Анасы: Жанияжан ! Соншама не болып қалды?
Жания: Сыныптастарым мені күлкі қылды. Анасы: Ту-уф! Сен соны да проблема қылыдырып отырсың ба? Ең бастысы оқуыңды жақсы оқисың, қалғанын қайтейін деп едің? (Телефон шырылдайды, әкесі шығып кетеді,)Анасы: Мен әкеңе бірнәрсе айта қояйыншы ,-деп анасы әкесінің соңынан шығып кетеді)Жания: Әрине, әке-шешеме менің мәселем проблема емес, құрбыларым мазақ қылады, сонда мені кім түсіну керек? Не істеймін? (сахнадан шығып кетеді) Талқылау:
Жанияны неге оқушылар қабылдамады?
Сіздің сыныпта осындай жағдай болса қалай әрекет етер едіңіз?
Мұғалімі қандай қателік жіберді?
Ата- анасы болсаңыз не істер едіңіз?
Оқушыға қалай көмек көрсете аласыздар?
Тыңдаушылардың ойынан кейін «Мен қоғамның бір бөлшегімін » тақырыбында топтық жоба қорғайды . Тренер: Қараңдаршы! Біздің әлем жақсылыққа, мейірімділікке, әсемдікке толы. Бұл өмірде адамдардың жақсы өмір сүруіне деген құндылықтары бар. Солардың арқасында адам жақсылыққа талаптанады. (Құндылықтар бір-бірден сахнаға шығады). Олар: Махаббат Мейірімділік Достық Жанұя Бостандық Шындық Әсемдік Әрқайсымыз осы құндылықтарды бағаласақ өмірдің кереметтілігін сезіне аламыз. Өмір сүру қандай тамаша! Өмірді сүйіңдер, құрметті әріптестер!