Менің арманым олимпиада чемпионы болу



Дата26.06.2018
өлшемі20,3 Kb.
#44297
Ақмола облысы,

Зеренді ауданы,

Бірлестік орта мектебінің

9-сынып оқушысы



Қаршығанбек Мұхаммед

Менің арманым - олимпиада чемпионы болу
Армансыз адам-қанатсыз құспен тең. Әр адам баласының жан дүниесінде орын алған арманы, мақсаты болады. Адам арманы адаммен бірге өседі деп ойлаймын. Менің де кішкентай кезімнен өз ойлаған мақсатым, армандаған арманым бар. Ол – бокстан әлем чемпионы болу. Қазақ халқының спорт өнерінің дамуына кішкентай болса да өзіндік үлес қосу. Мен теледидардан спорт туралы бағдарламаларды жиі көріп, спортшылар туралы жазылған кітаптарды оқимын. Шығармамның барысында да мен спорт туралы біраз айта кеткім келеді. 
Бірінші байлық - денсаулық, денсаулық адамның ең қымбат дүниесі. Сондықтан біз денсаулығымызды нығайту үшін спортпен айналысуымыз керек. Спорт - мәдениет. Спорт - қозғалыс. Спорт - күрес. Спорт әр адамның өмірінде орын алып жатыр. Спорттың адамға берер пайдасы өте көп. Спорт - денсаулық кепілі. Спорт — денсаулықты түзеу ғана емес, жас ұрпақты тәрбиелеу, салауатты өмір салтын ұстануға баулу мектебі де. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Біздің ата - бабаларымыз “тәні саудың – жаны сау” - деп бекер айтпаған. Спорттың қай түрімен айналысу адамның қабілетіне байланысты болады. Денсаулық пен өмірді дамыту үшін кем дегенде спорттың 33 түрінен жаттығу жасау керек екен. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің бағдарламасында халықты салауатты өмір салтына ынталандыруды басым бағыттың бірі ретінде атап көрсетті. 
Спорттың сан алуан түрі бар. Футбол ойнауда, шаңғы тебуде, гимнастикамен айналысуда тағы басқа спорт түрлері де спортпен айналысуға жатады. Тіпті, қар күреу, ағаш жару секілді үй шаруасын атқаруда спортпен шұғылданғандай пайда болады. Ал қыздардың үй сыпырып, терезе сүртіп ыдыс-аяқ жуғаны, денсаулығына пайдалы мұның бәрі қимыл қозғалысқа салауатты өмір салты үшін маңызды екенін көрсетеді. Қарапайым ғана жүгіру мен жүру немесе баспалдақпен жоғары - төмен түсудің өзі спорт. Спорт біздің серігіміз – жанымызға дауа, қолымызға күш. Қимыл менен қозғалыс, адамды сергітіп көңілін жадыратады, денсаулығын жақсартып, қабілетін өсіріп, үнемі бір формада болып, адамның мінез - құлқын қалыптастырады екен. Әр спорттың өзіндік заңы мен тарихы бар екен. Біздің елімізде де спорт түрлері жақсы дамыған. Біздің ұстаздарымыз айтып, кітаптан оқып біліуіміз бойынша Қазақ халқының спорт саласының дамуына өзіндік үлес қосқан спорт майталмандары, қазақтың спорт жұлдыздары Қажымұқан, Балуан Шолақ аталарымыз бастап спортқа сара жол салып кеткен. Осы аталарымыздың жолын жалғап Жақсылық Үшкемпіров, Еуропа чемпиондары – Серік Қонақбаев, Серік Нұрқазов сияқты спортшы ағаларамыз жалғастырса, еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейінде қанша спортшыларымыз қазақ халқының көк туын желбіретіп, қазақ атын әлемге паш етті. Атап айтсам, біздің мақтаныштарымыз Қазақстаннан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы – Василий Жиров, қазақ жігіттері арасынан шыққан дүние жүзінің алғашқы чемпионы – Болат Жұмаділов, Олимпиада чемпиондары – Бекзат Саттарханов, Ермахан Ибрайымов, Бақтияр Артаев, Бақыт Сәрсекбаев, Лондон Олимпиада жүлдегерлері: Александр Винокуров, Серік Сәпиев, Илья Ильин, Мая Манеза, Зульфия Чиншанло, Светлана Подобедова, Әділбек Ниязымбетов, Ақжүрек Таңатаров, Даниял Гаджиев, Гузель Манюрова, Иван Дидчко, Марина Вольнова, жерлесіміз Ольга Рыпакова тағы басқа да спортшыларымызды айтуға болады. Биылғы жылы Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында төрткүл дүниені дүркіреткен дүбірлі дода - XXXI Жазғы Олимпиада ойындарына Қазақстан атынан үкілеп жіберілген ұлттық құрама ел үмітін ақтап, 200-ден астам мемлекет ішінен жалпы есепте 22 - орынға ие болды. Қазақстан қоржынында 3 алтын, 5 күміс, 9 қола медаль бар. Біздің құрамада бокстан Данияр Елеусінов, Әділбек Ниязымбетов, Василий Левит, Иван Дычко, Дариға Шәкімова болды. Осылайша қазақ боксының дамуы үлкен қарқын алып, былғары қолғап шеберлеріміз барша халқымызды өз жеңістерімен қуантып жүр. Менде осы кісілердің ерліктерін көріп, естіп спортқа деген құлшынысым арта түсті. Мен таңдаған спорт түрі - бокс. Бокс - өзіндік тарихы мен қыры, сыры көп спорт түрі. Мен алдымен боксқа келмес бұрын оның тарихымен танысып алғанды жөн көрдім. 
Бокс ерте грек елi — Элладамен тығыз байланысты. Аңыздарға сенсек, ол кезеңдегi ең танымал «қолғап иесi» — Тезей болған көрiнедi. Қазақстанда бокстың алғашқы мектебін 20 ғасырдың 30-жылдары Алматыда Шоқыр Бөлтекұлы ашты. Бокс (ағылшынша box – қорап) – арнайы жұмсақ қолғаппен белгілі бір ереже бойынша жекпе-жек күш сынасатын спорт түрі. Жекпе-жекке шыққан екі ойыншы қарсыласының денесінің белгілі бір жеріне дәл соққы беруді көздейді. Жекпе-жек қабырғалары ұзындығы 5-тен 6 метрге дейін болатын және 4 қатар канатпен шектелген алаң — рингте өтеді. Жеңіс көп ұпай еншілеген боксшыға, нокаутпен ұтқанға, қарсыласы пәрменсіз болып жекпе-жекті жалғастыра алмағанда, жекпе-жектен бас тартқан жағдайларда беріледі. Бокста белден төмен, желкеден, арқадан ұруға, баспен ұруға және құлап жатқан қарсыласты ұруға тыйым салынады. Жекпе-жекке — ринг ішіндегі бір төреші, сыртындағы 3-5 төреші төрелік жүргізеді. Міне осылай мен бокстың ережелерін өздігімнен оқып біліп, ата - анаммен ақылдасып 9-жасымнан бастап боксқа ден қоя бастадым. Басында ата-анам қарсылық танытты. Мені мектептегі басқа үйірмелерге апарды. Мен алғашқы айлар қатысып содан ден қоймай шығып кеттім. Өзім ойланып бокс секциясына барып жазылып, қандай құжаттар керегін анықтап сұрап алып, жинастырдым да өткізіп тастадым. Одан атан- анама боксқа жазылып қойғанымды айттым. Содан 10 жасымнан бастап бокс үйірмесіне бара бастадым. Мені жас бапкер Берік аға қабылдап алды. Ол кісі маған өзім оқығандай бокстың ережелерін түсіндірді. Мен үшін рингкке шығу үлкен арман болып көрінген. Алғашқы кішкентай арманым орындалғандай сезіндім. Маған бокс үйірмесінің кестесін беріп шығарып салды. Мен өзімнің арманыма бір табан болсын жақындағандай болып сезініп, уақытылы барып жүрдім. Алғаш рет бокстың былғары қолғабын кигенде қатты қуандым. Бізді бапкеріміз боксқа дайындау үшін түрлі жаттығулар үйретеді. Жүгіртеді, секіртеді, өзімізен өзімізді бокстастырып сабақ алғызады. Жаттығудан соң бокс шапшаңдықты, төзімділікті талап ететін спорт түрі екеніне көзім жететін. Жаттығу біткен соң мен өзімді сергек сезініп жақсы көңіл - күймен үйге қайтамын. Біздің алғашқы жарыстарымыз аудан орталығында тұрғандықтан, ауданаралық жарыстардан басталды. Алғашқы ауданаралық жарыстарда мен жаттығулар арқасында бірінші орындармен оралып жүрдім. Алғашқы жеңістерім мені қатты қуантты. Бапкер алдымызда үлкен жарыс тұрғанын ескертті. Ол жарыс халық қаһарманы Қасым Қайсенов атамыздың 95 жылдығына арналған бокстан жас өспірімдер арасындағы облыстық турнир еді. Менің осы жарыста қайтсем де жеңіп шығуым керек деген алдыма үлкен мақсат қойдым. Қорықтым да, қобалжыдым. Жаттығудан соң үйге келіп анама ертең үлкен жарыс болатынын айттым. Анамның: «Жолың болсын, жарыста жеңісте, жеңілісте қатар жүреді. Жеңсең тасыма, жеңілсең жасыма!» –деген жылы сөзі менің қорқынышымды біраз сейілткендей болды. Мен ұйқыға жатар алдында қолыма Жолымбетовтың жазған «БЕКЗАТ» – деген кітабын қолыма алып оқи бастадым. Бекзат ағамыздың да осындай жағдайлар басынан өткенін біліп көңілім орынына келді. Жарыс алдындағы қорқыныш пен қобалжу әркімде болатын қасиет екен. Сол үлкен жарыста менің арманыма арман қосылып мен бірніші орынды өз салмақ дәрежемде жеңіп алдым. Бапкерім де қуанды. Боксқа деген құмарлығым одан сайын арта түскендей болды. Мен бапкерімнің еңбегін ақтағаныма қуандым. Рингте менің қолымды көтеріп, мойыныма әкеп медаль тағып жатқанда өзімді әлем чемпионындай сезініп, үйге келгенде анама: «менің арманым орындалды» - деппін. Сонда ата-анамның айтқаны бұл сенің алғашқы жеңісің, әлем чемпионы болу үшін үлкен күрес, ізденіс , табандылық керек екенін айтты. Менің ойыма келесі қандай жарыс болар екен, мені алда не күтіп тұр деген ой келді. Менің кішкене болса да жолым ашылғандай болды. Сол жарыстардан кейін облыстық, республикалық турнирларға бапкерім апарып отырды. Мен белсенділік танытып жеңілістерге бой алдырмай құр қайтқан кезім болмады. Қанжығама қайткенде екінші, үшінші орындарды алып жүрдім. Менің алған орындарым маған күш беріп, арманға жетелей бастады. Мен бокспен қатар сабағымдыда жақсы оқуға тырысып жүрдім. Бапкерімді тыңдап, айтқанын екі етпей орындау, жаттығудан калмау - менің алдыға қойған үлкен мақсатым болды. Бапкерім – салмақты, өз ісіне берілген, жақсы адам. Мен әр жарыстан соң алдыма үлкен мақсат қойып отырдым. Келесі жарыста бұдан да мықты болатыныма, қарсыласымды жеңетініме сенім білдіріп отырамын. Жарыс кезінде сол ойлағаным іске асқанда, мақсат қоя білудің өзі өнер екендеп түсінемін. Мен осы бокстың арқасында Қазақстанның талай жерін аралап, табиғатының тамаша екеніне көзім жетті. Жан - жақтан достарымның қатары көбейді. Ата-анам, бауырларымнан алыс кетіп, жалғыз жүріп жауапкершілігім де арта түсті. Өмірге деген көзқарасым да өзгерді. Менің арманыма жетелеген тағы бір жарысым Алматы қаласында өткен республикалық турнир. Бапкеріміз бұл жарысқа басқа елді мекендерден балалар келетінін ескертті. Мен бірінші күнгі жарыста қарсыласымды жеңіп, жартылай финалда Қырғызстаннан келген баламен сынға түстім. Менде қорқыныш пайда болды, өйткені ол жақтың ережесі, бокс мәнері басқалай көрінді. Мен бұл жарыста да қарсыластарымды жеңіп, жеңіс тұғырынан көріндім. Әр жеңістің өзінің берер құлшынысы жемісі болады. Осыдан кейінгі Тараз қаласында өткен, бокстан жасөспірімдер арасындағы Халықаралық турнир басқа жарыстардай емес, ерекше болды. Халықаралық болғандықтан жан - жақтан бала көп келді. Нағыз үрей енді басталды. Мені бапкерім талай іріктеуден өтккен соң осы жарысқа сенімділікпен әкелді. Соның бәрін ойлап, мен әлі талай жеңісті мойындатамын, арманыма жетемін деген ниетпен бар күшімді салдым. Қарсыластарда оңай болмады. «Мен» деген мықтылар жиналған. Жан - жақтан келген мықтылардан қалыспай, бұл жарыста үшінші орынды жеңіп алдым. Үшінші орынға да қуандым. Бапкерімнің еңбегін бос қайтпай ақтағаныма және де өзіме болашаққа үлкен сабақ алып қайттым. Осы жарыстан келген соң менің осы жарыстарға дейінгі жеңістерім бағаланып бокс ережесі бойынша маған «бірінші санат» берілді. Менің қуанышымда шек болмады. Үйге келгенде алған мадақтама, дипломдарымды, медальдарымды санап қиялға бататын күндерім көп болады. 
Есте қаларлық маған күш қуат берген тағы бір жарысым: Ресейдің Рубцовск қаласында өткен аймақтық турнир. Қазақстаннан іріктеуден өткен тоғыз бала барып, екі бала намысты қолдан бермей, өз салмақ дәрежемізде бірінші орынды қанжығаға байлап қайттық. Бұл турнир мен үшін орыны ерекше болды. Қазақстаннан басқа шет елге шығу мен үшін өте қызық болды. Алыс жақтан достар тапттым. Арман үстіне арман жалғанды. Кейін осы бокстың арқасында әлемді шарлап, араласам деген ой келді. Жарыстан келген соң бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен туралы газет бетіне жазды. Мен үшін үлкен жетістік, менің әлі талай газет беттеріне көк байрағымызды ұстап шығатыныма өзіме сенімділік білдірдім. Ресейге барып, намысты қолдан бермей жеңіспен оралу - Қазақстанның спорт саласының дамуына кішкене болса да өзіндік үлесімді қосқаным деп білемін. Осыдан кейінде жаттығуыма уақытымен барып, алда болар жарыстарға үлкен дайындықтармен жүрдім. Әлем чемпионына жету үшін әлі талай күш керек екенін ойлаған сайын өзімді қайраттандырам. Келесі жарысым Қазақстан Республикасының біріншілігінен өтіп, Республикалық чемпионатқа жолдама алу. Мен өзімді үш орынның біреуін алсам да чемпионатқа барам деген мақсат тұрды. Төккен термен, дайындықтың арқасында бірге барған жолдастарымнан оза шауып екінші орынды жеңіп алып Республикалық Чемпионаттқа жолдаманы ұтып алдым. Арманымның тағы бір бөлігі орындалғандай болды. Чемпионатта да шебер боксшылар жиналатытын бапкер маған ескертті. Әлем чемпионатына жету үшін осындай турнирлердің жеңісі өте маңызды екенін ұқтым. Тағы да күш қуатымды осы жарыста сарып ететініме белді бекем будым. Бапкер маған Чемпионаттың берері өте көп, болашаққа үлкен жол ашылғалы тұрғанын айтты. Мен арманыма жету үшін бар тапсырманы бұлжытпай орындауға сөз бердім. Мені сеніп жіберген соң, сенім арқалап жарысқа кеттім. Көптен күткен жарыс Алматы қаласында өтті. Мені анам мен әкем ақ баталарын беріп шығарып салды. Жарыста қарсыластарым өте мықты болды. Мен тек жеңісті ғана ойладым. Менің Алладан тілеген тілегім орындалып үшінші орынды жеіп алып, Қазақстан Республикасы Чемпионатының жүлдегері атандым. Туған жерге келгенде менің жеңісімді бағалап маған «Жасөспірімдер спорт мектебінің үздік спортшысы», «Бокстан Шығыс Қазақстан облысы құрама командасының мүшесі» және «Спорт шеберлігіне үміткер» - деген атақтарды берді. Осы жетістіктерім арқасында менің халықаралық, реаспубликалық турнирлардан қалдырған емес. Қазақстанның көптеген жерлерін аралап, жеңіспен оралып бойыма үлкен күш - қуат жинадым. Міне, мен армандаған үлкен арманның жетегінде жүргендей сезініп, бір қадам болсын арманыма жақындағандай болдым. Жаттығулардың да ережесі күннен күнге қиындай берді. Төзімділікті талап етеді. Арман үшін бәріне көнуге болады. Бокстағы жүйелі түрде дұрыс ұйымдастырылған жаттығулар боксшылардың шеберлігінің тез жетілуіне, сонымен бірге боксшыға аса қажет қасиеттердің бірі — шыдамдылыққа үйретеді.
Жайдары жаз айында Балқаш қаласында өткен бокстан республикалық турнир мен үшін ойда қаларлықтай болды. Жеңістің тағы бір биігінен көрініп, өзіме шабыт жинадым. Менің қазіргі таяу уақытта әкелген үлкен жеңісім: Аягөз қаласында өткен, Қазақстан Республикасының бірінші сыртқы істер министрі, Аягөз қаласының және Шығыс Қазақстан облысының құрметті азаматы Сүлейменов Төлеутай Сқақұлының жүлдесі үшін өткен республикалық турнирде 42- салмақ дәрежесінде бірніші орынды қанжығама байлаған жеңісім. Осы жеңіс маған болашақтағы үлкен жарыстарға күш - қуат беріп тұрғандай. Мен салауатты өмір салтын сақтап, жаттығудан ешқашан да қашпай, ерінбеуге тырысамын. 
Шығарма барысында айта кеткім келеді. Шыныққан шымыр адамның мынандай белгілері болады екен. Өте сирек ауырады, көзінен от жалындап жанары шырайлы болады, ұйқысы тыныш, алқынып-аптықпай 5 шақырым жерге дейін жүгіре алады, көп жасайды. Үлкен арманға бел буған спортшы спортпен айналысуға әрқашан жаттығу күнін белгілеп, өзінің күнделікті гигиенасының өзі таңертеңгі әрекеттерден басталтынын ескеріп, тұрған бойда таңертеңгі денешынықтыруды араға уақыт салып, жиі-жиі өзгертіп отыру қажет. Менің өз басым бокс ережелерін қатаң сақтап, жақсы меңгеруге ден қойдым. Бокстағы арманыңа жету үшін бокс жаттығуларының жүйелілігінің ережесін бұзбау. Бапкерді тыңдап айтқанын орындау. Күнделікті гигена, киімге мән беру. Жан - жақты болу. Спортшының қорғанысы - шабуыл жасау, ептілікке үйрену, үйретілген әдіс-айланы жақсы меңгеру сияқты көптеген ережелерді бойына сіңіріп, бокстың жалпы ережелерін қатаң сақтау.
Болашақта Олимпиада чемпионы болу - менің арманым екенін әр кез жадымнан шығармай, оған жету үшін әлі талай осындай жарыстарда бағымды сынауым керегін жақсы білемін. Болашақта кездесер жарыстардың биігінен көрініп, бойыма рух жинап, Қазақстанның бокстан көтерген көк байрағын жықпай желбірету - менің үлкен арманым. Менің осындай орындалып жатқан кішкентай армандарым, еңбектерім мен армандаған үлкен арманға ұласатынына сенемін.
Отанымыздың ертеңгі жағдайы біздің қандай азамат болып өскенімізге байланысты. Табандылықпен білім сатысынан көрініп саналы, сауатты, салауатты азамат болып, қазақ елінің жарқын болашағын кұрайтын, азаматтардың қатарында болсам деймін. Мен боксты жақсы көремін. Адам өзінің жақсы көретін дүниесі үшін бәріне тырысады. Қазақстанның үздік боксшыларына қарап үлгі алып, соларды пір тұтсам, биылғы Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов ағамның ақ жолын қусам деп армандаймын. Олар туралы көптеп оқып, теледидардан жекпе - жектерін көріп, бір нәрсені үйренуге талпынамын. Солар сияқты қазақтың көк туын иығыма жамылып рингті айналып жүгіру, Қазақстанның ән ұранын орындату, көк туын желбірету - үлкен, үлкен арманым. Арман алға жетелейді. Менде өскенде Олимпиада чемпионы боламын.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет