Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы мен оның шығармаларын кеңінен таныту, сол арқылы болашақ қазақстандықтардың өмірлік айқындамаларын қалыптастыру, интеллектуалды, рухани дүниесі бай азаматтарды қалыптастыру мақсатын



бет4/4
Дата05.11.2016
өлшемі1 Mb.
#979
1   2   3   4

Ысқақ Сарагүл Әмірханқызы
Е.Букетов атындағы Қарағанды мем-лекеттік университеті филология факультетінің 1993 жылғы түлегі. 1993 жылдан бері Павлодар мемлекеттік университетінде аға оқытушы, кіші, аға ғылыми қызметкер болып еңбек етіп келеді. ҚР ҰҒА А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғылыми ізденушісі, ғылыми жетекшісі ҚРҰҒА академигі Рабиға Сыздық. Екінші жоғары білімге ие: заңгер, финансист, дизайнер.
Мәшһүртану және Мұхтар Әуезов шығармаларының тілі бойынша 50 шақты ғылыми мақаланың авторы. «Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы» тұлғалық энциклопедиясы басылымының ұжымдық жұмысында 20 мақаласы жарияланды. Мәшһүр Жүсіп шығармалары және басқа да тақырыптар бойынша студенттердің, магистранттардың, дарынды оқушылардың ғылыми жобаларына және мектеп мұғалімдеріне ғылыми басшылық жасап келеді. «Мәшһүр Жүсіп шығармаларының лингвостилистикасы», «Мәшһүр Жүсіп шығармалары синтаксисі» тақырыбындағы оқу-құралдарын баспаға ұсынуда.

Анафина Нәйлә Қаткенқызы


1968 жылы 8-ші қыркүйекте Баянауыл ауданының Октябрь ауылында дүниеге келген. 1985 жылы Большевик орта мектебін бітірген. Жоғары білімі: Павлодар педагогикалық институтының филология факультеті, «Фемида» Қарағанды заңгерлік институтының заң факультеті Көкшетау филиалы. 1989-1992 жылдар аралығы орта мектеп мұғалімі. 1999-2000 жылдары сауда, банк қорғау жүйелерінде аудармашы, заңгер болып қызмет атқарды. Ақапарат бұқаралық құралдарында қоғамдық саяси тақырыптарға мақаларды жарыққа шығарған.
2010 жылдың ақпан айынан «Мәшһүртану» ҒПО-ның кіші ғылыми қызметкері. С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ізденушісі. «Религиозная культура в современной Республике Казахстан» атты монография және «Пословицы – символ народной мудрости» атты оқу әдістемелік құрал жазылу барысында. М.-Ж. Копеев шығармаларының «Шежіре» атты 10 томы аударылуда. Келесі ғылыми мақалалар жарияланған; «Mashkhur - Zhusip and the world’s languages», «Религия в Казахстане», «Руми и Машхур-Жусуп; преемственность религиозных взглядов», «The philosophy of the history». Мектеп оқушылары және колледж студенттерімен ғылыми жұмыс жүргізеді.

 


Ахметниязов Балабек Әлібекұлы
1984 жылы 13-ші маусымда Павлодар облысы Ақтоғай ауданының Жолболды ауылында дүниеге келген. 1991-2001 жж. Естай атындағы орта мектепте білім алған. 2001-2005 жж. Алматы қаласының «Нұр-Мүбәрак» университетінің исламтану факультетін бітіріп араб тілі мамандығын алған. 2005-2006 жж Египеттің Каир қаласында Әл-Асхар университетінде тәжірибеден өткен. 2007 жылдан бері «Мәшһүртану» ҒПО-ның кіші ғылыми қызметкері.
Еңбектері: Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы шығармалары» 14 том.-Павлодар «ЭКО» ҒӨФ, 2008, Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы шығармалары» 15 том.-Павлодар «ЭКО» ҒӨФ, 2009. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы шығармалары» 17 том.-Павлодар «ЭКО» ҒӨФ, 2009.
Қазіргі таңда: Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы шығармалары» 18, 19, 20 томдарын және «Мәшһүр-Жүсіп шығармаларындағы ислам мәдениеті»- атты оқу- әдістемелік құралдарын баспаға дайындау үстінде.

 


Көпеев Арслан Жастілекұлы
21.08.1986 жылы Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Жанажол ауылында (Мәшһүр Жүсіп ауылы) дүниеге келген.

2007 ж С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «Филология: қазақ филологиясы» мамандығы бойынша тәмамдап, бакалавр академиялық дәрежесін алады.

