Методические указания Форма ф со пгу 18. 2/05



Дата15.09.2017
өлшемі240,72 Kb.
#32367
түріМетодические указания
Методические указания Форма

Ф СО ПГУ 7.18.2/05



Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Қазақ филологиясы кафедрасы

«Стилистика және тіл мәдениеті» пәні бойынша 050205-«Филология: қазақ филологиясы» мамандығына курс жұмысына арналған


Әдістемелік нұсқау

Павлодар 2009



Лист утверждения к Форма

методическим указаниям Ф СО ПГУ 7.18.1/05


БЕКІТЕМІН


ФЖиӨ факультетінің деканы _____________ Ж.Т.Сарбалаев

«___»_____________2009 ж

Құрастырушы: ф.ғ.к., доцент Г.Т.Кәріпжанова

Қазақ филологиясы кафедрасы




Әдістемелік нұсқау

Курс жұмыстарына арналған


«Стилистика және тіл мәдениеті» пәні бойынша 050205-«Филология: қазақ филологиясы» мамандығының студенттері үшін

Қазақ филологиясы кафедрасының «___»___2009ж. мәжілісінде ұсынылды.

Хаттама №__


Кафедра меңгерушісі_______________________Н.Қ.Жүсіпов

Филология, журналистика және өнер факультетінің 2009 жылғы «___»_______ әдістемелік кеңесінде мақұлданды. Хаттама №




ӘК төрайымы:________________ Жұманқұлова Е.Н.
МАЗМҰНЫ


  1. Курс жұмысының мақсаты мен міндеті

  2. Курс жұмысының мазмұны

  3. Теориялық сұрақтың тапсырмасы және әдістемелік нұсқау

  4. Әдебиеттер тізімі


Түсінік хат
Стилистика – жоғарғы оқу орындарының қазақ филологиясында көп жылдардан бері пән ретінде оқытылып келеді. Соңғы жылдары стилистика филология факультетінің қазақ бөлімінен басқа да аударма, қазақ-орыс бөлімдерінде де пән ретінде оқылып жүр. Стилистика ғылым саласында тіл білімімен тығыз байланысты, сондықтан да стилистика тілді стильдерге саралайды. Олардың айырым белгілерін даралап, жалпы ұқсас жақтары болса, оның себебін түсіндіреді.

Стилистика тілмен байланысты стиль туралы ғылым болғандықтан, сөйлеу тілі, әдеби жазба тілі, оның әрбір салалары стильдерін қамтиды. Олар: сөйлеу тілі стилі; әдеби жазба тіл стилдері; ресми, іс-қағаздар стилі; ғылыми шығармалар тілі стилі; публицистика (газет-журналдар, көгілдір экран, радио хабарлары) тілі, көркем шығарма тілі стилі , т.б.



Қазақ тілі стилистикасы пәнінің негізгі мақсаты:

Стиль сөйлеу тілі, жазба тілмен байланысты болғандықтан, қарым-қатынас, хабарлау, әсер ету құралы болып саналатын тілдік элементтердің (дыбыс, сөз, сөз тіркестері, екпін, интонация, т.б.) сөйлеу, жазу барысында белгілі бір әдеби нормаға сай дұрыс та әсерлі қолданылуын, көңілдегі көрікті ойдың тіл арқылы айқын да анық жеткізілуін және эмоционалды-экспрессивті бояуы бар амал-тәсілдерді орынды қолданылуы қарастырады.

Қазақ тілі стилистикасы пәнінің негізгі міндеті:


Стилистика пәні сөйлеу, жазу барысында тілдік амал-тәсілдердің сөз жасау, сөздерді түрлендіру, сөздерді тіркестіру, сөйлем құрау амал-тәсілдерінің дұрыс жұмсалуын үйрету.

Қазақ тілі стилистикасы пәнінің құрылысы:

Дәріс оқылады, семинар сабақтары және сонымен бірге осы пәннен дәрістер арасында өздік жұмыстар жүргізіледі. Пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында осы пәннен ғылыми тұрғыда реферат, курстық және дипломдық жұмыстар да жазуға болады.



Студенттер қазақ тілі стилистикасы пәнін оқу барысында

мыналарды білуі керек:


  • ғылыми мәтіндерді ажырата білу, оның кейбір тілдік құралдарын, лексикалық ерекшеліктерін меңгеру;

  • іс-қағаздар стилі бойынша мәтінді ажырата білу;

  • ауызекі және кітаби сөздерді ажырата білу;

  • стилистикалық синонимдердің эмоционалды реңін ажырата білу;

  • белгілі бір көркем шығармадағы орынсыз қолданылған сөздерді тауып, оны түзете білу:

а) қайталанған сөздер;

ә) сөйлемдегі артық қолданылған сөздер;

б) мәні, мағынасы сөйлемдегі ойға қатысты емес сөздер.


  • диалогқа байланысты ауызекі стиль түрінде сөйлем құрастыра білу;

  • әр стиль түрлеріне көркем әдебиеттерден мәтін таңдай білу;

  • мәтіннен көркемдегіш тәсілдерді табу және олардың ойды жеткізудегі ерекшелігін анықтай білу.

Қазақ тілі стилистикасы пәні бойынша мынаған қабілетті болуы тиіс:

  • көркем шығармадағы жазушының өзіндік стилін ажырату;

  • студенттер арасында өтетін мәдени шараларда (диспут, конференция, дискуссия-ойталқы т.б.) сөйлеу мәдениетінде белгілі бір стильді (ғылыми, публицистикалық, ресми, т.б.) қолдану;

  • сөздің қолдану формасын игеру;

  • әр түрлі ағымдағы ақпараттардың сөйлеу тілін игеру;

  • мақала жазудағы студенттің өзіндік стильді қолдану тәсілі;

КУРС ЖҰМЫСЫНЫҢ МІНДЕТІ
Стилистика пәнінен теориялық білім алғаннан кейін, оны күнделікті тәжірибеде қолданылудың маңызы өте зор. Себебі стилистика – сөздердің қолдану заңдылықтарын, олардың экспрессивтік тұрғыдан дұрыс пайдалану принциптерін зерттейтін ғылым. Тіліміздегі сөздерді орынды қолдана білумен бірге дұрыс орналастыра білген жөн, өйткеі орнында тұрмаған сөз жайқалған көк егіннің ортасындағы соя тәрізді болады. Жеке сөз өзінің орны мен сәтін тапқан шақта жаңаша жаңданып кетеді, тіл өзінде бардың ең жақсысын, айқынын, дәлдісін мұқият таңдап алуды және аялап дамытуды қажет етеді. Сонда ғана тіліміздің стилистикалық ресурсы кеңейіп, сөздердің эмоциялық-экспрессивтік бояуы артады.

КУРС ЖҰМЫСЫНЫҢ МАҚСАТЫ

Стилистика пәнінен курс жұмысын жазу үшін студенттерге көркем әдебиет тілін меңгерту мақсатында белгілі бір жазушының шығармасы ұсынылады. Студент шығарма тіліне үңіліп, жазушының не ақынның шығарма жазудағы шеберлігіне, ой айшықтарының орынды қолданылуынан үлгі алады. Көркем шығарманы оқу студенттердің тіл байлығын арттыруға, ойын өрістетуге, көркемдік талғамын ұштауға жәрдемін тигізері сөзсіз. «Қазақ тілі * бай тіл» дейміз, сондықтан қазақ тілін шыңдап сүйген іздену жолында еңбек еткен студентке көркем шығарма тілін білу артық емес, керісінше сөйлеу мәдениетінде тигізер пайдасы мол.



2 КУРС ЖҰМЫСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ТАҢДАЛҒАН НҰСҚАНЫҢ ТАПСЫРМАСЫ

Курс жұмысы екі бөлімнен тұрады:

І Теориялық бөлім

ІІ Тәжірибелік бөлім


КУРС ЖҰМЫСЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:
Таңдап алынған тақырып қалай болса, солай жазылмай, ойды жүйелі бере білуге бағытталуы міндетті.

Курс жұмысы студентті өздігінен тәжірибе жинақтауға үйретеді, сондықтан көп ізденіп жазуды және жауапкершілікпен қарауды талап етеді.

Курс жұмысында мақал-мәтелдерді, би шешендердің қанатты сөздерін қажетіне қарай орынды қолдана білуі міндетті.

Курс жұмысы көздің нұрын алатындай әдемі жазылған болуы тиіс.

Ең жауапты да шешуші кезең бақылау жұмысын жазып, оны сәтті қорғау, ойын жүйелі, нақты жеткізу.

Курс жұмысы 25-30 парақ беттік мәтін болуы керек. Курс жұмысының соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі ережеге сай жазылуы міндетті.

Курс жұмысының толтырылуы талапқа сай болуы шарт.

Курс жұмысы толық жазылып біткен соң, арнайы пән кафедрасына өткізіледі, онда норма бақылаушы оқытушының атына тіркеп, тексеруге оқытушыға табыс етеді.




КУРС ЖҰМЫСЫН ЖАЗУДА БАСТЫ НАЗАРДА БОЛАТЫН МӘСЕЛЕЛЕР:


  1. Жазушының өзіндік стильдік ерекшелігін айқындау

  2. Жазушының сөз қолдану шеберлігін айқындау

  3. Сөзді көркемдеу тәсілдерін таба айқындау, меңгеру

  4. Стильдік қателерді таба білу, оны дәлелдей алу

  5. Жазушының сөз тіркестерін, сөйлемдерді белгілі бір нормаға сай дұрыс та әсерлі қолдануын тина білу

  6. Көңілдегі ойдың тіл арқылы айқын да анық жеткізілуін тани білу

  7. Эмоционалды-экспрессивті бояуы бар амал тәсілдерді орынды да тиімді болуын тани білу


КУРС ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ


Нұсқа бойынша тапсырмалар

(ұсынылатын әдебиеттер)



Әдістемелік нұсқаулар

1.С.Көбеевтің «Қалың мал» романын жазудағы жазушы шеберлігі.
2.Б.Майлин. «Шұғаның белгісі» повесіндегі мезгілдік қабаттардың суреттелуі.
3.М.О.Әуезовтің «Абай жолы» романындағы әйелдер бейнесін сомдаудағы шеберлігі.

ӘДЕБИЕТТЕР:



  1. Майлин Б. шығармалары. 1-5-том. –Алматы: Жазушы, 1986.

  2. Әуезов М. «Абай жолы» романы. –Алматы: Жазушы, 1983.

  3. Көбеев С. «Қалың мал» романы. –Алматы: Жалын, 1986.

  4. Сыздықова Р. Сөздер сөйлейді. –Алматы: Санат, 1994.

Сөйлем құрылымдарының біркелкілігі, диалектілік ерекшеліктер және лексикалық элементтердің қызметі

Шығарманың құрылымда бірнеше мезгілдік шақтың келуі. Әңгімелеу ішіндегі диалог, суреттеулердің ролі. Нәзік лирикалық бояулардың түзілуі.

Синонимдік қатардың түзілуі. Жас ерекшелігіне қарай топтастырылуы.

а) Тоғжан, Әйгерім, Салтанат, …

ә) Ділда, Ұлжан, …


1.«Раушан-коммунист» повесін жазудағы жазушының өз стилінің көрініс табуы.

2.Ғ.Мүсірепов шығармаларындағы жазушының өз ойы қорытындысынан туған мақал-мәтелдер мен қанатты сөздердің түзілуі.

3.Ж.Аймауытовтың «Қартқожа» романындағы тілдік көрініс ереклеіктері.

ӘДЕБИЕТТЕР:



  1. Майлин Б. шығармалары. 1-5 том. –Алматы: Жазушы, 1986.

  2. Мүсірепов Ғ. «Қазақ солдаты», «Оянған өлке» романы. –Алматы: Жазушы, 1986.

  3. Аймауытов Ж. «Қартқожа» романы. –Алматы: Жазушы.

Көп сөзді емес, көбінесе кейіпкерді сөйлетуі. Оқиға құбылысты сырттай баяндамайды, ішкі жағын ашуы.

«Қазақ солдаты», «Оянған өлке» романдарын оқи отыра, мақал-мәтел мен қанатты сөздерге картотека жинап, оның мән-мағынасын ашу.


Тілдік тәсілдер: ауызекі сөйлеу тіліне тән сөздер, сөйлеу орамдары, сөйлем құрылымындағы инверсиялық ауысулар, шылау сөздер, қарапайым сөздер, жалпылама жақты және сұраулы сөйлемдер.

1.Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романының құрылымдық-композициялық ерекшелігі, автордың негізгі арқау болар өз тәсілдері.

2.Ғ.Мүсіреповтің «Оянған өлке» романындағы кейіпкерлер бейнесін сомдаудағы шеберлігі.


3.С.Мұқановтың «Ботагөз» романындағы жазушының стилі, өзіндік ерекшелігі.

ӘДЕБИЕТТЕР:



  1. Аймауытов Ж. «Ақбілек» романы. –Алматы: Жазушы.

  2. Мүсірепов Ғ. Оянған өлке. –Алматы: Жазушы, 1986.

  3. Мұқанов С., Ботагөз. –Алматы: Жазушы, 1989. –480-бет.

Кейіпкердің ішкі жан дүниесі, оқиға құбылысты ішкі жағынан шынайы суреттелуі. Кейіпкер болып ойлау, кейіпкер болып сөйлеу мәнері.
Кейіпкерлердің портретін (бейнесін) беру тәсілдерінің ерекшелігі (бет-әлпет, қимыл қозғалысы т.б.). Синекдоханың (сөздің ауыс сөздің астарлы мағынасының диі қолданылуы).

Романның әр бөлімінің аталу себептері, жазушының сөз қолданысы, өзіндік стилі, мақал-мәтел, фразеологиялық тізбектердің рең бере шебер қолданылуы



1.М.Мұқатаевтің «Райымбек, Райымбек» дастанын жазудағы ақынның тіл қолданысындағы шеберлігі.

2.Ашу түрлерінің көркем әдебиетте түзілуі, қолданылу ерекшелігі.

а) ашу сөзінің бастапқы түрінен даму, биіктеу ретімен берілуі

3.Көркем шығармадағы оттың жануы және түтін түрлерінің түзілуі.

ӘДЕБИЕТТЕР:


  1. Мақатаев М. Райымбек, Райымбек.

  2. Жүсіпов Қ. Көркем сөз құдіреті.

  3. Әуезов М. «Абай жолы» романы.

  4. Нұрпейісов Ә. «Қан мен тер».

  5. Жүсіпов Қ. Көркем сөздің құдіреті. –Павлодар: Павлодар университеті, 2000.

Дастандағы омонимдік, синонимдік, антонимдік қатарлардың түзілуі. Тілдік құралдардың қолданылу өрісі (эпитет, теңеу, метафора т.б.)
а) Қабақ тыржиытп, қырыстанып, қатулану, қайнай сөйлеу, қыстығып, булығып, сызданып, тепсініп, түрлігіп, сызданып, тасрылап, нәрлену, түйіліп, жиырылу т.б.

ә) қызба, морт, дүңк, шадыр, долы, тырысқақ т.б.

а) От жануы: ұшқын, шалу, шарпу, тамызу, тұтану, сыздықтау, лап ету, сытырлау, маздау, лаулау, шоқтану, жайнау т.б.

ә) Түтін сипаты: бықсу, ұйтқу, шалқу, шаншылу, әуелеу т.б.



1.Ә.Нұрпейісовтың «Қан мен тер» трилогиясындағы «қарау» сөзінің контестік қолданысы.
.2.«Қуану» сөздерінің көркем әдебиетте түзілуі.
3.Ғ.Мүсіреповтың «Қазақ солдаты» романындағы достықтың шебер суреттелуі.

ӘДЕБИЕТТЕР:



  1. Нұрпейісов Ә. «Қан мен тер» трилогиясы. –Алматы: Жазушы, 1986.

  2. Әуезов М. «Абай жолы» роман-эпопея, І-ІҮ том. –Алматы: Жазушы, 1979.

  3. Мұстафин Ғ. Дауылдан кейін. –Алматы: Жазушы, 1967.

  4. Мүсірепов Ғ. Қазақ солдаты.

Таңдана қарады, көп көзі шатынай қарады, одырап қарады, сүйсіне қарау, жай қарау, өзгеше бір ықыласпен қарады, анықтап қарау, күлімсірей қарады, сүзіле қарау т.б.

Желпіну, албырау, сілкіну, жадырау, жарқын жүзді болу, қоштану, шаттану, лепіру, тасу, масайрау, насаттану, жайнаңдау, масаттану т.б.

Романдағы халықтар достығын, олардың елге, Отанға, анаға деген сүйіспеншіліктерінің шебер үндесіп суреттелуі (Лейенат Березкин, жауынгер Сарталиев, владимир Толстов, Капитан Ақжаров, Сергей Астахов т.б.)


1.«Ұнату» түрлерінің көркем әдебиетте қолданылу стилі, ерекшелігі.

2.Ғ.Мүсіреповтың әңгімелеріндегі ана бейнесін сомдаудағы жазушы шеберлігі, өзіндік ерекшелігі.


3.Абай поэзиясындағы табиғат құбылыстарының суреттесу шеберлігі.

ӘДЕБИЕТТЕР:



  1. Мүсірепов Ғ. «Қазақ солдаты».

  2. Мүсірепов Ғ. Ер ана, Ақлима, Ашынған ана.

  3. Құнанбаев А. Екі томдық шығармалар жинағы. –Алматы: Жазушы, 1986.

Оң назарын салу, жан тарут, емексу, қалау, жақтыру, құмарту, ынтық болу, сүйсіну, мейірлену, қызығу, емірену, елжіреу, үздігу, үйірілу, тәнті болу, елту, үзілу, еру т.б.

«Ер ана», «ашынған ана», «Ақлима» т.б. әңгімелерін оқи отыра, ана бейнесін ашуда қолданған сөз кестелері:мақал-мәтел, омонимдік, синонимдік қатарлардың түзілуі

«Жаздыгүні шілде болғанда», «Ақ қырау, түсі суық», Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан» т.б.


1.Табиғаттың тылсым күштері. Жаңбыр және жел түрінің көркем шығармада түілуі.

2.Көркем шығармада қардың жауу түрлері, олардың шығармадағы тілдік көрінісі.

3.Қ.Шәкәрім шығармаларындағы фразеологизмдердің түзілуі.

ӘДЕБИЕТТЕР:



  1. Нұрпейісов Ә. «Қан мен тер» трилогиясы. –Алматы: Жазушы, 1986.

  2. Әуезов М. «Абай жолы» роман-эпопея, І-ІҮ том. –Алматы: Жазушы, 1979.

  3. Мұстафин Ғ. Дауылдан кейін. –Алматы: Жазушы, 1967.

  4. Мүсірепов Ғ. Қазақ солдаты.

  5. Шәкәрім Қ. Өлеңдер мен поэмалар. –Алматы: Жалын, 1988. –256 бет.

а) Жауын түрлері: сіркіреу, бүрку, себелеу, сылбыр жауын, шүмектеу, нөсер, сытырлау, сатырлау т.б.

ә) Жел түрлері: ызғар, азынау, үлеу, суылдау, ұйтқу, кеулеу, сумаңдау, ызыңдау т.б.

а) Қардың жауу түрлері: жапалақ қар, қалың сіреу қар, шыныланған қатқыл қар, үлбіреп, сылбырап жауып тұрған ақша қар, қиыршық қар т.б.

Тілімізге бейнелі, мәнерлі рең берудегі фразеологизмдердің стильдік әсері.



1.Саттар Ерубаев – шебер прозашы («Менің құрдастарым» романы бойынша).

-

2.«Күлкі» сөзінің көркем әдебиеттегі контекстік қоднаысы.



3.М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» дастанын жазудағы ақынның шеберлігі.

ӘДЕБИЕТТЕР:



  1. Ерубаев М. Менің құрдастарым. –Алматы: Жалын, 1979.

  2. Нұрпейісов Ә. «Қан мен тер» трилогиясы. –Алматы: Жазушы, 1986.

  3. Мақатаев М. Аққулар ұйықтағанда. –Алматы: Атамұра, 2002. 221-231 бб.

Романда Қарағандының өткенімен бүгіні, Рахмет образы арқылы өмірдің әр белесіндегі кейіпкер күйі, Лизаның еңбек майданындағы күрегі, Рахмет пен Лизаның достығы т.б. мәселелердің шебер суреттелуі

а) Селкілдеп күлу, әзіл-күлкі аралас, әсем күлкі, шек-сілесі қату, қарқылдап күлу, жас аққанша күлу, сүйсініп күлу, мырс етіп күлу, тұмшаланып күлу, сақ-сақ күлу

ә) күлкінің ерні кезерді, күлім қақты, күлкі болды, күлкіге айналдырды

а) Аққудың мүсінін кескіндеген сөздер;

ә) Аққу үнінің ерекшелігін бейнелейтін сөздер;

б) Оқ тиген аққудың мүшкін халін өрнектеген детальдар

в) жаралы аққудың жанталасуы кеіндегі аяныш сезімінің берілуі т.б.


1.Көркем шығармаларда кездесу-келісім түрлерінің түзілуі.

2.М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» дастанында көріктеуіш сөздерді қолдану шеберлігі.

3.«Көкшетау» поэмасында ақынның портрет жасаудағы тіл шеберлігі, стилі.

ӘДЕБИЕТТЕР:



  1. Жұмабаев М. Шығармалар жинағы. І-ІІ том. –Алматы: Жазушы, 1986.

  2. Сейфуллин С. Поэмалар мен пьесалар. –Алматы: Жазушы, 1987.

а) Кездесу: ұшырасу, кез болу, тап болу, орайласу, жолығу, тоғысу, қауышу

ә) Келісім: бітімге келу, жығылу, сөзді пісіру, сөз байласу, мәмілеге келу т.б.



  1. Ұтымды теңеулер: ашуы жауған қардай, шөккен нардай т.б.

  2. Метафораны: наркескен, өрттей ескен, қайтпас болат т.б.

  3. Метонимия: күңіреніп жолбарыстай, көкжал

Оралған аш беліне, қап-қара қарлығаштың қанатындай, аш белі көк шыбықтай солқылдайды, қолаң шаш бейне жібек толқындайды.

Қара сұр, ұзын бойлы, емес талпақ, денесі көк құрыштай, өрдеш-малқақ, қыр мұрын, қарагер көз, қара мұртты…



1.І.Жансүгіровтың «Құлагер» дастанының көркемдік ерекшелігі, ақынның сөз қолдану шеберлігі.

2.Көркем шығармалардағы «тез» ұғымын берерлік сөздердің қолданылу өрісі

3.«Абай жолы» романында сыйлау-құрметтеу түрлерін қолданудағы жазушының тіл шеберлігі.

ӘДЕБИЕТТЕР:



  1. Жансүгіров І. Поэмалар. –Алматы: Жазушы, 1987. –344б.

  2. Әуезов М. Абай жолы. –Алматы: Жазушы, 1983.

  1. Табиғат сұлулығын суреттеуі

  2. Ат жарысы

  3. Бұлақтың суалуы, ағаштың құлауы, орны толмас апат

  4. Атақты ат білгірі, бапкері Күреңбай сыншының Құлагерге берген бағасы т.б.

Тез: дереу, табанда, жалма-жан, шапшаң, заматта, ілезде, іле-шала, шұғыл жедел, жөпелдемеде, суыт т.б.

Тездету: үсті-үстіне, сып беру, зыр ету, жиілету т.б.



Әдеп сақтау, ізет көрсету, елпілдеу, иба тұту, инабат көрсету, жік-жапар болу, жалпылдау, иілу, елбеңдеу, далақтау, жнаы қалмау, баптау, қошаметтеу, қадірлеу, бәйек болу, аялау, мәпелеу, әлпештеу, әз тұту т.б.


ПӘН БОЙЫНША СТУДЕНТ БІЛІМІН ПЫСЫҚТАУ СҰРАҚТАРЫ


  1. Ғылыми стиль, оның ғылым саласында қолдану ерекшілігі

  2. Синтаксистік құрылыс және стильдер жүйесі

  3. Кітаби-жазба стильдері және оның түрлері

  4. Стилистика және оның жалпы халықтық тіліне қатысы

  5. Омонимнің көркем шығармада қолдану стилі

  6. Диалектизмдер, кәсіби сөздердің көркем әдебиетте қолдану стилі

  7. Шендестіру, оксюлоран, анафора, эпифораның көркем әдебиетте қолдану стилі

  8. Бейтарап лексика және оның салалары

  9. Морфолгиялық құрылыстың негізгі стильдік белгілері

  10. Сөз және оның мағынасы, метафораның көркем әдебиетте қолдану стилі

  11. Жалпы халықтық тіл және оның формалары

  12. Сөздің көп мағыналығы және омоним, олардың ерекшеліктері

  13. Поэзияда қуану түрлерінің қолдану стилі

  14. Ашу түрлерінің көркем әдебиетте түзілуі

  15. М.Мақатаевтың «Райымбек, Райымбек» дастанындағы «қара» сөзінің қолданудағы ақынның өзіндік шеберлігі, стилі

  16. Қаламыздағы қазақша жарнамалардың тілі, стилі

  17. «Қартқожа» романының көркемдік ерекшелігі, жазушының стилі

  18. Фразеологиялық единицалардың эмоционалды-экспрессивтік бояуы, оның көркем әдебиетте қолдануы

  19. «Сарыарқа самалы» газетінің стилі

  20. Синонимдердің көркем әдебиет стилінде қолданылуы

  21. Мағжан поэзиясындағы көркемдеуіш құралдарының қолдану стилі

  22. Әдеби тіл және оның нормасы

  23. Сөйлеу тілінің лексикасы және оған жататын сөздер

  24. Публицистикалық стиль, оған қойылатын талаптар

  25. Қазақ тілінің стилистикасы пәні, оның негізгі міндеті мен мақсаты

  26. Б.Майлин шығармаларындағы сөз қайталау тәсілінің қолдану ерекшелігі

  27. Фразеологизмдердің стилистикалық қызметі, тілімізге бейнелі, мәнерлі рең берудегі маңызы

  28. Тұрақты сөз тіркестерінің көркем әдебиетте қолдану стилі

  29. Стиль түрлерін топтастырудағы ғалымдар көзқарасы, пікірлер

  30. Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романының көркемдік ерекшілігі, жазушының стилі

  31. «Қазақ солдпты» романын жазужағы жазушының стилі, сөз қолданысы

  32. Абай өлеңдерінің тілі, стилі («Өлең – сөздің патшасы, сөз - сарасы» т.б.)

  33. Ы. Алтынсарин өлеңдерінің тілі, стилі, идеясы («Өнер-білім бар жұрттар» т.б.)

  34. «Абай жолы» романындағы мақал-мәтелдердің түзілуі, жазушы шеберлігі, стилі

  35. Қ.Мырзалиев поэзиясындағы табиғат сырларын суреттеу стилі

  36. Фразеологизмдердің экспрессивті стильдік қасиетіне қарай топтастырылуы

  37. Бейтарап қолданылатын фразеологизмдер

  38. Сөйлеу тілінің фразеологиясы

  39. Фразеологизмдерді қолданудың стилистикалық тәсілдері

  40. Фразеологизмдердің жалпы халықтық формада қолданылуы

  41. Грамматикалық стилистика туралы түсінік

  42. Морфологиялық құрылыстық негізгі стильдік белгілері

  43. Морфологиялық тұлғалардың жеке стиль түрлеріне қатысы

  44. Экспериссивті-эмоционалдық лексика жасайтын кейбір морфологиялық тұлғаллар

  45. Есімдіктедің қолданылуы

  46. Етістік тұлғаларының қолданылуы

  47. Етістіктің шақтық тұлғалары

  48. Синтаксистік стилистиканың қызметі

  49. Синтаксистік құрылыс және стильдер жүйесі

  50. Экспериссвтілікті білдірудің синтаксистік тәсілдері



ҰСЫНЫЛАТЫН ӘдебиетТЕР
Негізгі:

  1. Томанов М., Манасбаев Б., Балақаев М., Жанпейісов Е. Қазақ тілінің стилистикасы. – Алматы.:Атамұра, 1999. – 240 бет.

  2. Шалабай Б. Көркем әдебиет стилистикасы. – Алматы.: Ы. Алтынсарин атындағы қазақтың Білім академиясының Республикасық баспа кабинеті, 1999 - 190 бет.

  3. Мәшһүр-Жүсіптегі Қ. Көркем әдебиет тілін меңгерту мәселесі. «Сарыарқа самалы» газеті, 2004.

  4. Сыдиқов Қ. Көркемдік өрнектер.- Алматы: Рауан ,1992 – 30 бет .

  5. Майлин Б. Шыгармалары , 1-5 том , - Алматы : Жазушы , 1986 .

  6. Нурпейісов. «Қан мен тер» трилогиясы, Алматы: Жазушы, 1985.

  7. Көбеев С. «Қалың мал» романы. Алматы: Жалын, 1986.

  8. Мақатаев М. II том шығармаларының төрт томдық жинағы.- Алматы: Жалын баспасы, 2001.

  9. Жұмабаев М. Шығармалар жинағы. I-II том.- Алматы: Жазушы, 1986.

  10. Әуезов М. «Абай жолы» роман-эпопея. I-IV том.- Алматы: Жазушы, 1979.

  11. Қазақ тілі мен әдебиеті, № 1, 2003, 44 бет

Қосымша:

  1. Уалиев Н. Көркем әдебиет тіліндегі стильдік контраст. Жинақ. Жазушы сөз мәдениеті. – Алматы.: Өнер, 1998. – 80 бет.

  2. Мұстафин Ғ. Ой мен тіл – кітап. – Алматы.: Әділет, 1997. – 120 бет.

  3. Байтұрсынов А. Таңдалы шығармашылығы. – Алматы.: Мұралық, 1997. – 196 бет.

  4. Сулименко Н. Стилистические ошибки и пути их устранения. – Л.: Издательство, 1996. – 266 бет.

  5. Қосымова Г. Қазақ эпосындағы тұрақты сөз тіркестері.- Алматы: Рауан, 1997- 62 бет.

  6. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – Алматы : Мұралық, 1999.- 340 бет.

  7. Нұрмұқанов Х. Сөз және шеберлік. – Алматы.: Жалын, 2000. – 220 бет.

  8. Исаев С. Мерзімді баспа сөзде ұшырасатын стильдік қате туралы. Тіл мәдениеті және баспа сөз. – Алматы.: Жалын, 2001. – 358 бет.

  9. Хасанова С. Қос сөздердің стильдік қисындары. Қазақ филологиясы – Алматы.: Әділет, 1999. – 450 бет.

  10. Қожахметова Х. Көркем әдебиеттегі тілдік ерекшелік. – Алматы.: Мектеп, 1999. - 396 бет.

  11. Мұсабекова Ф. Қазақ тіліндегі зат есім стилистикасы.- Алматы: Мектеп, 1976-59 бет.

  12. Жапаров А. Қазақ тілі стилистикасын оқыту методикасының негіздері.- Алматы: Қазақ университеті, 1991- 77 бет.

  13. Өмірәлиев Қ. Қазақ поэзиясының жанры және стилі.- Алматы: Ғылым баспасы, 1983- 69 бет.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет