Оқушылар өз өлеңдерін оқиды.
Мүмкін өз ойларыңызды, газет бетіне түсірерсіздер. Екі топ өз газеттерін суреттеп немесе өз ойларыңды жақсылап өлең шумақтарымен келтіресіздер ме, ерік өздеріңде.
Әр топ өз жасаған жұмыстарын басқаларымызға түсінікті болу үшін талдап айтып берулеріңіз қажет.
Ал, енді, олай болса, біз сіздермен мынандай ойын ойнап жіберсек қалай қарайсыздар?
Ойын «Түсін мені»
Мақсаты: бір оқушы жазылған парақтағы сөзді ыммен түсіндіреді ,ал қалған оқушы соны табу керек.
Бақыт өлеңі оқылады. Компьютерден
Міне,өмір, бақыт дегеннің не екенін манадан талдадық олай болса сіздердің осыдан не түйгендеріңізді тыңдағым келіп тұр.
Балалардың ойларын ашық айтуы.
Ұран:
1 топ. Біз өмірді сүйеміз!
2. топ. Бақытты өмір сүреміз!
Барлығы қосылып. Біз бәріміз біргеміз! Бір-бірлеріне тілек айтады
Бүгінгі сабағымды қорытындылай келгенде: Бізден асқан бақытты жан жоқ екеніне көзіміз жетті.Сіздер қалай ойлайсыздар?
Біз бақыттымыз, себебі біз тәуелсіз мемлекетте өмір сүреміз.
Сабақтың тақырыбы: «Өмір туралы ойлар!»
Сабақтың мақсаты:
1. Өмірге деген бейімділік,табандылық қарым-қатынаста болуын қалыптастыру,өмірдің құндылығын сезіндіру.
2. Түрлі мәселелер туралы психологиялық білім беру,олардың алдын алу.
3. Бір-бірімен қарым-қатынас машығын қалыптастыру.
4. Қайырымдылыққа,білімділікке,адамгершілікке тәрбиелеу.
Міндеттері:
- өмір жолының,өз алдына қойған өмірлік мақсат-мұраттары мен жалпы адамгершілік құндылықтардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру;
- оқушыларды өз өмірінің мәнін түсіне білуге,рухани өсуге және жақсы мен жаманның аражігін ажырата отырып,өмірлік айқындамасын белгілей білуге үйрету;
- оқушыларды өз өміріне,өз сөзі,ойы және әрекетіне мұқият болуға тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
Бір-бірімізге деген мейіріммен, жылы сезімдерімізді ояту үшін, жақсылап бір ерекше амандасып алайықшы.
Амандасу түрлері
Ол үшін, сыныптың ішін еркін аралап жүреміз. « Бір-бірлеріңе жақындандар» дегенде өздеріңе жұп табасыздар. Содан кейін мен, сіздерге тапсырма беремін. Бастайық!
Енді, бір-бірлеріңе қол алмасыңдар, жақындасындар-аяқ-аяғымызды, қол қолдарымызбен, иық-иықтарыңызбен,бет-беттеріңізбен,мұрын-мұрындарыңызбен амандастырамыз. (жақсы,өте тамаша!)
Ендеше,осы жақсы көңіл-күйімізбен орнымызға жайғасайық.
Олай болса,мен бүгінгі сабағымды Тұманбай Молдағалиев ағамыздың өлеңімен ашқым келіп отыр. Ал, сіздердің міндеттеріңіз осы өлеңде ақын ағамыз не жайлы жырлаған мұқият тыңдау.
Адам күліп қарсы алады таң нұрын,
Адам жырлап жөнелтеді әр күнін.
Сәл қайғырса,ол ұғына түседі,
Дүниенің кеңдігі мен тарлығын.
Адам күліп қарсы алады таң нұрын,
Адам жырлап ұзартады әр күнін.
Сәл қуанса,шығарады ол естен,
Дүниенің кеңдігі мен тарлығын.
Осы өлеңде не жайлы жырлаған?
Әрине,өмір жайында. Ендеше бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Өмір қымбатсың сен маған!»-деп аталады. Сіздер жақсы орналасқан екенсіздер, ендеше 2 топқа бөлінейік:
1) Өмір 2) Бақыт
Сұрақ:
Ал,балалар «өмір» деген сөзді қалай түсінесіндер?
Өмірдің мәні неде?
Өмір адамға несімен қымбат?
Ал,бақытты қалай түсінеміз?
Бақыт адамға не үшін керек?
Бақытқа жету үшін адамға не істеу керек деп ойлайсыңдар?
Қандай адамды «Басына бақ қонған» деп айта аламыз?
«Өмір» мен «Бақыттың» айырмашылығы неде?
Ендеше сіздер қалай ойлайсыздар, жалпы бақытты дүкеннен сатып алуға бола ма?
-Елестетіңіздерші, бүгін біздің дүкенге бақытты әкеліпті. Ол бір қорапқа салынған.
-Ол қораптың сырт пішіні, яғни түсі қандай деп ойлайсыңдар?
-Бақыттың иісі қандай?
-Ол жылы ма,әлде салқын ба?
-Бақыттың дыбысы қандай?
-Бақытты адамды қалай танисыңдар?
-Өздеріңіз қандай уақытта бақытты боласыңдар? Ол үшін не керек?
- Олай болса,тақтаға қарап,ойланыңдар. Бақытты болу үшін ең алдымен не қажет?
Ақша
Бақыт- Компьютер
Тәтті кәмпит
Түсінушілік
Бақыт әркімнің өзіне, өмір сүрген ортасына, жағдайына байланысты.
Бақыт дегеніміз-өмірді өз орнында,өз қалпында шамасы келгенше үлгілі өмір сүру, адал болу, майдалықтан, іштарлықтан қашық болу. Өмірдің кедір-бұдыр жерлері толып жатыр. Олар әр адым сайын ұшырасады. Оларды именбеу, жасқанбау, азаматтық міндетін адал атқару мен ар-намысты қорғау-ол да бақыттың бір шыңы. Ештеңеге мойымай, өзіңе сенімді болсаң, міне сол бақыт. Қиындықты жеңсен-бақыт.
«Бақыт»-ол адамның ішкі дүниесіне байланысты. Кейбір адамдар, бақытты тәтті шоколад жепте сезінеді. Ал, кейбіреулері спортпен шұғылданып сезінеді. Әр адам өзіне ұнайтын іспен шұғылданса, сонда бақытты болады.
Олай болса, өте жақсы балалар. Өмір мен бақыт жайында жақсы біледі екенсіңдер. Олай болса, бізге екі жасөспірім өз қиындықтарымен бөліскісі келеді екен, соларды тыңдап өз ақылымызды қосайық.
Қандай кеңес айтасыңдар?
Өзім: Адам өзге тұрмақ,өзінен жасырар ойы болады. Әркімнің өз тілегі өзінде,қайғысы да қабырғасының астында. Бірақ адамның ең басты қасиетінің өзі-туған күнінен бастап жалғыздықпен күресіп,арпалысуы,ізденуі болмақ. Әйтпесе шын мәніндегі жалғыздық түпсіз қара түнек,шыңырау,ауыр жүк. Сондықтан адам баласы туа салып айқайлап жылап,қасына адам жинайды,анасын іздейді. Дос іздейді. Махаббат іздейді. Қоғамнан өз орнын,тіршіліктің мақсатын іздейді. Өмірдің өзі ақ пен қарадан,ауыр мен жеңілден тұрады. Барлық қиындықты жеңсек-өмірдің мәні,адамның ұлылығы болмақ.
Ендеше,осы екі жасөспірім біздің кеңесімізді тыңдап,жақсы мақсат қойып,өмірлері мәнді де,мағыналы болады деген ойдамыз.
Балалар,біздің ақын ағаларымыз,қазіргі жас ақындар осы «Өмір» мен «Бақыт» жайында көп жырлаған. Қанекей,кім бізге өлең шумақтарын оқып береді?
Оқушылар өз өлеңдерін оқиды.
Мүмкін өз ойларыңызды, газет бетіне түсірерсіздер. Екі топ өз газеттерін суреттеп немесе өз ойларыңды жақсылап өлең шумақтарымен келтіресіздер ме, ерік өздеріңде.
Әр топ өз жасаған жұмыстарын басқаларымызға түсінікті болу үшін талдап айтып берулеріңіз қажет.
Ал, енді, олай болса, біз сіздермен мынандай ойын ойнап жіберсек қалай қарайсыздар?
Ойын «Түсін мені»
Мақсаты: бір оқушы жазылған парақтағы сөзді ыммен түсіндіреді ,ал қалған оқушы соны табу керек.
Бақыт өлеңі оқылады. Компьютерден
Міне, өмір, бақыт дегеннің не екенін манадан талдадық олай болса сіздердің осыдан не түйгендеріңізді тыңдағым келіп тұр.
Балалардың ойларын ашық айтуы.
Ұран:
1 топ. Біз өмірді сүйеміз!
2. топ. Бақытты өмір сүреміз!
Барлығы қосылып.Біз бәріміз біргеміз!
Жүректен- жүрекке. Бір-бірлеріне тілек айтады
Бүгінгі сабағымды қорытындылай келгенде:Бізден асқан бақытты жан жоқ екеніне көзіміз жетті.Сіздер қалай ойлайсыздар?
Біз бақыттымыз, себебі біз тәуелсіз мемлекетте өмір сүреміз.
Тақырыбы: Өмір – қымбат сый
Мақсаты: Жастарды бүгінгі қоғамымызды жауалаған зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстауға, өз – өздеріне қол жұмсаудың алдын алуға тәрбиелеу. Сапалы білім, саналы тәрбие алып, болашақ өмірдің баспалдығын аттауға дайындау. Өмірдің өте қымбат екендігіне көздерін жеткізу.
Көрнекілігі: Слайдтар, буклеттер, кинодан үзінді, көрініс, «Ақ тілек бұрышы».
Өтілу барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Мұғалім тақырыпқа сай кіріспе сөз сөйлейді.
Қайырлы күн, құрметті оқушылар! Бүгінгі ашық тәрбие сағатымыз «Өмір – қымбат сый» деп аталады. Өмірге құштар адамдар бұл сыйды бағалай алады және «Өмір шеңберінің» өз арнасымен айналуына жағдай жасап отырады. Олар түрлі қиындықтар мен қызықтарға, баршылық пен жоқшылыққа, аштық пен тоқтыққа, қуаныш пен қайғыға кездесседе ешқашан мойымайды, қайта қарсы тұрып төтеп бере алады. Өмір шеңбері өз арнасымен айналуы үшін не қажет? Осы сұраққа жауап беріп көрейікші…
Енді, кейбір адамдар өмірдің қымбат екенін біле тұрса да, «Өмір шеңберінің» өз арнасымен айналуына кедергі келтіретін зиянды әдеттерге бой алдырып, қарсы тұра алмайды, әлсіздік танытып жатады.
Бұл өмірде не керек?
Дұрыс сөйлеп, таза жүрү керек.
Ерте тұрып, кеш жатып,
Ерінбей еңбек ету керек.
Ішімдік ішпей, темекі шекпей,
Есірткіге еліктемей,
Салауатты өмір сүру керек.
Қылмыстың құрығына,
Өлімнің аузына түспей,
Бақытты өмір сүру керек!
Бұл өлең шумақтарында қандай кедергілер туралы айтылды?
1. Темекі шегу;
2. Ішімдікке бой алдыру;
3. Нашақорлық;
4. Қылмыс жасау;
5. Өзіне –өзі қол жұмсау.
Осы кедергілерге жеке – жеке тоқталып, олардың тигізетін зияны мен зардаптарына көз жеткізейік.
1. Темекі шегудің зияны.
1. Темекіден туындайтын аурулар
2. Темекінің зардабы (көрініс)
2. Ішімдікке бой алдыру.
Маскүнемдіктің кесірін көрсететін кинодан үзінді
3. Нашақорлық.
Нашақорлық туралы өлең. Нашақорлық
Жүз бұрсаң нашақорлыққа,
Жүресің азап – қорлықта.
Шайтанның жолын оң санап,
Өзіңді досым қор тұтпа.
Әдетке теріс желеу көп,
Тауып ап, өңің жүдеу боп.
Сорлатпа, досым, қинама
Анаңнын жанын егеу боп.
Әдетке теріс желеу көп,
Ширақ бол, сақта төзімді,
Ажалмен ойнап өзіңде,
Қастық қып, қазба көріңді!
Өмірде қилы бар сана,
Мүгедек болып қалма да,
Ізгілік істен танбаған,
Асыл жандар бар қаншама.
Он екі мүшең сау бола,
Есірткі уға алдана,
Өзіңді өзің құл етер
Жігерсіздікті ар сана!
«Ой қозғау» стратегиясы бойынша, осы сөздің мағынасына терең бойлап, өз ойыңызды қағазға түсіріңіз.
4.Қылмыс жасау.
Кинодан үзінді
5. Өзіне –өзі қол жұмсау
1. Сұрақ –жауап
Деректер не дейді?
Себептері қандай?
Не істеу керек?
2. Суицид туралы баяндама
Мұғалім:
Өмірің болсын десең егер сәнді
Ойланып, айналаңа қара мәнді.
Адам бол! Білімі тасқан, өнері асқан
Өзіне сүйсіндірер барша жанды.
Салауатты мақсатың – өмір сүру,
Өмірдің мағынасын керек білу.
Ішімдік, нашақорлық, қылмыс жауың,
Пайдасы сол – бұл жолдан аулақ жүру.
Бәрінен де иманыңды биік ұстап,
Мұсылмандық жолымен таза жүру.
Біз бүгін сіздермен тәрбие сағаты барысында «Өмір шеңберін» қарастырдық. Енді сол өмір шеңберіне қайта оралайық. Назар аударған болсаңыздар, өмірде бір рет шалыс бассаңыздар, өмір шеңбері өз арнасынан шығып кетуі ғажап емес екен. Сондықтан, зиянды әдеттерден бойларыңызды аулақ ұстап, қылмыс атаулының құрығына түспей, қамшының сабындай ғана өмірлеріңізді бағалай білсеңіздер, өмір шеңбері өз арнасымен айналып, өмірлеріңіздің мәнді де, сәнді болары сөзсіз. «Өмір – қымбат сый» екенін әрдайым есте сақтап, сол қымбат сыйды бағалай біліңіздер!
Олай болса, бүгінгі сабақтан әсер алған болсаңыздар, бір – біріңізге, ұстаздарыңызға деген ақ тілектеріңізді қағазға түсіріп, ақ тілек бұрышына іліңіздер!
Тақырыбы: «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен!»
Мақсаты:
1.Оқушыларды адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, жаман әдеттен аулақ болу керектігі туралы біліктерін қалыптастыру . Қойылған сұраққа ойланып,толық жауап беруге үйрету. Балаларға күнделіктіөмірде кездесетін әр түрлі жақсылықтар мен жамандықтарды ажырата білуге,жақсыдан үйреніп,жаманнан жиренуге тәрбиелеу. 2.Оларды бір-бірімен достық қатынаста болып,үлкенді сыйлауға,ортаға деген сүйіспеншіліктерін арттырып, кішілерге қамқор болуға үйрету.Олардың бір-бірімен шынайы да қайырымды,иманды болуға баулу. 3.Оқушыларға адамгершілік жайлы түсінік беріп, жауапкершіліктерін одан әрі дамыту. Таным белсенділіктерін арттырып, балалардың сөздік қорын байыту.Сурет бойынша әңгімелеуге дағдыландыру.
Сабақтың әдіс-тәсілі: Көрсету,түсінік беру, ойындар, әңгіме,мақал-мәтелдер сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, талдау, шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.т.б.
Ресурстары: баяндау, ой толғау.нақыл сөздер.,мультимедиялық көрсетілім, өлеңдер жинағы, ойын , парақшалар т.б.
Өтілу барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі
-Қайырлы күн, балалар!
ІІ.Психологиялық дайындық.
- Егер көңіл күйлерің жақсы болса, бастарыңды сипаңдар.
- Егер сабаққа дайын болсаңдар, қолдарыңды шапалақтаңдар. – Өте тамаша, енді мына суреттерге назар аударайық.
IIІ. Кіріспе бөлім:
Сурет бойынша жұмыс.
Бұл баланы кім дейді?
1.Үлендерді сыйлаймыз,
Айтқандарын тыңдаймыз.
Кішіге ағамыз,
Құшаққа аламыз.
Еңбекті сүйеміз,
Бақытқа ие біз.
Бұл баланы кім дейді? (әдепті бала)
2 . Өзінен үлкен кісіні,
Сыйлауды ол білмейді.
Шықпай жатып көшеге,
Үсті басы кірлейді.
Бұл баланы кім дейді? (салақ бала)
- Ендеше, балалар, бүгінгі сабағымызда «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» тақырыбында ой бөлісіп, өзара пікір алысып, әңгімелесетін боламыз. Сабағымыз ойын-тренинг түрінде өтетін болады.
2. - Балалар сендер сөзжұмбақ шешуді ұнатасыңдар ма?
Ендеше сөзжұмбақ шешейік.
1.Жылт-жылт етіп төбемде,
түсе алмай тұр төменге.(жұлдыз)
2. Аяғымда
Басы қайқы қос сырық.
Таяғым да
Қуады оны састырып.(шаңғы)
3. Қазір қандай мезгіл. (қыс)
4. Мұртын сипап күн бойы,
бетін сусыз жуады.
Тысырды аңдып түн бойы,
тышқанды көп қуады.(мысық)
5.Кесе, шыны, пиала –
Оларсыз шай құяма?
Қасықсыз тамақ жемейді,
Бәрінің атын не дейді?(ыдыс)
Балалар сөзжұмбақты шешкенде қандай сөз шықты? - Жақсы деген, өте жақсы!
Айналада ақ отау,
аузы-мұрны жоқ отау. (жұмыртқа)
2.Қорқақ сөзіне қарама қарсы сөз. (Батыр)
3. Даусы бар,жаны жоқ,
шертсең күйі әні көп.(домбыра
4.Мінсем, төменге зу етем.
Өрлесем, оны өзім сүйретем.(шана)
5. Қасиетті тағам. (нан)
- Балалар сөзжұмбақты шешкенде қандай сөз шықты? - Жаман деген, өте жақсы!
- Балалар, менің сұрақтарыма жауап беріңдерші?
- Жақсы деген немене? (Оқушылардың пікірлерін тыңдау)
-Гүл өсірген жақсы. -Ағаштарға, гүлдерге су құйған жақсы. -Үлкендерге көмектескен жақсы.
-Ал, жаман деген немене? - Салақ, кір-қожалақ болған жаман. - Ағаштың бұтағын сындырған жаман. -Кішкентай балаларды жылатқан жаман.
III. Негізгі бөлім:
3.Ойын: Болады, болмайды
Сабақтан кешігуге...
Үлкен адамдардың әңгімесіне араласуға...
Таңертең ерте тұруға...
Қыздардың шашынан тартуға...
Үлкендерге көмектесуге...
Партаны сызуға...
Даурығып сөйлеуге...
Сабақ үстінде тыныш отыруға...
Кішілерге қамқор болуға...
Бір-біріңе көмектесуге...
Мектепте жүгіруге...
Бір-біріңді арыздауға...
Біреудің затын рұқсатсыз алуға...
Үзілісте кітапханаға баруға...
Демалыста тауға шығуға...
Көшеде түкіруге...
Мәдениет үйіне баруға...
4. Әдептілік жайлы мақал- мәтелдер айту.
*Әдепті бала- арлы бала,
Әдепсіз бала- сорлы бала.
*Әдептілік белгісі,
Иіліп сәлем бергені.
*Ашу- дұшпан, ақыл- дос,
Ақылыңа ақыл қос.
*Сіз деген- әдеп,
Біз деген- көмек.
* Ұлық болсаң- кішік бол.
* Кішіден ізет- үлкеннен құрмет
*Әдепті бала ата- анасын мақтатар,
Әдепсіз бала ата- анасын қақсатар.
*Жақсы адам ай мен күндей
Әлемге бірдей.
*Әдепті бала кездессе, сәлем берер бас иіп,
Әдепсіз бала жолықса, өте шығар кекиіп.
Сонымен біздер жақсыдан үйрен,жаманнан жирен атты тақырыпты қарастырдық.
Ненің жақсы, ненің жаман екенін айыра білдік. Сіздер еліміздің болашағысыздар. Ендеше осы бастан бойларыңызға жақсы қасиеттерді жинақтап, жаман қасиеттерден аулақ болыңыздар.
Жақынды,досты аяла,
қанатың сонда талмайды.
Барыңды жұрттан аяма,
жақсылық жерде қалмайды.
«Жақсының жақсылығын айт нұры тассын» — дегендей сіздер әрқайсысың мектеп мақтанышы болыңыздар!
Егер бүгінгі сабақ ұнаса, көңілдеріңізден шықса, үш рет қол соғамыз.
Сабақтың тақырыбы: « Дос және достық»
Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларға дос, достық туралы әңгімелей отырып,
олардың достық қарым-қатынасын нығайту.
Оқушыларды адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу, өзімшілдіктен,
менмендіктен тағы басқа жаман әдеттерден аулақ жүруге үйрету.
Оқушылардың адамгершілік қасиетін, бір-біріне деген достық
сезімдерін нығайту.
Пайдаланылатын көрнектілер: интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. «Дос және достық» тәрбие сағаты.
Ән тыңдау «Достарым»
Тақырыпты ашу сұрақтары
1. Дос деген кім?
Дос
Сыр бөлісетін адам
Мені өте жақсы түсінетін адам
Көмекке әрдайым дайын адам
Қандай жағдай болмасын болмасын бірге болатын адам
Сенімді адам
3.Досың бар ма? Ол кім?
4. Достық шынайы сезім бе, әлде жай ұғым ба?
5. Достық жасқа байланысты ма?
6. Қыз бала мен ер баланың арасында достық бола ма?
7. Жақсы дос, жаман дос қандай болады?
8. Досыңыздың басына қиындық түсті не істейсіз?
9. Дос қандай болу керек?
Достық
Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты. Бірде оның замандастары:
— Достық нешеу? – деп сұрақ қояды. Сонда Әйтімбет тұрып:
— Достықтың екі түрі болады. Бірі — адал достық, екіншісі – амал достық.
«Енді оны қалай ажырата аламыз» дегендерге:
— Адал достық өмірлік нұсқа болады, амал достық өмірлік нұсқа болады, — деп жауап береді екен.
Оқушылардың пікірлері тыңдалады.
IV. «Сөйлемді аяқта» тренингі
Екі топқа сөйлемдер беремін. Топтағы әрбір оқушы сөйлемнің жалғасын табу керек.
А) Әрбір адамға дос керек. Өйткені …
Ә) Сыйластық бар жерде …
«Достық» және «Сыйластық» топтары
1. Сенің ең жақын досың өзінен кіші баланың ұялы телефонын тартып алды. Сынып жиналысында оны талқылап жатыр. Ол сенен көмек күтіп отыр. Сен не айтар едің?
2. Сенің досыңды үлкен балалар күш көрсетіп соғып жатыр. Сенің оларға шамаң жетпейді. Сен не істейсің?
Y. «Мінездеме беру» тренингі
Қазір мен сіздерге 5 саусақты қолғап беремін. Әр саусақта өзіәңіздің қолыңыздағы жазылған есімді балаға бір біріне көрсетпей мінездеме жазыңдар.
Тірек сөздер:
Адал арам
жомарт өз қамын ойлайтын
адамгершілігі мол кекшіл
қарапайым сөзге түсінбейтін
мейірімді жалқау
кешірімді тәккапар
төзімді қатал
ақылды мейірімсіз
сабырлы сараң
салмақты қызғаншақ
кек сақтамау тұйық
ашықтық
бүкпесіздік
«Бес саусақ бірікпей ине қолға ілікпейді» дегендей бәріміз жұмылы бірауыздан алдымыздағы жүкті көтерейік
YІ.Мақалды жалғастыр
1. «Кемшіліксіз …. іздеген адам …. қалады».
2. «Дұшпан …. айтады, дос….айтады».
3. «Жаңылмайтын … жоқ, сүрінбейтін тұяқ …….».
4. «…. жаңасы жақсы, … көнесі жақсы.».
5. «……….ақшаң болғанша, көп досың …». Тәрбие.орг сайтынан Дос және достық Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Дос болу киелі ұғым»
Тәрбие сағатының мақсаты:
1. Оқушыларға дос, достық туралы әңгімелей отырып, олардың достық қарым-қатынасын нығайту.
2. Оқушыларды адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу, өзімшілдіктен, менмендіктен тағы басқа жаман әдеттерден аулақ жүруге үйрету.
3. Оқушылардың адамгершілік қасиетін, бір-біріне деген достық сезімдерін нығайту.
Тәрбие сағатының жүру барысы:
1-бөлім
І. Мұғалімнің кіріспе сөзі
ІІ. Достық түрлері және достық туралы әңгіме слайд арқылы көрсету.
ІІІ. Ән тыңдау «Достарым».
2-бөлім
Сыныпты екі топқа бөлу. «Достық» және «Сыйластық» тобы.
Сайыс шарттарымен таныстыру.
Сайыс шарттары:
І. Топ аты, ұраны
ІІ. Халық айтса, қалып айтпайды.
ІІІ. Менің түсінігімде ...
ІУ.Сен не істер едің?
У.Өмірде бәрі болады.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Міне, балалалар! Сендер «Достарым» әнін тыңдадыңдар.
Досы көптің жаны семіреді
Асы көптің тәні семіреді, -деген нақыл сөз бар. Сендер дос, достық деген ұғымның мағынасын терең ажырата біліп, өмірде өздеріне сыйлас дос, сырлас дос таба білсін деп, бүгінгі сабағымызды осы тақырып төңірегінде өрбітпекпіз. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Достық – ұлы ұғым»
/Слайд арқылы достық түрлеріне тоқталу. Нағыз достықты көрсететін әңгімелерді тыңдату/
Ал, енді балалар, достыққа қарама-қайшы сезім –ол дұшпандық, сатқындық.
Мәди де өзінің «Қаракесегінде» «Дос болып, қас болғаннан сақта құдай» демей ме? Сондай-ақ жерлес ақынымыз М.Оспановтың «Сатқын досқа» деген өлеңін тыңдап көрейікші.
Міне, күніне мың құбылып, жеме жемге келгенде достық сезімді, қара бас қамына айырбастап жіберетіндердің де өмірде кездесетіні анық.
Әрине досы үшін жанын қиярға дайын, адал ниет, ақ көңіл адам жоқ деп айтуға болмайды. Бірақ шын дос табу қандай қиын болса, мәңгілік дос болып қалу одан да қиын.
Мен өзімнің сөзімді мына өлең жырларымен аяқтамақпын.
Достығымыз достар арылмасын,
Пейіліміз кеңейсін тарылмасын,
Жиі-жиі бас қосып сыр шерітсек
Жүрегіміз қалайша жарылмасын.
Күніміз күлкілі бола берсін,
Қуанышқа көңіліміз тола берсін,
Нұрлы аспан астында, аясында,
Басымызға бақ келіп қона берсін,
Зұлымдықтан әрқашан жиренейік,
Адалдықты сүйуді үйренейік,
Бірлікпенен тірлікті ұштастырып,
Бір әдемі ғажайып, күйге енейік.
Берсе берді бермесе санаспайық,
Болмайтынға ұрысып таласпайық,
Арамызда алаяақ біреу болса
Оны қатар ортадан аластайық !
2- бөлім.
Жағдаят. Достық тобына
Жақсы дос
Қанат конькиін аулаға қалдырды да, өзі тамағын ішуге үйге кетті. Тамағын ішіп отырып ол конькиін Маралдың теуіп жүргенін көрді. Қанат ашуланып, аулаға жүгіріп шықты. «Қазір оның сазайын тартқызамын, біреудің затын сұрамай алушы болмасын» деп ойлады.
Ашулы күйінде жетіп барды, тіпті жұдырығын да түйіп алған.
Ал Марал оны көрді де, «Танысып қой, Айдар, бұл менің ең жақсы досым Қанат» деді. Қанат ұялып қалды,
Сұрақ: Қанат не себептен ұялды.
Сендер қалай ойлайсыңдар? Қанат ендігі жерде балалар сырғанау үшін өз конькиін бере ме?
Жағдаят. Сыйластық тобына
Алғашқы жауын жауғанша
Данамен Бота тату дос болатын. Олар мектепке де бірге баратын. Бірде олар мектепке келе жатқанда жаңбыр жауып кетті. Дананың үстінде плащы бар еді, ал Бота көйлекпен ғана болатын.
-Плащынды шеш, екеуіміз бірге жамылайық! - деді Бота.
- Шеше алмаймын, үстім су болады ! –деді Дана.
Мектепке келгенде мұғалім «Дананың үсті құрғақ, сен неге малмаңдай сусын. Неге бұлай? Екеуің бірге келмедіңдер ме?» деп сұрады.
-Дананың плащы болды, ал менде көйлек қана болды»-деді Бота.
-Екеуің бір плащты жамыла алатын едіңдер ғой. Сендердің достықтарыңның алғашқы жаңбыр жауғанша ғана екені көрініп тұр –деді мұғалім. Екі қыз да ұялғанынан қып-қызыл болып кетті.
Сұрақ: Дана мен Бота неліктен ұялды.
Сен Дана туралы не айтар едің?
Қорытынды:
• Қиын кездерде бір-біріне көмек көрсетіңдер.
• Досыңды алдамай, оған адал бол.
• Досыңды қорлама.
• Досыңмен қызықты шақтарды бөлісе біл.
• Досыңды барда да сына, жоқта да сына.
Достарыңызбен бөлісу: |