МӘШҺҮр-жүсіп қолжазбаларындағы ислам мәдинеті



бет1/7
Дата14.02.2018
өлшемі13 Mb.
#37662
  1   2   3   4   5   6   7
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Мәшһүртану ғылыми-практикалық орталығы

Қ.Қ. Талқанбаева



МӘШҺҮР-ЖҮСІП

ҚОЛЖАЗБАЛАРЫНДАҒЫ

ИСЛАМ МӘДИНЕТІ

Оқу әдістемелік құралы

2 Том.

Павлодар

2008

ӘӨЖ 297(075.8)

ББК 86.38я73

Т 26
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Ғылыми кеңесі ұсынған



Пікір жазғандар:

С. Негимов – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы, профессор.

А.Қ. Тұрышев – С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы, Мәшһүртану ғылыми-практикалық орталығының директоры.
Т26 Талқанбаева Қ.Қ. Мәшһүр-Жүсіп қолжазбаларындағы ислам мәдениеті: Оқу әдістемелік құралы. С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Мәшһүртану ғылыми-практикалық орталығы. – Павлодар, 2008. – 182 б.
ISBN 9965-842-25-6
Мәшһүр-Жүсіптің өз қолымен жазған еңбегі бойынша Ұлы жаратушы Аллаһ Тағаланың сипаттары, Құран кәрім аяттары мен пайғамбар хадистері жайында баяндалады. Ислам дінінің қағида-шарттары, мұсылмандық міндеттер, Аллаға иман, періштелерге, пайғамбарларға, кітаптарға сену дегенді түсіндіреді.

Кітапта қолжазбаның кейбір сүре, аят, хадис және дұғалары қамтылып, бұлардың факсимилесі (фотонұсқасы) және кирил әріптерімен транскрипциясы көрсетілген.


ӘӨЖ 297(075.8)

ББК 86.38я73

Т 0403000000

00 (05)-07

ISBN 9965-842-25-6

© Талқанбаева Қ.Қ., 2008

© С. Торайғыров атындағы Павлодар

мемлекеттік университеті, 2008

Алѓы сµз
Ќ±рметті оќырман! 2007 жылы Ќ. Ќ. Талќанбаеваныњ «Мєшћ‰р-Ж‰сіп ќолжазбаларындаѓы ислам мєдениеті» атты оќу єдістемелік кітабы ќолдарыњызѓа тиіп, оќырмандардан жаќсы лебіз алѓанбыз.

2008 жылы Мєшћ‰р-Ж‰сіптіњ туѓанына 150 толады. Осы мерей тойѓа орай Мєшћ‰ртану ѓылыми – практикалыќ орталыѓыныњ кіші ѓылыми ќызметкері Талќанбаева Ќарлыѓаш Ќажымєлікќызы «Мєшћ‰р-Ж‰сіп ќолжазбаларындаѓы ислам мєдениеті» - атты кітаптыњ 2 – 3 томдыќтарын жазып бітірді.

Елбасыныњ ќолдауымен басталѓан «Мєдени м±ра» баѓдарламасы µзініњ зањды жалѓасын табуда. Елімізде ислам мєденитетіне арналѓан кітаптар, ѓылыми маќалалар жарыќ кµруде. Т‰рлі діни конвенциялардыњ басы біріккен жиындар да болып µтті. Кењестер дєуірінен ќордаланып ќалѓан діни ќаѓидаѓа байланысты ±ѓымдарды шешу к‰н ќ±рѓатпайтын мєселеге айналды. Шыны керек ислам дінініњ ережелері, діни сµздер, дєст‰рлер тек ќана «µлік жµнелту» парадигмасына ѓана байланысты айтылды. «Молда» сµзі тек ќана бала с‰ндеттейтін ќ±быжыќ ретінде суреттелді. Сондыќтан да болар, ќазаќ халќыныњ есейген ±рпаќтарына діни ±ѓымдардыњ ауыр тиетіні. Айталыќ, б±рын ата-баба аруаѓына сыйыну, зиратты кµргенде бетті сипап Аллаћу єкбар жасау, єулие аѓаш пен б±лаќтыњ басына барып «таѓзым» жасау сияќты шаман дінініњ (фетешизмніњ) элементтері ќазір наќты ислам дєст‰ріне байланысты т‰сіндіріледі. Б±л да – ќазаќ мєдениеті. Оны бірден алып тастауѓа болмайды. «¤лі жібімей, тірі байымайды» ќазаќ маќалы ал, осы маќалда «аруаќ» мєселесі ќозѓалады. Ислам мєдениетіне салса тек ќана бір Аллаѓа ѓана табынамыз, сыйынамыз, ќ±лшылыќ етеміз. Осы мєселені бірден «аруаќќа» табынбау керек деп, кесіп айтпай, «аруаќ» (жансыз д‰ние) Алланыњ ќ±лы м‰мин (м±сылман) демек, «аруаќты» сыйлау Алла арќылы, Алланыњ ємірі арќылы болатынын т‰сіндіру µте ќажет. ¤йткені, м±ныњ арты ауыр зардапќа ±рындырады. Жас ±рпаќ µліні сыйламаса, тіріні де: аќ шашты аќсаќалды, сары тісті апаларды да сыйлаудан ќалады. Ќарттар ‰йі кµбейеді. т.б. салдары пайда болады. Б±л – дєст‰рлер тєњір дінініњ ислам мєденитетіне сіњіп, т±тасып кеткен т±сын кµрсетсе керек. Демек, ќазіргі ислам мєденитетініњ бµлінбес бір т±тас ќ±рамына айналды. Олай болса, осындай діни т‰сінікке ауыр ережелерді д±рыс талќылап, д±рыс зерттеп, жас м±сылмандарѓа т‰сіндіру ‰шін ѓылыми зерттеу ењбектердіњ мєні аса зор болмаќшы.

Мінекей, осы аталѓан ойдан келіп, Мєшћ‰р-Ж‰сіп ќолжазбаларындаѓы діни лексиканы д±рыс талдап, жас ±рпаќќа жеткізу міндеті алдымызда т±рды.

Орталыќтыњ кіші ѓылыми ќзыметкері, теолог зертеуші Ќ.Ќ. Талќанбаева µзініњ міндетін ойдаѓыдай орындап шыѓып, Мєшћ‰р-Ж‰сіп ќолжазбаларындаѓы кездесетін кµптеген діни сµздерге т‰сініктер беріп, мєні мен маѓынасын ашып, наќты талдаулар жасаѓан.

Ењбекте Мєшћ‰р-Ж‰сіптіњ µзініњ жазуыныњ фотан±сќасы берілген. Ќолжазбаны оќу барысында кµптеген ќиыншылыќќтар кездесті. Ескі жазу кµрінбейді, жазылып келе жатќан сµз µшіп ќалѓан, не тасќа басќанда (ксерокопия) т‰спей ќалѓан. Сол сияќты, кейбір араб, парсы сµздері мысалы: кєтєбє (кутибє) осы сµздіњ єр єріптерініњ ‰стіндегі бір харекет µзгерсе осы сµз басќа маѓына береді. Мєшћ‰р-Ж‰сіп арабша жазып келе жатып, ішін ара парсыша да жазып кететіні байќалады. Кейбір мєтінде (бинт ѓємма дегеніміз) тµте жазумен аралас жазып кеткені байќалады. Аќынныњ кейбір парсыша жазѓан: шаш. атыш, хош, д‰р, ћєм, соњ (сол), ушб‰ т.б. кездеседі.Зерттеушілердіњ ќолжазбаны оќудаѓы, зерттеудегі тєжірибелері аздыѓы да байќалады. Кµш ж‰ре келе т‰зеледі. Біткен іске сыншы кµп. Жас мамандардыњ тырнаќ алды талпынысын ќ±птап, осы кітапты шыѓаруѓа белді бекем будыќ. Єрине, азды кµпті кемшіліктер болуы м‰мкін, ондай ќателер кездесіп жатса орталыќќа хабараласуларыњыз с±ралады. Мєшћ‰ртанушылар арабша-парсыша ќолжазбаны ќалай зерттеу керек екендігіне енді ѓана маманданып келеді. Болашаќта Мєшћ‰р-Ж‰сіп т.б. ќолжазбаларыныњ тіліне мєтіндеме жасап, єр сµзге тыњѓылыќты ѓылыми талдау жасалатын да к‰н туады.

Ќорыта келгенде, кіші ѓылыми ќызметкер Ќ.Ќ. Талќанбаеваныњ б±л – ењбегі мєшћ‰ртану ѓылымына ќосылѓан ‰лкен ѓылыми ‰лес деп санаймыз. Мєшћ‰р-Ж‰сіп бабамыздыњ туѓанына 150 жыл толуына байланысты болатын мерей тойына «тарту», «сый кєде» деп есептейміз. Айтпаса сµз атасы µледі дейді. ¤зі бас болып, мєшћ‰ртануѓа жан-жаќты кµмек кµрсетіп жатќан ректорымыз, академик Ерлан М±хтар±лына ризалыќ сезімімізді білдіреміз.

С. Торайѓыров атындаѓы ПМУ-діњ Мєшћ‰ртану ѓылыми – практикалыќ орталыѓыныњ директоры, Ш. Уалиханов атындаѓы гуманитарлыќ ѓылымдар саласындаѓы мемлекеттік сыйлыќтыњ иегері. Филология ѓылымдарыныњ докторы, ќазаќ филология кафедрасыныњ профессоры Т±рышев Айтм±хамет Ќасымбай±лы.


Кіріспе
Бұл еңбекте Мәшһүр Жүсіптің өз қолымен жазған еңбектері мен түсініктемелері баяндалады. Онда көбінесе дін Исламды қарапайым қазақ өмірімен суреттеп түсіндіреді. Мысалы: Аллаға иман, періштелерге, пайғамбарларға, кітаптарға сену дегенді түсіндіреді. Ислам дінінің артықшылығы мен ерекшелігі, оның қалыптасуы мен дамуы, қоғамдағы орны. Аллаһ тағаланың бұйрықтары мен тыйымдарын адамзат баласына түсіндіріп және бір Аллаға ғана құлшылық ету. Ислам дінінің қағида-шарттары, мұсылмандық міндеттер, тәрбиелік маңызы бар әдеп ережелерін түсіндіріп, оның адамзатқа қажеттілігі мен пайдалары баяндалады. Сонымен қатар адамзатты ойландыратын діни түйін сөздерді көп айтқан. Мысалы:
Ғибарат ал атқан таңмен батқан күннен,

Шықпассың адам болсаң айтқан жөннен.

Басыңа қайғы келсе қапа болма,

Тарылып, назаланып шықпа діннен.


Мәшһүр Жүсіп өз еңбектерінің көбін араб әліббиімен қазақ тілінде жазған. Солардың ішінде араб, парсы, шағатай, осман (Осман империясы кезіндегі кіші Азия түріктерінің) тілінде көп еңбек жазып, асыл мұра қалдырған. Діни тақырыптарды араб тілінде жазған. Мәшһүр Жүсіп ислам қағидаларын толық білген әулие адам. Ілімнің шыққан тегі дін екенін және іліммен дінді бөлмеу керек екенін көп айтады. Мысалы:
Әр түрлі қылып, пікір ойла сана,

Ғылым, білім іздесең болдың дана.


Білімді өліп көрде мың жыл жатса,

Шықпайды сонда-дағы кісі санасынан.


Нәпсінің кім құтылар хайласынан,

Залалы асып кетер пайдасынан.

Білімді зерек адам болам десең,

Қара өзіңді басқаның айнасынан.


Ойлаған халықтың қамын білімді сол,

Қамы үшін ел-жұртының отқа кірген.


Жолында ғылым-ілім өтсін өмір,

Алданбай бос жұмыспен қысы-жазы.


Мәшһүр Жүсіп еңбектерінде дін Исламның ақиқаттығы, құндылығы, қадір-қасиеті, адамзат өміріндегі пайдалары уағыздалған. Ол кісіні ақын жазушы, тарихшы деп шектеуге болмайды. Ол ұлы дін ғалымы болған. «Құран тәжуиті», «Құран тафсирі», «Иман қағидаларын», «Сира ән-Набауиа», «Ұлы жаратушының сипаттарын», «Шариғат үкімдерін», «Хадис шарифтер», «Үлкен ғұламалардың Мәснәуилері», «Мәктубаттары», «Шығыс шағирлары», «Нәбилер тарихы» «Діндер тарихы» «Сахабалар, әулиелер тарихы» тәрізді т.б. ілім саласын жақсы білген.

Еңбегінің бүкілі – біздің дініміз, тіліміз, тарихымыз, әдет-ғұрпымыз, салт-дәстүріміз. Хақ Тағала қайырлы қадам санап, ризашылығына бөлесін!



Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы қолжазбаларының әліббиі
Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы өмір сүрген дәуір, он тоғызыншы ғасырдың екінші жартысы мен жиырмасыншы ғасырдың алдыңғы қырық – отыз жылы қандай қайшылықты, қалтарысы болса, оның шығармашылық жолы да сондай көп иірімді, күрделі болды. Ол көбінесе дін ілімдері, әдебиет пен мәдениет, тарих пен этнография сияқты білім салаларында артына бай мұра қалдырды. Оны жинап жариялау, зерттеп ғылыми айналымға ендіру, сөйтіп халық игілігіне айналдыру жұмыстары Еліміз егемен болған соң ғана шындап қолға алына бастады. Әсіресе кейінгі жылдарда, Ел басы Н. Є. Назарбаевтың «Мєдени м±ра» арнаулы орта мерзімді баѓдарламасының аясында жүзеге асырыла бастады.

Біздіњ ѓылыми зерттеу ењбегіміз Елбасыныњ алѓа ќойѓан маќсатын т‰бегейлі шеше алмаса да ±лттыќ салт-дєст‰рге байланысты кейбір м±раттарды лингвистика жолымен іс-ж‰зіне асырып, шешуге болатындыѓын кµрсетіп берді. Бұл – жұмыста жүйелі түрде Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармаларының этномәдени лексикасы түркі тілдерімен және де көне жазба ескерткіштерімен жан - жақты салыстырмалы түрде тұңғыш зерттеліп отыр.

Қазақстан Республикасы Егемендік алған соң ұзақ жылғы тұралап, қордаланып қалған экономикалық, әлеуметтік, рухани жағдайда қалыпқа келтіру күш болды. Соңғы 13 жылда Қазақстан Республикасының экономикасы бір шама көтерілді. Ендігі кезек рухани мәдениетімізді жақсартып, бұрындар елеусіз қалған ақын – жазушыларымызды, зиялыларымыздың өмірін, шығармашылығын зерттеп, жас ұрпаққа жеткізу кезек күттірмейтін мәселеге айналды.

Бұл бағытта тарихшы, филолог, философ, ағартушы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының өмірін – шығармашылығын қалың жұртымызға кеңінен насихаттау мақсатында Мәшһүртану ғылыми – практикалық орталығын 05.05.04 жылы ашуға № 1-05/334 бұйрыққа С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры Е. Арын қол қойды.

Мәшһүр Жүсіп өз еңбектерінің көбін араб әліббиімен қазақ тілінде жазған. Солардың ішінде араб, парсы, шағатай, осман (Осман империясы кезіндегі кіші Азия түріктерінің) тілінде көп еңбек жазып, асыл мұра қалдырған. Қазақ тілінде жазған қолжазбаларының ішінде арабша термин сөздер көп кездеседі. Мұның себебі Мәшһүр Жүсіп ислам қағидаларын толық білген әулие адам. Мәселен «Құран тәжуиті», «Құран тафсирлері», «Иман қағидалары», «Калам ілімі», «Сиар ән-Набауиа», «Шариғат үкімдері», «Хадис шарифтер», «Үлкен ғұламалардың Мәснауилері, Мәктубаттары», «Шығыс шаирлар», «Нәбилер тарихы», «Діндер тарихы», «Сахабалар, әулиелер тарихы» тәрізді т.б. ілім саласын жақсы білген.

Мәшһүр-Жүсіп еңбектерінде дін Исламның ақиқаттығы, құндылығы, қадір-қасиеті, адамзат өміріндегі пайдалары уағыздалған. Ол кісіні ақын жазушы, тарихшы деп шектеуге болмайды. Себебі еңбегінің күллісі – біздің дініміз, тіліміз, тарихымыз, әдет-ғұрпымыз, салт-дәстүріміз. Қазіргідей аласапырын заманда қалай өмір сүру керек екені айтылады. Сол себептен көпшілік қауымды Мәшһүр-Жүсіп еңбектерін оқып танысуға шақырамыз. Осы мақсатта қолжазбаның әліббиін, оқып-үйренетін кілтін ұсынып отырмыз.



Әріптердің реті бойынша жазылу үлгісі (1 кесте)
1-кесте

Крилица бойын-ша қазақ әліппесі

Араб әрібі

1 түрі

Араб әрібі

2 түрі

Араб әрібі

3 түрі

Араб әрібі

4 түрі

Араб әрібі

5 түрі

1

2

3

4

5َ

6

А а

ا


ا

ا



هه

Әә

هه

آ

ا






Бб

ب

ف










Вв
















Гг

ك

كك










Ғғ

غ

غغ

ع







Дд

د













Ее

ا

ي

اي

هه




Жж

ج













Зз

ز

ض

د







Ии

ي

اِ

إ







Кк

ك

كك










Ққ

ق













Лл

ل













Мм

م













Нн

ن













Ңң

نك

ن













Оо

او

و










Өө

او













Пп

ب

ف










Рр

ر













Сс

س

ص

ث







Тт

ت

ط

د







Уу

و

وو

وُ







Ұұ

و












Үү

او













Фф

ف













Хх

خ

ح










Һһ

هه

ء










Чч
















Шш

ش

ج










Ыы

يي

ى

و







Іі

ي



ى

و

اي

Араб әріптері сөз басында бір түрлі, ортасында бір түрлі, соңында бір түрлі жазылады. Сол себептен әріптердің жазылу үлгісін араб әріптерімен салыстырып беріп отырмыз. Алдымен қолжазбаның арабша мәтіні беріледі. Сосын әріптердің реті бойынша сөз ортасында қалай жазылатынын көрсетеміз.

Мәшһүр-Жүсіптің Мєшћ‰ртану ѓылыми-практикалыќ орта-лыѓыныњ ќорында сақталған бірінші папкасының 113-114-ші беттеріндегі Әмір Темірдің алдында Мурсаид Шарифпен Тафтазалидің сөйлеуі:

سونده امير تيمور بولار سوزكا كيلكانده برين برى آياماى آيطيسَدى. آنجينده بري برى قانداى كوروسادى ايكان ديب بايقاو اوجون بير كون تفتازالى جوقته ميرسيد شريفكا آيتوبدى:

تفتازالى سيمز، ضور كيودالى، جووان قاريندى، كوبتى كسى ايكان. تيكين تاماق تابيلغان سونك آياسنبه، ايجيب جيب سيمره بركان غوى. اوزيده تاماق جيكانده اون كيسيننك جىتوغونين براق اوزى جيب قويادى. آناو قارين تولغان ... غوى. سوننك علمه قاي جيرينده تورادِ ديسين. جورط باسنه كوتاركانَ مين آوالانوب كتكان غوى ديبتى اونده ميرسيد شريف آيتوبتى جوق اولاي ايمس خوداىدينك قدراتىن جيبارليكيمين علم بيلمكا تولوق صاويط بولسون ديب آدايى آرناب جاراتقان بر جانه. اكر مونده مونونك بويونه اورناغان علم بيلم باسقه براوكا اورناسه جاريليب اولار ايدى. خداى بيلماى جاراتدى دىميسين؟ بولار بو زامانغه ايكنجى كيلمايتوغون جانلار ديكان ايكان.

Сонда Әмір Темір бұлар сөзге келгенде бірін-бірі аямай айтысады. Әншейінде бірін-бірі қандай көріседі (көреді) екен деп, байқау үшін бір күн Тафтазали жоқта Мурсайд Шарифке айтыпты: «Тафтазали семіз, зор кеуделі, жуан қарынды, күптей кісі екен. Тегін тамақ табылған соң аясынба? Ішіп-жеп семіре берген ғой! Өзі де тамақ жегенде он кісінің жейтіғұнын (жейтінін) бірақ өзі жеп қояды. Ана қарын толған ... ғой! Соның ғылымы (ілімі) қай жерінде тұрады дейсің? Жұрт басына көтергенімен ауаланып кеткен ғой!» депті.

Сонда Мурсайд Шариф айтыпты: «Жоқ олай емес. Құдайдың құдіретінің шеберлігімен, ғылым-білімге толық сауыт болсын деп әдейі арнап жаратқан [жаратылған] бір жан. Егер мұнда (онда) мұның бойына орнаған ғылым-білім басқа біреуге орнаса жарылып өлер еді. Құдай білмей жаратты деймісің! Бұлар бұ заманға екінші келмейтіғұн жанлар» деген екен.

Жоғарыдағы мәтіннен әрбір әріпке жеке-жеке мысал алайық:

- «Аа» әрібі 3 түрлі таңбаланған. «آياماى – айамай» деген сөзде «а» әрібі екі түрлі таңбаланған. «برأق – бірақ» деген сөзде «أ һамзалі а» әрібі көрсетілген. Кейде бұл әріптің орнына «_َ фатха – үстіңгі харака, «а, ә» деп дыбысталатын белгі» қойылады. Егер «а» әрібі сөздің соңына келсе, «بويونه – бойына» деген сөздегі сияқты «هه – һә ,һ» әрібі келеді;

- «Әә» әрібі 3 түрлі. «امير Әмір» деген сөзде «тек әлиф ا қана», «آنجينده әншейінде» деген сөзде «мәд әлифә آ » белгіленген. Бұл әріп «هربر әрбір» деген сөзде «هه һ» дыбысымен жазылады. Кейде «а» әрібі сияқты «_َ фатха – үстіңгі харака, «а, ә» деп дыбысталатын белгі» қойылады;

- «Бб» әрібі 2 түрлі. «برين برى – бірін-бірі» деген сөзде «ب – б» әрібі, қолжазбаның 114-ші бетіндегі «جافراق – жапырақ» деген сөзде «ف – ф» әрібі жазылады;

- «Вв» әрібі кездеспейді. Себебі бұл әріп орыс тілінен және т.б. тілдерден келген кірме сөздерге байланысты болғандықтан қазақ тілінде жоқ дыбыс;

- «Гг» әрібі 2 түрлі. « سوزكا – сөзге» деген сөзде «ك кәф» әрібімен жазылған. Екінші түрі де осы «ك кәф» әрібімен жазылады. Бірақ әріптің үсті «كك» сызылады;

- «Ғғ» әрібі 2 түрлі. «غوي – ғой» деген сөзде «غ ғайн» әрібі, «علم – ғылым» деген сөзде «ع аин» әрібі жазылады;

- «Дд» әрібі 1 түрлі. «سونده – сонда» деген сөзде «د дәл» әрібі көрсетілген;

- «Ее» әрібі 4 түрлі. «سوزكا - сөзге» деген сөзде «ا әлиф» әрібімен, «كيلكانده – келгенде» деген сөзде үш рет «е» әрібі кездеседі. Үшеуі үш түрлі жазылады. Бірінші «ي иә, и» әрібі, екінші «ا әлиф» әрібі, үшінші «ه һә, һ» әрібі жазылады. Бұл әріп «ايكان екен» деген сөзде «اي - әлиф және иә» әріптері бірігіп «е» дыбысын білдіреді;

- «Жж» әрібі 1 түрде ғана. «جوق – жоқ» деген сөзде «ج жим» әрібімен жазылады;

- «Зз» әрібі 3 түрлі. «زامانغا – заманға» деген сөзде «ز зәй» әрібі, «ضور – зор» деген сөзде «ض зод» әрібі жазылады. Бұл әріп кейде араб тілінен кірген сөздерде « د – зәл, ظ – зай» әріптерімен жазылады;

- «Ии» әрібі 3 түрлі. «آيطيسَدى – айтысады» деген сөзде «ي – иә» әрібі жазылады. Бұл әріп те араб тілінен кірген сөздерде «إ – һамзалы әлиф» әрібімен, кейде «и» дыбысын білдіретін «ِ кесра» белгісімен көрсетіледі;

- «Кк» әрібі 2 түрлі. «كيتكان – кеткен» деген сөзде «كك – кәф» әрібімен жазылады. Екінші түрі де осы «ك кәф» әрібімен жазылады. Бірақ әріптің үсті «كك» сызылады;

- «Ққ» әрібі 1 түрде ғана. «قاريندى – қарынды» деген сөзде «ق – қаф» әрібімен жазылады;

- «Лл» әрібі 1 түрлі. «علم بيلم – ғылым-білім» деген сөзде «ل – ләм» әрібі жазылады;

- «Мм» әрібі 1 түрлі. «علم بيلم – ғылым-білім» деген сөзде «م – мим» әрібімен жазылады;

- «Нн» әрібі 1 түрлі. « ديكان ايكان – деген екен» деген сөздерде «ن – нун» әрібімен жазылады;

- «Ңң» әрібі 2 түрлі. «خداىدينك – құдайдың» деген сөзде «ң» дыбысын «نك – нун мен кәф» әріптері, «ديسين – дейсің» деген сөзде «ن – нун» әрібі жазылады;

- «Оо» әрібі 2 түрлі. «اورناغان – орнаған» деген сөзде «او - әлиф және уау» әріптері, «غوى – ғой» деген сөзде «و – уау» әрібі жазылады;

- «Өө» әрібі 1 түрлі. «اوزى - өзі» деген сөзде «او - әлиф және уау» әріптері жазылады;

- «Пп» әрібі 2 түрлі. «ديبتى – депті» деген сөзде «ب – б» әрібі жазылады. Бұл әріп кейде араб тілінен кірген сөздерде «ف – фә» әрібімен белгіленеді;

- «Рр» әрібі 1 түрлі. «آرناب – арнап» деген сөзде «ر – ра» әрібімен жазылады;

- «Сс» әрібі 3 түрлі. «سيمز – семіз» деген сөзде «س – син» әрібімен «صاويط - сауыт» деген сөзде «ص – сад» әрібімен жазылады. Бұл әріп кейде араб тілінен кірген сөздерде «ث – сә» әрібімен белгіленеді;

- «Тт» әрібі 3 түрлі. «تاماق – тамақ» деген сөзде «ت – тә» әрібімен, «جورط – жұрт» деген сөзде «ط – та» әрібімен, «جاراتدى – жаратты» деген сөзде екі «т» әрібі қатар келгенде екінші «т» әрібі «د – дәл» дыбысымен жазылады;

- «Уу» әрібі 3 түрлі. «جووان – жуан» деген сөзде екі «وو – у» әрібі бірігіп «у» дыбысын білдіреді. Кейде осы «و – у» әрібінің үстіне үш нүкте қойылады. «آناو – анау» деген сөзде тек «و – уау» әрібі жазылады;

- «Ұұ» әрібі 2 түрлі. «تورادى – тұрады» деген сөзде «و – уау» әрібі «ұ» дыбысын білдіреді. Кейде бұл әріптің орнына «_ُ дамма – үстіңгі харака «ұ, у, ү» деп дыбысталатын белгі» қойылады;

- «Үү» әрібі 1 түрлі. «جوراك – жүрек» деген сөзде «و – уау» әрібі «ү» дыбысын «اوجون – үшін» деген сөзде «او - әлиф және уау» әріптері бірігіп «ү» дыбысын көрсетеді;

- «Фф» әрібі 1 түрлі. «تفتازالى – Тафтазали» деген сөзде «ف – ф» әрібі жазылады. Бұл әріб кейде «п» әрібінің орнына да жазылады;

- «Хх» әрібі 2 түрлі. Бұл әріп көбінесе араб тілінен келген сөздерде кездеседі. Мысалы: «حضرة – хазірет» деген сөзде «ح – ха» әрібі, «خداى – құдай» деген сөзде «خ – қха» әрібі жазылады;

- «Һһ» әрібі 2 түрлі. Бұл әріп араб тілінен кірген сөздерде көп кездеседі. Мысалы: «ابو هوريرى - Әбу Һүрайра» деген сөзде «هه – һә» әрібі жазылады. Бұнымен бірге «هام هار – һәм, һәр (әр)» деген сөздерде осы әріп пайдаланады;

- «Чч» әрібі кездеспейді. Себебі бұл әріп орыс тілінен және т.б. тілдерден келген кірме сөздерге байланысты болғандықтан қазақ тілінде жоқ дыбыс;

- «Шш» әрібі 2 түрлі. «شريف – Шариф» деген сөзде «ش – шин» әрібі, «اوجون – үшін» деген сөзде «ج – жим» әрібінің астына үш нүкте қойылып жазылады;

- «Ыы» әрібі 3 түрлі. «آيطيسَدى – айтысады» деген сөзде «ы» әрібі 2 рет кездеседі. Бірінші «يي – и» әрібімен, екінші «ى – а немесе и» деп дыбысталатын «әлиф мақсура» әрібімен жазылады. «Ы» әрібі кейде «آيتوبدى – айтыпты» деген сөзде «و – уау» әрібімен жазылады;

- «Іі» әрібі 5 түрлі. «برين برى – бірін бірі» деген сөздерде 3 түрі де кездеседі. «برين – бірін» деген сөзде алғашқы «і» әрібінің орнына «а» әрібі сияқты «_َ фатха – үстіңгі харака, «а, ә» деп дыбысталатын белгі» қойылады, екінші «і» әрібінің орнына «ي – иә, и» әрібі жазылады. «برى – бірі» деген сөзде екінші «і» әрібі «ы» әрібі сияқты «ى – а немесе и» деп дыбысталатын «әлиф мақсура» әрібімен жазылады. «تيمور – Темір» деген сөзде «і» әрібінің орнына «و – уау» әрібі жазылады. «ايجيب – ішіп» деген сөзде «اي - әлиф пен иә» әріптері бірігіп «і» әрібін білдіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет