Мүгедектігі бар балалардың жағдайына талдау: ҚазаҚстан республикасында инклюзивті ҚоғаМды даМыту
жет қаражатының тапшылығын бастан кешіріп
отыр, өйткені олардың балаларына көрсетілетін
белгілі бір қызметтер немесе материалдық
қажеттіліктер қолдағы бар жеңілдіктермен
қамтылмаған;
3) мемлекеттік органдар жәрдемақылар мен
жеңілдіктерді пайдалану тиімділігін шектейтін
әлеуметтік қорғау шараларына қалай рұқсат алу
және оларды тиімді пайдалану туралы шектеулі
ақпарат ұсынады.
Ең ақырында, респонденттер мүгедектігі бар
балалардың құқықтарын заңнамалық және
нормативтік-құқықтық база арқылы қорғау
мәселесін талқылады.
Респонденттер анық негіздемелер
әзірлеу саласында айтарлықтай жақсару
жағдайларының бар екенін, бірақ оны іске
асыру проблема болып қала беретінін атап
көрсетті, өйткені:
1) баланы мүгедектігі бар ретінде тану үшін
Қазақстанда қабылданған стандарттардың
халықаралық стандарттарға қарағанда
мейлінше қатал бірнеше белгілері
болғандықтан, мүгедектікті анықтаудың
қолданыстағы критерийлері кейбір балалардың
әлеуметтік артықшылықтарға қолжетімділігін
алып тастауы мүмкін;
2) елдің көптеген өңірлерінде, әсіресе медици-
на мен білім беру салаларында мамандар мен
жабдықтар анық жетіспейтін ауылдық аудан-
дарда ақша қаражаты мен адам ресурстары
бұрынғысынша жеткіліксіз;
3) қызметпен қамтуды кеңейтуге арналған
қаржыландыру құрылымы (мысалы, мемлекеттік
органдардың қоғамдық ұйымдарының қосалқы
мердігерлігі арқылы) жүйелі және қолжетімді
қызметті қамтамасыз ету үшін нақтыланып,
түзетілуі тиіс.
Құжаттарға, фокус-топтардағы талқылауларға
және респонденттердің сауалдамаларына тал-
дау жүргізу барысында жинақталған ақпарат
негізінде Қазақстан Республикасындағы
мүгедек балаларды әлеуметтік интеграциялау
және оларға тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету
саласындағы ілгерілеушіліктер үшін бірнеше
негізгі салалар анықталуы мүмкін. Төменде
Қазақстанның мүгедектігі бар балалардың
мейлінше әлеуметтік интеграциялануына және
оларға тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге
ықпал ете алатынына қатысты ұсынымдардың
қысқаша жиынтығы мазмұндалған.
Достарыңызбен бөлісу: