Т = τ
к
+ τ
а
Катодтық поляризация уақытындағы электролит арқылы өткен тоқ мөлшері,
анодтық поляризация уақытындағы тоқ мөлшерден жоғары болу керек:
I
к
τ
к
˃τ
а
I
а
Осы әдісте электр мөлшерінің жартысы қаптаманың тұну процесіне
жұмсалады. Реверсивті тоқтың әрбір толық периодында беткі жағында металл
қабаты ұлғаяды да, одан әрі біртіндеп ери бастайды.
Осы ерудің арқасында
бұдыр жерлер жазылады. τ
к
:τ
а
- оптималды арақатынасы қаптаманың түріне
байланысты әртүрлі 5:1 немесе 10:1. Поляризацияның айналу периоды
минутына 5-10 есені құрайды.
Анодты өңдеу кезінде электрополирлеу эффектісі катодтық тоқ
тығыздығын жоғарлатады, себебі катодтық поляризация кезінде бөлінген сутегі
анодтағы пассивтік қабыршақты бұзады.
Сонымен, токтың реверсированиясы шекті және пассивтеу ұлғайтудың
арқасында тұну процесін жылдамдатады және қорғаныш қасиеті жоғары
қаптаманы алуды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар
тегіс кеуексіз тұнбаларды
алу үшін реверсивті тоқпен бірге тіке және кері тоқтағы әртүрлі
амплитудалармен сипатталатын ассиметриялы айнымалы тоқ қолданылады.
Электролит температурасы. Температураның жоғарлауымен концентрлі
электролитті қолданады, себебі бастапқы компоненттердің ерігіштігі
жоғарлайды. Сонымен қатар, электролиттің электр
өткізгіштігі өседі және
анодтың пассивациясы төмендейді. Осы факторлардың барлығы жоғары тоқ
тығыздығын қолдануды қажет етеді. Бірақ, температураның жоғарлауынан
диссоциация және диффузия процестері өсіп, тұнбаның катодтық
потенциалының төмендеуіне әкеледі.
Тоқ тығыздығының жоғарлауымен бірге
температураның әсері майда
кристалды
қаптамалардың
түзілуіне
әкеледі.
Сондықтан,
көптеген
электролиттерде температураның жоғарлауы тұну процесінің қарқынды
жүргізуге мүмкіндік береді.
Электролитті араласыру Электротұну процесінде катодтық қабатта, тұнатын
металдың иондары кедейленіп,
жоғары қарай ағады, ал анодтық қабат осы
иондармен байып, төменге қарай аға бастайды. Осының нәтижесінде
электролиттің жіктелуі жүріп, ванна биіктігі бойынша тұну жағдай бірдей
болмайды. Бұл кемшілікті электролитті араластыру арқылы жоюға болады.
Араластырғанда ваннаның барлық көлемінде электролит концентрациясының
теңелуі жүреді.
Тығыз ұсақ кристалды тұнбаны
жоғары температурамен тоқ
тығыздығында және үздіксіз араластыру арқылы алуға болады. Араластыруды
үздіксіз немесе периодты фильтрациямен қоса жүргізеді, себебі ерімеген
бөлшектер конвекционды ағынмен катодта тұнып, сапасыз қаптаманың
түзілуіне әкеп соғады.
Тығыз ауада цианидті және сілтілі электролиттерді
араластыруға
болмайды, себебі ерітінді компонентерімен көмірқышқылының әрекеттесуінен
карбонаттар түзіледі.
Достарыңызбен бөлісу: