Методическое письмо ǀ 2018-2019 учебный год


-сыныптарға ұсынылған бақылау жұмыстарының нормалары



бет18/47
Дата31.12.2019
өлшемі5.98 Mb.
түріИнструктивно-методическое письмо
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   47

9 -сыныптарға ұсынылған бақылау жұмыстарының нормалары

Оқу жылы бойы алған білім деңгейлерін анықтау мақсатында 5 бақылау жұмысын өткізуді ұсынамыз.



  • Бастапқы бақылау жұмысы (тест). Алынатын бұл жұмыс түрі былтырғы оқу жылындағы алған білім деңгейлерін тексеру мақсатын қарастырады және тест тапсырмасының 20 сұрағы лексика-грамматикалық тақырыптарды қамтиды. 10 сұрақ мәтін бойынша берілетін сұрақтар (9-сынып 90-100 сөзден тұрады). Барлық тест сұрақтары - 20, жауап нұсқаларының саны-5. Бұл жұмыстүрін қорытынды аттестаттау жүйесі бойынша бағалау ұсынылады. «5» деген баға 33-40 балл, «4» деген баға – 25-32, «3» деген баға – 9-24 балл. «2» деген баға қоймауды ұсынамыз. Себебі, оқушының оқу жылының бірінші күнінен бастап пәнге деген қызығушылығы мен ішкі уәжі жоғалады.

1 бақылау жұмысы- І оқу тоқсанының қорытындысы бойынша алынады. Бұл бақылау жұмысы І тоқсан бойынша өтілген барлық тақырыптарды қамтиды. 20 сұрақ лексика – грамматикалық тақырыптар бойынша, 10 сұрақ аудиотыңдалым бойынша (мәтін тыңдалады, тыңдалған мәтін бойынша тест түріндегі сұраққа жауап береді), 10 сұрақ оқылым бойынша алынады. Бұл жұмыс түрін қорытынды аттестаттау жүйесі бойынша бағалауды ұсынамыз. «5» деген баға – 33-40 балл, «4» деген баға – 25-32, «3» деген баға – 9-24, «2» деген баға – 0-8 балл.

2 бақылау жұмысы- ІІ оқу тоқсанының қорытындысы бойынша алынады. Бұл бақылау жұмысы ІІ тоқсан бойынша өтілген барлық тақырыптарды қамтиды. 20 сұрақ лексика – грамматикалық тақырыптар бойынша, 10 сұрақ аудиотыңдалым бойынша, 10 сұрақ оқылым бойынша алынады. Бұл жұмыс түрін қорытынды аттестаттау жүйесі бойынша бағалауды ұсынамыз. «5» деген баға – 33-40 балл, «4» деген баға – 25-32, «3» деген баға – 9-24, «2» деген баға – 0-8балл.

3 бақылау жұмысы- ІІІ оқу тоқсанының қорытындысы бойынша алынады. Бұл бақылау жұмысы ІІІ тоқсан бойынша өтілген барлық тақырыптарды қамтиды. 20 сұрақ лексика – грамматикалық тақырыптар бойынша, 10 сұрақ аудиотыңдалым бойынша, 10 сұрақ оқылым бойынша алынады. Бұл жұмыс түрін қорытынды аттестаттау жүйесі бойынша бағалауды ұсынамыз. «5» деген баға – 33-40 балл, «4» деген баға – 25-32, «3» деген баға – 9-24, «2» деген баға – 0-8 балл.

4 Жылдық бақылау жұмысы (тест) – оқу жылының қорытындысыбойынша алынады. Алынатын бұл жұмыс түрі жыл бойы алған білім деңгейлерін тексеру мақсатын қарастырады және тесттің 15 сұрағы лексико- грамматикалық тақырыптарды қамтиды. 10 сұрақ мәтін бойынша берілетін сұрақтар (2 мәтін беріледі. 9-сынып 90-100 сөзден тұрады) . Барлық тест сұрақтары - 25, жауап нұсқаларының саны - 5. Бұл жұмыс түрін қорытынды аттестаттау жүйесі бойынша бағалау ұсынылады. «5» деген баға



    1. 33-40 балл,«4»деген баға – 25-32, «3» деген баға – 9-24, «2» деген баға – 0-8 балл.

Ескерту. Әр сынып бойынша алынатын бақылау жұмыстарының, сөйлесім әрекеті түрлері бойынша тапсырмаларының, тест тапсырмаларының мазмұнымен құрылымын пән мұғалімдері бағдарламалық материалдарға сәйкес сөздері құрастырады.

Негізгі орта білім беру деңгейінің оқу бағдарламалары Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының сайтында орналастырылған (https://www.nao.kz/Білім беруді оқу-әдістемелік қамтамасыз ету/ Оқу бағдарламалары./ 11-жылдық мектептің негізгі орта білім беру оқу бағдарламалары (қазақ тілі мен әдебиеті)

Оқушының қабілеті мен икем дағдыларын қалыптастырып, әрі қарай дамытуда сыныптан тыс жұмыстардың алатын орны ерекше. Оқыту қазақ тілді емес мектептерде«Қазақ тілі» пәнінен сабақтан және сыныптан тыс іс-шараларды ұйымдастыруда келесе мерекелерді ескеру ұсынылады:



22 наурыз – Наурыз мейрамы;

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесі;

7 мамыр – Отан қоғаушылар күні;

4 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні;

6 шілде – Астана күні;

30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні;

22 қыркүйек – Қазақстан халықтарының тілдері күні;

1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні;

16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні.
Оқыту қазақ тілді емес мектептердегі «Қазақ тілі» пәнінің мұғалімдеріне қосымша материалдар алу үшін ұсынылатынсайттар:

  • nao.kz(Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ресми айты);

u-s.kz(Ұстаздар сайты);

ustaz.kz(Ашық сабақтар сайты);

testent.ru/news/uroki(Урокиказахскогоязыкаврусской школе);

sabak.ucoz.org/news(Сайт творческих учителей Казахстана);

plani.kz(«Планы.kz» планирование для учителей Казахстана);

agartu.com(«Просвещение"-казахстанский педагогический интернет журнал);


testent.ru(Сайт для подготовки к ЕНТ и КТ 2015 – Образовательный сайт);

obrazovanie(Каталог Казахстанских ресурсов);

abiturient.kz(Сайт о современном образовании в Казахстане).

«Казахская литература» для школ с русским/ узбекским/ уйгурским/ таджикским языком обучения

9-сыныптарда оқу процесі ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 03 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген (ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 393 бұйрығымен өзгерістермен толықтырулар енгізілген) «Негізгі орта білім беру деңгейінің «Қазақ әдебиеті» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасымен жүзеге асырылады.


Оқу жүктемесінің көлемі:


оқыту орыс тілінде жүргізілетін мектептерде:

9-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;

оқыту орыс, ұйғыр, өзбек, тәжік тілдерінде жүргізілетін мектептерде:

9-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында –34 сағат.

Әрбір тоқсанда алынатын жазба жұмысының (шығарма, мазмұндама) саны сол сыныптағы апталық сағат санымен сәйкес келуі керек.

(https://www.nao.kz /Білім беруді оқу-әдістемелік қамтамасыз ету/ Оқу бағдарламалары./Негізгі орта білім беру деңгейінің жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламалары «Казахский язык» для школ с русским/ узбекским/ уйгурским/ таджикским языком обучени)

Жазба жұмысын ұйымдастыру барысында қай жастағы және қандай деңгейдегі балалардың жасына сәйкес келетінін түсіндіру. Мұғалімнің жетекшілігімен жүретін жазылым сабақтары тиісті деңгейге сәйкес жүргізілуі керек, яғни бұл тапсырма оқушы өз бетінше еркін жаза алатын деңгейден гөрі күрделі болуы керек.

33-кесте – Жазба жұмысы мен сыныптан тыс оқу




Сыныптар

Жазба жұмыстар

түрлері


Оқу тоқсандары

Барлығы

І

ІІ

ІІІ

ІҮ

9

Шығарма

1

1

1

1

4






Сыныптан тыс жұмыс

1

1

1

1

4




Барлығы:

2

2

2

2

8

Мазмұндамаоқушының өз ана тілі мен әдебиетінен алған білімін тексерудің негізгі нысандарының бірі. Мазмұндама арқылы баланың өз ойын жазбаша жүйелі баяндай білу қабілеті мен тіл байлығы, сауаттылық деңгейі айқын көрінеді.


34-кесте – Мазмұндама мәтінінің көлемі


Сыныптар

Мәтін көлемі

9

300-350 сөз

35-кесте.Мазмұндама мәтінінің шартты белгілері




Шарттыбелгілер

Белгілер

Нені білдіреді?

/

емле қатесі белгіленеді

V

тыныс белгісінен кеткен қате

Z

абзац керек деген белгі

Z

артық қойылған абзац

?

екі ұшты, осы сөйлемді ойлан деген белгі

?!

пікірді немесе фактіні бұрмалаудан кеткен кемшілік

!

осы жерге ерекше көңіл аудар

~ ~

ауыстыруды керек ететін, бірнеше қайталанған

сөздер мен сөйлемдер



...

стильдік жағынан дұрыс құрылмаған, жөндеп

жаз деген белгі



...

сөз қалдырып кетсе, түсініксіз сөйлемдерді белгілейді

Шығармамен мазмұндаманы бағалау. Оқушы шығармасын тексеру, бағалау негізінен бес салаға бөлініп қарастырылады:

1) мазмұндылығы мен идеялылығы;

2) ой-пікірдің жүйелілігі;

3) стилі;

4) грамматикалық сауаттылығы;

5) әдеби материалдарды пайдалануы.

Бұлардың қай-қайсысыда оқушы білімін бағалауда маңызды. Оқушылардың тақырыпты аша білу және стильге сәйкес тілдік құралдарды пайдалана алу дағдысы; тілдік нормалар мен сауатты жазу ережелерінің сақталуы; ой-пікірдің жүйелілігі, шығарманың тақырыпқа сәйкестігі, әрбір бөлімнің мөлшері мен пікір ұтымдылығы; тақырыпты ашуға байланысты сөз қолданысы, бір сөзді бірнеше рет қайталамауы, дәйексөзді ұтымды қолдана білуі; алынған әдеби материалдарының, дәлелдерінің нақтылығы, тақырыпты ашуда тиімді қолдануы бағалауда ескерілу ұсынылады.

Шығарма мен мазмұндама екі бағамен бағаланады:

Бірінші баға – мазмұны мен тіл шеберлігіне (көркем тілмен жеткізілуі) қойылса, екінші баға – сауаттылығына, яғни, орфографиялық, пунктуациялық және тілдік нормалардың сақталуына қойылады. Баға дәптердің сол жақ шетіне қойылады.

Бақылау жұмысының бағасы жазба жұмысы өткізілген күнгі журналдағы бағанға қойылады.


Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   47




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет