Менің туған жерім егеменді тәуелсіз Қазақстан!



Дата28.01.2018
өлшемі23,62 Kb.
Менің туған жерім – егеменді тәуелсіз Қазақстан!

Менің Отаным туған жерім – егеменді Қазақстан. Қазақстан алтын астықты және қазынаға бай ел. Еліміздің табиғаты сұлу,биік таулар мен мөлдір өзен-көлдері, көптеген құстар мен аңдары бар. Осы елде ата-бабаларымыз,батырларымыз бен ақындарымыз дүниеге келген. Біздің халқымыздың атамекенімізді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. Себебі, қиын кезде ата-бабамыз елін, жерін сыртқы жаудан аман сақтаған. Әрине, бұнын бәрі біздер үшін деп білемін. Еліміз кішкентай ғана мемлекет болса да, көпұлтты халқымыз бар. Тіліміз бен діңіміз бөлек болса да, жүрегіміз «қазақ елі» деп соғады. Еліміздің әр облыстың өз ерекшеліктері де бар. Мысалы: менің туған жерім Ақмола облысы Зеренді ауданы. Березняковка ауылы. Ауылымда бес ұлт өкілдері тұрады. Бізде өте татумыз өзге ұлт өкілдерінің балалары қазақ сыныптарында оқиды және қазақша жақсы сөйлейді. Мен оларды қазақша сөйлегенің мақтан тұтам. Олар өздері де өзге ұлт екендірің ұмытпауы керектігін біледі. Мектебіміздегі іс-шараларға белсене қатысамыз бәріміз бір үйдің балаларындай татумыз.Мен өз ауылым туралы айтқанда жалықпаймын. Әр адамның өз ауылы ыстық қой?! Жазғы демалыс кезінде ауылымызды шетіндегі орман алқабына жиі барамыз онда түрлі жеміс-жидектер теріп кеш болғанын байқамай қаламыз. Күн жылынса болды орман алқабына асығатын тұрғындар болады. Олар жеміс теруге, саяхаттап таза ауада дем алуға. Сол қарапайым тұрғындардың ішінде ауылымыздың көрікті жерлері орманға жандары аши қоймайды. Отырған, дем алған жерлеріне қалай болса солай қоқыстарды лақтырып тастайды. Ол қоқыстар жиналып орманға зиянын келтіретінің білмейді. Біздің ауыл тұрғындары өз байлығымыз жасыл орманды таза ұстауға ат салысады және күте біледі. Жаз мезгілінде орман алқабына аптасына бір рет тазалық күнің ұйымдастырса де ойлаймын өзіміздің ауламызда қандай тазалық жүргізсек сондай тазалықты да жүргізуге болады деймін. Зеренді ауданымыздың табиғаты өте керемет, көркем деп айтсам артық айтпағаным деп білемін. Өйткені,көптеген ақындарымыз «Көкше жері» деп өлең-жырларын арнаған. Сонымен қатар ауылымыздың мектеп ұстаздары бізге білім нәрімен сусындатып қана қоймай,елімізді сүюге,ана тілімізді қастерлеуге, үйретеді. Оқудың басталғанына да ай болмасада мектебімізде қазақ тілімізді құрметтеуге арналған «Ана тілім тұғырым»- атты «тіл апталығы» өтті. Бұл апталықта біз оқушылар елімізге,тілімізге деген сүйіспеншілігімізді өлеңдеріміз бен өнерлеріміз арқылы көрсете білдік. Онда бастауыш сыныптар аралығында «Ана тілім –өз тілім» деген ұранмен сайыс ұстаздарымызбен өткізілді. Сайыс үш тілде өлең шумақтар, сурет көрмесі, мақал –мәтелдер айтылды. Сайыс өте қызықты, тартымды өтті соңында жеңімпаздар марапатталды. «Отан отбасынан басталады» деген нақыл сөзді ата-бабамыз бекерге айтпаса керек. Себебі, осы апталық арқылы әр біріміздің бойымызда отанға деген құрметіміз арта түскендей яғни отбасын қалай құрметтесен Отандыда солай сүю керектігің ұқтық. Ата-бабаларымыз кең даламызды,ана тілімізді мақтан еткен. Бізге мұра етіп қалдырған. Әр қазақ баласы туған жерін, байтақ өлкесін мақтан етуге тиіс. «Туған жердей жер болмас,туған елдей болмас» деген мақалда терең мағына бар. Себебі,туған жеріміз бен туған еліміз біз үшін қымбат екендігі деп ойлаймын. Еліміздің өркендеп,көркеюі біздің қолымызда. Ана тілімізді ардақтау біздің міндетіміз. Ол үшін сабағымызды жақсы оқып қана қоймай, білімімізді тереңдете білу қажет. Менің Отаным- мен үшін өте қымбат. Өскенде өз ауылымның, Отанымның көркеюіне өз үлесімді қосамын. Қазірдің өзінде сабағымды жақсы оқу керектігін білемін сондықтанда мен өте жақсы оқимын ұстазымның және ата-анамның сенімін ақтағым келеді.Сондықтанда,мен үнемі туған елім,туған жерім,ауылым туралы айтуға еш жалықпаймын.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу