87.«Көңіл- күйімді тап»жаттығу Қатысушыларға әртүрлі көңіл-күй мен эмоциядағы суреттер таратылады. Қатысушы тез арада сұраққа жауап беруі тиіс: «Бұл қандай эмоция және көңіл-күй, адамдарда мұндай көңіл-күй қайдан болады? Сенде осындай көңіл-күй болды ма?» Осындай көңіл-күйді пантомимо арқылы көрсету, біреу көрсетеді, қалғандары қайталайды. Нақты, анық көрсетуге тырысу қажет (қимылды, мимиканы, белгілі бір сөзді қолдана отырып). Топтың қалған мүшелерінің міндеттері –бұл эмоцияны табу, басқа адамның уайымын сезіне білу, оны көре білу және шеше білу.