«Менің Отаным – Қазақстан» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау «Құндылықтар»


«Болашаққа саяхат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау



бет36/47
Дата16.02.2023
өлшемі1,97 Mb.
#169082
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   47
Байланысты:
ББЖ,ТЖБ Әдебиет 4 сынып (1)

«Болашаққа саяхат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Пәні Әдебиеттік оқу
Сыныбы 4 «»
Күні
Оқушының аты – жөні ________________________________________________________
ІІ нұсқа Тапсырмаларды орында
Көк пен жерді жалғаған, арасына байланыс орнатқан қасиетті жер - Байқоңыр! Кемелер самғаған қанаттылардың мекені болған қазақтың жері - Байқоңыр! Жер жетпейді әлемде бір өзіңе тең келер. Дархан елім, ғажап жерім - Байқоңыр!
Байқоңырды тебірене еске алғанда, арманыма қанат бітіп, көкке самғағандай күйге бөленемін.Менің басты арманым - ғарышкер болу. Көк аспанға көзімді тігіп, қиялдай қараймын. Аспаным менің, арманым менің арайлы! Таудай үлкен талабым бар, үлкен ғалым боламын мен, ата-анамның сенімін де ақтаймын. Отанымды сүйіп өтем, туған жерге махаббатымды мәңгі сақтаймын! Оқу оқып, білім нәрін жинаймын, қияға қанат қағамын, ғылымның сан қырын ашып, қызықты өнер табамын.Саятшы менің Отаным, мен боламын бала сұңқарың. Космосқа күнде ұшатын космонавың боламын!
Мақсаттың сұңқарына мініп, алысқа бет түзеймін. Бағытымнан аумай, шетсіз-шексіз ғарышты аралаймын. Кемемен мен заулаймын, қиындықтан әсте қорықпаймын. Сырын ашып ғаламның, еліме қызмет етемін. Бұл менің басты арманым. Еліктеймін Тоқтар ағама. Тоқтар аға - тұңғыш ғарышкер, батыр ғой ол тұңғыш ұшқан ғарышқа. Ағамның жолын маған да беріп, мен де ұшсам ғой ғарышқа, туған жерімнің сәлемін апарар едім Марсқа.
Мен ұшқыш болу үшін біліммен қатар денемді де шынықтыруым керек екенін түсіндім. Ол үшін мен дұрыс тамақтанып, жаман әдеттерден аулақ болып, спортпен шұғылдануым керек. Мен елімнің игі ісі үшін еңбек ететін батыр ұлы, ержүрек азаматы болғым келеді. Тоқтар, Талғат ағаларым болған ғарышта мен де болсам ғой...........
1)Мәтінге ат қой_____________________________________________________
2)Мәтіннің негізгі ойын білдіретін сөйлемді көшіріп жаз.
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
3) Мәтіннен кейіпкердің туған жерге деген махаббатын білдіретін сөйлемді көрсет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет