Мұғалім қандай болу керек?



Дата16.01.2022
өлшемі276,22 Kb.
#112264
Байланысты:
психология мұғалім туралы

Мұғалім қандай болу керек?

Саймасай Перизат

302 топ


Шебер мұғалім

Зерттеуші мұғалім

Маcтер –класс мұғалім

Көшбасшы мұғалім

Жаңашыл мұғалім

Әдіскер мұғалім

Педагогтік дәреже номинацияларының сипаттамасын қарастырайық!

1.Шебер мұғалім

  • педагогикалық жұмыстардың әдістемесі мен техникасын, ақпараттық және білім беру технологияларын еркін меңгереді, оқушыларды тәрбиелеуде, оқытуда жоғары нәтижелерге қол жеткізеді, психиологиялық – педагогикалық және акмелогоиялық шығармашылықпен қолданады. Тиісті нормалар мен гуманистік шеберлік және педагогикалық этика кодекстерін сақтай отырып, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасайды. Ол психолог әрі тәрбиелі тәрбиеші.

2.Зерттеуші мұғалім

  • ол шебер әрі жаңашыл маман, оның еңбегі білім беру процесін ұйымдастырудың жаңа инновациялық формасымен ерекшеленеді; Ол – мастер – класс, авторлық бағдарламаларды ғылыми- әдістемелік және оқу құралдарын алға апарушы және оларды тәжірибе жүзінде сынақтан өткізуші. Оның атқаратын міндеті – мәдениеттігі жеке адамды айқындау және адам бойындағы адамилықты нақтылау. Ол дарынды жеке тұлғаларды қалыптастырады; айтарлықтай терең әрі тамаша ақыл-ой иесі ретінде гумандық тұрғыдан ойлап, жеке іс-қимыл жасай алады. Ол тумысынан тәрбиелі, шындықты табиғи сезінеді. Мектепте тиімді зерттеу қызметін атқарып, мектептегі сарапшылар кеңесі немесе аймақтық білім бөлімі бекіткен өзінің жеке ғылыми бағдарламасы бойынша тәжирбиелі- сынақ жұмыстарын жүргізеді.; жаңа ақпараттық және білім технологияларын дайындауға қатысады; оқу құралдарымен ғылыми-әдістемелік ұсыныстарды жасауға қатысады, оқу – бағдарламалық материалдардың диагностикалық, тестілік және бақылау пакеттерін дайындайды; өзінің ғылыми – зерттеу нәтиежелері жөнінде мектептегі педагогикалық және әдістемелік кеңестер алдында, аймақтық білім бәліміне есеп береді.

Маcтер –класс мұғалім

  • бұл өзінің авторлық сыныбы бар мұғалім. Сол сыныптың көмегімен ол иновациалар мен зерттеулердің құндылығын көрсетіп, ақпараттық және білім технологияларының, мониторинг пен үлгерім диагностикасының негізінде қол жеткен жетістіктерін өзгелермен бөліседі. Ол өзінің әріптестерін білім беру тәжірбиесіне жаңа көзбен қарауға үйретеді. Мастер –класс мұғалім мектептің ұсынысы бойынша аймақтық білім бөлімі бекіткен жеке авторлық бағдарламасымен жұмыс істейді. Авторлық мастер- кластың мақсаты- авторлық класс жетекшісінің өзі мен оның оқушыларының толыққанды шеберлігі үшін жағдай жасау.

Көшбасшы мұғалім

  • бұл қазіргі заманғы гуманитарлық этикалық білікті алдыңғы қатарлы адам. Ол әріптестерінің игілігі үшін қам жейді. Әділетсіздікті әшкерлеп, жойып отырады. Көш басшы мұғалім әр дайым өзінің қайырымдылық пен игілік ұғымын тереңдетуге асығады. Ондай мұғалім өзінің оқушыларын жауапкершілікпен жұмыс істеуге тәрбиелейді. Көшбасшы мұғалімнің бойында ақыл, логика, көрегенділік, шешендік, іскерлік тәрізді парасаттылық қабілеттерімен әуесқойлық, танымшылдық , бастамшылдық , икемділік, жасампаздық, шығармашылық, адалдық, батылдық, сенімділік, тәуелсіздік, төзімділік тәрізді мінез – құлық қырлары мол болады. Ол сондай-ақ өзгелерге қолдау көрсетіп, танымалдылыққа қол жеткізіп, мойнына жауапкершілік алып адамдарды тани білуі керек.
  • Көшбасшы мұғалім – бұл идеялар генераторы, нағыз шебер; ол өзінің әріптестерін белсенділікпен жұмыс істеуге тарта біледі, сендіре біледі. Өз беделінің көмегісмен өзгелерге айтқанын істете біледі. Сондықтанда ондай мұғалімнің артынан өзге әріптестері ереді.

Жаңашыл мұғалім

  • бұл шебер ретінде өз тәжирбиесін жаңа әдістермен, құралдармен байыптап отыратын маман. Оған жұмыс стилінің ерекшелігі, жеке дидактикалық кешендеріді жасау тәрізді сипаттар тән. Ол гуманитарлық этикалық беделді адам. Үнемі жетістіктерге ұмтылады. Әріптестерімен бірлесе отырып, оқушыларымен жұмыс істеудің жаңа жүйесін жасай алады. Өзінің жалпы білім жүйесіндегі орнын, жеке мүмкіндіктерін жақсы біледі; ғылыми ізденістерді жақсы жүргізеді. Жаңашыл мұғалім білім беру қызметіне араласа отырып, өзінің әріптестері мен оқушыларды жаңа ұғымдарға тәрбиелейді. Ол өзінің ағартушылық қызметінде психологиялық білімін пайдалана отырып, педагогикалық және психологиялық заңдарға сүйенеді. Жаңашыл мұғалімнің ең маңызды қасиеті оның жалпы білім беру процесіне қолайлы психологиялық климат қалыптастыра алатындығында болып табылады. Жаңашыл мұғалім үшін оның өзіндік даму формуласы тән: жеке адам – шығармашылық – талант. Оның кәсіби дамуындағы айырықша қасиеттер деп мыналарды айтуға болады: жаңа инновацияны игеру үшін ашықтық, кәсіби қызметтің ұтымды тәсілдерін жасау үшін жүйелі ойлау әдісі, өзінің кәсіби мінез- құлқын объективті түрде бағалауға қабілеттілік, педагогикалық еңбек жетістіктеріне деген жоғары мотивация.

Әдіскер мұғалім

  • бұл білім беру өндірісіне қатысушы, өз қызметінің басшысы өз қызметінің нормаларын жасайтын тұлға. Ол – оқу коммуникациясының, «оқу-оқыту», «тәрбие-өзін-өзі тәрбиелеу», «даму өзін-өзі дамыту» қызметтерінің ұйымдастырушысы. Өз мақсаттары мен қызмет нормаларын жобалану негізінде конструкторлық қызмет атқарады. Жүйелі ойлау қабілетіне ие. Оның жұмысының нәтижесі кәсіби қызметінің, нормативтік құжаттардың, білім саласындағы заң актілерінің жеке жобасын жүзеге асыруымен қамтамасыз етіледі.

Назарларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет