МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку


Мәшһүр-Жүсіптің лингвистикалық көзқарастары



бет3/17
Дата05.11.2016
өлшемі14,12 Mb.
#904
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

4 Мәшһүр-Жүсіптің лингвистикалық көзқарастары
Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы шығармаларында тіл мәселесі жөнінде көптеген деректер кездеседі. Олар мағыналары жағынан алуан түрлі. Сөздің шығу тегі, мақал-мәтелдердің шығуы, ономастикалық атаулардың пайда болуы, сөз өнері туралы т.б. Ал, байырғы ескіліктер болып табылатын көне этномәдени лексика тіптен көп. Біз бүгінгі мақаламызда Мәшһүр-Жүсіптің лингвистикалық көз- қарасына ғана тоқталамыз. Оның себебі кейбір зерттеушілер Мәшһүр – Жүсіптің шығармаларын бір жақты (діни мистикалық) жағына қарастырады да осы тұрғыдан келіп, ақын туралы діншіл, құдайшыл дегеннен аспай келеді. Оның үстіне Мәшһүр – Жүсіп жөніндегі пікірлері саналарын улап алған байырғы кеңестік дәуірдің елесінен айрыла алмай, ақынның ғұламалығына күмәнмен қараушылық әлі де арамызда ұшырасады. Мәшһүр – Жүсіптің ұлы Абайдан кейінгі шыққан дала кемеңгері екендігін мойындамай келеміз.

Мәшһүр – Жүсіп тек қана түркі тілдері туралы біліп қоймаған дүние жүзі тілдері, діндері жөнінде де мағұлыматы болған. Мысалы, «Дін туралы жер жүзіндегі адамдар дін жағынан екіге бөлінеді. Бірі-Құдайды бір дос (дош), бірі Құдайды бір демеуші , «бір» деушілерге кітабы дейді. «Бір» демеушілерге «Бір» деушілер 3 түрлі. Ғайса, Мұса, Мұхаммед – бір деме – осылар. Будда, Бірахмен, Мәжуси, һубасқа түндей болды. Жер үстінде кітаптан, мішіріктер көп. Тіл туралы жер жүзіндегі болған адамдардың тілдері түрлі – түрлі. Санағандар: «Мың шамалы түрі бар» - дейді. Бұлардың дүниеге ең көп жайылғандары үшке бөлінеді. Бірінші-Һинд һәм Еуропа тілдері. Екінші-күншығыс Азия тілдері. Үшінші: Хам, Сам тілдері дейді. Сол сияқты Мәшһүр – Жүсіп ХIХ ғасырда «мәдениет» деген сөзді бірінші қолданған және мағынасын тура берген адам. «Кейбіреулері шаһарларда жиылып, егінмен ас қылады. Бұларды: «мәдени халық» - дейді, яғни «ғылымды жұрт» - дейді. Мәдениет – араб тіліндегі «мудун» сөзі біздің түсінігіміздегі «қала» мағынасын берсе, «медени» - «қала тұрғыны» деген ұғымды меңзейді (Ә. Нұрмағамбетов, 1990: -Б. 9). Демек, Мәшһүр-Жүсіп бұл – сөздің мағынасын тура қолданған. Қазіргі Республикамыздың Астана қаласына байланысты Мәшһүр-Жүсіп: «Патшалардың тұрған шаһарын: «Астана»; Егер ол су адам күшімен қазып қосылған болса: «Канал» - дейді. Осы жолдағы: Астана п. асетан: өткел, кірер қақпа, сарайға кіру, патша кіретін есік, - Астана – деген ұғымды білдіреді (Л. Рүстемов, 1989: -Б. 34). Канал түбір тұлғасы көне түркі лексемасы қанар, Абакан (үлкен су) құрамындағы қан <> қан. Демек, кан көне түркі тілінде ыдыс деген ұғымды білдірген. Орыс тіліне енген канал (су құятын ыдыс), кэда (көне түркі формасы kedim `киім`), сандал (сандал – ағаш эпостық жырда кездеседі), новый (наурыз), да Москва, давай дегендегі да, давэй – (қытай тілінде - үлкен) қазақ тілінде дамолда (үлкен молда) дегенде қолданылады, ағылшын тіліндегі футбол (бұт - аяқ), шериф (сейіт // шәріп//шериф) т.б. көптеген сөздерді атап өтуге болады.

Мәшһүр-Жүсіп: «Жетпіс екі тіл бар. Сол жетпіс екі тілдің ішінде ғараб тілінен асыл тіл жоқ. ... Онан соңғы тілде қазақ тілінен асыл, қазақ тілінен бай тіл жоқ. Сол ата – бабасының тілі болған қазақ тілін осы күнгі жүрген қазақтың жалғызы білмейді. Егер қазақ тілін білсе еді: дін де осында, ғылым, білім де осында, әулиешілік те осында. Солай болғаны үшін бұрынғы өткен ата – бабаларымыз бәрі жақсы болып, әулие болып өтті. Не үшін ақжүрек болып, ақкөңіл болғандықтан бұған дәлел болуға Мығной, Мышнойдың бір сөзін тәбәрігіне сөйлейік» - дейді (М-Ж. 2007: 11 том. -Б. 73). Мәшһүр – Жүсіптің айтқаны Махмұт Қашқаримен үндестік тапқандай. М.Қашқари: «Ең таза тіл – тек қана бір тілді біліп, парсылармен араласпайтын, жат-жұртқа барып-келіп, қарым-қатынас жасамайтын адамдардың тілі» - деген (МҚ,1993: -Б.11.). Тіл мен дінді, ғылымды бір деп қарастырады.

Мәшһүр-Жүсіп «Заты қазақтан болғаннан: «Әмір Темір көреген» - дейді. ...Жек көргендер: «Темірлан» - дейді» (9 т. –Б. 3). «Лаң» сөзі - сарт тілі. Сарт тілінде «лаң» деп ақсақты айтады. «Бір аяғының шолақтығы бар екен» - деседі (10 т. -Б. 3). Әмір Темірді кейде Ақсақ Темір – дейді. Лаң (ылаң) – түбір тұлғасының негізінде неологизм сөз ылаңкестік пайда болды. «Сүтке сүт қосылса, сүмесін (суымасын), // Сөзге сөз қосылса, демесін!»» - деген мақалдағы сүмесін негізінде дұрыс жазылған ол, суымасын деген сөз емес. С. Мұқанов: Малдың еті мен сүмесі (сүті) болады немесе «Сүме» ертерек кезде «желін, «емшек» мағынасында айтылады. Ет тауып жеуге мүмкіндігі жоқтар «малдың сүмесімен (сүтімен) күнін көрген» - дейді (СМ. ХМ. 1974: –Б. 107-110). Мәшһүр-Жүсіптің «Сары арқа кімдікі екендігі?» (1907: -Б. 4) нұсқасында: Бір шөкті түйені шөкімен алып шығыпты деген жолдағы шөктіжүкті деп жазылып жүр. Шөк – түркінің көне сөзі. Л.Будагов: дж. шөке, шөк – 1) окружность груди верблюда – деп түсінік берілген (Сравнительный словарь турецко-татарских наречий. Том. I. Санктпетербургъ. 1869: -С. 497).

Абай: Күн күйеу, жер қалыңдық сағынысты, Екеуінің құмары сондай күшті деп Тәңір мен Ұмайды суреттесе, Мәшһүр-Жүсіп: Аспан көк – байы, Жер – қатыны дейді. Екі ақын да мұсылман дініне дейінгі мәдениетті Күн – Тәңір, Жер – Ұмай деп түсінген түркі жұртының мифтік образдарын жаңғыртып поэзияға арқау қылады.

Мәшһүр-Жүсіп бірде: «қисыр» - фрынжи тілі: қазақша «Жеті пірің» - дейді. Еуропада болған жұрттар: «Мұның «қисыр» аталғаны – толғатып тұрған қатын өлгенде, іште тулап тұрған баланы жарып алып, ол бала тірі болып, жұрт билеп, патша болып, «Қисыр» атанған екен. Қазақшасы: «Жарып алды» - атанған. Сонда ол Қисыр мақтанғанда: - Мен басқалардай а...нан шыққаным жоқ! – деп мақтанады екен» - деп жазады. Кесарево сөзінің түбір тұлғасы кес болып шығады, Киев (Күйеу), Орел (Өржол), Керчъ (Керіс), Каспи (Кеспе), Двина (Диюана), Висла (Ұсылы), Дон (Дөң), Амур (Әмір), Енесей (Енесай) т.б. атауларды қазақшалап жазған. Мәшһүр-Жүсіп: «Қазақта екі сөз шешілмей жүр: бірі – «Ана тілі» - деген, бірі – «Әдебиет» - деген. Шешілмегеннің себебі: «ана тілі» - деген қазақтың бұрынғы қазақ болған күніндегі ескі тілі. Ол ескі тіл кімге қалды?! Жалғыз-ақ қатындарда қалды. Қазақтың ең алғаш көрген молдасы: сарт-сауан, ноғай-нопай. Олар өзі қазақ тілін дұрыстап білмейді. Өтіріктен оқытқан тілі мынау: «Әліп кез біра ләмға сәкін әл хи ғаз бір ха мумға сәкін алхам дәл пайңы ду алхам дү». Бала бұл айтып отырғанының оқуы қайсы, оқу емесі қайсы екенін айыра алмай миқата болды. Құдай онымен қоя ма?! «Менің айтқанымдай айта алмасын» - деп: «Қызыңа сәкей күнет бекем»-деп, тарс еткізіп басқа салып қалады. Ноғай үйреткенде: «Бит әлі алай түгел бит» - бұл бұлай, түгел деп сабайды. Сарттан оқығаны сарт тіліне еліктеді. Ноғайдан оқығаны ноғай тіліне еліктеді. Анан сұратқан орыстан оқығаны орыс тіліне еліктеді. Өзінің жергілікті тілінен айрылып қалды. Қатын ешқандай, ешкімнен оқыған жоқ. Бұрынғы ескі қазақ тілі қатында қалды. Осы қатын тілін дұрыс білетұғын қазақ жоқ демейін, саналамаса, нама қалған шығар. «Ана тілі» - дегеннің мәнісі – осы» - дейді (9 т. 2006: -Б. 317). Ақынның «қатын тілі» - деп отырғаны қазақтың байырғы тілі. Қатын ешқайда шықпайды, үйде отырады. Таза қазақ тілі де қатында сақталған. Былайша, айтқанда «қатын» тіл тасушы (носитель языка) Соған теңеп, қазақ тілі араласпаған таза тіл «қатын тілі» дегенге келтіреді.



Тілдік құбылтудың бір тәсілі табу болып табылады. Эвфемизм – қазақ дәстүріндегі этномәдениеттің көне түрі. Мәшһүр-Жүсіп шығармаларында да ұшырасады. Тіпті, Мәшһүр-Жүсіптің келіндері атын атамай Әтиім деген. Мысалы, Қазақта «Тас» - деген, «Тастыбай» - деген кісі аттары болған. Олардың келін-кепшіктері: «Тас» - деп, атай алмай, «Қайыршақ» - деп сөйлеп кеткен. Қазақта «Наурыз» деген де кісі аты болған. Келін-кепшіктер атай алмай: «Ұлы күн» - деп, «Ұлыстың ұлы күні!» - деп кеткен. «Ұлыс» - Түркінің ата-бабаларынан қалған ескі тіл. Біздің қазақта «Ұлыстың ұлы күні» - Наурыз ( М-Ж 8 т. Б. 56).

М-Ж. Көпеев шығармасында бітік сөзінің баламасы кітап мағынасында жұмсалған. Мысалы: Кітабы мұсылманның жиған – терген. Ерікті боп цензурасыз басылса деп (1т. 66 бет). Кітапты түйеп алып шанасына, Астына сол көтінің алды басып (болу керек еді тиеп - автор) (Қазақ шешежіресі, 1907, 176 бет); Барқ ітучі, Бедіз йаратығма бітіг таш ітучі Табғач қаған чықаны Чан Сеңүн келті (Ежелгі дәуір әдебиеті, 25 бет); Түркі тілінде бітіг (кітап), бедізчі (жазушы), бедізтім (жаздырдым) сөздерінің қолданылуы рухани мәденитеттің өте жоғары болғандығының көрсетеді. Бітіг туынды түбірі бити – жазу, битиг таш – жазу жазылған тас қабырға, бас битиг – бас құжат, бос битиг - өту құжаты, босату құжаты, кегде битиг – хат, битигши – жазушы .т.б. С. Е. Маловта: бучін: лом бучін `с писанием` - тіркес кездеседі (21 бет). Түркі сөздері бедізші мен бучін тұлғасы жағынан ғана емес мағынасы да жақын. В.В. Бартольд: Битикчі – шығыстүркі сөзі, беретін мағынасы `жазғыш` бітімек етістігінен `жазу` пайда болған. Бұл сөздің түбірін Ширатори шығарған (Übер diе Sрracne der Hiung – nи, S. 16) сол сияқты Радлов жуықта (Alttürkisch Studiеn, IV, S. 319) қытайша (пит) біт `жазуға арналған қылқалам`. Жапондар сияқты корейлер де Орталық Азияның көптеген халқы бірінші рет жазу өнерін қытайлардың ықпалымен білді; осы лингвистикалық дерекке қоса Ширатори венгерлік (мадиарлық - автор) betti сөзімен дәлелдейді. Сол ғалымдардың келтіргеніне қоса, қытай хабаршысы Шығыс Азияда Тоба Вэй (386 - 558) династиясының билеу дәуірінде пи - те – чен сөзінің белгілі болғандығын (расында, бітік `құрастырушы` болар) және бітіг (sіс) `жазба` орхон жазба ескерткішінде дәреже – бітікші (Радловтың пікірі бойынша, Сөздік, IV, 1346, пітікчі) алғаш Қутадғу білік кездесетінін айтады. Бұл әкімшілік қызмет кешірек (ХIII ғ.) монғолдарға ауысқан ал, олардың мұғалімдерінен – ұйғырлар алған; тарихи деректерде және құжаттарда монғол дәуірінде бітікші сөзімен қатар биткючи формасы да ұшырасады (Работа по истории и филологии тюркских и монгольских народов. – Москва. Наука, 1968. 508). Л.З. Будагов: А. Кітап кітабъ, (қыр. Ктапбъ деп айтады) көп мағ. ктап – кітап оқылғанда дауысты дыбыс түсіп қалады – автор) кітап, хат, жарлық, кітапшы деп арабша жазылған – автор. Бұл сөзді Будагов кітап сатушы (книгопродовецъ) деп аударыпты. Кітапхане, кітаптың форматы, кітаптан ілім алғандар Мұхаммет пайғамбарға дейінгі кітаптағы халықтың көкірек көзін ашудағы діни ілімдер, қаз. Кітап шығармық (арабша солай жазылған - автор), түрк. Жазып шығару, кітап шығару, жазылғанды көшіріп жазушы, қабырғаға өлеңмен не қара сөзбен жазу (фронтисписъ здание), монументтегі жазу, тұтқынға бостандық берудегі акті т.б. (Сравнительный словарь турецко – татарских наречий, II том. 1871. 113 бет.). Демек, кітап сөзі түрлі мағынада жұмсалған. Араб тілінен енген «кітап» сөзі «бітіг» сөзінің баламасы екендігін байқаймыз. Көне түркі әдебиеті нақты төрт кезеңді басынан кешірген: бірінші, кітап сөзінің орнына ұғым үшін бітіг сөзін қолданған. Екінші – көне түркі әдебиеті – куин, куининв, куинига, кэнига сөздерін пайдаланған. Бұл әдебиет соғды – ұйғыр жазбасында айтылып келді. Үшінші – түркілер оқу құралын «кітапты» китаб – деп айта бастады. Бұл әдебиетті әл – Фарабиден бастап, Қожа Ахмет Яссауиге дейін пайдаланды. Төртінші кезең – кітап кезеңі. Бұған жататын көне түркілік әдебиет «кітап» деген ұғымды кодекс («Кодекс куманикус»), қыпшақтардың заң кітабы (ХVII – ХVIII ғасыр), (бітікшілер – А.Қ.) петчаки – көшірушілер (бұл туралы Будаговта айтылды) парсы тілінде – кітап (Низами және т.б. қараңыз). Кітап сөзі славяндарға түркі тілі арқылы енген. Кітап книга словен тілінде жұмсақталып книга деп дыбысталса, словактарда книха деп айтылады. Көне славяндарда бірінші екі дауысты дыбыстың аралығына жартылай дауысты енеді – кэнига. Кітап (книга) араб сөзі көнечуваштар да, мордоваларда кездеседі. Оларда бұл сөз тіпті жұмсақталып естіледі. Мысалы, көне чуваштарда – конив, морл.,конов (қағаз). Көне германдарда книга коний деп естілсе, венгер (мажар) конив. Сол уақытта ғана көне түркілік кунив, куин сөздерін еске алады. Ал, еділ бұлғарларымен, жайық бұлғарлары сол түркілік қалпында куинив сақталған. Тағы бір қызық мәселе көне түркілік бітіг «кітап» мағынасында және көне түркілік куин сол ұғымда қолданылады. Бұл сөзді славян зерттеушілері кнея (орман) лес көне Скандинавия кеннинг (познание) сөзінен шыққан дейтін де жорамал жоқ емес (Барманкулов М. Тюркская всленная. – Алматы: Білім, 1996. 230 бет.). Кітаптың қалыптасып даму тарихы жазу өнерінің шығуымен және қажетті материалдардың табылуымен тығыз байланысты. Кітапты ежелгі заманда Мысырда, Шығыс елде, Грецияда, Римде, қыш текшелеріне, тақта тастарға сына жазумен жазатын болған. Б.з.б. 25 ғ-да ежелгі Мысырда қыш текшелерінің орнына қамыс (папирус) қолданыла бастады. Қамысқа жазылған кітаптар оқтауша түрінде шиыршықталып оралған. Мысыр фараондары (патшалары) қамысты өңдейтін, Кітаптарды көптен көшіретін шеберханалар ашқан. Алайда, кітап жазу сыры мен оқу құпиясы көп замандар бойы тек дін басылары, монахтар мен ламалар ғана білген. Сондықтан дүние жүзіндегі тұңғыш кітаптар еврей тіліндегі «Таурат» («Библия»), Б.з.д. 26 ғ) чин (Қытай) тіліндегі «Конфуция» (Б.з.д. 25 ғ), парсы тіліндегі «Авеста» (25 кітаптан тұрады, Б.з.д. 20 ғ), Юнан (грек) тіліндегі «Інжіл» («Евангелие», б.з.д. 18 ғ.), араб тіліндегі «Құран» (Б.з.д. 7 ғ) т.б. жаратушыға құлшылық ету, сыйыну дұғалары сияқты діни мазмұнда болды. Кейін діни кітаптармен қатар түрлі мифтер мен аңыз, хикаялар, патша жылнамалары мен өмір – баяндары, өнегелік мысалдар мен әңімелер, ғақлиялық өсиеттер, әлемтану шығармалары т.б. азаматтық кітаптар жазыла бастады Б.з.д. 7 ғасырда қамысқа кітап жазу ісі Греция мен Римде кең өріс алды. Антикалық мәдениет пен әлемге ғылым өкілдерінің туындылары қолжазба кітап ретінде көптеп тарады. Осыған байланысты кітап көшіріп жазуға машықтанған көшірушілер мен қолжазбаны көркемдеуші суретшілер шығады. Кітап әсем күшхат – каллиграфиялық жазумен көшіріліп, көркем суретпен айшықталады. Қамыстан жасалған оқтайша кітап онша төзімді болмады. Б.з.д. 2 ғасырда қара қамыстың орнына тері жарғақ (пергамент) қолданыла бастады. 105 жылы қарапайым Қытай шебері Цай Лунь қағазды ойлап тапты. Ескі шүберектен жасалған самарқанның сарғыш қағазы әлемге әйгілі болды.

«Тайшы»- қалмақ тілі: бұрынғы замандарында хандарына қойған аттары: Қоңтайшы, Қарақалмақ, Қатысыбанды білген. Оны біздің қазақ «Қоңтайшы»-дейді. Жонғар тайшысы -Қалдан Шерін (Серен). Қазақ оны Құба қалмақтың ханы болған дейді. Аюке деген ханы болған. Бұған қараған қалмақты он сан Оймауыт, тоғыз сан Торғауыт дейді. Ұса, Серең деген жайсандары болған. «Жаңа қырғыз»- деп сөйленеді. Қырғыз ханының Абылай ханға «ақ үйліге» берген бір та(бы) елі. 1735-те, 1738-де Әбілқайыр хан бас болып, Адайдан басқа Кіші жүз орысқа бағынды.

1750-де Абылай хан мен Өр Жәнібек орыспен сауда араластыру үшін Троицкіден базар аштырды.

1755-інші жылда Төртуыл Қозғаны Құлыке - Бекшенің Құяыкесінің баласы Сүгірәлі мырза Ертістен жылқы өткізу үшін қазақ - орыспен төбелес қылған. Жасаққа келген қазаққа бір өткелдің аузында жүз ат ұхтатып беріп, Сүгірәлі мырза атанған.



Әдеб.: Мәшһүр Жүсіп шығармалары. – Павлодар., ТОО. НПФ «ЭКО», 1 том. 2003. –Б. 222-2266 229-233.

Диуана. Бекболаттан – Лекер, Шалќыман диуана атанѓан, хажыѓа барып µлген; М±ныњ баласы Ѓайсабай диуана, м±нан ‰ш бала бар (М-Ж., 44); В.Радлов: Дуана=діванä дервишъ, нилигримъ, юродивый [7, 1783]; Дівана–съумасшедшій, юродивый, нищій, дервищъ; дівані–предавшійся Богу [7, 1779]. Г.Потанин: Дуана-«юродивый», «блаженный», которому приписывается дар исцелять болезни, предвидеть события и пр [49, 118]. Дуа сµзі ду+а т‰бір мен -а (ана//а+на) екінші компонентініњ бірінші буынынан т±рады. Диуана п. [ ديوдив: злой дух+ انه ане: суффикс, образующий прилагательные и наречия. ديوانهдиване: безумный, сумашедший, юродливый, блаженный] -1. чудной, чудаковатый; 2. попрошайка, нищи (Рүстемов, 94). Л.Будагов: п. ديوانه диванэ , сумашедшій, бъшеный, дикій, юродивый [8, 582]. Р.Мустафина дуана-этимология и семантика этого термина связаны с таджикско-персидским «девонэ» («одержимый дэвом»), юродивый, скиталец [92, 143]. Диуана (п) ескі дионее (диване) шашаќтап сылдырмаќ таќќан аса таяќты, аллалап сарнап садаќа сұрайтын адам (Бекмахаметов, 62). Ирандық дев түбірінен қазақ тілінде екі дублет пайда болған сияқты: дәу және дию. Біріншісі дәу жалпы көнеқыпшақтық түбір тұлғасы да, екіншісі дию кітаби тілдің жемісі сияқты. Мысалы, көне татар тілінде дәу сөзі дию деген мағынаны да берген. Бұл сөз ет.удм. дау пэри (тат. дию пэри, дию пэрие) `пери-див`. Дев>дию түбірі қазақ. диюана (дәуріш, дуана)., дуана., тат. диавна (мар. дувана) `жынды` парсы тілінде. девона `дию секілді` және дуамал (чув. диал. мãвама, мар. дуамал), дәувамал (ТТДС: 131) `ойланбай, ойсыз істеу; өте қатты`, тура мағынасында `дию сияқты, дию секілді`; қараңыз ноғ. амал `тәсіл, сол секілді, ұқсас` ~ тат. диал. (мишарск., сиб.-тат.) амянь, әмәл.`ұқсас, дәл өзі` (Гиганов 1804, ТТДС: 543)`салыст. тат. диал., башқ. дәумәл `үлкен, алып, дәу` (Ахметьянов, 23). Иран. дев `див; тілдік құдай; жын` (көне. -иран. dajva ~ латын., грек. тео `құдай`) түркі тілдерінде көптеген филиациясы мен деривациясы бар: тат., башқ., қазақ. дийү, дейү, дәу `див`; тат., башқ. дәу `алып, дәу, үлкен` ноғ. дав `алып, батыр`; ққалп. тәв, деү, қаз. дәу, диал. maw, құмық. дев, қбалқ. деү, қырғ. дöö `див; алып, дәу` т.б (Ахметьянов, 22). Тєжіктіњ (дєуріш//дербіш) ду<дуа~дуана~дєуріш~диуана~диюана~дуалау түбірлес сөздер. Мысалы, Жетім - жесір, м‰скінге ‰лестіріп, Ќайда дєруіш бар болса, тамаќ беріп (М-Ж., 50). Дуаналар баќсы сияќты бастарына баскиім, ‰стеріне халат, ќолдарына аса таяќ ±стаѓан. Жєне де екі жолды бєйіт (дубайти) айтќан. Е. Жанпейісов: диуан - өлеңдер жинағы деген сөзі қатысы болуы мүмкін [6, 72]. Дарвеш - моддий борлиғдан, нафеи шум орзуларидан қÿл силтаб, дунё неъматларини тарк қилиб Хақиқат йÿлига кирган киши. Дарвеш-умрини ишқ ва риёзатга бағишлаган тариқат Йÿлчиси, чин ошиқ (Ахмат Яссавий Хикматлар. -Тошкент, 1990: 250). М.К.Хамраев: Дубайти-(«ду»-два, «байти»-двустишие)–термин тюркоязычной классической поэзии. Два бейта, иначе говоря,- это четверостишие [63, 29]. Представление об этом образе дополняется следующими сведениями: «дуаны» на голове носили лебединную шапку, посох-асу, не отличавшийся от асы баксы и пели песни, начинавшиеся двухстишием: «Дуаны входят в дверь, а шайтаны выходят из дыр (юрты)» (Мустафина, 143). Ш. Уәлиханов: Онгонды- аруақ, деп атады, көктәңірін-Алла немесе құдай, жер рухын-шайтан, пері диуана және жын деді, бірақ одан халық санасында шамандақ идея бұзылмады. Аруақ - бабалардың жебешілік, қолдаушылық құдіреті. Аруақ-(ар. көпше түрде) Рух .روح.деген сөз [17, 171]. Өзі көкайыл, өзі дию, пері, Өзі долы қатын (М-Ж., 54); Дию <> дәу > диуана. Түйін. Ирандық дев түбірінен қазақ тілінде екі дублет пайда болған сияқты: дәу және дию. Біріншісі дәу жалпы көнеқыпшақтық түбір тұлғасы да, екіншісі дию кітаби тілдің жемісі сияқты. Мәшһүр Жүсіп диуана демонологиясын онша жаманшылық иесі сияқты емес, шайхы сияқты дәрежеде қолданған. Ж. Аймауытовтың «Ақбілек» романында дуана жақсылық иесі қылып суреттелген. Жалпы дию тұлғасы жеке тұрып жаман кейіпкер ретінде суреттеледі. Диуананың фонетикалық өзгеріске ұшыраған түрлі варианттары бар. Қазақ арасында дуананың жеке басының жаманшылық қасиеті аздап ұмытыла бастаған. Бұл -ане қосымшасын ана сияқты түсінуінен де болуы мүмкін. Диюана сияқты жезтырнақ та жаманшылық жасауға дайын кейіпкерлердің бірі. Ертегілерде жезтырнақ пен диюананың жаманшылық іс-әркеті тең түседі. Диюана пері>періште сияқты қазақ әдебиетінде жағымды бейнеге ауысқан.

Дуа. Ќазаќта бір сµз бар: оњѓан, ілгері басќан біреуді «Дуа тиген ѓой!» - дейді. Біреу оњбаѓан т±ќымды: «Дуа тимеген ѓой!»-дейді. «Дуаменен ер кµгереді, жањбырмен жер кµгереді.». «Дуалы ќ±л арымас, дуасыз ќ±л жарымас»,- деген сµз таѓы бар (М-Ж., 28); Дуа діни–наным сенімнің ежелден келе жатқан дәстүрі. М. Қашқари ЕМ. ЕМ: ем. Дауа. Дауалаушы адамды еmшi – емші дейтін атау [23, 67]. Дуакер-волшебникъ, волшебница, заколдовалъ (Будагов, 1871: 401). В.В.Радлов ду’а 1) дневная молитва; 2) наговоръ, колдовство; ду’агуілуk-благословеніе-дейді [7, 1782]. Дуа а. [дѓао доа. 1. зов. 2. мольба; просьба: 3. молитвы; 4. проклятие; амулет – молитва, написанная на теле] – 1. рел. Молитва, благословение (КРТСАИЗС, 97). Дауа а. дәва: лекарство, снадобье, лекарство, средство (Рүстемов, 87); Б±л арада кµњіл аударатын Р‰стемов дµдеге (ду: два + тєг: низ)-деп, талдаѓан екен. Демек, «ду» екі маѓынасында ќолданылатыны аныќ. «Дам» деген де сµз бар біраќ, ол ‰лкен (дамата) єйгілі деген маѓынасында пайдаланылады. Дамолла–‰лкен молда деген ±ѓым береді. «Да» ќытайша «‰лкен» деген ±ѓымды береді (Халид, 279). Л.Гумилев «ху» деген сµз балгер, сыйќыр, дуаќант дейді [88, 73]. М.Хамраев «ду» -два, «екі» дегенді білдіреді дейді [63, 29]. Ду: два (96); Дуа а. доа 1. зов; 2. мольба; просьба: 3. молитва; 4. проклятие; амулет-молитва, написанная на теле. -1. рел. Молитва, благославение (КРТСАИЗС, 96). Иран тілінде ду–екі, шамбе–к‰н дегенді білдіреді (Д.Ж‰нісов, 1991: 62 ). Ду»-«жан» жєне «рух»-деген ±ѓымды беретін сияќты. Л. Гумилевтіњ мына: «Яду»-жады сµзініњ µзі парсыныњ дуаќант, сиќыршы дегеннен алынѓан. Фирдауси т‰рік дуаќантын «баќсы» деген сµз Иранда белгілі болса да, тап єлгіше (жады-автор) атайды екен (83). Ду мен с‰ф ќатар ж‰рген. Дуалаудыњ µзі с‰ф-тен басталѓан, сүф пен үшкіру қатар жүрген сияқты. «Суф» `ж‰н` суфизм `ж‰н шекпенділер` ќ±пия тілмен сµйлескен болуы керек. Ол тіл ду мен суф т.б. Сÿфий-кÿпчилики тадқиқотчилар бу сÿзии арабча «суф» дан келиб чиққан бÿлиб, юнг мато - хирқа деган қарорга келишган. Бошқа бир нуқтан назарларга кÿра, сÿфий Юнон тилидаги «сафос»-донишманд сÿзидан олингандир. Бу сÿзни соф-поклик, яъни ахлоқий тозаланиш ва рухий камолот мазмунида тушинтирган олимлар хам бор. Суф сөзінің кейбір әрпі анық мынаны білдіреді: «с» - самат, сафо, савм; «в» - вдох, вафо, вард: «ф»- фақр, фикр ва фано-дейді (Ахмад Яссавий. Хикматлар. - Тошкент, 1990: 254). Б.Саѓындыќ±лы дуаќанттыњ бейнесін жаќсы ашып берген [89, 76-78]. Дуаќантты дуакештік-деп жазу да ‰рдіс алѓан, оныњ тылсым сыры жайында біршама жазылѓан (Дуакештік // Ќазаќстан єйелдері. 2001. №5. 30.). Ду сµзінен діни аѓым пайда болды. Оны *дуализм - деп атады. Дули`зм*, -а, м. 1. Философское направление, признающее, в противо монизму, в основе мира два независимых и равноправных начала: материю и дух. 2. Двойствненное строение, двойственность. Д. языкового знака (асимметрическое соотношение формы и значение; спец.). II прил. дуалистический, -ая, -ое (ТСРЯ, 181). Дуа (а) діни. дѓа (доѓа). Басты айналдыратын сиќырлы оќу, жады, тылсым (Бекм±хаметов, 63). Орынбай ±рпаѓында молда болса ауруѓа ‰шкіріп, дем салат±ѓын, тамыр ±стап, ќ±малаќ салып, ±йќы – т±йќы болып ж‰рет±ѓындар. Шєлдірік дерт ќарайт±ѓыны да бар шыѓар ... ‡йден бетімен ќањѓып кетет±ѓын кезбе жындысы да болады (М-Жүсіп, 34); Дуа > сүф > үшкіру > жад.

Түйін. Жад пен дуа бірге айтылған сияқты. Келе-келе дуа өз алдына дербес бөлініп шыққан. Дуашы мен жаурыншы, құмалақшы, балгер, жұлдызшы ұғымы жағынан, жасаған іс-әркеті жағынан бір -біріне жуық келеді. Жүсіп Көпеев дуа лексикасын әлемнен тыс бір күш әсер еткен деген мағынада қолданған.

Дәндібай – аталас ағасы. Мәшһүр – Жүсіп пен Жүсіпбек Күлік руынан шыққан беделді де, белді халықтың ай мен күніндей адамдар. «Жеті атасын білмеген жетесіз» - дегендей Жүсіпбектің ата – тегін білмей оның шығармашылығын зерттеудің өзі қиын. Сондықтан да, біз ең бірінші Жүсіпбектің шығу тегіне тоқталғанды жөн көрдік.

Бұл орайда Мәшһүр – Жүсіп шежіресіне көз жүгіртейін. Арғын-Құтан-Мейрам-Сүйіндік-Суғыншы-Шуманақ-Құлболды-Күлік. «Күлік – Күлік жүрген жерің - бүлік» - деген ел ішінде сөз қалған. Күлік – қырғыз тілінде «жүйірік» деген сөз. «Қыс шілдеде – жілік жүгіреді, жаз шілдеде күлік жүгереді» - өзін жүйірік тұтатұғын ел. Күліктің екі қатыны болған. Бәйбішесінен: Тілеуімбет, Наурыз, Дәулет. Тілеуімбет ұлдың тұңғышы. Үйтентек, айран көз белдеу ұстап, безерлік қылуға мығым екен. «Арғында - Тілеуімбет, Алшында - Жолымбет» - деп аттары шыққан. Қалмақтармен соғыста берілмей он алты баласы ат арқасында қашпай ұрысқан. Ал алты баласымен Наурыз қашып құтылған екен. Он алты ұлды – Тілеуімбет атаныпты. Тоқалынан: Өтепберді, Данияр, Сексен. Өтепбердіден-Ақыл, Қошқар екі ұл. Өтепбердіні жан білмейді дейді Мәшһүр – Жүсіп. Ақыл «Сексен» атанған. Күліктің сексен жасында туған бала екен. «Сары атты Сексен» атанған – жүкті түйені жүгімен алып қашқан. Ол түйенің шөгінде екі бала – Бесім мен Қойтан отырған. Сондықтан да кейінгі аман қалып үрім – бұтақты болған ұрпақтар Сексен батырға қарыздар. Ақылдан – Бейбіт, Жапалақ, Дербісәлі, Мырзакелді, Айбас. Ақылдың қалмақтан алған қатынының аты Сұлым. Онан туған: Қойкелді, Жылкелді, Ақыл өз қарашаңырағына Бейбітті ие қылып, кенжесі Айбасты Сұлымның қолына кіргізіп, соның шаңырағына ие қылған. Ақылдың қалмақ қатынынан туған Қойкелді өз тұсында үш жүзден балуандығын асырған. «Бұхара балуаны» атанған Қоңыраулы балуанды жығып, Самыраттың асында бәйге алып кеткен. Самырат – Бұхарды билеген Данияр бидің баласы, Мінайдар ханның әкесі. Қойкелді балуан жалғыз барып, қалмақтан бір еркек бала алып қашып келіп, атқа отырысы дулығадай болған соң, атын «Дулыға» қойып, асырап алып, бала қылған. Осы күнде Қызылтауда «Дулыға тас» деген тас бар. Сол Дулығадан үрім-бұтақ, жұрағат бар. Дулыға балалары: Тоқанай, Топай. Топайдан-Өтебай молда. Тоқанайдан-Орайлар: бәйбішеден – Күнтай, Таңашбай. Таңашбайдан Қуан бай жалғыз. Таңашбай ел тауға қонып жатқанда, өлген екен. Сол күнде Қуанда үш жүз қой бар екен: бір жүзін сойып, әкесіне ас беріпті. «Қалған екі жүз қойының бір жүзі егіз тауып, Қуанның өзі көзі тіршілігнде он екі мың қой тұяғы болғанын көріпті!»-делінген сөз бар. Қуан балалары: Ордабай, Дәндібай, Молдабай, Ноғай. Молдабай қотанынан бес мың тұяқ өрген күнін осы қалам ұстап отырған өз көзінен көрген кісі – дейді Мәшһүр-Жүсіп. Дәндібайдан: Торғауыт, Оймауыт (Аймауыт – деп кеткен-А.Қ.) – бәйбішенің балалары. Тоқалынан: Оспан, Байділда, Әбдірахман. Оймауыттан - Жүсіпбек, Жүсіпбектен-Бектұр, Жанақ. Жүсіпбектің тағы үшінші қызының – аты Муза (кейбір деректе Лиза деп жүр-А.Қ.). Сонда: Күлік-Өтепберді-Қуан-Дәндібай-Оймауыт-Жүсіпбек болып шығады.



Әдеб.: Мәшһүр Жүсіп шығармалары. – Павлодар., ТОО. НПФ «ЭКО», 10 том. 2007. –Б. 14..

Сүйретпе. Мәшһүр – Жүсіп те мынандай көне сөз кездеседі: Сүйретпелерін керегенің басына іліп қоятұғын қылады екен (ҚШ, -Б. 29). Сабадан кейінгі суынға арналып көннен жасалатын ыдыс – сүйретпе. Оның түбі бұрышсыз жұмыр келеді. Сыйлы қонаққа сүйретпеден қымыз беру ерсі саналады – дейді С.Мұқанов (ХМ, -Б. 106). Бірақ, Мәшһүр - Жүсіп жазбасындағы Абылай Жарылғаптың аулына келгенде Маңқан бәйбіше – Жүктің артында сүйретпеде байдың сыбаға асы түнемел тұр еді – дейді (9 т. –Б. 73). Осы мысалға қарағанда сүйретпедегі қымызды сыйлы қонаққа да құйып берген сияқты.

Талқы. Қатқан көнді жібітетұғын емен талқы бикемің біз боламыз! – деген екен (9 т. –Б. 289). Талқы – деген иленген қалың теріні жұмсартатын айыр ағаш, қолға қайда барса да алдында бір қиын қызмет бар дегені (Шәкәрім, -Б. 30). Соңғысы талқыға салды етістік мағынасындағы сөз – А.Қ. «Жүні жидіген теріні жайып кептіреді де, оның құрыс-тырыстарын жазу үшін «талқы» аталатын тістері кедір-бұдыр сайманмен созғылайды» - дейді С. Мұқанов (СМ. ХМ. –Б. 121). Орайы келген соң мына бір сөздің де мағынасын ашқанды жөн көрдік.

Бағы. Мына заман қай заман бағы* заман, Баяғыдай болар ма тағы заман. Бағы – деген өзін - өзі билеп, хандарға низамға қарсы келгендер – деп түсінік берілген (Шәкәрім. Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі. 1991: -Б. 26).

Жаңа низам. Мәшһүр Жүсіп: «Қылғаны хакімдердің бізге зорлық, Низамы тура келмес ісі сиып» немесе «Мың сегіз кеше алпыс тоғыздан соң, Халайық көрмеп пе едің неше түрді» - деп «Сары арқаның кімдікі екендігі» (1907) жазды. Қазақ елі 1867-1868 жылдары реформаға даярланды. «Уақытша ереже» «Дала низамы» немесе «Жаңа низам» - деп аталды. Незам араб тілінде نظام [порядок, упрядочение; устройство, регламент, система] – указ, закон, порядок, правило. «Дала низамына Екінші Александр патша 1869 жылы 21 октябрьде қол қойып бекітті. Комиссияның қырға шығуы, олардың «Уақытша ережені» күшпен енгізбек болуы бас көтерілістің басталуына себепкер болды. Көтерілісті сұлтан Ханғали Арыстанов, молда Дәуіт Асауов, би Азберген Мұңайтпасов, молда Ықлас Досов және т.б. басқарды. «1868 жылғы «Дала Низамына» қарсы көтерілген халықты патша өкіметі күшпен көндірмекші болғаннан кейін, ел «Тескен тау» өтіп кетеміз деп ата қонысты тастай үдере көшеді» - деп жазды Х.Есенжанов. Реформа діни мұсылмандар құқығын тежеді. Бұл туралы Мәшһүр-Жүсіп «Жаңа низам» шығарғанда өзінің ұсынысын жазды. Бірінші - партия қылу. Екінші – ұрлықты тыю. Үшінші – байлардың өзіне тоқтау жасау. Төртінші – ишан, қажы, қожа, молдалардың адасулығын жібермеу керек. Мәшһүр Жүсіптің сол уақыттағы ел ішінде, сыртта болып жатқан істен хабардар болып отырғанына саяси қырағылығына тағы да таң қаласың. Мысалы, төртінші мәселені қозғап отырғаны «Уақытша реформа» кезінде мұсылман дінбасылары орысқа қарсы үгітті күшейтті. Молдалар мен ишандар қазақ жерін вакумға беру керек деп шешті. Ел басқаруды бір ғана эмирге (Бұхар үлгісі бойынша) беру керек деп үгіттеді т.б. Бұл істерін Мәшһүр Жүсіп сынады. Бесінші – «усул жадид» оқуын енгізу. Алтыншы – көшіп – қонуға рұқсат ету. Жетінші – далада от жағуды тоқтату (өрт болмасын дегендік - А.Қ.). Сегізінші - өлікті бұрынғыдағыдай кебінге орап шығару, жаназасын оқу. Тоғызыншы – қазақ өзінің Абылай заманындағы жақсы дәстүрін сақтау. Мінекей, Мәшһүр – Жүсіп «Жаңа низамға» осындай ұсыныспен шыққан. Әдеб:(Л.З.Рүстемов. Казахско-русский толковый словарь арабско – иранских займствованных слов. –Алма-Ата, Мектеп. 1989. - Б. 218. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Шығармалар жинағы 8 том. –Павлодар. «ЭКО» ЖШС, 2006. – 275. Н.Д. Оңдасынов. Арабша - қазақша түсіндірме сөздік (қазақ тіліндегі араб сөздігі) 2 том. –Алматы, Мектеп. 1984. -Б. 189. Қазақ ССР тарихы. Қазақ мемлекеттік баспасы, 1957. – Б. 407-424. Мәшһүр Жүсіп Көпеев. Таңдамалы (Екі томдық шығармалар жинағы). –Алматы, 1990. – 30-31).

Зеңгі. Сиыр малының иесі. Мәшһүр – Жүсіп жинаған ауыз әдебиетінің үлгісінде кездеседі. Әмір Темір Ташкентте «Зеңгі ата» - деген әулиенің үстіне күмбез салдырған – дейді Мәшһүр – Жүсіп. Төрт түлік мал жайындағы шығармаларда Зеңгі баба сиыр иесі айтылады. Зеңгі баба бұл – Тәңір және Ұмаймен тығыз байланысты. Мұсылман дініне дейін болған мәдениет. Фетешизмнің қасиеттерін осы – Зеңгі баба бойынан табамыз. Төрт түлік малдың әр қайсысының иесі болған. Мысалы: Жылқының иесі – жылқышы ата (Қамбар ата), қойдың иесі – Шопан ата, түйенің иесі – Ойсыл қара, сиырдың иесі – Зеңгі баба, ешкінің иесі – Сексек ата. Зеңгі сөзінің семантикасы әлі түсініксіз. Зеңгі – п. [ зенги: 1. негр, чернокожий; занзибарец; эфиоп; 2. негритянский] – 1. большой, огромный. Көтерген көкке мойнын Зерелі зеңгі зеңбірек (Д.Ә.); 2. негір. Саған үлкен емен ағашты суырып алып, барлық өзіне серік зеңгілерді ертті («М.б.т.»). ~ баба среднеазиатский «святой», ангел – хранитель крупного рогатого скота. Мәселен, жылқы түлігінің пірі – «Қамбар ата», қойдікі – «Шопан ата», түйенікі – «Ойсыл қара», сиырдікі - «Зеңгі баба» ...деген (Х.А.). Сонымен, зеңгі парсы сөзі сияқты мағынасы үлкен деген ұғымды береді. Зеңгі баба Үлкен сиыр. Қасиетті мал. Көне түркі тілінде сиырды іңгек (үй) – деген. Үй түгіндей кәуірді Кемекеңнің басынан Күншілік жерге апарып, Сүргітіп бір тастады (Манас).

Әдеб: (Мәшһүр - Жүсіп Көпейұлы. Шығармалар жинағы 8 том. –Павлодар. «ЭКО» ЖШС, 2006. –Б. 92. Л.З.Рүстемов. Казахско – русский толковый словарь арабско – иранских займствованных слов. – Алма – Ата: Мектеп, 1989. –С. 121. А.Қ.Тұрышев. Мәшһүр Жүсіп шығармалары лексикасының этномәдени негіздері. // Ф.ғ.д., ғыл. дәреже. алу үшін дайын. диссер. –Алматы, 2005. –Б. 88-89. М.Ғабдуллин. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. – Алматы: Мектеп, 1974. - Б. 40-41. Л.З.Будагов. Сравнительный словарь турецко-татарских наречий. Том I. Санктпетербургъ. Типографиія императорской академіи наукъ. 1869. -С. 607).



Оқалы кебіс мәсі. Әйелдердің аяқ киімі. Оқалы кебіс мәсі – алпыс сандық (М-Ж 75); Темір арқан болғанда, темір-кебіс (М-Ж 42); Кидім де кебісімді шықтым тысқа (М-Ж 168); Сықылды қаралдысы кебіс басы, Оты жоқ, болған күмбез - оның қасы (М-Ж 6); В.И.Рассадин: алт. кебис, шор. кемис, хак. кибіс, тув. хевис `ковер`, которые представляют собой заимствование средневекового монгольского слова kebis `ковер`, зафиксированного в этой форме в старописьменном монгольских языке. Слова это широко бытует в современных монгольских языках: ср. монг. хивис, бур. хибэс, кам. кевес, ордос. кевис, дагур. кибэс, в диалектах Внутренней Монголии хевис `ковер`. Само же монгольское слова является не чем иным, как заимствованием др. -тюрк. kiviz, kiwiz `ковер`, варианта др. - тюрк. kibiz, kiбiz `палас, кошма`. Со значениями `войлок, кошма` это древнетюркское слова в указанных тюркских языках сохраняется, дав закономерные для них фонетические рефлексы: алт кийис, хак. киис, тув. кидис. Таким образом, и здесь кебис монголизм, кийис и. т. п. - собственно тюркское слова (1990: 224). Л.Будагов: алт. кебісъ كبس 1) коверъ (конд. кемісъ, монг. кебесъ. кир. кябісъ = п. كغش хив. кебішъ كبش кандалы, наложить кандалы كبش سالمق(112) п. كغش кяфшъ (каз. произносять кявушъ, кяфшъ), колош (у персіянъ башмак съ высокими каблуками на подковкахъ, съ закорюченнымъ кончикомъ; надъваются на носки и охватывають три четверти ступни), кир. произносять кебісъ سارتلدق كبس родъ туфлей, كبس تيكوكا اوستا башмачникъ (1871: 112, 131). Ә.Б.Алмауытова кебіс-түбірі кеп (38), Кебіс атауының түбірі ки етістігімен байланысты (-ыс, -іс) сөз тудырудың өнемді моделі-деп қарастырады (1994: 38, 46). Нұрмағамбетов: Иран тілінде кебіс «кәфш» қалпында көрінеді (Пер. –рус. сл., 1983, 335). Иран тілінде «кәф», «кәфф» - аяқтың табаны деген мағына берген. Сол сияқты үнді, араб, ағылшын, фин, эстон тілдерінде «һоф», «кәпп», «кәппә» тұлғасында «табан» мағынасында қолданылған деп, бұл – сөзді Иран тілінен ауысып кебіс болған дейді. Оқалы кебіс - әшекейленген, оюланған аяқ киімді айтады. Бұған мына Рүстемовтың: кебіс а. [كفش -кәфш. Обувь, башмаки, туфли] – узконосые колоши. Кебіс – мәсі п. узб. [كبس +маһси: сапожки без твердого задника и кабулка с мягкой подошвой] – обувь – дейді (Рүст, 134). Мәсі – жұмсақ былғарыдан тігілген, өкшесіз, жұмсақ сірілі, жұмсақ ұлтанды аяқкиім (Оңдас., 145). Кебіс – мәсі сөздерінің қатар қолданылуының себебі, мәсінің сыртынан тозып қалмау үшін галош (калотка-кал//гал) киген содан болса керек. ОҚА зат – Жіпке күмістей, алтыннан орап тоқыған зер. Оқасын жерге төгілтіп (Ер Тарғын) (ҚТТС, 174). ОҚАЛЫ - Оқалы тон – оқа ұстаған қымбат тон. Военный қызмет іздеме, Оқалы киім киюге (Абай) (АТС, 471). Радлов: оkkлы - вскій, тяжелый, толстый және всъ = 400 драхмъ деп түсіндіреді (1893: 998). Олай болса, ОҚАЛЫ КЕБІС - деген алтын жіппен көмкерілген, оюланған, не қымбат тастар тағылған аяқ киім.

Түйін. Біздің ойымызша, кебіс түркінің өз сөзі кеп түбірінен өрбіген аяқ киім атауы. Кебіс > кептірілген теріден жасалған аяқ киім. Боқмұрын білер кебімді (Манас, 288) кебімді ки тіркесіндегі кебім шығу тегі бір сөздер. Кебіс > кебін > кебеже >кеп > қап (қалып) сияқты жорамал жасауға болады. М.Қашқари оғиқ-оғұқ мәсінің сыртынан киілетін тері байбақ сияқты көне аяқ киімінің бір түрін атайды (МҚ., 96, 101). Сығзығ: мәсі не етік тіккенде екі тігіс арасына салынатын сақтиян, былғары. Тізілдірік етік, мәсі секілділердің тұмсығына сәндік, әсемдік үшін тағылатын теңгелер, бастырма қапсырма әшекейлер (МҚ, 96, 524, 539).

Әдеб: (Проблема этимологии тюркских языков. –Алма-Ата, Ғылым. 1990. – С. 224. Л.З.Будагов. Сравнительный словарь турецко-татарских наречий. Том. II. САНКТПЕТЕРБУРГЪ. 1871. –С. 112, 131. Ә.Нұрмағамбетов. Бес жүз бес сөз. –Алматы, Рауан. 1994. –Б. 130, 131. Ә.Нұрмағамбетов. Сөз сырына саяхат. –Алматы. Жалын, 1990. –Б. 24. В.В. Радлов. Опыт словаря тюркских наречий. Том. I. Часть 2. САНКТПЕТЕРБУРГЪ. 1893. –С. 998. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. II том. –Алматы, 1961. – Б. 174. Абай тілі сөздігі. –Алматы, Ғылым. 1968. –Б. 471. Л.З.Рүстемов. Казахско – русский толковый словарь арабско – иранских заимствованных слов. – Алма – Ата., Мектеп, 1989. - Б. 134. Н.Д.Оңдасынов. Арабша-қазақша түсіндірме сөздік. 2 том. –Алматы, Мектеп. 1984. –Б. 145).



Сауыр етік. Тақасы ерекше аяқ киім. Өкшесі етігінің мыжырайып (Мәшһүр-Жүсіп., 88); Аяғыма кигенім шоңқайма өкшелі етік (Мәшһүр-Жүсіп., 125); Қара етігің қолпылдап, Тоғай кезбе келіншек (Мәшһүр-Жүсіп., 22); Сары етігің салпылдап Сазды кешпе келіншек (22); Көн етігің көлпілдеп, Ауыл кезбе келіншек – Мәшһүр-Жүсіптің ауыз әдебиетінің үлгісінен алынған мысалдар (Мәшһүр-Жүсіп., 22); Тон `жабу` сияқты эдик~этÿк `аяқ киім` деген мағынаны білдіреді ол көбірек `етік` деген ұғымда `башмақ, бәтеңке` т.б. қолданылады дейді Э.В.Севортиян негізінен `жабық аяқ киім, ерте заманда қысқа қонышты немесе етік` болған (ЭСТЯ, I7 320.). Етік лексемасының шығу тегін анықтау негізінен Г.Рамстедке тиеселі. Ол - еtük-ті маньжур тіліндегі еtи- `киіну, киімді киіп жүру` деп көне түркілік етістік түбірді еtü- қалпына келтірді, содан кейін барып оны *ät- (сол семантикада қарастыруы да мүмкін) түзеді. Сол сияқты тунгус-маньжур тілі эвен тілінде `сыртқы киім, киім` деген белгілі болды. Тунгус – маньжур тіліндегі `киіну` етістігі *тэту- платформасы маньжур және оған жуық чжурчжен тіліндегі эту- екінші формасының қаншалықты қашықтағынын байқаймыз. В.И.Цинциус осыдан келеді де түркілік анлауыт к- (тіл ортасы) манчж. Ø (дыбыс нөлге), түркі. кэт- ~ кэд- `үстіне киіу, киіну` - дейді. Жалпы мына түбір тұлғасы: уйғ., әт- `жабу, қамау, қадау`, лоб. ет- `қадау, жабу (кепке)`, тоф. эт-` жабу (есікті) кездеседі. Сайып келгенде, зерттеушілер маньжурлық эту- және түркілік әт- ~ эт- ‘фонетикалық-семантикалық ұқсастық бар екендігін, бірақ ол-гомогендік емес дейді. Көне түркі тілі киім (kejm) kedim `киім, киіну`(< көне түркі. ked- `киіну`. М. Қашқари сөздігінде кет-`киіну` мағынасын берген. Көне түркі тілінде киім мағынасын жоғарыдағы «тон» сөзі ұғындырған. Хакас тілінде өтік `аяқ киім` деген мағына берген. Демек, кейбір зерттеушілердің кет- түбір тұлғасын тунгус-маньжур тілінен іздестіргені, монғол тілінен шығарғаны дұрыс емес. Кет> кэд >киім > этик >етік >кэта. Түркі тілінде етіктің бірнеше түрі болған: былғары етік, қысқа қонышты етік, шоңқайма етік, саптама етік, сауыр етік. Сауыр етік – етіктің бір түрі. Сауыр – малдың жаясының үстіңгі жағы (АТС, 530). В.Радлов: сауыры – 1) крупъ лощади; 2) шероховатая зеленая кожа (вставляемая главнымъ образомъ выше пятки ичига) – деп түсіндіреді. Сауыр етік – көгерген өңделген жұқа теріден тігіледі. Түйін. Мәшһүр-Жүсіп Көпеев темір кебіс, кебіс мәсі, шоңқайма өкшелі етік, қара етік, көн етік, сары етік аяқ киімдерін қолданады

Әдеб:(Проблема этимология тюркских языков. –Алма –Ата, Ғылым. 1990. –С. 150-151, 221-222. Абай тілі сөздігі. –Алматы, Ғылым. 1968. - Б. 530. В.Радлов. Опыт словаря тюркских наречий. Том IV. Часть 1. С. –ПЕТЕРБУРГЪ. 1911. -С. 235. Ә.Нұрмағамбетов. Бес жүз бес сөз. –Алматы, Рауан. 1994. -Б. 95-96. Ә.Нұрмағамбетов. Сөз сырына саяхат. –Алматы, Жалын. 1990. –Б. 23-24. А.Қ.Тұрышев. Мәшһүр-Жүсіп шығармалары лексикасының этномәдени негіздері. // фил. ғылым. док., ғылыми дәреже. алу үшін дайын. диссер. – Алматы, 2005. – Б. 238).



Ақ кіреуке. Сауыт түрі. Ақ кіреуке сөгілді, Жалғай алмай келеді. (Жүсіп., 203); Көбе, кіреуке, сауыт бұлар мағыналары жуық сөздер. Көбе – батырлар киетін сауыт, оның екі түрі болады: бірі – жүректің тұсын, білекті, тізені, иықты садақтың оғынан, қылыштан қорғау үшін жалпақ темірден жасалған сауыт; екіншісі – бүкіл кеудені қорғау үшін тырнақ көбесіне ұқсас қола не мысты қатпарлап тізіп немесе металл шынжырларды (шығыршықтарды) біріктіріп, көйлек тәріздес етіп жасалған түрі, кейінірек көбенің жеңіл көкірекше түрі шыққан. Батырлар мінетін аттың да арқасы мен жонын, қабырғасы мен мойнын түгелдей жабатын көбелер де жасалған (ҚСЭ, 5-том, 642-643). Ал сауыт – «садақ, қылыш, найза» т.б. осы сияқты қару-жарақтардан қорғануға арналған киім. Ол ұсақ темір шығыршықтарды бір –бірінен өткізіп тоқылған тордан қысқа жеңді жейде түрінде жасалады. Сауыттың дулығасы, мойынды жабатын далбағай сауыт, қол сауыт, аяқ сауыт жеке тоқылады (ҚСЭ, 10-том, 63). Бұған қарағанда, сауыт – көбенің екінші түрін атайтын сөздің бірі, яғни көбе сөзінің синонимі. Кіреуке – ерте замандағы соғысқа киетін сауыт, оның басқа сауыттардан айырмасы кеудесінде, арқасында, білек үстінде темірден немесе көзеден істелген шарайнасы болған (ҚСЭ, 6-том, 181). Батырлар жырында:

Бадана көзді кіреуке,

Мұны саған береді,

Баса келіп кисейші («Ер Тарғын»).

Үстімдегі ақ сауыт,

Ақ кіреуке бек сауыт («Ер Қосай»).

Әдеб: (М-Ж. Көпеев. Екі томдық. 2-т. – Алматы, Ғылым, 1992. – Б. 203. Р. Сыздық. Сөздер сөйлейді. –Алматы, Мектеп. 1980. - Б. 70-71).



Отау. Үйленген жастардың кіші үйі. Атасы басқа жау жеңге, Отауға салып тастапты. (М-Ж, 28); Радлов: блая новая юрта жениха; аk отау іd.; отау баіазысы подарокъ жениха за показаніе ему новой юрты. Отауа тÿсÿ ночеваніе въ первый разъ въ новомъ Отау т.б.- деп түсіндіреді (1893: 1103). ОТАУ I зат. Жаңадан тұрмыс құрып, енші алып бөлінген үй, кіші үй. Сүйіндіктің үлкен үйіне жақын тұрған кішілеу ақ үй бар, Асылбектің отауы болуға керек (М. Әуезов) (ҚТТС, 184). Отау лексемасы мен жасау сөзінің жасалу моделі бір. Мысалы, жасау – сөзінің түп – төркінін көрнекті этнограф Г.Бонч-Осмоловский «Свадебный жилища турецких племен и народностей. Л., 1926» - деген еңбегінде арабтың джис («приданный» мағынасында) және ау («үй») сөздерінің бірігуінен жасалған сөз деп түсіндіреді. Жасау (жас + ау) бірінші компоненті: jаш (жас) - 1) свжій, зеленый, сочный, влажный, свжее дерево (Радл., 1905: III, 240), jаs (ДТС, 245) - дегендегі жас (көк < көк өскін, көктеу) түркі тіліндегі көк ұғымымен байланысты – көк (жас) – от (көк шөп). Екінші компоненті: көне түркі тілінде «үй», «отау», «киіз үй» мағынасын білдіретін еv, eb, ef, üj, üv (ДТС, 189); ау – эвъ – дом (Буд., 1869: I, 215); осы түбірден өрбіген: ауыл//айыл//аал//авыл т.б. (Қайдар., 61) – үй бірігуінен «жасау» сөзі жасалған. Көктің синонимі от (жылқыны отқа қой, шөпті отау т.б.). От (өрт) алдамшы түбір тұлғасы сондықтан (отау) негіз бола алмайды. Демек, жасау мен отау семантикасы бір сөз болып шығады. jаш > жас > жасау > от > отау > отан (көк - тәңір). От (өрт) сөзінен туындаған үйдің иесі (отағасы) кейіннен пайда болған сияқты. От (өрт) – қаулап жану мен от (қаулап өсу) жағынан о баста семантикасы бір болуы мүмкін. Өйткені, тілімізде өртең және өркен мағынасы сәл де болса жуық сөздер сақталған. Jаs – (жасау) - «жаңа, су жаңа» (жаңа үй) - дегенді білдірмесе керек. Сол сияқты Отан сөзі вәтан парсы сөзі емес, түбір тұлғасы от болуы мүмкін.

Әдеб.: М-Ж. Көпеев. Екі томдық. 2-т. – Алматы, Ғылым, 1992. – Б. 28. В. Радлов. Опыт словаря тюркских наречий. Том. I.. Часть 2. – С. –ПЕТЕРБУРГЪ. 1893. –С. 1103. В.В. Радлов. Опыт словаря тюркских наречий. Том. III.. Часть 1. – С. –ПЕТЕРБУРГЪ. 1905. –С. 240. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. II том. –Алматы, 1961. – Б. 184. Л.З.Будагов. Сравнительный словарь турецко-татарских наречий. Том. I. САНКТПЕТЕРБУРГЪ. 1869. –С. 215. Наурыз. –Алматы, Қазақстан. 1991. –Б. 64. Ә.Қайдар. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. –Алматы, Ана тілі. 1998. –Б. 61.



Қорыта келгенде, Мәшһүр-Жүсіп шығармаларындағы бізге беймәлім лексеманы зерттеп халық игілігіне айналдыратын күн баяғыда туды. Бұл орайда, мәшһүртанушылар бір сыпыра жұмыстар жасауда. Алдымызда, Мәшһүр-Жүсіп шығармалар тілінің этимологиялық сөздігін жазу міндеті күтіп тұр. Сол сияқты, айтыстары, жұмбақтары, мақал-мәтелдердің шығуы (5 т. –Б. 94-103; 9 т. –Б.312-317) сияқты тың тақырыптардың тілін зерттеу де күн құрғатпайтын алда күтіп тұрған басты міндет деп есептейміз. Атсалысам деген шәкірттерге жол ашық.

5 Мәшһүр-Жүсіп шығармаларының метрологиялық жүйесі
Аршын, жарым - жарты, ширек; құлаш, сере, сере қарыс; қарыс; қадам; сүйем қазақтың ежелден келе жатқан ұзындық өлшемдері. Зерттеу барысында бұл – ұзындық өлшемдері белгілі бір халықтың таным ойлау жүйесімен тығыз байланысты екендігі анықталды. Қазақ халқының математикалық есептеу жүйесінің басқа халыққа қарағанда оқ бойы озық болғандығының тағы да жарқын мысалы – ол халықтық метрологияның (нуменативтер) ел ішінде берік орын алуымен дәлелденеді. Ширекке тµрттіњ бірі болдыќ дењіз, Айырылып б±рынѓы аршын кезімізден (Мәшһүр - Жүсіп);

В.В. Радлов: арш (аршы араб ) рука отъ локтя до конца пальцевъ какъ мра, локоть; аршынла – 1) мрить аршиномъ; аршынлык – кусокъ въ аршинъ длиною – дейді (Том I. Часть 1. 1893: 331 – 332) (Арбаша тарнслитерациясын жасаған – А.Қ.). Л.З.Будагов: тур. аршн, аршын, арш±н (= аршы) бух. аршын аршинъ. (тур. содержит 15 верш. бух. = 16 верш.); мотовило; аршонаќ кусокъ сукна и пр. въ одинъ аршинъ; цна одного аршина сукна и пр.; ѓ±мар аршоны (аршин архитекторовъ - деп аударыпты. Буд. = 24 ж±ќа аршон; меньшій аршинъ которымъ мрятъ сукно = 8) (Том I. 1869: 28 с.) (Арбаша тарнслитерациясын жасаған – А.Қ.). Сексен аршын бой жазып, Аѓып µтіп жµнейді ((ЌЖ, 41). Позднейшая гипербола, в ней новое понятие «аршин» заменяет старинные меры длины // Ќыз Жібек, 1993: 286; Є. Н±рмаѓамбетов: аршын сµзіне ќатысты былай дейді: Алайда сµздіњ т‰пкі тµркіні Иран тіліне тіреледі. Олар «єрші» т±лѓасы, «шынтаќ» деген ±ѓымды білдірген (Н. Димтриев. Строй тюркских языков. 1962, 522-223 б.); Демек, Иран тіліндегі «арш» т‰ркі тілдерінде, оныњ ішінде ќазаќ тіліне ауысып келгеннен кейін «ын» ќосымшасын ќабылдап, «аршын» т‰рінде ќалыптасќан; одан єрі т‰ркі тілдерінен орыс тіліне енген. Яки єу баста аршын – шынтаќ пен саусаќ ±шына дейінгі ±зындыќ атауы ретінде ж±мсалса, кейіннен ±зындыќ µлшемі болып бекіген - дейді (Аршын, Ењілік //Ана тілі. 1991. ќарашаныњ 28-і, 6 б). Б±л арада орыс сµзі деп ж‰рген «шагом марш!» сµзініњ т‰бірі арш болуы м‰мкін. Арш адым, ќадам маѓынасында да ќолданылады (Радловты қараңыз: 231 - бет). Аршын арыс // ќарыс ±ѓымымен тµркіндес.

С. Кенжахметов: ¦зындыќ жєне ќашыќтыќ µлшемі м‰лде екі ±ѓымды, екі т‰рлі µлшемді білдіреді. ¦зындыќ µлшемдері бір заттыњ таяќтыњ, арќанныњ ±зындыѓын аныќтайды жєне ол: елі (1,5 см), екі елі, ‰ш елі, т±там, сыныќ *с‰йем (14 – 15 см), *ќарыс, кере ќарыс (20 – 22 см), кез (50 см), аршын (75 см), *ќ±лаш (1, 60 – 2 м), жарты ќ±лаш, т.б. Балтасап, кебіс басындай деген балыќ µлшемдері де бар. *Ќ±лаш- мера длины, равная расстоянию между концами рук, вытянутых в стороны на высоте плеч (Ќыз Жібек. 1963: 287). Ќ±лаш - керілген екі ќолдыњ бір ±шынан екіншісіне дейінгі ќашыќтыќ µлшемі; *Ќарыс - бас бармаќ жєне ортан ќол аралыѓымен µлшенетін мµлшер; *С‰йем - ұзындыќ µлшеуі, бармаќ пен с±ќ ќол аралыѓы; Т±там - белгілі заттыњ кµлемін, мµлшерін µлшейтін ќолдыњ уысы, бес саусаќты ќысќандаѓы арасы (ЌТТС, 8 б.); Сол сияќты ±зын, ќысќа деп шамамен есептей береді. Ќашыќтыќ µлшемдері жердіњ ќашыќтыѓын, ауылдыњ ара ќашыќтыѓына ќолданылатын µлшем екені белгілі. Б±л µлшем т‰рлері былайша аталады: адым (ќадам) (1 м), аяќ тастам (10- 15 м), «єй» дейтін жер (100 м), дауыс жететін жер (250 – 300 м), шаќырым (1 км), иек астында, бір тµбе астында (4 – 5 км), ќозы кµш жер (5-6 км), кµз ±шында (6 - 7), тай шаптырым (4 – 5 км), ќ±нан шаптырым (8 – 10 км), ат шаптырым (25 – 30 км), бір к‰ндік жер, айшылыќ жер, т.б. (С. Кенжахметов. Уаќытты аныќтау белгілері // Ќазаќстан мектебі. 1996. №6. 60 б).



Каталог: fulltext -> buuk
buuk -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі жүсіпов нартай қуандықҰЛЫ
buuk -> Мамандыққа кіріспе «Музыкалық білім»
buuk -> Кітаптану және кітап тарихы 050418 «Кітапханатану және библиография»
buuk -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
buuk -> Психотерапия технологиялары
buuk -> ДӘСТҮР – ДӘріс қазақ тілі пәнінен студенттерге арналған оқу құралы Павлодар Кереку 2010 Т. Х. Сматаев ДӘСТҮР – ДӘріс
buuk -> Ашимбетова Р. Д. Журналистің тіл мәдениеті Оқу құралы 050504 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған Павлодар
buuk -> Мамандық «Аспаптық орындау» мамандығы бойынша күндіз және сырттай оқитын тәлімгерлердің тәжірибе жұмыстарына арналған әдістемелік нұсқау Павлодар бекітемін


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет