«Мәртөк аудандық ішкі саясат бөлімі» мм-нің тапсырысы бойынша Ақтөбе 2015 жыл «Досниязова Г. М.»


Диаграмма 6. Респонденттердің әлеуметтік мәртебесіне кесіндісінде жеке өмірлік тәжірибесінде жемқорлықпен кездесуі



бет3/5
Дата08.07.2018
өлшемі251,02 Kb.
#48705
1   2   3   4   5

Диаграмма 6. Респонденттердің әлеуметтік мәртебесіне кесіндісінде жеке өмірлік тәжірибесінде жемқорлықпен кездесуі


Жоғарыда көрсетілген диаграммада жиірек жемқорлық көріністерімен оқушылар / студенттер категориясы кездеседі, осы топтың 64,3 % қойылған сұраққа иә деп жауап қайтарды, ал жұмыссыздар және зейнеткерлер категория арасында теріс жауап қайтарған респонденттер басым. Жұмыс істейтін респонденттер арасында жеке өмірлік тәжірибесінде жемқорлық көріністерімен кездесу туралы сұраққа иә деп жауап қайтарғандар жеткілікті түрде жоғары деңгейде. Сауалнама сондай ақ, шамамен әрбір алтыншы мемлекеттік қызметкер жемқорлық көріністерімен кездескенін анықтады. Жоғарыда аталып кеткендей, жемқорлық құқықбұзушылық ретінде екіжақты сипатқа ие. Дәл осылай, негізгі бастама көтерушілері мемлекеттік қызмет көрсетудің тұтынушылары болып табылатын жемқорлық көріністері орын алуда.

Респонденттер арасында жемқорлық көріністерімен жеке өмірлік тәжірибесінде кездесудің жеткілікті деңгейі болғанына қарамастан, респонденттердің тек 16,1 % қана пара бергендігі жайлы мойындады. Респонденттердің қалған бөлігі бұл сұраққа теріс жауап қайтарды. Жоғарыда аталып өткендей жемқорлық көріністерімен жиірек кездесетін оқушылар / студенттер екені белгілі, алайда аталмыш топтың арасында пара беруге келіскендер саны ең төмен (4,2 %). Ал зейнеткерлер диаметральды қарама қайшы позицияны ұстанады, осы топтың сұрау алынғандардың 42,9 % пара беруге келіскен. Қорыта келе, жас топтар арасында жемқорлыққа қарсы әлеуетте айырмашылық бар, жас респонденттер арасында сауалнамадан белгілі болғандай «мүмкіндіктерді» пайдалануға даяр жасы үлкен топтарға қарағанда жауаптарында көбірек көрініс табады.

Сауалнама нәтижелері көрсеткендей, респонденттердің шамамен төрттен бір бөлігі (23,3 %) пара және жемқорлықтың басқа да көріністеріне қатысты принциптерге ие екенін мойындады. Дәл солай, сұрау алынғандардың басым көпшілігі не қандай да бір жауап қайтаруға (29,7 %) қиналды, не «мәселені парасыз, басқа жолдармен шешуге болады» (28,3 %) деп мойындады. Көріністер үшін қылмыстық жауапкершіліктен тек 3,7 % ғана сескенсе, ал 1,3 % пара беруге «қалтам көтермеді» деп мойындады. Қорыта келе, аудан тұрғындары арасында жемқорлыққа қарсы әлеуеттің жоғары деңгейі орын алған. Жергілікті органдарға алдағы жұмыс үшін осы фактіні ескеруге кеңес беріледі. Бұл қоғамда жемқорлыққа төзімсіздік атмосферасы қалыптасқан, халықтың басым көпшілігі заңды бұзып, өз мәселелерін кез келген тәсілмен шешуге әлеуетті дайын емес екендігі анықталды. Ал елдің болашағы болып табылатын жастар арасында әлеуетті жемқорлар ең төмен.

Сауалнама нәтижесі бойынша, респонденттердің тек 8,7 % лауазымды тұлғаға пара беруден бас тартқаннан соң олардың мәселелері шешілмегендігін мойындағаны анықталды. Дәл солай, респонденттердің басым бөлігі осы сұраққа оң жауап қайтарды.

Сұрау алынған респонденттердің мойындауы бойынша пара берудің себептері түрлі, дегенмен, сұрау алынған респонденттердің басым көпшілігі (10,3 %) негізгі себептері ретінде «заңды жолмен мәселені шешуге мүмкіншілік немесе уақыттың болмауын» көрсетті, респонденттердің бір бөлігі (4,3 %) «бәрі пара береді, солай қабылданған» деп санайды. Респонденттердің тек 2,3 % лауазымды тұлға тарапынан кідірістерге көрсетті.

Респонденттердің мойындауы бойынша пара, сый беру кезінде делдалды тек 6,3 % қолданды, ал респонденттердің қалған бөлігі бұл әрекетке тікелей өздері барған. Осы мәселедегі аталмыш жағдайлардың басым бөлігінде бастама жасаушы лауазымды тұлғалар болған (30 %).

7 диаграммада азаматтардың пікірі бойынша жемқорлықтың таралуының негізгі себептерінің «рейтингі» берілген. Респонденттер жемқорлықтар себептері мен оның залалдарын түсінігінен жемқорлықтың мемлекеттік басқару жүйесі үшін әлсіздігі мен осалдығын, сондай ақ қажетті шаралар қолдану қажеттігін қарастырады. Сұрау алынған респонденттер арасында жемқорлықтың негізгі себептері ретінде бюджет саласындағы қызметкерлердің төмен жалақысы (33,9 %), шенеуніктің әрекеті, оның кірісі мен шығындарына жеткілікті қатаң бақылау болмауы (20,6 %), сондай ақ жемқорлық үшін жазаның ақылға қонбауы (14 %) болып табылады (Диаграмма 7 толығырақ көруге болады).
Диаграмма 7. Жемқорлықтың себептері (респонденттер мен мемлекеттік қызметкерлер пікірі бойынша, %бен)


Салыстырмалы түрде тұрғындары арасында себептер ретінде көбірек мемлекеттің қызметімен, шенеуніктердің әрекетіне ішкі бақылаумен, сондай ақ жемқорлық фактілері үшін қатаң шаралар мен жаза қажеттілігімен байланысты аталады. Дәл солай мемлекеттік қызметкерлер арасында аталмыш себептер басым болғанына қарамастан, алайда көбірек қоғамдық бақылаудың болмауына көңіл бөліп, экономика мен азаматтық қоғам элементтерінің дамымауын азырақ себеп ретінде қарастырады. Және ұлттық дәстүрлер, ділден ешқандай себеп ретінде қарастырмайды.

Дәл осылай, сауалнама тұрғындары арасында да, мемлекеттік қызметкерлер арасында жемқорлықтың негізгі себептері ретінде «бюджеттік сала жұмысшыларының төмен жалақысы» және «жемқорлық үшін жазаның ақылға қонбауы», сондай ақ «шенеуніктің әрекеті, оның кірісі мен шығындарына жеткілікті қатаң бақылау болмауы» аталады.
Каталог: sites -> default -> files
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
files -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет