Microsoft Word Диссертация Турганбаева docx


БЕЛГІЛЕУЛЕРМЕНҚЫСҚАРТУЛАР



бет3/45
Дата26.12.2023
өлшемі2,57 Mb.
#199486
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Байланысты:
TURGANBAEVA Diss compressed

БЕЛГІЛЕУЛЕРМЕНҚЫСҚАРТУЛАР


ҚР–ҚазақстанРеспубликасы
ҚРБҒМ–ҚазақстанРеспубликасыБілімжəнеғылымминистрлігі МЖМБС – мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты ЖББМ – жалпы білім беретін мектептер
ҰБТ–ұлттықбірыңғайтестілеу
ЭЫДҰ–экономикалықынтымақтастықжəнедамуұйымы PISA – Programme for International Student Assessment TIMSS– Trends in Mathematics and Science Study
ЭТ–эксперименттіктобы БТ – бақылау тобы

КІРІСПЕ


Зерттеудің өзектілігі. 2016 жылы Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп [1], 2016-2019 жылдарға арналған білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы қабылданды [2]. Бағдарламаныңбастымақсаттарыныңбірі–жалпыортабілімберудіңмазмұнын жаңарту, оқушылардың бойында қазіргі заманға сай рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, «Мəңгілік Ел» ұлттық-патриоттық идеясы негізінде оқушылардың салауатты өмір салтын ұстану мəдениетін арттыру қажеттігі.
Орта мектеп білімнің жаңа мазмұнының, оның ішінде математиканы оқытудағы ерекше орын алатын негізгі қағидаларының бірі – ол математика пəнінің қолданбалы құрамдасын нығайту; кездейсоқ құбылыстардың заңдылығын зерттейтін математиканың бір саласы болып келетін ықтималдықтар теориясы мен ғылыми-практикалық қорытынды жасауда статистикалықдеректердіжүйелеужəнепайдаланудыңматематикалықəдістерін əзірлеуде ықпалын тигізетін математикалық статистика элементтері бағдарламаға енгізу; сəйкес математикалық есептер арқылы оқушылырдың функционалдық сауаттылығын дамыту болды.
Сонымен қатар, орта білім беру жүйесін жетілдіру, сапалық өзгерістер енгізу қажеттігі Қазақстан Республикасында білім беруді жəне ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында айқындалып [3], "Білімді ұлт" сапалы білім беру" ұлттық жобасында жалғасын тапты [4]. Атап айтқанда, Ұлттық жобаның стратегиялық көрсеткіштері мен міндеттерінің бірі болып PISA тестінің нəтижесі бойынша мектепте білім беру сапасын математикалық сауаттылық бойынша 2021 жылдан 2025 жылға дейін 423 балдан 480 балға көтеру жəне оқушылардың білім деңгейі нəтижелерінің өңірлер арасында алшақтығын қысқарту болып отыр.
Сонымен қатар, орта мектептің білім беру сапасының көрсеткіші болып табылатын,оқушылардыңматематикалықсауаттылықтарынаноқужетістіктерін салыстырмалыбағалауарқылыанықтайтынPISAхалықаралықзерттеуінің
«Математикалық сауаттылық» бағыты жəне TIMSS зерттеуінің «Математика» бөліміықтималдықпенстатистикалықсипаттағыесептерденқұралғаныбелгілі. Ал,бұлбағдарламаныңмəнімектепоқушысыныңфункционалдысауаттылығын қалыптастыра отырып, алған білімін өмірінде қажетке асыра білуіне бағытталған.
Бекітілгенбілімберустандартыбойынша,комбинаторика,ықтималдықтар теориясы жəне математикалық статистика элементтерін бастауыш жəне орта білім беру сатысында математика оқулықтарына жəне əдістемелік құралдарға енгізуміндеттелген.2017жылданбастапА.Е.Əбілқасымованыңбасшылығымен авторларұжымының(Т.П.Кучер,В.Е.Корчевский,З.А.Жұмағұлова)дайындаған жаңа оқулықтары, оқу-əдістемелік құралдары тəжірибеге ендірілді [5-11]. Яғни стохастиканың мектеп математика курсының толыққанды құрамдас бөлігі ретінде енгізілуі қайтарылмас үдеріс.
Қазақстандық білім беру жүйесінің жаңартылған білім беру жүйесіне көшуі жас ұрпақтың білім алу мүмкіндіктерін кеңейту, отандық білім беру жүйесін əлемдік білім беру жүйесіне кіріктіру мақсатынан туындады. Мектеп бітірушінің əлеуметтік жəне қоғамдық өмірдегі өзгерістерге икемделе отырып, мектепте алған білімдері негізінде əрекет етуге қабілеттілігі мен дайындығын тыңмазмұндыжаңамектепқанақамтамасызететінінəлемдіктəжірибекөрсетіп отыр. Жаңартылған білім жүйесінің негізгі мақсаты қарқынды дамып келе жатқанөзгермеліқоғамдаөмірсүругеикемді,өздігіненбілімалуға,алғанбілімін өмірлік жағдаяттарға сəйкес қолдана білуге, өзін-өзі толық жүзеге асыруға дайын, шығармашылыққа бейім, құзыретті жəне бəсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру мен дамыту болып табылады.
Мектеп математика курсында стохастикалық бағытты оқытуды зерттеу А.Н.Колмогоров, Ф.Мостеллер, Р.Рурке, Дж.Томас, Б.В.Гнеденко, К.Н.Курындина, Г.В.Дорофеев, Я.И.Хинчин, Ж.Кудратов, И.О.Ковпак жəне басқа ғалымдардың жұмыстарында жарық көрді [12-20].
Ал біздің елімізде ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистика элементтерін мектепте оқыту мəселесі еліміздің ғалымдары Қ.Бектаев, Б.С.Жаңбырбаев, Б.Б.Баймұхановтың еңбектерінде зерттеліп, жарияланған [21-23]. Н.И.Рустемова кандидаттық диссертациясында бірқатар дамыған шет елдердің бағдарламаларына талдау жасай келе, оқушылардың ықтималдық-статистикалық білімін қалыптастыру мақсатында математика курсыныңбағдарламасына комбинаторика, ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистика элементтері тарауларын енгізу мақсатқа сай екенін атап өткен [24].
Шет ел мектептерінде білім беру жүйесінің мазмұнына ықтималдық теориясы мен математикалық статистика элементтері үлесінің айтарлықтай көп болуының негізгі себебі - экономикалық есептерді шешуде статистикалық əдістердің маңыздылығында.Қазақстан Республикасының оқушылары үшін ықтималдық-статистикалық дайындықтың маңыздылығы - Қазақстанның экономикалық дамуының ішкі қажеттіліктерінен туындайды, яғнинарықтық экономикаға өтуіне байланысты баланың математикалық сауаттылығын арттыруы мен толықтыруы да маңызды.
Сонымен қатар ықтималдық теориясы практикалық өмірдің барлық салаларында статистикалық əдістермен бетпе-бет келеді, бұл қоғамның барлық мүшелеріне қатысты. Əрбір адам интернетте, газеттерде, журналдарда, кітаптарда, теледидарда жəне т.б. статистикалық материалмен кездесуге тура келеді. Бұқаралық ақпарат көздері орташа тұтынушылық қоржын, орташа жан басына шаққандағы табыс туралы, процестің немесе құбылыстың даму динамикасының визуалды бейнелері, олардың ықтималдық бағалауы туралы мəліметтерді қамтиды жəне қазіргі заманғы қоғамның өміріне саналы жəне белсенді қатысу үшін, статистикалық ақпаратты дұрыс қабылдау негізгі шарт болып табылады.
Көріп отырғанымыздай, негізгі мектептің бағдарламасына стохастикалық материалды енгізу қажеттілігі мынадай негізгі себептермен белгіленеді:

  • ықтималдықтар теориясы жəне математикалық статистика - жалпыға ортақ мəдениеттің бөлігі болып табылады, оны қабылдау əрбір оқушыға маңызды;

  • ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистиканы үйрену табиғат пен қоғамға əдіснамалық көзқарастың қалыптасуына мүмкіндік туғызады жəне басқа пəндерді заманауи дəрежеде үйрену, білімді жалғастыру немесе кəсіби қызмет үшін қажет;

  • ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистиканы зерттеу жеке тұлғаның дамуына ықпал етеді;

  • ықтималдықтар теориясы жəне математикалық статистикамен ерте танысу тақырыпты терең түсіну жəне күнделікті өмірде ықтималдық- статистикалық əдістерді қолдану үшін қажетті ішкі түйсікті дамытуға ықпал етеді.

Мұндай тəсіл дүниетанымдық бағытты, математика курсының жалпы мəдениəлеуетінкүшейтеді,жаңа,тереңнегізделгенпəнаралықбайланыстардың пайда болуына ықпал етеді, қолданбалы аспектіні кеңейту арқылы мектеп математикалық білімін гуманизациялауға үлес қосады. Бұл өз кезегінде математикалық білім беру мақсаттарын толық іске асыруға мүмкіндік береді.
Осылайша, ықтималдық-статистикалық əдістерінің қайшылық туындағанда ақиқатты тануда, тəжірибелік қызметінде жəне жалпы білім беру жүйесінде алатын рөлі айтарлықтай.
Осыған байланысты оқушылардың жалпы білім беруде математикалық дайындығындағыықтималдық-статистикалықбілімдердіңрөліменорны,оның мазмұны мен жүзеге асыру əдістемесі туралы мəселе туындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет