«Мәртөк аудандық ішкі саясат бөлімі» мм-нің тапсырысы бойынша Ақтөбе 2015 жыл «Досниязова Г. М.»


Диаграмма 3. Респонденттердің білім деңгейі, %



бет2/5
Дата08.07.2018
өлшемі251,02 Kb.
#48705
1   2   3   4   5

Диаграмма 3. Респонденттердің білім деңгейі, %

Этникалық тиістілігіне қарай метрикалық мәліметтеріне сәйкес 69,6 % қазақ респонденттер, 21,2% − орыс және 9,2 %басқа ұлт өкілдері: немістер, украиндар, татарлар, поляктар, белорустар, қырғыздар және т.б. сұрау алынды.

Дәл осылай, зерттеу іріктемесі негізгі әлеуметтік-демографиялық параметрлер бойынша халықтың құрылымын бейнелейді.



АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ МӘРТӨК АУДАНЫНДАҒЫ ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ ОРЫН АЛУЫ ТУРАЛЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ТҮСІНУІ МЕН ҰҒЫНУЫ
Елдің жоғарғы саяси басшылығының жаңғырту саясаты барысында мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін құру маңызды басымдылықтардың бірі болып табылады. Оған қоса мемлекеттік қызмет әлеуметтік институтына тән құбылыс – жемқорлық тиімділіктің маңызды мәселесі болып табылады.

Күрделі, тарихи өзгермелі, келеңсіз әлеуметтік құбылыс болып табылатын сыбайлас жемқорлық адамзат өркениеті дамуының ерте кезеңдерінде пайда болғаны мәлім.



Сыбайлас жемқорлық проблемасы барлық елдерде бар, ол әлеуметтік-экономикалық ілгерілеуді баяулатып, тек өзіне тән көріністермен және ауқымымен ерекшеленеді.

Жемқорлық Қазақстан үшін тек заманауи құбылыс және оның дамуының алдындағы кезеңдерінде тән емес деп пайымдау қате, алайда, бұқаралық ақпарат құралдарының дамуы арқасында, жемқорлық фактілері халық арасында кеңінен таралып, бұл құбылыстың қоғамдық пікірде көрініс алуында әсер етпеуі мүмкін емес.

Халық пен БАҚ «жемқорлық» түсінігін жиірек екіұшты қолданып, оған түрлі әрекеттер мен ғадеттердің кең спектрін қарастырады. Әлеуметтік зерттеу сауалнамасында жемқорлық түсінігі мен оның көріністерін халықтың түсінуіне қатысты бірқатар сұрақтар болды.

Дәл осылай, респонденттерге «СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ДЕГЕНДІ СІЗ ҚАЛАЙ ТҮСІНЕСІЗ?» деген сұрақ қойылып, жауаптардың түрлі нұсқалары ұсынылды. Алғашқы үш жауап нұсқалары келесідей үлестірілді:
Диаграмма 4. Жемқорлықты нақты анықтау ретімен үш жағдайлар *


*Жалпы сомма 100% төмен, себебі, сызбалы диаграммада нақты анықтау ретімен жағдайлардың тек үш нұсқасы ғана белгіленген.
Диаграмма 4 көрсетілгендей респонденттердің жартысы (53,7%), мемлекеттік шенеуніктердің параны (ақша, сыйлық немесе қызмет көрсету түрінде) бопсалау немесе шенеуніктерге пара беру жемқорлық түсінігімен көбірек сәйкес келеді деп көрсетті.

Респонденттердің 7,7 % жемқорлық түсінігін қазына ұрлаушылық (мемлекеттік қаржыны жеке мақсатта қолдану) сәйкестендіреді және аталмыш жағдайды нақты анықтау бойынша екінші орынға қояды.

Нақты анықтау бойынша үшінші орында мемлекеттік шенеуніктер өздері, өз отбасылары мен достары үшін материалдық немесе басқа пайда табу мақсатында лауазымдық жағдайын теріс пайдаланатын жағдайды жемқорлықпен сәйкестендіретін респонденттердің саны тұр (6 %)

Іс жүзінде, рейтингте бірінші орында жемқорлықты пара және сый ретінде (53,7%), екінші орында бюджетті ұрлау (7,7%), үшінші орында жеке мүддеде қызметтік жағдайды теріс пайдалану (6 %) анықталады. Ал одан кейін: қоғамдық ресурстар мен қорларды заңсыз үлестіру және қайта үлестіру (5,7%), заңсыз жекешелендіру (4 %) және қандай да бір жағдайдың қысымымен лауазымды тұлғаның белгілі бір шешім қабылдауда түрткі болуы (3,2%) тұр.

Дәл осылай, Мәртөк ауданы тұрғындары арасында «жемқорлықты» мемлекеттік және қоғамдық игіліктеріне нұқсан келтіретін субъектісі тек лауазымды тұлғалар ғана емес, көп жағдайда пара берушілер болып табылатын лауазымды тұлғалардың тарапынан құқыққа қайшы әрекеттер ретінде түсіну қалыптасқан. Алайда, тұрғындар арасында жемқорлықты тек қылмыстық әрекет қана емес, мәжбүрлі, соның ішінде қандай да бір жағдайлардың қысымымен орын алатын шешім ретінде қабылдау орын алған. Сұрау алынған мемлекеттік қызметкерлер арасында халық пікірімен мәндес, көпшілігі «парақорлықпен» (63,6 %) және «лауазымды тұлғаларға сый беру» (7,6 %) деп қабылдайды. Мәртөк ауданының сұрау алынған мемлекеттік қызметкерлерінің тек 1,5 % жемқорлықты лауазымды тұлғалардың қандайда бір жағдайлардан тәуелділігі деп ақтайды.

Қорыта келе, Мәртөк ауданы тұрғындары мен мемлекеттік қызметкерлері үшін жемқорлық көбірек мемлекет пен қоғамның мүдделеріне қайшы келетін пайда табу және пара алу немесе берумен байланысты. Дәл осылай, жемқорлыққа қарсы саясат пен насихаттың дамуы үшін, сондай ақ «құқық бұзушылықтарға нөлдік төзімділік» үшін барлық қажетті шарттар мен мүмкіндіктер бар.



АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ МӘРТӨК АУДАНЫНДАҒЫ ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ ТАРАЛУ КӨЛЕМІ.
Бұл бөлім Ақтөбе облысы Мәртөк ауданында жемқорлықтың таралуы көлемін талдауға арналған. Тұрғындардың басым бөлігінің (55,3%) пікірі бойынша Мәртөк ауданында жемқорлық секілді құбылыстың соңғы 3-4 жылда таралу деңгейі анағұрлым азайды (диаграмма 5). Дәл солай, сұрау алынғандардың 34,7% жемқорлық өз деңгейінде сақтала берді деп санайды. Ауданында жемқорлық көбейе түсті деп тек азаматтардың 9,9 % ғана білдірді. Қорыта келе, аудан тұрғындарының басым көпшілігі мемлекет тарапынан бағытталған оған қарсы іс-қимыл шараларын ескере отыра, жемқорлықтың таралу көлемі азайды деген пікірді ұстанады.
Диаграмма 5. Мәртөк ауданында жемқорлықтың динамикасы (респонденттердің пікіріне сәйкес, %-бен)


Мәртөк ауданының сұрау алынған мемлекеттік қызметшілердің көпшілігі (68,3 %) соңғы жылдардағы жемқорлық фактілері мен көріністердің деңгейінің динамикасын төмендеуге қарай бағалады, ал 28,3 % аталмыш жағдайдың өзгеріссіздігін көрсетеді. Өсу жағына қарай бағаны тек мемлекеттік қызметкерлердің 3,3 % ғана береді.

Мәртөк ауданындағы жемқорлық деңгейінің Ақтөбе облысының басқа аудандарымен салыстыруға қатысты респонденттердің бағасы ауыл тұрғындарының басым көпшілігі (53 %) анағұрлым төменірек деп бағаласа, шамамен әрбір бесінші респондент (21,6 %) жемқорлық фактілері, көріністерін шамалас, деңгейлес деп бағалайды. Бұл жерде әрбір төртінші респондент ешқандай баға бере алмағандығын ескеру қажет.

Жемқорлық фактілерінің көрініс алу көлемін тек Мәртөк ауданындағы жемқорлық динамикасының субъективті бағалауымен және жемқорлық фактілерінің салыстырмалы бағаларымен ғана жемқорлықпен жеке тәжірибедегі көрініс алуды ескерусіз баға беруге болмайды. Осыған ұқсас әлеуметтік сауалнамалар әдетте халықтың пікірі мен қатынасын анықтауға тырысады, ал аталмыш зерттеуде респонденттердің жемқорлықпен жеке өмірлік тәжірибеде нақты кездесуі туралы сұрақтар қойылды.

Зерттеу деректеріне сәйкес, респонденттердің басым көпшілігі (77,2 %) жеке өмірлік тәжірибесінде Мәртөк ауданында жемқорлықтың көріністерімен кездеспеген, ал барлық респонденттердің 22,8 % олар жемқорлықты жағдайларға түскендігін мойындады. Жемқорлық көріністерімен респонденттердің жеке өмірлік тәжірибесінде кездесуі олардың әлеуметтік мәртебесі кесіндісінде қарастыру өте маңызды (Толығырақ диаграмма 6)
Каталог: sites -> default -> files
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
files -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет