116.«Арқаға арқа» жаттығуы Мақсаты: күнделікті өмірде болмайтын қарым-қатынастың тәжірибесін алу. Екі қатысушы бір-біріне арқаларымен отырады және осы жағдайда 3-5 минут әңгіме құрады. Аяқталысымен олар өз сезімдерімен бөліседі. Талқылау кезінде қойылатын сұрақтар:
осы әңгіме күнделікті әңгімеге ұқсады ма, мысалы, телефондық әңгіме, қандай айырмашылықтар бар?
әңгіме құру оғай болды ма?
әңгіме қалай болды - ашық па әлде жоқ па?
Қалғандары да дәл осылай істей алады. 117.«Қолтырауын» жаттығуы
Мақсаты: басқаларға күлкілі, ретсіз болып көрінуден арылу. Көбі адамдар қоршаған ортаға күлкілі болып көрінуден қорқады. Осы ойын қорқыныштан арылудың құралы ретінде ұсынылып отыр. Топ екі топқа бөлінеді. Бірінші топ бір сөзді не сөз тіркесін жасырады да, келесі топ - өзінен бір адамды сол табуға шығарады. Топтар кезекпен сөздерді жасырады. Талқылауда: