І-нұсқа
Оқу мақсаты
|
2.1.3.1Тыңдаған материалдың (ұзақтығы 1-1,5 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және оған сәйкес фото/сюжетті суреттер/сызбалар таңдау/сипаттау
2.2.2.1 Сюжетті сурет негізінде сөйлеу (2-3 сөйлем)
|
Мәтінді тыңда. Тапсырмаларды орында.
Мен досыммен ауылдың қасындағы орманға бардым. Күн ашық. Біз орманда серуендедік. Әртүрлі жануарлар мен құстарды көрдік.
Бір кезде аспанда қара бұлттар пайда болды. Содан соң қатты жаңбыр жауды. Біз ағаштың астына тығылдық.
Жаңбыр басылды. Аспанға кемпірқосақ шықты. Біз оған қызыға қарадық.
1) Балалар қайда барды?
А) тауға
В) қалаға
С) ауылға
D) орманға
2) Ауа райы қалай өзгерді? Мәтінге сәйкес келетін суреттерді белгіле
Тірек сөздерді пайдаланып, берілген сурет бойынша әңгіме құрастырып айт.
Тірек сөздер: ауа райы, далада серуендеу, күн ашық, жел, қалпақ, ұшырды
ІІ-нұсқа
Оқу мақсаты
|
2.1.3.1Тыңдаған материалдың (ұзақтығы 1-1,5 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және оған сәйкес фото/сюжетті суреттер/сызбалар таңдау/сипаттау
2.2.2.1 Сюжетті сурет негізінде сөйлеу (2-3 сөйлем)
|
1.Мәтінді тыңда. Тапсырмаларды орында.
Бір күні арыстан тоғайда ұйықтап жатады. Бір тышқан оның үстіне шығып алып, ойнай бастайды. Арыстан оянып кетеді. Ол тышқанды ұстап алады. Тышқан оған: - Кешіріңізші. Бір күні мен де сізге көмектесемін ғой, - дейді. Арыстан оның сөзіне күледі. - Сен маған қалай көмектесесің? Өзің кіп-кішкентайсың, - деп тышқанды босатып жібереді. Бірде арыстан торға түсіп қалады. Одан шығу үшін бар күшімен секіреді. Бірақ тордан шыға алмай, ашуланып ақыра бастайды.
Сұрақтарға жауап бер.
1) Арыстан тордан қалай босанды?
Кестедегі сөйлемдерді оқы. Осы іс-әрекетті жасаған кейіпкерді жаз.
Ол ұйқысынан ашулы оянды.
|
Досын тордан босатты.
|
|
|
2.Тірек сөздерді пайдаланып, берілген сурет бойынша әңгіме құрастырып айт.
Тірек сөздер:оянды, ұстап алды, жіберді,торға түсіп қалды,арыстанды көрді
Достарыңызбен бөлісу: |