Мұғалім: Жиналысымызды бастамас бұрын ата аналар 2 түсті жүрекшелерден бір бірден таңдауларыңыз сұралады. Бірдей түсті ата аналар бірігіп бір топ боласыздар. «Есімдер аллитерациясы»



Дата25.12.2016
өлшемі86,16 Kb.
#4945
Мұғалім: Жиналысымызды бастамас бұрын ата - аналар 2 түсті жүрекшелерден бір - бірден таңдауларыңыз сұралады. Бірдей түсті ата - аналар бірігіп бір топ боласыздар.

«Есімдер аллитерациясы»
Нұсқау: Алдымен өз есімдеріңіздің алдына адамның бойында бар жақсы қасиеттің біреуін айтып, өзіңіз туралы қысқаша мәлімет беруіңіз керек.
Мысалы: Мен нұрлы – Махаббатпын
Мен көрікті -Гүлнармын;
Мен дарынды –Сайрангүлмін.


Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Ұлағатты ұстаздар, ардақты ата-аналар! Жел бесіктен, жер бесікке дейінгі адам өміріндегі тәрбиенің ұйытқысы ата-ана мен мектеп. Болашақ десек те, келешек десе де бала - ұрпақ деген мағынаны білдіреді.
Адамның өзге тіршілік иесінен айырмашылығы – дүниеге перзент әкелген соң, оның болашағын ойлау, адам етіп тәрбиелеу.
Бала тәрбиесі – бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның мемлекеттік абыройлы міндеті. . Ұрпақ тәрбиесіне мүдделі екендігін ата-аналар іс-жүзінде дәлелдеп отырулары тиіс. Міне осындай Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы - жанұясы. Жанұялық тәрбие ата - анамен бала арасындағы қарым - қатынастық жүйе. Олай болса, ата - ана осы жүйені ғылым мен өмір ретінде жан - жақты меңгеру қажет. Ұлы данамыз Әл - Фараби ең бірінші білім емес, тәрбиеге берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы деген бәрімізге мәлім. Адамға тәрбиені ата-ана, мектеп, қоғам береді. Бала тәрбиесіндегі бас тұлға, алғашқы ұстаз – ата - ана. Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата - ана нәзік те, қиын, қыр - сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол - бала тәрбиесі. Бала үшін үй ішінде, ата - анадан артық тәрбиеші жоқ . Жас шыбықты қалай исең, солай өседі ғой, «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілесің» демекші ата - ана тәрбиесі бала өмірінде үлкен із қалдырады. Баланың бойында барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, білім алуына жағдай жасау ата - атаның парызы. Ынтымақ бірлігінде ғана ойдағыдай нәтиже берері ақиқат.
Мұғалім: Құрметті ата-аналар бәріміз жайғасып, көзімізді жұмып бір сәт тынышталып отырып, еркін тыныс алып осы бір тынысымыз арқылы бақытты балалық-шаққа шолу жасайық: «Жаздың әдемі шуақты күні. Сіз анаңызбен қол ұстасып келе жатырсыз. Үстіңізге ең сүйікті көйлегіңізді киіп, анаңыз екеуіңіз қуаныштысыз. Сіз ойнап жүгіріп анаңыздың алдына шығып кеттіңіз. Біраздан соң жақын адамыңыздан алшақтап кеткеніңізді сезініп, жүгіріп қолынан ұстадыңыз. Әлгі адам сізге күліп қарады. Көзіңізді көтеріп қарасаңыз алдыңызда мүлдем таныс емес адам тұр екен. Сіз тез ғана қолыңызды алып тастап, жан-жағыңызға қарадыңыз. Енді жайлап көздерімізді ашамыз». Қандай сезімде болдыңыз?
Ата-аналар жауабы:

  • Қорқыныш сезімі пайда болды

Мұғалім: Осындай қорқыныш сезімі балаларыңыздың бойында ешқашан болмасын - дей отыра барлығыңыздан алақандарыңызды алға созуларыңызды өтінемін. Он жақ алақанымыз отбасы болса, сол жақ алақанымыз мектеп болсын. Ал енді үнемі ауызбіршілігіміз мол болып, жұмысымыз алға қарай өрлей берсін деген мақсатта алақандарымызды соғып қояйық.
2. Оқушыларының ата-аналарға жылы лебіздерін білдіру. (тақпақтар, шығармалар, ән)

Көрініс:

Ата-ана жиналысқа шақырылды. Бала анасына барды.


- Мама, сізді жиналысқа шақырды.
- Балам, менің қолым тимейді. Әкеңе бар.
- Папа, сізді мұғалім жиналысқа шақырған болатын.
- Мен жұмыстамын бара алмаймын.
Осы көрініс бойынша ата-аналар өз ойларын айтады.


3. Тренинг « Өзіңді-өзің танысаң — істің басы»

Жақсы немесе жаман қасиеттер тренинг — Абай атамыздың «Сегіз батыр» деген жұмбағы еске түседі.

Алла мықты жаратқан сегіз батыр,
Баяғыдан соғысып әлі жатыр
Кезек-кезек жығылып, жатып тұрып,
Кім жеңері белгісіз түбінде ақыр.

Міне, осы жұмбақтың жауабы сегіз батырдың біріншісі «жақсылық» болса, екіншісі «жамандық» екен. Кез келген адамнан ол екеуін табу үшін айнадағы бейнемізге қарап ойланамыз. Ал, енді сіздер берілген парақтың оң жағына жақсы , сол жағына жаман қасиеттеріңізді жазасыздар. 3 мин



  1. Қандай қасиеттерді көп жаздыңыздар?

  2. Қайсысынан өзіңізді көбірек таптыңыз?

  3. Осыған дейін осы қасиеттер жайлы ойланып көрдіңіз бе?

  4. (Барлығы жазған қасиеттерін оқып шығады) Жаман қасиеттеріңізден арылғыларыңыз келе ме? Ендеше жаман қасиеттеріңізді бөліп жыртып алып «менің бойымнан осы жаман қасиеттер мәңгіге жоғалсын» — деп айтып ұсақтап жыртып тастаймыз.

4. «Мадақтау мен жазалау»
Мақсаты: Ата - ананың балаға деген көңіл бөлуін байқау.
Барысы: Қағазды екіге бөліп, бір жағына баланы мақтау кезінде қолданылатын сөздерді, ал екінші жағына, сөгіс жариялау кезінде қолданылатын сөздерді жазыңыз.
Қай бөлікте сөздердің көп болғандығы жайында сараптама жасалып, ата - аналарға қорытынды жасау ұсынылады.
5. Аялы алақан (тренинг): музыка ойнап тұрады (мама)

Мақсаты: Ата—ананың баласына қаншалықты мейірім, уақыт бөлетінін анықтау, әр кезде уақыт тауып, мейірімділік көрсетуге баулу.

10 ата-ананы балаларымен ортаға шақырамыз. (Ата — аналардың көздері байлаулы өз баласын қолынан танып алу керек)



  1. Балаңызды қалай таныдыңыз?

  2. Балаңызды тани алмаймын —ау деген қорқыныш болды ма?

  3. Балаңызды тани алмаған кезде қандай сезімде болдыңыз?

  4. Балаңызды қолынан ұстап танитыныңызға сенімді болдыңыз ба?

Аялы алақанға байланысты мен бір өсиет әңгімеге тоқталғым келеді.

Өсиет әңгіме.  Жағдайлы бір отбасы баласын ешкімнен кем өсіргісі келмей барлық жағдайын жасайды. Қазіргі заманның озық технологиясымен жасалынған ойыншықтар, компьютер, тіптен қымбат телефонды да алып береді. Бірақ баласы осының бәріне қанағаттанбай, күнде ата-анасының жұмысқа кетпеуін өтінеді. Ата-анасы жұмысқа бармаса болмайтынын, ақша табатынын баласына түсіндіреді. Ал, баласы осы сәтте ата-анасының күніне қанша ақша табатынын сұрап біледі.

Бала сол күннен бастап ата-анасының өзіне тастап кетіп жүрген ақшасын жұмсамай жинай бастайды. Жинаған ақшасы ата-анасының бір күндік табысына жеткен күні бала ата-анасына өтініш жасайды.

— Әке, ана! Бүгін жұмысқа бармай бір күндеріңізді маған қиыңыздаршы.

Бір күнгі табыстарыңызды мен төлейін депті. (қалай ойлайсыздар бала неге өтінді?) Міне, ата-ананың аялы алақанының әсері балаға күн сәулесімен бірдей, мұны басқа ешбір нәрсе ауыстыру мүмкін емес.



Слайд тақырыбы: «Ата-ана мен бала арасындағы қарам-қатынас».

  1. Байлаулы бала (тренинг):

Бір ата-ана ортаға шығады. Төмендегідей сұрақтар қойылады.

1.Сіз балаңызбен көл жағасына бардыңыз. Балаңыз суға қызыққаны соншалық суға қарай жүгіріп кетті. Сіз қалай тоқтатасыз? (аяғы байланады).

2.Қарасаңыз балаңыз адамдардың тастап кеткен темекінің тұқылын жинап алып, сонымен ойнап отыр. Сіздің әрекетіңіз? (қолы байланады)

3.Жұмыстан шаршап келсеңіз бала теледидардан атыс-шабыс, бір сөзбен айтқанда өз деңгейіне келмейтін кино көріп отыр. Сіздің әрекетіңіз? (көзі байланады)

4.Балаңыз досымен келіспей қалды да, жаман сөздермен сыбағасын берді. Сіздің айтар сөзіңіз? (аузы байланады)

Міне, баламыз қандай күйге түсті, құрметті ата-ана. Мұндай күйге түспес үшін баламызға неге болмайтынын, «өйткені» сөзін қолдана отырып түсіндіруіміз керек. Сонда ғана сіз бала тәрбиесінде мақсатыңызға жете аласыз.


 7. Дидактикалық ойын «Отбасылық махаббат үйі»

Ал енді қазір сіздермен «отбасылық махаббат үйі » атты ойын өткіземін. Балаларыңызға деген махаббатты анықтай аласыздар.

    Әр адамның өз үйі бар, бірақ ол үй тек баспана ғана ретінде емес, сол үй  жақсы көріп және күтетін жер болу керек. Сондықтан сіздердің міндеттеріңіз жай ғана армандап жүрген үй салу ғана емес, ал сол жерде тұратын балаларға бақыт, махаббат, жылу, беретін үй салуларыңыз керек. Ол үшін ерекше материал қажет. Әрине даладағы жатқан тақтайлар емес, ал адамның негізгі қасиеттерімен саламыз. Олар: Мейірімділік, күлкі, түсінушілік, шыдамдылық, көмектесу.

         




Ойын тапсырмалары;

1.  «Достық» фундамент

    «Үй» деген сөзді қалай түсінесіз?



Мысалы: менің қорғанысым,күтетін жер, отбасылық ұйытқысы

2.       «Махаббат» қабырға

 Мимика жест арқылы өзіңіздің бала деген махаббатыңызды жеткізесіз



3. Түсінушілік» шатыр

Мектеп сөзінің әрбір әрпінен балаңыздың мінезін сипаттаңыз.

 

Үйіміз дайын.



Менің ойымша отбасы- бұл махаббат үйі, ал бала –бақыт.

 Сондықтан ата- ана махаббаты балаңыздың өмірге деген құштарлығын, жолын ашады.

Халқымыз «Ұяда не көрсең, соны ілерсің» дейді. Бала әрқашанда ата анадан мейірімділікті, сүйіспеншілікті, жүрек жылуын қажет етіп, ата ананы өмірдің тірегі санайды.

 Ата ананың тіршілігіндегі көрген қызығы, жақсылығының ең бағалысы перзенті. Баланың бойында туған үйдің жылуы оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде болады. Отбасы бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының тигізетін әсері мол.



  1. 1- тоқсанның қорытындысы (слайд көрсету)

  2. Ой толғаныс «Сиқырлы таяқша» арқылы ата-аналар бір-бір тілек айтып шығады.
    Барлық өнеге жанұядан тарайды. Халық жанұядағы тәрбиеге ерекше көңіл бөлген. Оны «Таяқтау оңай, тәрбиелеу қиын», «Балақан өсіру - балапан ұшыру емес» деген мақал-мәтелдерден көруіңізге болады.

Молодежный орта мектебі.



Ата-аналар жиналысы

Тақырыбы: «Ата- ана мен баланың арасындағы махаббат»

(3 «а»4 «а» сыныбы)

Сынып жетекші: Шарафуллина Г.З.



2015 -2016 оқу жылы

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет