149.«Автобус» жаттығуы Бір-біріне жақындау арқылы «халық» (15-20 адам) автобустағы тығыздалған адамдар секілді жинақталады. Ойыншының мақсаты осы тығыз массаны алдау, арбаумен емес күштілігімен және өжеттігімен жарып өту. «Автобустағы халық» ойыншыны қолдарымен ұстамайды және өздері бір-бірімен қол ұстасуға болмайды, бұл жерде жай ғана бір-біріне жабысқан тығыз масса бар. Сонымен қатар «тығыз масса» ойыншыны өткізбей жатса да дауыстарымен «Кәне!» «Тағы да!» «Алға» деп оған рухани күш беріп жатады. Бұл мықты жаттығу қарапайым күш көрсету жаттығуы болып кетпес үшін, ойыншы тренердің көмегімен мұндай қиындықты жеңетін жағдай өмірде кездесе ме, бұл жағдай оны неге үйретті, өмірде осы секілді жағдай кездескенде тәжірибенің пайдасы бола ма деген сияқты сауалдарға жауап бере білуі керек. Мұндай жаттығудан кейін адам түйсігінің өзгерген уақытында психологтың айтқан пікірлері ол адам үшін өте терең жатталып қалуы тиіс. Жаттығу қарама-қарсы байланыспен аяқталады: топ не сезді, не көрді, ойыншы және ойын туралы олар не ойлайды, осылар туралы ойларын айтады.