Менешева Камшат Нурболатовна,
Орал қаласы,
№18 «Балдырған» бөбекжайының
ІІ санатты педагог-психологы
.
«Эмоция әлемі»
(Қалалық педагог-психологтардың әдістемелік бірлестік отырысында өткізілген ұйымдастырылған оқу қызметі)
Педагог-психологтің ашық ұйымдастырылған оқу қызметі.
Мектепке дейінгі балалардың ерік эмоциясын дамыту.
Білім беру саласы: «Таным», «Әлеуметтік орта», «Қатынас» .
Оқу қызметі: Психология.
Мақсаты: Мектепке дейiнгi ересек жас балаларының әлеуметтiк және эмоцияналды салаларының жұмыстардың мазмұнын анықтау..
Міндеттері:
Балаларды жан жақты тәрбиелеп дамыту.
Көрнекілік:
Сабақтың түрі: Ойын трениг.
Эпиграф: «Біз шаршағандықтан ойын ойнауды тоқтатыптұрған жоқпыз, ойын ойнамағандықтан шаршаймыз» Бернард Шоу.
Сабақтың барысы: Балалар топқа музыкамен кіреді.
Шаттық шеңбері:
Шеңбер болып тұрайық,
Алақанды ашайық.
Жүрекке жылу силайық ,
Жиналған жылу шуақты,
Бір-бірімізге силайық!
Саламатсыздарма, балалар?
Психолог: Мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын. Сіздердің көңіл-күйлеріңіз қалай? (жақсы) (Балалардың жауаптары).
Менде бүгін жақсы көңіл күйдемін.Сол жақсы көңіл күйімді сендерге сыйлағым келіп тұр.Кәнеки балалар шеңбер жасап бір-бірімізге өз күлкімізбен , менің қолымдағы күн арқылы мейірімді, қайырымды, көңіл күйді көтеретін сөз айтайық. «Мен сені оқу қызметінде көргеніме өте қуаныштымын!» Шеңбер бойымен барлығы күнді жалғап айтып шығады.
Психолог: Балалар, сіздер көргенді есте сақтай аласыздар, ойлай аласыздар, заттарды қабылдай аласыздар, күнделікті оқу қызметіне зейіндеріңді шоғырландыра аласыздар, солай ма балалар?
Балалар: Ия, солай.
Қане, олай болса біздер өзіміздің күліп, не ренжіп тұрған көңіл күйімізді анықтап көрейік.
Барлығымыз экрандағы слайдқа назар аударайық .
Көңіл күйі жоқ. Есте сақтауға арналған ойын.
смайликтерді есте сақтап қайталап орнымен айту.
Ойланып тұр. Ойлауға арналған ойын.
Достарыңызбен бөлісу: |