Методическое письмо ǀ 2018-2019 учебный год


«Казахский язык» для школ с русским/узбекским/уйгурским/ таджикским языком обучения



бет21/47
Дата31.12.2019
өлшемі5,98 Mb.
түріИнструктивно-методическое письмо
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   47

«Казахский язык» для школ с русским/узбекским/уйгурским/ таджикским языком обучения.


«Қазақ тілі» пәнін қазақ тілді емес мектептерде оқыту негізгі және орта деңгейлер бойынша қазақ тілін қатысымдық тұрғыдан меңгерту, оқушыны өз ойын айқын, түсінікті жеткізуге үйрету, коммуникативтік қабілеті дамыған дара тұлғаның дамуына мүмкіндік жасауға негізделген.

«Балабақша-мектеп-колледж-жоғары-оқу орны» жүйесіндегі мемлекеттік тілді деңгейлік үздіксіз оқыту стандартына (бұдан әрі -Стандарт) сай мемлекеттік тілді деңгейлік оқытудың сатылары жіктелді (45-кесте):


45-кесте – ҚР үздіксіз білім беру жүйесінде мемлекеттік тілді деңгейлік оқытудың сатылары


Үздіксіз білім берудің сатысы

Сыныбы

Деңгейлер

Игерім атаулары

Жоғары сынып

10

В1+

ортадан жоғары

деңгей


В1.2 Тереңдетіле қалыптасқан

толық игерім



11

В1+ Тереңдетіле қалыптасқан

жетік игерім



Стандартта Еуропалық деңгейлер жүйесіне сәйкес қазақстандық әдістемеші-ғалымдар қазақ тілін үйрету үшін алты деңгейді ұстанады. Ол деңгейлер жүйесі А1, А2, В1, В2, С1, С2 деп аталатын үш ірі деңгейден тұрады (40-кесте).
46-кесте – Тілді білу деңгейлерінің жіктелуі


Қарапайым деңгей

А1 Бастапқы игерім

Негізгі деңгей

А2 Қалыптасу қарсаңындағы игерім

Орта деңгей

В1 Қалыптасқан игерім

Ортадан жоғары деңгей

В1+ Тереңдетіле қалыптасқан игерім

Жоғары деңгей

В2 Ілгерілей қалыптасқан игерім

Жетік деңгей

В2+ Тереңдетіле, ілгерілей қалыптасқан игерім,

С1 Кәсіби игерім


Стандартта ҚР жалпы білім беретін қазақ тілді емес мектептерде «Қазақ тілі» пәні бойынша оқушылардың қазақ тілін білу деңгейлері мен сөйлеу дағдыларына қойылатын өлшемдер де көрсетілген (47-кесте).


47-кесте – Қазақ тілін білу деңгейлері мен сөйлеу дағдыларына қойылатын өлшемдер


Аталымдар мен өлшемдер

Тілді меңгеру деңгейлері

Ортадан жоғары деңгей (В1+ В2)

Тілдік деңгейлер бойынша игерім кодтары

В1.2

В1+

Тілдік деңгейлер бойынша игерім атаулары

Тереңдетіле

қалыптасқан толық игерім



Тереңдетіле

қалыптасқан жетік игерім



Сыныптар

10-сынып

11-сынып

Оқушы меңгеруі тиіс лексикалық минимум

130-150

130-150

Барлығы:

480-500 сөз (1-11 сыныптарда меңгерілетін жалпы сөз саны 1500-1550 сөз)

Бір минутта оқуға тиісті

сөздердің (шартты) мөлшері



100-120

100-120






Тыңдаған/оқыған мәтінді

мазмұндаудағы сөз саны



60-70

70-80




Айтылымдағы сөз саны

80-90

90-100

Жазбаша мәтін құраудағы сөз саны

100-120

120-150

Тілдесімдегі үнқатым (реплика) саны

11-12

12-13

10-11-сыныптарда оқу процесі ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 03 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген (ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 393 бұйрығымен өзгерістермен толықтырулар енгізілген) :

жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптары үшін «Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілінде емес) пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы;

жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптары үшін «Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілінде емес) пәнінен үлгілік оқу бағдарламасымен жүзегеасырылады.

«Қазақстан Республикасы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2013 жылғы 27 қарашадағы №471 бұйрығына сәйкес «Қазақ тілі» пәні оқу жүктемесінің көлемі:

оқыту орыс тілді мектептерде:

– қоғамдық-гуманитарлық бағытында:оқыту орыс тілді мектептерде:

10-сынып – аптасына 4 сағат, оқу жылында – 136 сағат; 11-сынып – аптасына 4 сағат, оқу жылында – 136 сағат; оқыту ұйғыр, өзбек, тәжік тілді мектептерде:

10-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат;

11-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат;

жаратылыстану-математикалық бағытында: оқыту орыс тілді мектептерде:



10-сынып – аптасына 4 сағат, оқу жылында – 136 сағат; 11-сынып – аптасына 4 сағат, оқу жылында – 136 сағат; оқыту ұйғыр, өзбек, тәжік тілді мектептерде:

10-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат;

11-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат.

Әрбір тоқсанда алынатын бақылау жұмысының (тест, бақылау жұмысы) саны сол сыныптағы апталық сағат санымен сәйкес келуі керек.

Әрбір мұғалім қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында бақылау жұмыстарын алып, тіл дамыту сабақтарын шығармашылықпен жүргізіп, дұрыс ұйымдастыра білуде ең негізгі мәселенің бірі – оқушының жас ерекшелігі мен білім қорына байланысты бақылау жұмысын алудың міндеті мен көлемін анықтау болып табылады. Мұғалім сол міндет пен көлемге байланысты бақылау жұмысының түрін, көлемін, оның әдіс-тәсілдерін белгілейді,анықтайды.

Ескерту. Әр сынып бойынша алынатын бақылау жұмыстарының, тест тапсырмаларының мазмұны мен құрылымын пән мұғалімдері бағдарламалық материалдарға сәйкес өздері құрастырады (48-кесте).
48-кесте – Қазақ тілінен бақылау жұмыстарының саны


Сынып

Бақылау жұмысы (әр тоқсанда)

Тест тапсырмалары (әр тоқсанда)

10

2

2

11

2

2



10-11 сыныптарға ұсынылған бақылау жұмыстарының нормалары

Оқу жылы бойы алған білім деңгейлерін анықтау мақсатында 5 бақылау жұмысын өткізуді ұсынамыз.



Бастапқы бақылау жұмысы (тест). Алынатын бұл жұмыс түрі былтырғы оқу жылындағы алған білім деңгейлерін тексеру мақсатын қарастырады және тесттің 20 сұрағы лексика-грамматикалық тақырыптарды қамтиды. 10 сұрақ мәтін бойынша берілетін сұрақтар (1 мәтін беріледі. 10- сыныпта 100-110 сөз, 11-сыныпта 110-120 сөзден тұрады). Барлық тест сұрақтары -20, жауап нұсқаларының саны-5. Бұл жұмыс түрін қорытынды аттестаттау жүйесі бойынша бағалау ұсынылады. «5» деген баға – 33-40 балл, «4» деген баға –25-32, «3» деген баға – 9-24 балл. «2» деген баға қоймауды ұсынамыз. Себебі, оқушының оқу жылының бірінші күнінен бастап пәнге деген қызығушылығы мен ішкі уәжі жоғалады.

1 бақылау жұмысы - І оқу тоқсанының қорытындысы бойынша алынады. Бұл бақылау жұмысы І тоқсан бойынша өтілген барлық тақырыптарды қамтиды. 20 сұрақ лексика- грамматикалық тақырыптар бойынша, 10 сұрақ аудиотыңдалым бойынша (мәтін тыңдалады, тыңдалған мәтін бойынша тест түріндегі сұраққа жауап береді) , 10 сұрақ оқылым бойынша алынады. Бұл жұмыс түрін қорытынды аттестаттау жүйесі бойынша бағалауды ұсынамыз. «5» деген баға –33-40 балл, «4» деген баға – 25-32, «3» деген баға – 9-24 балл, «2» деген баға 0-8балл.

2 бақылау жұмысы - ІІ оқу тоқсанының қорытындысы бойынша алынады. Бұл бақылау жұмысы ІІ тоқсан бойынша өтілген барлық тақырыптарды қамтиды. 20 сұрақ лексика - грамматикалық тақырыптар бойынша, 10 сұрақ аудиотыңдалым бойынша, 10 сұрақ оқылым бойынша алынады. Бұл жұмыс түрін қорытынды аттестаттау жүйесі бойынша бағалауды ұсынамыз. «5» деген баға –33-40 балл, «4» деген баға – 25-32, «3» деген баға – 9-24 балл, «2» деген баға – 0-8балл.

3 бақылау жұмысы - ІІІ оқу тоқсанының қорытындысы бойынша алынады. Бұл бақылау жұмысы ІІІ тоқсан бойынша өтілген барлық тақырыптарды қамтиды. 20 сұрақ лексика - грамматикалық тақырыптар бойынша, 10 сұрақ аудиотыңдалым бойынша, 10 сұрақ оқылым бойынша алынады. Бұл жұмыс түрін қорытынды аттестаттау жүйесі бойынша бағалаудыұсынамыз.«5»дегенбаға–33-40 балл,«4»дегенбаға–25-32, «3» деген баға – 9-24 балл, «2» деген баға – 0-8 балл.

4 Жылдық бақылау жұмысы (тест) - оқу жылының қорытындысы бойынша алынады. Алынатын бұл жұмыс түрі жыл бойы алған білім деңгейлерін тексеру мақсатын қарастырады және тесттің 20 сұрағы лексика- грамматикалық тақырыптарды қамтиды. 10 сұрақ мәтін бойынша берілетін сұрақтар (1 мәтін беріледі. 10-сыныпта 100-110 сөз, 11-сыныпта 110-120 сөзден тұрады). Барлық тест сұрақтары-20, жауап нұсқаларының саны-5. Бұл жұмыс түрін қорытынды аттестаттау жүйесі бойынша бағалау ұсынылады.

«5» деген баға – 33-40 балл, «4» деген баға – 25-32, «3» деген баға – 9-24 балл, «2» деген баға – 0-8балл.

49-кесте – Жазба жұмыстарының мөлшері


Пән

Жұмыс дәптер

Бақылау жұмыс дәптері

Сөздік дәптер

Барлығы

Қазақ тілі

2

1

1

4




«Қазақ тілі» пәнінен қазақ тілді емес мектептерде сабақтан тыс іс-шараларды ұйымдастыруда келесе мерекелерді ескеру ұсынылады:

22 наурыз – Наурыз мейрамы;



  • 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесі;

  • 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні

  • 4 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні.

6 шілде – Астана күні;

30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні;

22 қыркүйек - Қазақстан халықтарының тілдері күні.

1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні.

16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні.
Оқыту қазақ тілді емес мектептердегі «Қазақ тілі» пәнінің мұғалімдеріне қосымша материалдар алу үшін ұсынылатын сайттар:

1) nao.kz(Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ресми сайты);

2) u-s.kz(Ұстаздар сайты);

3) ustaz.kz(Ашық сабақтар сайты);

4) testent.ru/news/uroki(Уроки казахского языка в русской школе); 5) sabak.ucoz.org/news(Сайт творческих учителей Казахстана);

6) plani.kz(«Планы.kz» планирование для учителей Казахстана);

7) agartu.com(«Просвещение" – казахстанский педагогический интернет- журнал);

8) testent.ru(Сайт для подготовки к ЕНТ и КТ 2015 - Образовательный сайт);


9) obrazovanie(Каталог Казахстанских ресурсов);

10) abiturient.kz(Сайт о современном образовании в Казахстане).





Инструктивно-методическое письмо ǀ 2018-2019 учебный год
Снижение учебной нагрузки
В 2017-2018 учебном году
Казахский язык (для школ с неказахским языком обучения)
Учебный предмет «русск

Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   47


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет