Мұғалімнің кәсіби тұлғасы - сапалы білім берудің кепілі.
Бекказиева Сандугаш Орынбасаровна №4 ОМ –нің биология пәнінің мұғалімі
Махамбетова Казиза Тлеубергеновна №58 ОМ-нің география пәнінің мұғалімі
Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арналған Жолдауында дамудың жеті басым бағытын айқындады, оларды жүзеге асыру әлемдегі бәсекелестікке қабілетті елдердің қатарына біздің еліміздің де қосылуына жол ашатын міндеттерді шешуге мүмкіндік береді. Осындай ең өзекті басымдылықтардың бірі қазіргі білім беру мен озық ғылымды дамыту болып табылады. Білім беру жүйесі – бұл ұлттық мәдениеттің, ұлттық сана – сезімнің даму көрсеткіші болып отыр. Ол экономика, саясат, мәдениет саласындағы өзгерістерді бейнелеп қана қоймайды, сонымен бірге осы түбегейлі өзгерістерге белсенді ықпал етеді. Оқу-білім беру – жеке адамның әлеуметтік – экономикалық процесстерге еркін қосылуын қамтамасыз ететін басты жағдайлардың бірі. Бүгінгі таңда заман ағымына сай жас ұрпақтарды тәрбиелеуде ұстаздардың алдындағы жауапкершілік салмақтана түскендей.
Өзімнің күнделікті педагогикалық тәжірибемде бағдарламадағы берілген жеті модульді кіріктіре отырып өткізген сабақтар арқылы оқушылардың қызығушылықтары артып, тапсырмаларды жүйелі орындап, бір–бірімен топтаса отырып жұмыстар жасай білуге дағдыланды. Мұғалімнің педагогикалық біліктіліктілігін көтеру үрдісіне педагогикалық құндылықтарды, жаңа технологияларды шығармашылық іс-тәжірибелерді, ақпараттық мультимедиялық техникаларды пайдалану білім берудің тиімді, нәтижелі үрдістеріне жатады. Мұғалімнің өздігінен білімін көтеруі және бос уақытын дұрыс ұйымдастыруы, дербес жұмыс жоспарына сай іске асыруы, тікелей шығармашылыққа байланысты. Жаңа формациялы мұғалім кәсіби шеберлігін жетілдіретін жаңа стильдегі тұлғалық-адамгершілік бағыттарын, педагогикалық шындықты және ондағы үздіксіз іс – әрекетті, жүйелі түрде қабылдау қабілеттерін, пән саласындағы еркін бағытты меңгеріп және қазіргі педагогикалық технологияларды игеруі тиіс. Білім беру талаптарын өзгерту, біліктілікті арттыру жүйесін жаңашылдандыру міндетін алға қояды, ал оның мақсаттарын жүзеге асыру біздің алдымыздағы міндетіміз. Білімді ұрпақ – болашақ еліміздің жарқында кемелденген көшін алға бастайтын білімді де білікті жеке тұлға қалыптасуы тиіс деп ойлаймын.
Қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін басты орынға қойылып отыр. Жаһандану үрдісінде, шығармашылық ізденістегі, әр баланың ақыл-ой еңбегінің дамуына ықпал жасайтын негізгі тұлғаның бірі – оқушының ұстазы. Педагогикалық қызметімде теориялық білімді тәжірибемен байланыстыра отырып, жан-жақты мүмкіндіктерімді ашуға, оқытудағы Кембридж университеті тәсілінің теориялық негіздерін енгізген «Бірінші деңгейлі мұғалімдерді даярлау жөніндегі біліктілікті арттыру курстарының» маңызы зор. Осы курс арқылы көптеген жаңа тәсілдер мен әдістерді үйрене отырып, көптеген тәжірибелер жинақтадым. Биология пәнінен сабақ беру барысында жаңа форматтағы жеті модульді сабақ барысында жүйелі қолданып келемін. Жеті модульді бір сабақ өткізген кездеде қолдануға болады, кейде екі сабаққа бөліп пайдалануға да болады. Ол мұғалімнің шеберлігіне байланысты болып келеді. Орта мерзімді сабақ жоспары мен қысқа мерзімді сабақ жоспары жаңа форматтағы әдіс-тәсілдердің бірі болып табылады. Жаңа форматтағы жеті модульді жүйелі пайдаланудың өзі үлкен шеберлікті қажет етеді. Өз пәнім бойынша сабақ топтамаларында жеті модульді пайдалана отырып өткізген сабақтарым оң нәтижесін беруде. Ел басының 2014 жылғы жолдауында нақты айтқан нақыл сөзіне тоқталсам, ол «Біз өмір бойына жететін білім алу» моделінен «өмір бойы білім алып өту» моделіне көшуге тиіспіз. Болашаққа біліммен қадам басып, лайықты қолтаңбамызды қалдырайық. Біз осындай сабақтарды жиі өткізу арқылы көптеген нәтижелерге қол жеткізе аламыз.
Қай кезеңде болмасын мектептегі басты тұлға мұғалім десек, дүниежүзілік даму деңгейінен кем түспейтін, иық тірестіре алатын, алған білімі мен тәрбиелік қазынасын туған еліне, адамзат игілігіне жұмсай алатын саналы азаматты қалыптастырып, жетілдіру-мұғалімге жауапты міндет. Қазіргі таңда Қазақстанда білім берудің өзіндік үлгісі қалыптасуда. Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде.
ХХ ғасырдың басында Жүсіпбек Аймауытов: «Сабақ беру-үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол-жаңадан жаңаны табатын өнер»,-деген екен. Сондықтан қазіргі таңдағы педагогика жаңалықтарын, пән ерекшелігіне қарай қолдана білу-оқыту мақсатына жетудің бірден-бір жолы.
Ұстаздық тәжірибемде алдыма қойған мақсатым-баланы қалайда өзінше қызықтыратын, қабілетін арттыратын жағдай туғызу. Оның бастысы оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың оқудағы іс-әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алу процесінде бірлесе әрекет ету.Ұлы Абай «Тегінде адам баласы бір-бірінен ілім, білімі жағынан ерекшеленіп тұрады»,- дегендей мұғалімнің құзыреттілігі, ең біріншіден, өзін-өзі дамытып, жан-жақты көрсетуіне байланысты деп ойлаймын. Мұғалімнің өзін-өзі дамытуының алғы шарттары:
1. Кәсіби біліктілігін өзіндік дамыту.
2. Дамытудың сапалық белгілері.
3. Өзін-өзі дамыту құндылықтары.
4. Өзін-өзі дамытуына қажеттіліктің туындауынан тұрады.
Мұғалім кәсіби біліктілігін өзіндік дамытуы үшін өзінің іс-тәжірибесіне педагогикалық-психологиялық талдау жасауы, озық тәжірибелерді оқып үйренуі, ғылыми әдебиеттермен қарулануы, әріптестермен тәжірибе алмасуы, ата-аналарымен бірлесіп, мәселелерді шеше білу құзыреттілігін игеруі қажет.
Қазіргі кезде білім берудің әлемдік озық тәжірибелерін саралай отырып, бүгінгі оқытуда жасөспірімдерден күтілетін нәтиже, негізгі құзыреттіліктердің қалыптасуымен айқындалады.
Жалпы құзыреттілік дегеніміз-дара тұлғаның білім,білік дағдыларды және өзіндік қабілеттерді жан-жақты игеруінен көрінетін білім нәтижесі.
Осы нәтижеге жету үшін әрекет ететін, кәсіби құзырлы педагог болу үшін не қажет:
1. Білім беру үрдісіндегі білім, білік дағдылардың түпкі нәтижесін көрсету
2. Нәтижеге бағдарлана берілген білімнің негізгі көрінісі
3. Оқушылармен қарым-қатынасын жаңашылдыққа құру.
4. Өзінің кәсіби дамуына жауапкершілікпен қарау.
5. Өзін-өзі кемелдендіру.
6. Теориялық жағынан дәлелді жүйені жүзеге асыру.
Егер біз шәкірттеріміз пәндерден алған білімді терең меңгеріп қана қоймай, алған білімдерінің негізінде жүйелі ойлау дағдысын игерсін десек, кәсіби тұрғыдан талаптарға сай болуымыз керек. Бұнда оқушының сөйлесім әрекетінің барлық түрлерін яғни тыңдалым, оқылым, сөйлесім, жазылым, тілдесім бірлікте меңгерту басшылыққа алынса, сөйлеу ортасына, сөйлеу мақсатымен тақырыбына сәйкес диалог, монолог құрай алу, пікірлесу өз ойын түсінікті жеткізу, оқушының өмірлік дағдысына берік негіз қалайтыны сөзсіз. Білім беру мазмұнындағы өзгерістер, тұлғаға бағытталған оқытуды жүзеге асыру-мұғалімнің шеңберінің кеңдігін қажет етеді. Заман талабына сай болу үшін мұғалім әрқашан ізденіс үстінде болу керек. Ендеше қазіргі таңдағы қазақ педагогикасының міндеті де осы қасиеттерді кез-келген қазақ оқушысының бойында қалыптастыру. Ертеңгі күні қазақ мектебін бітірген, соның ішінде ауыл мектебін бітірген, жас шәкірт қоғам алдында дәрменсіздік көрсетпеуі үшін, шаруашылықтың кез-келген саласына қажетті ортақ білік, дағдыны қалыптастырып мектептен алып шығуы тиіс. Өз ұлтымызды, мемлекетімізді өркендететін білімді, болашақ данышпан шәкірттер тәрбиелеу үшін, бірінші кезекте балалардың сезімталдығын, ойын, тілін дамытуды жолға алған жөн деп ойлаймын.«Мұғалім өн бойына, өз ісіне, шәкірттеріне деген сүйіспеншілікті жинақтаса ғана ол-нағыз ұстаз»,- деп айтқандай мұғалімнің ізденісі жан-жақтылығы, құзыреттілігі арқылы айқындалады.
Мұғалім құзыреттілігін дамыту, оқушылардың сабақтан алған білімдері арқасында шығармашылығын қалыптастырады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру курсының бағдарламасы. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші (базалық) деңгей. ІІІ басылым. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012.
Білім беру қызметкерлерінің Бірінші Республикалық Педагогикалық оқулары « Педагогтің кәсіби өсуі - білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз етудің шарты» баяндамалар жинағы, Алматы, 2013 ж., І бөлім, 482 б.
3 Мұғалімнің педагогикалық шеберлігі. //Білім әлемі. Алматы., 2004 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |