Жүрек және көктамырлар жүйесі. Шағымдары:
а) жүрек немесе төс аймағындағы ауру сезімі — сипатын, қарқынын, ұзақтығын, орналасқан орнын және таралуын, пайда болу себебі мен уақытын, ауру сезімін басатын немесе мүлдем тоқтататын жағдайларды анықтап сүрау қажет.
б) ентігуді немесе түнгі уақытта тұнішғу ұстамасын сезіну -сипаты, пайда болу себебі, ұзақтығы,
в) жүрек соғуы, қағуы, ретсіз соғуы - пайда болу уақыты мен себептері.
г) ісіктер, оң жақ қабырға астындағы ауру сезімі, іштің үлкеюі.
Қарап тексеру:
а) мойынды қарау - көк тамырлар мен артериялардың жағдайы; олардың дерттік соғуы, толып ісінуі;
б) жүрек аймағын қарау: дөңестенуі, жүрек тұсындағы қалыпты жерден тыс орналасқан дерттік қағуы, оның таралуы, жүрек қызметінің кезеңімен байланысы, мойындық шұңқырда, эпигастральды аймақта, төс қырларының маңында немесе оның ортасындағы дерттік қағулар;
в. жүрек ұпының түрткісі, көзге көрінуі, орналасуы;
г. жүрек дүрсілі (соққы), көзге көрінуі, орналасуы.
Пальпацинсы:
а) жүрек ұшының пальпациясы: орналасуы, көлемі, күші, биіктігі, дененің орналасуына байланысты ығысуы, көтеріңкі (оң) немесе жүрек ұшының теріс түрткісі, "күмбез" тәрізді түрткі.
б)жүрек ұшында және оның негізінде систоликалық немесе диастоликалық дірілді анықтау.
в)бауыр және эпигастральды аймақтарындағы оң қарыншаға байланысты қағулар, "тербеліс" белгісі, төс манында 2 қабырға аралықтардағы пульсацияларды анықтау.
г) жүрек аймағындағы ауру сезімін сипап анықтау.
Перкуссиясы:
Жүрек шекаралары: а) салыстырмалы тұйықтық шекарасы;
б) абсолюттік тұйықтық шекарасы;
Жүректің көлденең ені, пішіні.
Қан тамырлар шоғырының ені.
Аускультациясы:
а)тындау нүктелері бойынша жүрек тондарының (үні) сипаты:
тондардың күші (дауыстығы), тембрі, ажырауы, екі буынды болуы, жүрек соғуының ырғақтығы, дерттік 3 буынды "бөдене" және "шоқырақ" ырғағы.
б)тыңдау нүктелері бойынша жүрек шуларының сипаттамасы: жүрек қызметінің кезеңдеріне байланысты, күші, тембрі, ұзақтығы, жақсы естілетін орны, таралуы, оның науқастың төсектегі қалпына, физикалық күшке, дем алу мен шығарудағы, тыныстың тоқталуына байланысты өзгерістері.
в)перикардтың үйкеліс шуылы.
Достарыңызбен бөлісу: |