар,ата - ана!
Мейірім мен шуақ берген балаға.
Біз боламыз Егемен елдің ертеңі,
Екінші жыл,зор бақыт өттік екінші сыныпқа.

Ел ордадағы ең ыстық үй мектебім,


Өзіңде мен жас шыбықтай көктедім.
Зияткерлік - дарындылық қос қанат,
Білім,ғылым санама тек еккенім.

Жалықпастан бойға жинап білім нәрін,


Білгім келед бұл әлемде бәрін - бәрін.
Тек білімді, біліктілер бұл өмірде,
Бақытымен көреді өмір сәнін.

Адам болу мақсатымыз алдағы,


Өмірдің көп біз білмейтін сырлары.
Жақсы азамат болсақ терең білімді,
Бағымыздың осы болар жанғаны.

Кім ұғады оқушының тілегін,


Кім ұғады оқушының жүрегін.
Ұғатын кім үйден аттап шыққан соң,
Ұғатын ол - ұстаздар деп білемін.

Нәр аламыз сол білімді ұстаздардан,


Талабымен шәкіртпіз бағы жанған.
Тәрбие мен білімді қос көтеріп,
Жүйріктерміз биікке талаптанған.
- Қымбатты достарым,сыныптастар!
Міне,тағы бір оқу жылы,сансыз үміт пен білімнің нағыз додалы да жауапты жылы келіп жетті.Біз шынайы жүрекпен, ақ тілекпен алтын ұя мектебімізге құтты қадам бастық.
Ән «Отаным –Қазақстан» әні –А.Исағұлова, өлеңі-С.Тойлыбаев.
Сұрақ: Туған жер туралы не айта аласыңдар ?
Бұл ғажайып мұратты,
Халықтардың Отаны
Жаңа өмір құратын ,
Алыптардың Отаны.
Сол алыптың бірімін,
Отанның ұл-қызымын.

Ойын: «Алақан жылуы»


Шарты:сол жағымдағы оқушыға немесе ата –анаға сол қолымды бере тұрып,мен сізге жаңа оқу жылында жаңа табыс,терең білім,тамаша жетістіктер,жақсы қарым- қатынас,мол қуаныш,қажымас – қайрат,күш жігер,боашаққа сенім,зор денсаулық,құтты қадам,табысты оқу жылын тілеймін.

Тренинг: «Аялы алақанымдағы алтын ботақаным»/ Ата аналарға шартын түсіндіру/

Қорыту/саралау, сараптау/

Сыныптан тыс

Тақырыбы: «Болашаққа біз жауаптымыз!».

Мақсаты:
      Білімділік: оқушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту;

    Дамытушылық: оқушылардың өмір туралы, мамандықтар туралы көзқарасын дамыту, алдағы уақытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау, өз - өзін танудың жалпы әзірлігін қалыптастыру
    Тәрбиелік: мамандық таңдау мәселесін белсенді арттыру, мамандық әлемі туралы ақпарат алу арқылы және өзін тану шекарасын кеңейту арқылы мамандық бағытын таңдауда жауапты шешім қалыптастыру.
    Міндеті:Мамандықтарды талдай және таңдай білуге үйрету;
Оқушыны өзінің қабілетін, бейімін, қызығушылығын мамандыққа сай тани білуге үйрету;
Оқушылардың бағдары мен құндылықтары туралы мәлімет беру;
Оқушылардың құптап отырған мамандықтарына бағыт беру.
   Әдіс - тәсілдері: «Ми шабуылы», психологиялық тест, дидактикалық ойындар, тренингтер.
  Көрнекілік: мамандық туралы суреттер, мамандық аттары жазылған карточка, плакат, слайд көрсету.
    Сабақ барысы:
    І. Ұйымдастыру кезеңі:

Құрметті оқушылар! Мына слайдта жазылған сөздерді оқып, өз ойларыңды айтыңдаршы.


- Атақты ғұлама Әл – Фараби айтқандай
Ісім оңсын десеңіз,
Сол істің маманы болыңыз.
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз.

Бүгінгі сабақты біз екі топқа бөлініп өткіземіз. Мына үстелдегі карточкалар бойынша 1-топ « жеңіл өнеркәсібі», ал 2-топ « ауыр өнеркәсібі». реттелесіздер.

     2-кезең: Ойланайық, пікірлесейік
Мұғалім: Айтыңдаршы, мамандық дегеніміз не?
 Оқушыдардың жауаптары: Мамандық дегеніміз – адамның еңбек қызметінің түрі.
Мамандық таңдау да мектеп қабырғасынан басталады. Жаман мамандық жоқ. Мамандықтың бәрі жақсы.
• - Біздің болашағымыз – біздің мамандығымызда;
• - адамның болашаққа апаратын жолы;
• - адамның алдағы уақытқа қойған мақсатының бірі;
• - мамандық бойынша адам жұмыс істейді;
• - оқуды бітіргеннен кейін таңдайтын мамандық;
• - ол белгілі бір кәсіпке ие болу бейімдігі, ұнату, таңдау, арманыңды іске асыру;
• - мамандық сөзі ол жұмыспен сипатталады;
• - келешекке қойған жоспары, мамандығын ойдағыдай бітірсе, игерсе сол
• - адам жаны қалаған қабілеті бар кәсіпкерлік жұмыспен айналысады.
Мамандық дегеніміз не?

Кәсіп, Сүйікті іс, Шығармашылық, Қызығушылық, Еңбек көзі.
«Мамандық» - Профессия - латын сөзінен шыққан, “professio”- анықталған іс, мамандық дегенді білдіреді.
Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
Мамандық таңдау - тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау.. Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс.

 Ал енді еңбек пен мамандықтың айырмашылығы неде деп ойлайсыңдар?
2 – оқушы: Еңбек – адамның қызметі материалдық және рухани жағдайын құруға бағытталған. Еңбек әрқашан мақсатты, яғни әрдайым нәтижелі болу керек.
3 – оқушы: Ал мамандық – еңбек қызметнң түрі, ол арнайы біліктілік пен білімділкті талап етеді.
4 – оқушы: Мамандық латын тілінен аударғанда ресми көрестілген іс. Мамандық иесі  болу үшін әдейі оқу керек

   Сұрақ:  Мамандық таңдауда әр адам неге сүйену керек?  

Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Сондай - ақ өз мамандығының 10 - 20 жылға дейін өз сұранысын жоғалтпауына көңіл бөледі. Бұл мамандықтарға деген бірқалыпты тұрақты сұраныс деп аталады.

 Сұрақ: Сұранысын жоймаған кай мамандықтарды білесіздер?

 Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім және құрылысшы мамандықтарын атап өтуге болады. Ал, өзекті мамандықтар қатарына жоғары технология, байланыс, коммуникация, әлеуметтік орта, экономиканы басқару мамандықтары және еңбек сұранысына қажетті жаңа мамандықтары жатады.

      3-кезең:  «Әріпті мамандық»- ойыны. Әр топқа бір әріптен беріледі. Қай топ сол әріптен басталатын мамандық аттарын көп тапса, сол топ жеңіске жетеді. Сонымен қатар өздері тапқан мамандықтарының қыр - сырын айту керек.
І - топ: «А», ІІ - топ: «К».

      4-кезең:   «Қол мидың жалғасы». Алақан бойынша мамандық саласын анықтау. Саусақтарымызды кеңірек ашып, ақ параққа алақандарымызды түсірейік. Бас бармақпен шынашақтың орта О нүктесімен белгілеп, әрбір саусаққа түзу сызық жүргіземіз. Осы жүргізілген сызба бөліктерін сызғышпен олшеп шығарыңыз.
Жауап.
1 Егер алақан сызығыңызда бас бармақ пен О нүктесі арасында сызба бөлігі ұзын болса, сіз басқарушысыз.
2. О нүктесі мен сұқ саусақ нүктесінің арасындағы сызық басқармаларынан ұзын болса, сіздің қорғаушы әскери қабілетіңіз мол.
3. Ортаң қол сызығы ұзынырақ болса, сіз дін адамы, саясаткер болуға бейімсіз.
4. Аты жоқ саусақ сызығы үлкенірек болса, сіз өнерге бейіміңіз мол, суретші, музыкант, архитектор, дизайнер болуға қабілеттісіз.
5. Шынашақ сызығы үлкенірек болса, сіз - дәрігерлік, шипагерлікке бейімсіз.
      5-кезең:  «Ең жақсы» ойыны.
Қатысушылар екі командаға бөлінеді. Әрбір командаға мынадай нұсқау беріледі, оқушылар берілген мінездеме қай мамандыққа сай екендігін айтулары керек. Мысалы, ең ақшасы көп мамандық. Қай мамандық ең ақшалы болып табылады.
Қатысушыларға келесі мамандық мінездемелері ұсынылады:
Ең ақшасы көп - бухгалтер, экономист.
Ең жасыл - эколог, географ, бақташы, гүл өсіруші.
Ең тәтті - аспазшы, кондитер.
Ең күлкілі - клоун, карикатурашы.
Ең жауапты - сот, бухгалтер.
Ең салмақты - мұғалім, заңгер.
Ең қарым - қатынасы күшті - бизнесмен

      9-кезең:  Оқушыларға пайдалы мәлімет.
Мамандықтың бірнеше классификациясы бар. Олардың неғұрлым белгілілері еңбек пәніне негізделеді. Еңбек пәні бойынша жіктелетін мамандықтар 5 топқа бөлінеді: адам – адам, адам – белгі жүйесі, адам – табиғат, адам – техника, адам – көркем образ.

    Бұны қалай түсінесіңдер?    Оқушылардың жауабы:
Адам – адам: мұнда мамандық иесі үшін еңбек нышаны болып басқа адам табылады, ал қызмет сипатамасы – басқа адамдарға әсер ету, адамдармен жұмыс істеу. Мұндай мамандықтарға мұғалім, дәрігер, журналист, сатушы, заңгер, банкирлер жатады.
Адам – белгі жүйесі: бұл типті таңдаған адамдар абстрактілі ұғымдармен жұмыс жасауды білуі керек және ой - өрісі өте кең болу керек. Бұл бухгалтерлер, оқымыстылар, ЭЕМ операторлары, зертханалар мен ғылыми орталық жұмысшылары.
Адам – табиғат: бұл тип мамандары өлі және тірі табиғат процестері мен құбылыстарымен жұмыс істейді. Олар мал дәрігері, агроном, гидролог, механизатор, тракторист, эколог.
Адам – техника: бұл типке техникалық құрылғылармен жұмыс жасайтын ұшқыштар, матростар, электромонтерлер, слесар жатады.
Адам – көркем образ: бұл типке өнер мен көркем өнерге бейім, талантты адамдар жатады. Олар архитекторлар, дизайнерлер, суретшілер, әнші, актерлер.
Мамандық таңдауда ата - ананың ықпалы қандай дәрежеде болуы мүмкін деп ойлайсыздар?
Мамандық таңдауда ең бастысы не: қабілет пе, дарын ба әлде мамандықтардың қоғамдағы беделі ме?
Ауыл экономикасын көтеру үшін, ауылға ең алдымен қандай мамандықтар қажет деп ойлайсыңдар?? Мамандық таңдау жасөспірім шақтағы ең маңызды шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады. Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез - келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың жолы ғана емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе. Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды. Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық, реніш сезімдері болып, тіпті алдарына жоспар да құрғысы келмейді. Әрбір адам өзін - өзі дамыта алу үшін білім алып, сол біліміне сай мамандыққа машықтану керек.
Бүгінгі таңда жастардың көбі ұстаз болуды қаламайды, керісінше заңгер, банкир, экономист т. б мамандықтарды құрметпен бағалайды. Мұның себебі неде деп ойлайсыз?
«Адам өз өмірінде екі нәрсені таңдауда қателеспеуі керек: біреуі – жар таңдау, екіншісі – мамандық таңдау» деп М. Мақатаев атамыз айтқандай, мамандық таңдау – жасөспірім кездегі адам өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі. Бүгін біздер өз қабілеттерімізге қарай мамандық пен бағдар таңдауда алғышарт жасадық. Бүгінгі кездесу сағатымызға келген қонақтарымызға рахметімізді айта отырып, кешіміз сіздердің болашақта қай бағдарда оқитындарыңызды, өз қызығушылықтарың мен қабілеттеріңе сәйкес келетін мамандықты анықтауға, кейбіреулеріңізге өз таңдауларыңызды жасауға үлкен септігі тиді деп ойлаймын.
2 - ж: Жастықта әр тараптың басын шалсаң,
Қармақты тәуекел деп суға салсаң.
Еңбегің еңбектенген кетпес зая,
Міндеттке бір жетерсің ойыңа алсаң.
1 - ж. Түбінде баянды еңбек егін салған,
Жасынан оқу оқып, білім алған.
Би болған, болыс болған өнер емес,
Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған.
Көк жүзіне алаулы,
Міндет емес ай болу.
Ең бастысы қалаулы,
Кәсібіңе сай болу!

«Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» десек, Абай атамыз айтқандай «болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды сүйсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз» дегендей алға ұмтылып арманымызға жетіп, мамандық иесі болайық. Егеменді еліміздің ертеңі — маман иелері болуларыңызға тілектестігімді білдіремін!

       Назарларыңызға рахмет!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Тақырыбы: Өмір,қымбатсың маған!
Мақсаты: оқушылардың өмір құндылығы туралы түсініктерін одан әрі тереңдету.
Міндеттері:
- оқушыларға өмір құндылығы туралы тереңірек білім беру;
- өмірге құштарлықтарын дамыту;
- өмірдің мәнін түсінуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: суреттер, слайдтар

Шаттық шеңбері «Өмір жыры»

1.Өмір деген ойын да емес,той да емес,
Басқалардан биік тұрар бой да емес.
Өмір деген шахмат емес шатасқан,
Өмір деген ұта қояр дойбы емес.
Қайырмасы:
Өмір –қатаң емтихан,
Өтпейтіндер құлайды.
Қадіріне жетпейтіндер
Өмір бойы жылайды.

2.Өмір оны келе жатыр дәлелдеп,
Өмір деген - еңбек, еңбек және еңбек.
Өмір деген бақыттың да құсы емес,
Қарап жатсаң,қона қалар саған кеп.
Сұрақ-жауап: - Өмір дегенді қалай түсінесіңдер ?
Өмір сөзін тағы қалай айтуға болады?(тағдыр,тіршілік,махаббат)
Сәттілік сәті. Бір - біріне тілек айту арқылы жүрекшелерді сыйлау.
Оқу ақпаратын оқыту,әр ойды тиянақтау,мысал келтіру
Адам өмір бойы өзін-өзі тану,құндылықтарды пайымдау,жақсы қасиеттерді өз бойына дарыту арқылы кемелденуге талпынады.
Халқымыз:
«Жақсының жақсылығын айт - нұры тасысын,
Жаманның жамандығын айт - құты қашсын» - дейді.
Адам жаман - жақсыны ажырата біліп,жаманнан бойын аулақ ұстап, бойына жақсы қасиеттерді дарыта алғанда ғана дұрыс өмірлік айқындамасын таба алады.
Тапсырма.І. Есенберлин мен Б.Бұлқышевтың өмір туралы толғанысын оқу. Оқушыларды екі топқа бөліп,тапсырманы топпен бірлесіп,өз ойларын пайымдау.
1.Өмір жолы көшкен керуен соқпағы тәрізді.Оның бұлтарысы да,жазығы да көп.Асуы қиын асқарымен қатар,төмен қарай құлдырап өтер ылдиы да болады. Керуен жолы кейде ұзақ,кейде қысқа келеді.Бірақ қауіп-қатерсіз,қиындықсыз болмайды.Ойламаған жерден жел тұрып,сұрапыл дауыл соғады,қалың жауын нөсерлей құйып,бұрын суы толарсақтан келер тайыз жыра,кенет сарылдай аққан,өткел бермес,долы өзенге айналады,көшті бөгейді.Бұндай бөгеттен тек шаршамайтын,талмайтын керуен ғана өте алады.Тоқтамай көшіп,өзінің деген жеріне жетеді.
І.Есенберлин.
Міне,мен кішкене өмірімді тағы бір тексеріп,әр күнімнің ізіне түсіп отырмын,алыстан бастап дәл бүгінгі күнге жеттім.
Көз алдымнан өзіме сонша таныс жиырма жылдық өмірім өтті. Біріне-бірі жалғасып келіп,біріне-бірі айқасып жатқан әдемі шақ,қымбат күндер жүрегіңді жүз бұрап,сол күйінде қайтадан есіңе түседі.Бір тізбегі - сегіз жылдық бақытты шағың,бала кезің;одан соң оқумен өткен он жылың,одан кейін - армия, майдан. Шынын айтқанда менің өмірім,- қазақтың жас жігітінің өмірі жаңа ғана басталды.
Міне,тап бүгінгі түнде,таңертеңгі ұрыс алдында,туған елім мен барлық халқыма,тіпті барлық адам баласына: «Мен өмірден алатын еншімді алғаным жоқ әлі,мен өмірімді қатты сүйемін,менің өмір сүргім келеді!» - деп бар дауысыммен айқайлағым келеді.
Әңгімелесу.Өмір тек бақытты кездерден тұра ма?
Дәйексөз.
Адам боп оңай туғанмен,
Адам боп қалу көп қиын.
«Елім үшін жаным құрбан» деген мақалды қалай түсінесіңдер?
Бейбіт заманда елі үшін жанын пида еткен қандай ерлерді білесіңдер?

Қорытындылау.
Ең бастысы - жүрегің таза болсын;
Өмір - сенің мүмкіндігің,пайдалана біл;
Өмір - сұлулық,сүйсіне біл;
Өмір - арман,жүзеге асыр;
Өмір - парыз,орындай біл;
Өмір - ойын,ойнай біл;
Өмір - байлық,бағалай біл;
Өмір - махаббат,ләззат ала біл;
Өмір - құпия,сырын аш;
Өмір - қайғы,көтере біл;
Өмір - күрес,жеңе біл;
Өмір - бақыт,баянды ете біл.
Бағалау.
Өмірді аяла
Өзіңе сен,өзіңнің күшіңе сен,
Қос қолыңмен істелген ісіңе сен.
Алысыңда сыйлайды, жақыныңда,
Өзіңді өзің төменге түсірмесең.
Өз қайығың, бар болса өз ескегің,
Өмірде мен сені осал десем едім.
Қимылдай бер, тарта бер ескегіңді,
Шыдады алдан жап-жарық келешегің.
Қозғалмасаң, тоңазыр көлеңкең де,
Ескегіңді ес, бір мезет тоқтай көрме.
Өз қайығың болғаны қандай жақсы,
Қашан, қайда барсаң да өз еркінде.
Өкінсең де өткенің оралмайды,
Өшкен отың қайтадан жана алмайды.
Сен жасаған күнәні бір досың да
Бөліп-жарып өзіне ала алмайды.

Сабақтың тақырыбы: «Өмір туралы ойлар!»

Сабақтың  мақсаты:  
1.     Өмірге деген бейімділік,табандылық қарым-қатынаста болуын қалыптастыру,өмірдің құндылығын сезіндіру.
2.     Түрлі мәселелер туралы психологиялық білім беру,олардың алдын алу.
3.     Бір-бірімен қарым-қатынас машығын қалыптастыру.
4.     Қайырымдылыққа,білімділікке,адамгершілікке тәрбиелеу.
Міндеттері:
-         өмір жолының,өз алдына қойған өмірлік мақсат-мұраттары мен жалпы адамгершілік құндылықтардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру;
-         оқушыларды өз өмірінің мәнін түсіне білуге,рухани өсуге және жақсы мен жаманның аражігін ажырата отырып,өмірлік айқындамасын белгілей білуге үйрету;
-         оқушыларды өз өміріне,өз сөзі,ойы және әрекетіне мұқият болуға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:
Бір-бірімізге деген мейіріммен, жылы сезімдерімізді ояту үшін, жақсылап бір ерекше амандасып алайықшы.

Амандасу  түрлері
Ол үшін,  сыныптың ішін еркін аралап жүреміз. « Бір-бірлеріңе жақындандар» дегенде өздеріңе жұп табасыздар. Содан кейін мен, сіздерге тапсырма беремін. Бастайық!
Енді, бір-бірлеріңе қол алмасыңдар, жақындасындар-аяқ-аяғымызды, қол қолдарымызбен, иық-иықтарыңызбен,бет-беттеріңізбен,мұрын-мұрындарыңызбен амандастырамыз. (жақсы,өте тамаша!)
Ендеше,осы жақсы көңіл-күйімізбен орнымызға жайғасайық.

Олай болса,мен бүгінгі сабағымды Тұманбай Молдағалиев ағамыздың өлеңімен ашқым келіп отыр. Ал, сіздердің міндеттеріңіз осы өлеңде ақын  ағамыз не жайлы жырлаған  мұқият  тыңдау.

Адам күліп қарсы алады таң нұрын,
Адам жырлап жөнелтеді әр күнін.
Сәл қайғырса,ол ұғына түседі,
Дүниенің кеңдігі мен тарлығын.

Адам күліп қарсы алады таң нұрын,


Адам жырлап ұзартады әр күнін.
Сәл қуанса,шығарады ол естен,
Дүниенің кеңдігі мен тарлығын.

Осы өлеңде не жайлы жырлаған?


Әрине,өмір жайында. Ендеше бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы  «Өмір туралы ойлар!»-деп аталады. Сіздер жақсы орналасқан екенсіздер, ендеше 2 топқа бөлінейік:

1) Өмір     2) Бақыт

Сұрақ:
Ал,балалар «өмір» деген сөзді қалай түсінесіндер?
Өмірдің мәні неде?
Өмір адамға несімен қымбат?
Ал,бақытты қалай түсінеміз?
Бақыт адамға не үшін керек?
Бақытқа жету үшін адамға не істеу керек деп ойлайсыңдар?
Қандай адамды «Басына бақ қонған» деп айта аламыз?
«Өмір» мен «Бақыттың» айырмашылығы неде?

Ендеше  сіздер  қалай  ойлайсыздар, жалпы  бақытты дүкеннен сатып алуға бола ма?


-Елестетіңіздерші, бүгін  біздің  дүкенге бақытты әкеліпті. Ол бір қорапқа салынған.
-Ол қораптың сырт пішіні, яғни түсі қандай деп ойлайсыңдар?
-Бақыттың иісі қандай?
-Ол жылы ма,әлде салқын ба?
-Бақыттың дыбысы қандай?
-Бақытты адамды қалай танисыңдар?
-Өздеріңіз  қандай уақытта бақытты боласыңдар? Ол үшін не керек?
- Олай болса,тақтаға қарап,ойланыңдар. Бақытты  болу  үшін ең  алдымен  не  қажет?

Ақша
Бақыт-    Компьютер


Тәтті кәмпит
Түсінушілік

Бақыт әркімнің өзіне, өмір сүрген ортасына, жағдайына байланысты.

Бақыт дегеніміз - өмірді өз орнында,өз қалпында шамасы келгенше үлгілі өмір сүру, адал болу, майдалықтан, іштарлықтан қашық болу. Өмірдің кедір-бұдыр  жерлері толып жатыр. Олар әр адым сайын ұшырасады. Оларды именбеу, жасқанбау, азаматтық міндетін адал атқару мен ар-намысты қорғау-ол да бақыттың бір шыңы. Ештеңеге  мойымай, өзіңе  сенімді  болсаң, міне  сол  бақыт. Қиындықты жеңсен-бақыт.

«Бақыт» - ол адамның ішкі дүниесіне байланысты. Кейбір адамдар, бақытты тәтті шоколад жепте сезінеді. Ал, кейбіреулері спортпен шұғылданып сезінеді. Әр адам өзіне ұнайтын іспен шұғылданса,  сонда бақытты болады.

Олай  болса,  өте жақсы балалар. Өмір мен бақыт жайында жақсы біледі екенсіңдер. Олай болса, бізге екі жасөспірім өз қиындықтарымен бөліскісі келеді екен, соларды тыңдап өз ақылымызды қосайық.

Қандай кеңес айтасыңдар?

Өзім: Адам өзге тұрмақ,өзінен  жасырар ойы болады. Әркімнің өз тілегі өзінде,қайғысы да қабырғасының астында. Бірақ адамның ең басты қасиетінің өзі-туған күнінен бастап жалғыздықпен күресіп,арпалысуы,ізденуі болмақ. Әйтпесе шын мәніндегі жалғыздық түпсіз қара түнек,шыңырау,ауыр жүк. Сондықтан адам баласы туа салып айқайлап жылап,қасына адам жинайды,анасын іздейді. Дос іздейді. Махаббат іздейді. Қоғамнан өз орнын,тіршіліктің мақсатын іздейді. Өмірдің өзі ақ пен қарадан,ауыр мен жеңілден тұрады. Барлық қиындықты жеңсек-өмірдің мәні,адамның ұлылығы болмақ.

Ендеше,осы екі жасөспірім біздің кеңесімізді тыңдап,жақсы мақсат қойып,өмірлері мәнді де,мағыналы болады деген ойдамыз.

Балалар,біздің ақын ағаларымыз,қазіргі жас ақындар осы «Өмір» мен «Бақыт» жайында көп жырлаған. Қанекей,кім  бізге  өлең  шумақтарын  оқып  береді?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет