Мерзімі: 10. 02. 2016 Тақырыбы :Өмір қымбатсың,маған Құндылығы



Дата19.02.2017
өлшемі65,37 Kb.
#10823
түріСабақ
Өзін-өзі тану сабағының жоспары.

Мектебі : Дина Нұрпейісова атындағы жалпы орта мектебі

Мерзімі: 10.02.2016

Тақырыбы :Өмір қымбатсың ,маған

Құндылығы «Дұрыс әрекет»

Қасиеттері:адамгершілік,құштарлық,адалдық

Мұғалім: Капуова Лида

Сыныбы: 7 сынып

Оқушы саны: 20

Сабақ мақсаты :Оқушылардың өмір құндылығы туралы түсініктерін одан әрі тереңдету,оқушыларға «дұрыс әрекет», «өмір»құндылықтары туралы түсінік беру

Міндеттері:Білімділігі :Адамөмір бойы өзін-өзі тану құндылықтарын пайымдау,жақсы қасаиеттерді өз бойына дарыту арқылыкемелдендіруге талпындыру.

Дамытушылығы :Оқушылардың қоршаған ортаға,онда өмір сүріп жатқан адамдарға,олардың өмірде болып жатқан түрлі оқиғалар мен жағдайларға жаңаша қарауын,әсемдікті түсіне білуі,өмірге құштарлықтарын дамыту.

Тәрбиелілігі :Оқушыларды адамгершілікке,өмірге деген құштарлыққа,адалдыққа тәрбиелеу

Ресурстар
Ноутбук,

Музыка,


Сабақ барысы : Ұйымдастырукезеңі.Сәлемдесу,оқушыларды түгендеу. 5Т ережесін еске түсіру

Талап


Тыныштық

Тәртіп


Тазалық

Татулық


Тыныштық сәті :(баяу музыка)

Тыныштық сәті. Жай әуен қойып тыңдаймыз.Денемізді тік ,бос ұстаперкін ,көзімізді жұмып отырамыз.Ертегі еліне саяхат.Міне керемет айналамызға қарайықшы,күн сәулесі бұлт арасынан сығалай шашырап ,жарқырап тұр.Табиғатты айтсаңшы,ертегі еліндегі бақыт шахарына енгендеймін.Кенеттен бір көгершін жанымдақанаттарынсебелеп-себелеп шыр көбелек айналып ұшып жүр екен,мен де онымен бірге қолымызды жоғары көтере шыр айналып ұшып жүрмін. Менімен біргеменің жанымыздағы барлық тіршілік иелері тіпті,адамдарда шыр айналып бақыт құшағында жүр.

Міне ғажап. Осы кезде көгершін тілге келіп «Сен қандай жан болсаңда,бақытты болуға лайықсың мына өмірдің кереметтілігін қарашы сенде осы өмірдегі жандардай керемет бақытты бола аласың. Егер сенің жан дүниең жақсылық нұрына толы болса,барлық айналамыздағы әлемге өзіңнің мейірім шапағыңды төге отырып,сен өзіңді бақытты сезінесің,сен бақыттысың.»Қарашы дала қандай кереметтілігін ертегі еліндегі бақыт шахарда жүрген жандардың барлығы бақытты,ал мен сол жаны таза адамдардың бойынан бақыт нәрін сезінемін.Бүгін сенің бойыңнан сүйіспеншлікке толы адамды көремін,жақсылық нәрін айналамыздағыадамдара бере сенде бақыттысың»,-деп қанаттарын сермеп –сермеп ұшып кете барды.Мен аң-таңмын.Жүрегім қуанышқа толы.Мен айналамыздағы адамдарға мейіріммен ,сүйіспеншілікпен қараймында,бақытқа кенеліп айғайлаймын

Алақай !Мен бақыттымын ,менің бақытымда шек жоқ.Мен әлемдегі ең бақытты адаммын!Енді көзімізді ашып,жанымыздаы адамдарға сүйіспеншілікпен,өмірге құштарлықпен қарайық.

Тыныштық сәтінен кейін өз әсерлерімен бөлісу.





2. Үй тапсырмасын тексеру:Ш.Сариевтің «Өмір деген тұрмайды қап-қарадан» өлеңің мәнерлеп оқып келу

Ой-қозғау:

1.Ақын «ақ» және «қара» деп нені меңзеп отыр?

2 .Қай уақытта адам өмірі «аққа» толы болады?

3.Адам өмірден өз бақытын табу үшін не істеу керек?

4. Өмір туралы ойланып көрдіңдерме?

Түйін :Өмір ащысы мен тұщысы,қуанышы мен қайғысы ,қадірі мен қасиеті қатар тоғысатын жол







Жаңа сабақ тақырыбы: «Өмір қымбатсың маған»





Дәйексөз

«Адам боп оңай туғанмен

Адам боп қалу көп қиын» Қ.Мырза-Әлі.

Ұлдарға 2 рет қайталау

Қыздарға 2 рет қайталау.

Хормен қайталау

Дәптерге жазып аламыз.

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

Оқушылардың пікірін тыңдау,ой бөлісу

Түйін:Адам боп туу –анадан

Айуан боп кету –өзіңнен








Әңгімелеу : (Мұғалім сыйы)

«Өмір туралы» Ә.Қайдар

Өмір туралы ойланбайтын жұмыр басты пенде жоқ. Бірақ ешкімде сол ойының түбіне жеткен емес, бір пікірге келген емес. Әр кім өмірді өзінше түсінеді, өзінше бағалайды, өзінше оған ғибрат алады. Біре оған риза, біреу одан мүлдем түңілген. Біреу өмірді мәңгі күрес, айтыс-тартыс деп бағаласа, енді біреу сыры мол, мәні терең құбылыс деп сезінеді.

Қысқасы, «өмір» деген ұғым барда, өмір сүретін адамда бар, ол туралы ортақ пікір жоқ, әр алуан қоз қарас, әр түрлі түсінік. Бірақ қалай болғанда да, өмір адамның жарық дүниеде, жер бетінде көрер аз күндік қызығы мен рақаты, не азабы мен қасіреті, жақсы-жаманға үйрететін мектебі, алар тәлім-тәрбиесінің көзі болып саналады. Демек, өмірден үйрегенің мен үлгі еткендерің де, үйрене алмай, қасірет шеккенің де, жақсылығың мен істеген жамандығың да игі істерің мен көрсеткен ездік қасиеттерің де – бәрі-бәрі сайып келгенде, өмірдің өзіндік тағылымдары. Адам баласының бойына тән, болмысына біткен парасаттылық пен пендешілік, даналық пен надандық, биіктік пен пәстік, өрлік, өжеттік пен ынжықтық, дарындылық пен дарынсыздық, жомарттық пен сарандық, азаматтық пен тоғышарлық сияқты екіұдай қасиеттердің бәрі де біреуде мол, біреуде кем, сол өмір безбенімен қасиеттер.



Ой-талқы:

  1. Өмірдің мәні неде деп ойлайсындар?

  2. Өмір тек бақытты кездерден тұрады ма?

  3. Жақсы өмір сүру үшін адамға не қажет?

  4. Өмірдің қысқалығы мен ұзақтығы немен өлшенеді?

Түйін:

Адамның жаман мен жақсыны ажырата білім, жаманан бойын

аулақ ұстап, бойына жақсы қасиеттерді дарыта алғанда ғана өзінің өмірлік мұратын таба алады.





Бейне ролик. «Мен өмірді жақсы көремін».

Бұл бейне роликтен қандай ой түйдіңіздер?







Шығармашылық жұмыс. (7 мин)

Топқа бөлу. (жасыл, көк, қызыл түстер бойынша)

Жасыл түс – адамгершілік тобы

Қызыл түс – адалдық тобы

Көк түс – әдептілік тобы

Топтық жұмыс


  1. «Өмірің өз қолыңда» эссе жазу

  2. «Менің қолымнан бәрі келеді» қолдан келетін өнер

  3. «Ғажап өмір» сурет салу

Ойын: «Өмір шамы»

Шамды жеткізерде қандай күйде болдыңыздар.



Түйін:

Топтастыру

Өмірдің мәні неде?



Плакат,май шам

Топпен ән айту.

«Өміріңе немқұрайлы қарама»

Сөзі: С. Сейтман

Әні: С. Дәрібаев

Тыңдадосым, мен айтайын от тілек
Дүниеденкетті бай да, өтті бек. 
Өміріңенемқұрайлықарама, 
Дәулетіңментұрсаңдағыкөктіреп.

Әркүнсайын тек сен үшінатыптаң, 


Зерлішапанкиінсең де жақұттан. 
Өміріңенемқұрайлықарама, 
Шақшабасыңайналса да бақыттан 

қайырмасы: 
Баққұсыңдықонғанкездебағала. 
Қолдамәңгітұрмайтынолшағала. 
Кенелсең де досымқаншашаттыққа 
Өміріңенемқұрайлықарама,


Баққұсыңдықонғанкездебағала. 
Қолдамәңгітұрмайтынолшағала. 
Қаншаазапкөрсеңдағы,бауырым, 
Өміріңенемқұрайлықарама,

Тұсаусалыпбастатқызбайкөш дара, 


Етседағыдұшпанкүлкі,достаба. 
Өміріңенемқұрайлықарама, 
Тағдыржеліқарсыалдыңнансоқса да.

Сын сағаттасақтауүшінөзбасын, 


Сатыпкетіпсеніпжүргенжолдасың. 
Өміріңенемқұрайлықарама, 
Айдынкөлгеайналса да көзжасың.




Үйге тапсырма: 127 бет Т. Айбергеновтың «Өмір» әңгімесін оқып, өз сөзңменжалғастырындар. 128 бет «Өмір қандай тамаша» тақырыбында сурет салу




Соңғы тыныштық сәті.

Жайланып отырып, көзімзді жұмайық. Әрқайсымыз өз қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналаға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейк, жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған жақсы әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар! Рахмет! Кездеріңізді ашуға болады.







Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет