11.11.2019ж Тақырыбы: Менің рәміздерім-менің туым.
Пәнаралық байланыс: Бейнелеу, музыка
Мақсаты: 1. Балаларға Қазақстан Республикасы Тәуелсіз, егеменді мемлекет екені туралы түсінік беру, балалардың Мемлекеттік рәміздер туралы түсінігін жетілдіру.
2. Мемлекеттік рәміздердің мән-мағынасын түсіндіру арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3. Балалардың өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін, өз елінің тарихына деген қызығушылықтарын арттыру.
Сөздік жұмыс: Мемлекеттік рәмзідер, Ту, Елтаңба, Әнұран.
Арайланып таң атты
Алтын сәуле тартты
Жарқырайды қаламыз
Жарқырайды даламыз
Қайырлы таң, балар,
Қайырлы таң, қонақтар
Бәрі бірге қайталап амандасады.
Ізденністер
Ұымдастыру
1. Мемлекеттік рәміздердің мән-мағынасын әңгімелеп беру.
Қазақстанның Республикасының рәміздеріне: Ту, Елтаңба,Әнұран жатады
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тудыңкөгілдір түсті болуы-бұл әлемнің,ашық аспанның түсі.
Тудың ортасында-шұғылалыалтын күн. Күннің астында – алғыр қыранқұстың бейнесі. Қыран құс – еркіндіктің, бірліктіңүлкен арманның белгісі.Ту қазақтың ұлттық оюымен өрнектелген.Ою қазақ халқының тарихына, мәдениетіне және ұлттық салт-дәстүрге деген құрметті білдіреді. Күн, қыран құс,ұлттық ою – алтын түстес - бұл көп ұлтты Қазақстан Республикасының байлығы мен бақытын білдіреді. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының көгілдір түстің аясында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақтан тарағаналтын түстес уықтар –күн сәулесі сияқты.
Қанатты тұлпар- бұл болашаққа мәігілік ұмтылысты білдіреді.Елтаңбаның авторлары – Шота Уалиханов пен Жандарбек Мәлібеков. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранның сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.Музыкасын Шәмші Қалдаяқов аталарын жазған.
Қанекей орнымыздан тұрып , Отанымызға деген сүйіспеншілігімізді ән ұранды орындау арқылы білдірейік. Балала
р Әнұран салтанатты жағдайларда орындалады.
Балалар Ту, Елтаңба, Әнұран Отанымыздың мақтаныштары. 2. Отан туралы мақалды хормен қайталайық.
Отан оттанда ыстық.
Отан туралы өлең білесіңдерме?
3. Дәптермен жұмыс:
1. Б.Үсенбаев «Менің туым» және С.Қалиұлының «Елтаңбасы елімнің» деген өлеңдері оқылып, мағынасы ашылады.
Балаларға тудың суретін бояту
Отан туралы өлең айтады.
Әліппе – дәптердегі тапсырманы орныдайды.
Қорытындылау
Өзін–өзі бағалау
Сұрақ–жауап әдісі арқылы сабақта алған білімдерін қорытындылайды.
Сұрақтар мен тапсырма:
1. Тәуелсіз Қазақстан Республикасы елбасының аты-жөнін ата.
2. Әнұран қандай жағдайларда орындалды?
3. Біздің еліміздің туының түсі қандай?
Шаттық шеңберін құру.
Сұрақтарға жауап.
Қол ұстасып тұрайық
Шеңбер жасап құрайық
Көріскенше күн жақсы
Сау –саламат болайық!
Күтілетін нәтиже: Қазақстан Республикасының рәміздерін білу.
Білуі тиіс: Туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.
Түсінігі: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің мән-мағынасын түсіну.
Көрсете білуі: Рәміздер туралы өлең, мақал-мәтелдерді жатқа айту.