Көптеген жағдайда мұндай ақауларды механикалық өңдеу арқылы жоюға
болады. Неғұрлым қаптама отырғызылатын беттік қабат тегіс болған сайын
оның сапасы да арта түседі. Бірақта бөлшектерді жуғанда егерде ондағы
тесіктер, сызаттар терең болған сайын механикалық өңдеу мұндай ақаулардан
құтылуға мүмкіндік бермейді.
Нақты литья әдісімен дайындалған күрделі бөлшектерде терең нүктелі
кеуектілік байқалады. Егерде гальваникалық қаптаманы осындай бөлшектерге
отырғызса, олардағы тесіктер мен сызаттарға химиялық еріткіштер еніп, біраз
уақыттан кейін беттік қабатта коррозия өнімдері пайда болып, қаптама
қопарылып, бөлектене бастайды. Мұндай құбылыстар бөлшектерді циандық
электролиттерде кадмилеу және цинктеу кезінде жиі байқалады.
Өндірісте конструктивті материалдар ретінде кеңінен қолданылатын
алюминий, кадмий, титан құймалары, коррозияға берік қалайы, молибден,
вольфрам секілді материалдардың беттік қабатында қалыпты жағдайда тотық
қабықшалары оңай түзілетіндіктен, мұндай материалдардың беттік қабатына
гальваникалық қаптаманы отырғызу түзілген тотық қабықшаларынан
айырылғаннан кейін ғана мүмкін болады. Сондықтанда әрбір металдың және
құйманың беттік қабатын алдын - ала дайындау қажет. Гальваникалық
қаптаманы отырғызу алдында бөлшектің беттік қабатын дайындаудың үш түрі
белгілі.
-
механикалық дайындық
-
химиялық дайындық
-
электрохимиялық дайындық
Механикалық дайындық беттік қабаттың кедір - бұдырлығын азайтады,
сондай-ақ кейбір кемшіліктерді (сызаттар, коррозия өнімдері) жояды. Және
беттік қабатқа металдық жылтырлық береді. Кейбір жағдайда арнайы
механикалық өңдеу көмегімен матирлеу
Достарыңызбен бөлісу: