28
анықтағандарын және одан басқа
кері
азимуттың болатынын хабарлайды.
Сондай-ақ кері азимуттың мәнін түсіндіріп, оны анықтау тәртібін көрсетеді.
Сабақты қорытындылай келе, берілген магнитті азимут бойынша
жергілікті жердің бағытын анықтауды қарастырады. Бұл сұрақты қарастырған
кезде, оқытушы жоғарыда айтылған әдістемені қолданады.
Жергілікті жерде бағдарлаудың қазіргі заманғы құралдары.
Сабаққа
дайындалған кезде слайдтарды немесе плакаттарды даярлап қою керек.
Сабақты бастаған кезде оқушыларға жергілікті жерде бағдарлау бойынша
бұрын мазмұндалған тәсілдердің қарапайым және сенімді екендігін айту керек.
Алайда ғылым мен заманауи технологиялардың жетістіктері Қарулы Күштерде
кеңінен қолдануға мүмкіндік береді. Ол жүктелген тапсырмаларды көп уақыт
жұмсамай, аса дәлдікпен және тиімді шешуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар,
бағдарлаудың қазіргі заманғы құралдары сан-алуан қызмет атқара алады.
Алайда олар электрлі-магнитті толқындарды қолдану арқылы жұмыс істейді
және радиобелсенді құрлығылар арқылы істен шығып қалуы да мүмкін. Ондай
жағдайда компаспен жұмыс істеуге тура келеді.
«Жергілікті жерде бағдарлауға арналған заманауи дербес құралдар»
тақырыбындағы
Достарыңызбен бөлісу: