Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі



Дата07.02.2022
өлшемі17,93 Kb.
#90161
Байланысты:
Ұстаз-ұлы тұлға 267 (1)


Ұстаз — ұлы тұлға
 Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім — мектептің жүрегі. (Ыбырай Алтынсарин)
Ұстаз. Ұстаз туралы ойланып кетсем, көз алдымда ақжарқын мінезді, ақ жүректі, жылы жүзді ұстаз бейнесі көрініп, мені қиялға батырып, еріксіз нұрлы естеліктерге жетелей бастайды.Ұстаз бейнесі – шәкірт үшін адамгершіліктің ең жоғары үлгісі. Ұстаздың лаулаған жалыны әр жүрекке жылу сеуіп, нұр құятын қуаттың, өмірдің қайнар көзі. Тіршіліктегі шырақтың сөнбес ошағы. Ұстаз — өзінің бар күшін, бүкіл өмірін бала тәрбиесіне бел буған адам.Ұстаз — бұл қасиетті мамандық иесі, менің арманым бойынша, өте қайырымды, ешкіммен ешқашан сөзге келмейтін, сабақ барысында оқушыға деген қол үшін аямайтын тұлға.
Ұстаз – шәкірттерін білім нәрімен сусындататын адам. Ұстаз болу — екінің бірінің қолынан келмес, әрі аса үлкен жауапкершілікті қажет ететін жұмыс. Себебі, ол дәрігер сынды жас түлектердің болашағына жауапты. Бала өмірге қадам жасаған сәтте оның жолында небір қиындықтар кездеседі, сол кезде өзінің тәжірибесімен бөлісетін адам сол баланың өмірінде өшпес із қалдырады. Ата-анамыз біз өмірге келген күннен бастап: жүріп-тұруға, оқуға, санауға, жаза білуге, қоғамдық орындарда өзімізді қалай ұстау керек екендігін үйретеді. Алайда ата-ананың үйде берілген тәрбиесі жеткіліксіз, өйткені олар балаға өзінің баласы ретінде қарайды. Ата-анамыздан кейінгі ақылымен бөлісер, ар-ұятты бойға сіңірер бірде-бір адам болса, ол – ұстаз. Ал мектептегі ұстаз балаға жеке адам, тұлға ретінде қарайды.
Бастауыш сыныпта оқыған әліппем, бүгінгі күні маған «Әдебиет» деген үлкен әлемнің есігін ашты. Осы үлкен есікке барар жолды ұстазым -Ақмарал Амангелдіқызынан тапқан сияқтымын. Ақмарал Амангелдіқызы -оқу үрдісінде оқушылармен қарым-қатынас үйлесімділік құрған ұстаз. Алғашқы күннен бастап сабаққа деген қызығушылығым оянған болатын. Ақмарал апайым-өз ісінің шебері. Себебі, бізге қиын кезеңдерде қол ұшын созудан шаршаған емес. Ол кісі — алтыннан да бағалы ойларын, ақыл-кеңесін беруге әрдайым дайын жан.Сынып жұмысынан тыс тапсырмалар беріп, шығармашылығымызды шыңдатады. Ұстазымның келбетінен өз мамандығын сүйетін ұстаз екендігін бірден түсінуге болады.
Әр оқушының пәнді жақсы көруі пәнді оқытатын ұстазына байланысты екені баршамызға белгілі. Егер оқушы мен мұғалім арасында қарама-қайшылық болса, ол сабақтың қаншалықты қызық болғанымен де баланың оны білуіне құлқы болмайды, сабақты оқығысы да келмейді. Мұғалімдер өз елінің жас болашағына тәлім-тәрбие береді, бұдан тек қана баланың өмірі қалыптаспайды, сонымен қатар бұл ұлттың, елдің қоғамы қалыптасады. Қазақстанның өркендеуіне, алдыңғы елдер қатарына қосылуына үлкен әсер етеді.
Әрбір шәкірттің өзі сүйген, жылдар бойы тәлім алған ұстазының аяулы бейнесі көкірек көрігінде, жүрек түбінде сақталуы заңдылық.Себебі, ұстаз – баланы адам қылып тәрбиелеп, күлімдеген, күнім деген, сенің жүрегіңе болашаққа мақсат қоя білуге сенім ұялатқан зор тұлға.
Әрбір көзі ашық адам сауатын ашу үшін ең бірінші ұстазға жүгінеді. Ал ұстаздың міндеті- ештеңеден хабары жоқ шәкірттен тұлға дайындау.
Қанша ғасыр өтсе де ұстаздың аты және «ұстаз» деген ұғым өлген жоқ. Өйткені қай дәуір болмасын, ол қоғамға ұстаздың еңбегі керек-ақ. Тіпті зәру десек те болады. Әр таңның атысы мен әр күннің батысы өзінің емес, сіздің қамыңыз үшін қамығып жүретін әрбір ұстаз атаулы жандардың еңбегін ұлы десек артық емес.
«Адамның адамшылдығы жақсы ұстаздан» деп Абай хәкім айтпақшы, әрбір ісіңіз жеңіске жетіп жатса, оның артында ұстаздың бір тамшы болса да еңбегі барын есте сақтаңыз. 
№267 орта мектептің 7 «ә» сынып оқушысы Өмірзақ Бексұлтан.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет