150.«Тізеде отыру» жаттығуы Мақсаты: Команда жұмыс, сенім, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастыру. Өзіңізден басқаларды дөңгелектеніп тұруды сұраңыз. Кейін барлығын келесі ойыншының арқасына қарайтындай оңға бұрылуын сұраңыз. Барлығы алдында тұрған адамның иығына екі қолын қойсын. Сіз 1,2,3 деп санағаннан кейін барып, «отыр» сөзін айтуын түсіндіріңіз! Барлығы сіздің артыңызда 1,2,3 деп қайталап, «отыр» сөзін айтқаннан кейін алдағы ойыншының иығынан қолдарын алмай артындағы адамның тізесіне ақырын отыру керек. Бұл жаттығу қызықты және жақсы ынтымақтастықты тудырады. Бірақ та барлығы істей алатынына көз жеткізу қажет. Егер де, сіздің тобыңыз мықты болатын болса, сіздер дөнгелек бойымен жүре аласыз және де жаттығуды бірнеше рет қайталауға болады. Кейін ойыншылардан бұл жаттығуды орындаған кезде не сезгендерін сұраңыз. Олар бұл тапсырманы орындай алатындығын сұраңыз? Бұл шынайы өмір тәжірибесін суреттейді ме? (Есте сақтайтын жағдай: бұл жаттығуды сіздің тобыңызда өткізуге болады деп мақсат етіп шешім қабылдайсыз ба?). “Мейірімділік тақырыбында