2007-2009 жж. С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде магистратурада оқиды. «Мәшһүр-Жүсіп шығармаларының лингвостатистикалық зерттеудің ғылыми негіздері» атты тақырыпта қорғап шығады. Магистратурада оқып жүрген кезінде студенттердің Work and Travel бағдарламасына қатысады. Осы бағдарлама бойынша 3 ай бойы АҚШ-та болып, GDIF Inc-да менеджер болып жұмыс істейді.
2010 жылдың қыркүйек айынан бастап «Мәшһүртану» ғылыми-практикалық орталығының кіші ғылыми қызметкері. «Мәшһүр-Жүсіп Көпеев» сайтының модераторы.

Еңбектері: «Мәшһүр-Жүсіп Көпеев тілі сөздігі», «М-Ж. Көпеев шығармаларының лингвостатискалық сипаты», «Мәшһүртану қоржыны» (электрондық кітапхана) жұмыстары дайындалуда.





Біздің жетістіктер мен көрсеткіштер




Мәшһүртану ғылыми - практикалық орталығы 4 мамыр 2004 жылы ашылды. Осы уақыттың ішінде орталық қызметкерлері барлық семинарлар мен форумдарда, университетте және басқа да білім ордасы мен ғылыми орталықтар аймағында өтетін аймақтық және халықаралық, республикалық конференцияларға ат салысып қатысуда.  Орталық қызметкерлері М-Ж. Көпеевтің өмірі мен шығармашылығына байланысты  қаламыздың жалпы білім беру ордасында дәріс оқып, Мәшһүртану пәнін енгізуде.

Мәшһүртану ғылыми-практикалық орталығымен орталық, облыстық және қалалық кітапханалар, Г.Потанин атындағы өлкетану мұражайы, Бұқар-жырау атындағы әдеби мұражай, «Шаңырақ» халықтық шығармашылық үйімен  және Қазақстан халықтарының облыстық Ассамблеясының мәдени орталықтарымен тығыз байланыста. 5 жылдың ішінде Мәшһүртану ғылыми-практикалық орталығы елеулі жетістіктерге қол жеткізді: М-Ж.Көпеевтің таңдамалы шығармаларының ағылшын және орыс тіліндегі 3 томы, ақын шығармаларының 15 томы, дала кемеңгері Мәшһүр Жүсіп шығармаларының  тіл білімінің ерекшеліктерінің әр түрлі сұрақтарына  байланысты, діни, философиялық, эстетикалық проблемасын арқау ететін  монографияларының  5 томы жарық көріп, мәшһүртанушылардың үлкен және қысқаша энциклопедилары баспаға дайын.



Мәшһүртану ғылыми-практикалық орталығының директоры, филология ғылымының докторы, профессор Айтмұхамет Қасымбайұлы Тұрышев  2003 жылы «Ш.Уалиханов атындағы гуманитарлық ғылым саласындағы үздік зерттеулері үшін» марапатталды. 2005 жылы  «Жоғарғы оқу  орнының үздік оқытушысы»  номинациясының мемлекеттік  грантын  ұтып алды.




Еліңді тану - өзіңді тану


Біздің аймақта «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті ғылыми — зерттеу жұмыстарының орталығы болып отыр. Бағдарламаның аса бір маңызды бөлігінің бірі — жас ұрпаққа этникалық және мәдени құндылықтарды тереңдете зерттетіп, көптеген тарихи мұраларды жандандыру. Осы бағдарламаны жүзеге асыру барысында университетімізде бірқатар жұмыстар атқарылуда. Соның бірі — «Өлкетану» экспедициясы.

Биылғы шілденің 8-13 аралығында өткен «Өлкетану — 2007» экспедициясы Павлодар облысының 70-жылдығына арнап ұйымдастырылды. Экспедицияға біздің университеттің үздік студенттері қатысты.

Бағдарламаның мақсаты: Павлодар өңірінің аса көрнекті тұлғаларының есімдерімен байланысты мұражайлар мен мазарларға бару, тарихи мұраларды зерделеу және Павлодар өңірінің мәдениеті, этнологиясы, тарихы туралы деректерді кеңінен тарату, тарихи, этностық және мәдени құндылықтардың шындықтарына тереңдеу, қайта ойлап қорыту, танымдық дүниелерге студенттерді тарту болып табылады.

Күлімдеген жайдарлы шілденің сегізі күні «Өлкетану — 2007» экспедициясының алғашқы сапарына бет алдық. Бағытымыз: Ертіс өңіріне аты танымал, жерлес ақиық ақынымыз Ақтоғай ауданы Естай ауылындағы Естай Беркімбаев мазарына барып, аруағына бас идік. Осы күнгі келесі бағытымыз жезтаңдай әнші қызымыз қала сыртындағы Майра Шамсутдинованың зираты болды.

Екінші күні таң шапағы қылаң ата бастаған шақта киелі Баян жеріне жолға шықтық. Бағытымыз: Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы мұражайы, Қаныш Сатпаев мұражайы, Мәшһүр-Жүсіп мұражайы және кесенесі.

Ең алдымен Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы мұражайды тамашалап, Баянауыл ауданындағы ең сұлу, ең тамаша табиғатымен саяхатшылардың назарын өзіне еріксіз тартатын көл Сабындыкөлге келіп тоқтадық. Бұл көлдің жібектей жұмсақ суына шомылған кезде жаның рахат табады. Осындай табиғат аясында университетіміздің «Баянтау» Демалыс үйі орналасқан. Сабындыкөл жағасында, қарағайлар арасында салынған демалыс кешені бәріміздің шаршағанымызды бір мезет ұмыттырып жіберді.

Демімізді басып, үшінші күн дегенде Қаныш Сатпаев мұражайына жол жүрдік. Содан кейін Баянауылдың әсем де, сұлу табиғат тартуын тамашалап, серуенге аттандық. Аптаған ыстықта Жасыбай көлінің рахатын кештік. Әсіресе, жаныңа Ұлылық сыйлайтын Баянауыл тауларына таңданып, сүйсіне көз тоқтаттық.

Төртінші күні киелі әулие бабамыз Мәшһүр атамыздың кіндік қаны тамған «Жаңажол» ауылында орналасқан мұражайына жол бастадық. Нақышына келтіріліп, қазіргі заманға сай безендіріліп өрнектелген мұражайға қарап қайран қалдық. Шын мәнінде атамыздың ұлылығы көркем бейне алған. Оның өмір бойы өнеге етіп кеткен жазба шығармалары, тұрмыс-тіршілігінде қолданған бұйымдары қаз қалпында сақталып жиналған. Осындай болашақ үшін өте қажетті дүниелерді жинақтап, іске асырып, елге паш етіп отырған мұражайдың директоры шөбересі Әсет Қажымұқанұлына алғысымыз шексіз. Күнмен таласқан биік мүнарада орналасқан атамыздың кесенесінің орны бір басқа.

Саяхаттан кейін, әр кеш демалушылар үшін ашық аспан аясындағы би кештері, жағажайдағы серуен, жанған оттың жанындағы сұхбат ұмытылмас әсер қалдырды.

Бәрінен бұрын, елім, жерім деп аңсап өткен бабаларымызды ұмытпай, тағзым ету баршамыздың ұлы міндетіміз. Сондықтан да осындай тәлім-тәрбиесі мол істермен айналасып жүрген университет ұжымына және ректор Ерлан Мұхтарұлына жастар атынан рахметімізді айтамыз.

«Өлкетану» экспедициясының өмір жасы ұзақ болып, қанаттары талмай самғап, әлі де ашылмаған, зерттелмеген жерлерді елге кеңінен таратарына кәміл сенімдеміз.

Ал енді «Өлкетану — 2007» экспедициясында болып қайтқан бірнеше студенттердің пікірлерін назарарыңызға ұсынамыз.



Пайдаланылған әдебиетттер

1. Пазылов Әсет «Бабалар ғұмырнамасы және Мәшһүр Жүсіп Көпеев» Екібастұз,Көпеев» Екібастұз, 2007



2. Бес ғасыр жырлайды.

  • Ахметова Г. Г. Взаимосвязь этического и эстетического в творчестве М. Ж. Копеева, С.Торайгырова и Ж.Аймаутова: Автореф.дис…канд.филос.наук: 09.00.03-История философии.- Алматы, 2003.- 30 с.

  • Машхур Жусуп Копеев // Баянаул: Фотоальбом / Сост. В.Григорьев.-Алма-Ата, 1985

  • Машхур Жусуп Копеев (1859—1931 гг.) // Казахи: 9-томный популярный справочник. Том 2.Исторические личности.-Алматы, 1998.-С.397-399

  • Машхур Жусуп Копеев // Павлодарское Прииртышье: Энциклопедия.-Павлодар, 2003.-С.401-402

  • О Машхур Жусупе Копееве // Чокин Ш. Четыре времени жизни.-Алма-Ата, 1992.-С.39-44

  • Ахметова Г. Взаимосвязь эстетического и этического в творчестве казахских мыслителей начала XX века // Поиск. Сер.гуманит. наук.-2001.-N4-5.

  • Ахметова Г. К вопросу о счастье в этических взглядах казахских мыслителей начала XX века (Ж.Аймаутов, М. Ж. Копеев, С.Торайгыров) // Поиск. Сер.гуманит. наук.-2002.-N1.

  • Ахметова Г. Особенности художественного творчества казахских мыслителей начала XX века // Поиск. Сер.гуманит. наук.-2001.-N1.







Каталог: uploads -> doc -> 110e
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
110e -> Сабақтың тақырыбы : Файлдар, бумалар және белгішелер. Бумалар мен белгішелерді құру. Атын өзгерту. Сабақтың мақсаты
110e -> Қауымдастықтың 2012-2013 оқу жылына арналған жұмыс жоспары
110e -> Тақырыбы: «Жыл басы Наурыз»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет