Металлдар мен құймалар арқылы электрхимиялық қаптамалар алудың технологиясы



Pdf көрінісі
бет25/64
Дата07.02.2022
өлшемі1,78 Mb.
#83701
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   64
Байланысты:
Все лекции по Гальвантехника

4.5 Желіну және активтеу 
Қоршаған ортаның әсерінен металл бетінде түзілген өнімдерді химиялық 
жолмен желіну арқылы жояды. Түсті және жеңіл металдарды осы жолмен 
өңдесе, өңделген бет жылтырап, теп - тегіс болып, белгілі бір пішін беріп 
тұрады. Желінудің бір түріне қаптаманы қаптар алдында жүргізетін активтеу 
процесін жатқызуға болады. 
 
Желінудің 
арнайы 
қолданылатын 
аймағы 
химиялық 
немесе 
электрохимиялық фрезамен өңдеу, яғни металдың белгілі бір тереңдікке дейін 
тесіліп еруі. Қоршаған ортаның әсерінен түзілген металл бетіндегі тотық қабат, 
қалыңдығы және құрамы бойынша әртекті болады. Оның сыртқы жақ бөлігі 
жоғары оксидтермен байытылған болса, ал ішкі металл бетіне жақын бөлігі 
төмен оксидтермен көмкерілген. 
Күкірт қышқылымен желіну кезіндегі процестерде төмендегі реакциялар 
жүреді: 
FeO+H
2
SO
4
=FeSO
4
+H
2

Fe
2
O
3
+3H
2
SO
4
=Fe
2
(SO
4
)
3
+3H
2

Fe
3
O
4
+4H
2
SO
4
=FeSO
4
+Fe
2
(SO
4
)
3
+4H
2

Fe+H
2
SO
4
=FeSO
4
+H
2
 
Бұл реакцияларда тот қақтардан басқа, қайта желінуге әкеліп соғатын 
темірдің өзімен реакциясы да көрсетілген. Бөлінген атомарлы сутегі металға 
сорбцияланып, материалдың қасиетін нашарлатады, яғни морт сынғыш болып, 
созылғыштық, серпінділік қасиеті төмендейді. Тұз қышқылында жүретін 
желіну процесіне қарағанда, күкірт қышқылында сутегінің бөлінуі жоғары 
дәрежеде жүріп, металға сіңірілуі жоғары болады. Қолайсыз сорбцияланған 
сутегінің әсерін жою үшін желінуден кейін 3 - 4 сағат 200 - 250°С
температурада бұйымды қыздырады. Бірақ, кейде ұзақ қыздырғанмен 
(термоөңдеу) сіңірілген сутегінің десорбциясын толық жүзеге асыру мүмкін 
болмайды, сондықтан қолайсыз реакциялардың жүруін шектейтін жағдайлар 
жасалу қажет. Осыған байланысты желіну ерітінділеріне коррозия 


ингибиторларын енгізеді, олар тұздар мен органикалық қосылыстар болып 
табылады. Күкірт қышқылды ерітіндіге аз мөлшерде натрий хлоридін қосса, 
оксидтердің еру жылдамдығы жоғарылайды және сутегінің бөлінуі тежеледі. 
Металл бетіне жақсы адсорбциялануымен байланысты, ең тиімді әсерді 
органикалық ингибиторлар атқарады. Тұз қышқылы үшін катапин, ПБ-5, БА-
6, И-1-А, И-1-В, КПИ ұсынуға болады, ал күкірт қышқылы үшін ЧМ, БА-6,
уротропинді алуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет