Тақырыбы: Мектептегі оқушының міндеті мен ережесі Мақсаты: 1.Оқушыларға мектеп ережелері туралы әңгімелеу, түсіндіру. Балалардың білімге деген құштарлығын ояту.
2. Оқушылардың теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту. 3. Оқушыларды ұйымшылдыққа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу
Көрнекілігі: суреттер
Білімді, тәрбиелі ұрпақ - ел келешегі. Яғни сендердің мектепке келгендегі мақсаттарың білім алу. Білім - тәрбиелеу мен оқытудың үздіксіз үрдісі. Білім арқылы адамдарды, айнала отанды, ғарышты, әлемді танисыңдар, өз табыстарыңды, жетістіктеріңді көрсете аласыңдар, қоғамға қызмет етесіңдер. Егеменді еліміздің болашағы - білімді ұрпақ. Ол үшін білім қажет. Қазір сендер жассыңдар және толық мүмкіндіктерің бар. Сондықтан да тынбай еңбектеніп білім алуларың керек.