Mercedes маркалы көліктерді шығаратын Daimler-Motoren-Gesellschaft компаниясының тарихы 1900 жылдан бастау алады. Компания автокөліктерден басқа кеме және ұшақтарға арналған қозғалтқыштарды жасаумен айналысатын



Дата23.09.2022
өлшемі0,76 Mb.
#150531
Байланысты:
Мерседес

Mersedes-benz

Mercedes маркалы көліктерді шығаратын Daimler-Motoren-Gesellschaft компаниясының тарихы 1900 жылдан бастау алады. Компания автокөліктерден басқа кеме және ұшақтарға арналған қозғалтқыштарды жасаумен айналысатын. 1909 жылы пайда болған үш сәулелі белгі - сол кездегі компанияның суда, құрлықта, ауада жеткен жетісіктерінің символы ретінде танылды. 1926 жылы Daimler және Benz компаниялары қосылып кетеді, нәтижесінде марканың белгісі лавр жапырағымен кескінделеді. Бұл белгі қазіргі кезде де қолданыста.

  • Mercedes маркалы көліктерді шығаратын Daimler-Motoren-Gesellschaft компаниясының тарихы 1900 жылдан бастау алады. Компания автокөліктерден басқа кеме және ұшақтарға арналған қозғалтқыштарды жасаумен айналысатын. 1909 жылы пайда болған үш сәулелі белгі - сол кездегі компанияның суда, құрлықта, ауада жеткен жетісіктерінің символы ретінде танылды. 1926 жылы Daimler және Benz компаниялары қосылып кетеді, нәтижесінде марканың белгісі лавр жапырағымен кескінделеді. Бұл белгі қазіргі кезде де қолданыста.
  • 1901 жылдан бастап Mercedes маркасы Daimler-Motoren-Gesellschaft компаниясы шығарған көліктердің сауда белгісі ретінде таныла бастады. Оның негізін салушы Готтлиб Даймлер тұңғыш рет 4 дөңгелегі бар бензиндік мотор орнатылған көлікті 1885-1886 жылдары жасаған. Ол компанияны Штутгард маңындағы Бад Каннштат қалашығындағы шеберханасының негізінде құрған. 
  • 1899 жылы Вильгельм Майбах Даймлердің бірінші көліктерін шығаруға белсенді түрде қатысады. Оның жасаған Рhоеnix-Daimler көлігі 4 цилиндрлі, қуаты 24 а.к. болатын қозғалтқышпен жабдықталды. Қозғалтқыш көптеген техникалық ақаулықтарға толы болды. Сол кезде компанияның дамуына Франция еліндегі Даймлер компаниясының өкілі Ниццадағы Австро-Венгрияның консулы Эмиль Еллинек үлес қосқан болатын. Ол Майбахқа жаңа көлікті шығаруды ұсынған. Көп ұзамай жаңа көлік дайын болған. Еллинектің ұсынысы бойынша көлікті қызының атымен Мерседес деп атап кеткен.
  • Еллинек және оның қызы Мерседес
  •  Алғашқы Mercedes-35Р5 4 цилиндрлі, мотордың пайдалы жұмыс көлемі 5913 куб.см құрып, құрылғыларының орналасуы классикалық стилде болған екен. Көліктің сыртқы пішіні де классикалық түрде орындалған. Осы үлгі 1902 жылдан бастап Mercedes-Simplex сауда белгісімен шығарылған көліктердің негізі ретінде танылды.
  • Соғыстан кейін шығарылған 28/95PS үлгілері
  • Бұл жұмыстарды 1923 жылы компанияның басты инженері Фердинанд Порше жалғастырды. Сол жылы көлемі 1568 және 2614 см. куб. болатын 4 цилиндрлі мотормен жабдықталған көліктердің, ал 1924 жылы 6 цилиндрлі, қуаттылығы 100-140 а.к. болатын танымал 24/100/140 PS үлгілер топтамасы көлемі 6240 см3 болатын қозғалтқыштармен жабдықталды.
  • 1920 жылдардағы танымал Mercedes 24/100/140 PS үлгісі
  • Mercedes-Benz Mannheim-370 
  • 1930 жылы Grosser Merceries атты жаңа үлгісі «Mercedes-Benz-770» деп те аталған. Көлік 8 цилиндірлі, 200 а.к., көлемі 7655 см3 болатын қозғалтқышпен жабдықталды. Ал 1931 жылы компания кішігірім көлемді моторы бар көліктерді шығарды. Осындай көліктердің бірі Mercedes-170 6 цилиндрлі, қозғалтқыш көлемі 1692 куб.см құрайтын.
  • Mercedes G (W-463) әскери көлік ретінде шығарылған 


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет