Microsoft Word История.№1,2010



Pdf көрінісі
бет49/68
Дата25.04.2020
өлшемі1,65 Mb.
#64624
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   68
Байланысты:
таңба 222333

 
 
ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ МАТЕРИАЛДАРЫН ОҚЫТУДЫҢ КЕЙБІР МƏСЕЛЕЛЕРІ 
 
Ж.Нұрманбетқызы – 
 т.ғ.к., доцент, Абай атындағы ҚазҰПУ   
 
 
«Қазақтың қаны бір, жаны бір жолбасшысы – мұғалім.Еліміздің азғана жылдық ояну дəуіріне 
баға беру үшін алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын-мұғалімдердікі» - деп Мағжан Жұмабаев 
айтқандай,  бүгінгі  жаһандану  заманында  бұл  киелі  де,  қасиетті  мамандықтың  алар  орны  биік.  Олай 
дейтін себебіміз, əлеуметтік – экономикалық өзгерістер адам санасындағы күрделі жаңғыру үрдісімен 
астаса    жүріп  жатыр,  оның  өрісін  едəуір  кеңейте  түсуді,  бұл  істі  білім  беру  жүйесі  арқылы  жүзеге 
асатыны  түсінікті.  Соның  ішінде  педагог    мамандардың  мəртебесінің  құқықтары,  міндеттері  мен 
жауапкершілігі жайлы Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңының жетінші тарауында арнайы 
жан-жақты  қарастырылған.  Ал,  педагог  қызметкердің  міндеттері  туралы 51-баптың 3-бөлімінде: 
«Өзінің  кəсіптік  құзыреті  саласында  тиісті  теориялық  жəне  практикалық  білімді  жəне  оқыту 
дағдыларын  меңгеруге;  білім  алушылардың  жоғары  имандылық,  ата-аналарына,  этномəдени 
құндылықтарға  құрмет  көрсету  рухында,  қоршаған  дүниеге  ұқыпты  қарауға  тəрбиелеуге,  олардың 
өмірлік дағдыларын, біліктіліктерін, өздігінен жұмыс істеуін шығармашылық қабілеттерін дамытуға...» 
тағы сол сияқты міндеттер жүктелген /1/.  
 
Соған  орай,  қазіргі  заман  педагог  қызметіндегі  басты  ерекшеліктердің  бірі – болашақ 
ұрпақтарға  рухани  тұрғыдан  ықпал  жасауды  нығайту,  сол  арқылы  қоғамның  лайықты  азаматтарын, 
Отан  қорғаушыларын  тəрбиелеп  шығару.  Бұл  үшін  айнала  қоршаған  дүниеге  ғылыми  көзқараспен 
қарап, өз ісіне сергектік пен шыдамдылықты қару етіп алу қажет.  
 
Соның ішінде тарих мамандарын дайындаудағы жоғары оқу орындарының басты міндеттерінің 
бірі – тарихи  ілім-білімнің  біржақтылығынан  арыла  отырып,  өткен  тарихымыздың  шынайы  бейнесін 
жасау.  Тарих  ғылымы  нақты  тарихи  жағдайды  саралау  əдісін  қолдана  отырып,  тарихи  фактілерді 
зерттеліп отырған уақыттың көзі мен талдап бағалауға ұмтылуы керек.  
 
Өйткені,  бəрімізге  белгілі  КСРО  құрамында  болған  Қазақ  елінің  тарихи  шектен  тыс 
идеологиялық тəуелділікте болғандығы, көптеген ұрпақтарымыздың Отан тарихының құндылықтарын 
игере алмай қалғандығы өкінішті.  
 
Отандық  тарих  ғылымы  саласындағы  терең  зерттеулердің  негізінде  тұрған  Ш.Уəлиханов 
атындағы  Тарих  жəне  Этнология  институтын  ұзақ  жылдар  басқарып,  дəмі-тұзы  таусылғанша  барлық 
күш-қуатын  тарих  ғылымына  арнаған,  академик    М.Қ.Қозыбаевтың  есімін  ерекше  атауға  тұрарлық. 
Болашақ  тарихшы  мамандарды  даярлау  барысында  алдыменен  тарихты  меңгерудегі  дəлелдер  мен 
дəйектерге  мəн  беретініміз  рас.  Əсіресе,  кешегі  Ұлы  Отан  соғыс  кезеңіндегі  оқиғаларға  жан-жақты 
ғылыми  талдаулар  жасап,  жаңаша  көзқараспен  қарау  керектігіне  міндеттер  жүктейді. Себебі,  тарих – 
ойға бағындырылған, қателеспеу қажет. Отандық тарихымыздың бұрмалануы, орталықтың ұлтқа деген 
нигилистік көзқараста болуы кеңестік жүйеде де қайталанды. «ХХ ғасыр - қасірет кезеңі» - деп аталуы 
бекер емес. Қаншама ұрпақты қайғы-қасіретке душар еткен оқиғалардың бірі –Ұлы Отан соғысы. Əлі 
де  Ұлы  Отан  соғысының  жеңісін  жоққа  шығарғысы  келетін  қоғамда  əр  түрлі  жаңсақ  пікірлердің 
кездесіп қалатындығы байқалады. Қарапайым халық үшін Кеңестер Одағы көп ұлтты мемлекетте өмір 
сүргендігін  ұмытуға  болмайды.  Өзінің  əлеуметтік  жəне  саяси    құрылыс  жағынан  ешбір  ымыраға 
келмейтін  елдер  КСРО  мен  антигитлерлік  одаққа  бірігіп,  ортақ  жауға  қарсы  бірігіп,  жеңіп  шықты. 


 
75
Соғыс жылдарында Қазақстан КСРО-ң құрамдас бөлігі ретінде өзінің экономикалық ресурстарымен де, 
адам күшімен де ортақ жауды жеңуге зор үлес қосқаны мəлім.  
 
Соғыстың  саяси-əлеуметтік  оқиғалар  жөніндегі  шындықтың  бұрмалануына  академик 
М.Қ.Қозыбаев  мынадай  деректер  келтіреді: «... соғыс  тарихының  бір  кезде  «халықтар  көсемінің»  өзі 
ұсынған  сталиндік  үлгісімен,  онан  кейін  тоталитарлық  жүйенің  əрқилы  кезеңдерінде  аздаған 
өзгерістерге  ұшырағанымен,  идеологиялық  тұрғыда  бəрі  бір  сол  қалыптың  шектеуінде  жазылып 
келгендігінде еді» /2/. 
           Соғыстың алғашқы ауыр шағында майданға республикадан көп адам жөнелтілді. Оларды соғыс 
өнеріне баулып үйретудің өзі қысқа мерзімде іске асырылды. Алғашқы кезде Қызыл Армияның орасан 
зор  шығындарға  ұшырап,  Еділ  бойына  дейін  шегінуі,  соғыс  техникасының  жетіспеуі,  оларды  адам 
күштерімен толтыруға мəжбүр болды. Сол сəттерде жауынгерлердің жанармай құйылған шөлмек алып 
танкіге  қарсы  ұмтылуы  немесе  оның  шынжыр  табанына  жарылғыш  заттармен  қоса  өздері  жатып, 
құрбан болуы кездейсоқ нəрсе емес еді. Мұнда ерлік пен батырлықтың үлгісімен қоса ел қорғанысын 
ұйымдастырудағы  қателіктер  мен  қатыгездіктер  де  көрініп  тұрса  керек.  Белгілі  ағылшын  тарихшысы 
Александр Берт өзінің «Ресей 1941-1945 жылғы соғыста» деген кітабында:  
«Қызыл  армияның  табанды  қайсар  солдаттарының  бірі  қазақтар  болды.  Қазақтар  өзін  жақсы 
жағынан  көрсете  білді.  Тіпті,  Сталинград  шайқасының  өзінде  ең  өжет,  ержүрек,  батыр  солдаттар 
қатарында қазақтар жүрді» /3/. 
 
Мінекей, осындай таңқаларлық жайларды дəуір құжаттарынан оқи отырып, оқушыларға үлгі де 
сабақ  боларлық  қасиеттер  мол  азаматтардың  ерлік  істерін  дəріптеу  əрбір  пəн  мұғалімінің  қасиетті 
борышы.  
 
Сонымен  қатар,  соғысты  қазақ  жауынгерлерінің  көрсеткен  ерліктері,  батырлықтары  өз 
дəрежесінде  бағаланбауына көптеген мысалдарды да келтіру  тарих алдындағы басты міндетіміз десек, 
артық айтқандық емес.  
 
Фашистердің  ұясы  Рейхстагқа    бірінші  болып  Жеңіс  туын  тіккен  Рахымжан  Қошқарбаев  пен 
Григорий Булатовтар болатын. Өйткені, Рейхстаг қорғаныс шебінен не бары 300 метрде ғана еді. Екеуі 
де  бұл  аралықта 7,5 сағат    уақыт  жұмсады.  Жеңіс  туын  тігеді.  Əскери  шенділердің  «Жеңіс  туын 
азияттар емес, славян өкілі, екіншісі «ұлы» көсемнің ұлты болсын» - деген бұйрығымен 1-мамыр күні 
ұлты орыс Егоров пен грузин Кантария 15 минутта қайтадан «Жеңіс туын» тігеді. Бұл оқиғаның нағыз 
куəсі  болған,  сол    дивизияның  байланыс  торабының  командирі,  аға  лейтенант  Ө.Тəшкенбаев  еді.  Ал 
Егоров  пен  Кантария    Кеңес    Одағының    Батыры    атағына  ие  болғанда,  Қошқарбаев  пен  Болатовтар 
атаусыз  қалып қойды. 
 
«Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» десек те, байтақ елдің жеңімпаз əскерінің символындай 
болған оған ресми түрде «Батыр» деген атақ  көзі  тірісінде бұйырмап еді.  
 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаев  1999 жылы Жеңіс күнінің қарсаңында 
Ұлы Отан соғысының жеңімпаз жауынгері Рахымжан Қошқарбаевқа «Халық қаһарманы» атағын беру 
туралы жарлық шығарды.  
 
Қаулының  мазмұны «1941-1945 жылдардағы  Ұлы  Отан  соғысында  көрсеткен  ерлігі  мен 
қаһармандығы  үшін  Рейхстагқа  алғашқылардың  бірі  болып  Жеңіс  туын  тіккен  Р.Қошқарбаевқа 
(марқұм) – «Халық қаһарманы» атағы берілсін» - делінген/4/. 
 
Батырдың  жұбайы  Рахила  Қошқарбаева – Яхина  сол  кездегі  тебіренісін  былай 
жеткізеді:«Дүниеде құдайдың бергені де ештеңе емес, бергенін  қайтып алғаны да ештеңе емес, бірақ 
беретінін бермей, алатынын ала алмай қалғаннан артық қиянат жоқ па деп қалдым. Бұл сөздерді егер 
Рахымжанның көзі отырса айтпаған болар едім, ол да айтқызбаған болар еді. Солай десем де неше жыл 
отасқан өмірімізде ыстық – суығымызды бірге өткізген, бауыр басқан жан-жарымның немен тыныстап, 
нені  көксегенін  білмеу  мүмкін  емес  болатын.  Оның  əділеттілікті  күткені  шындық  еді.  Осы  сезімді 
түсінген маған да ол кісімен бірге ғұмыр кешу соншалықты ауыр болды.  
 
Рақаң  аламан  бəйгеде  оза  шауып  келіп,  олжасынан  айрылған  нысаналы  жүйрік  ретінде 
көрінетін де тұратын. Түйінді шешіп берген Елбасына рахметтен басқа айтарымыз жоқ»/5/. 
 
Ия, «өз  ұлын,  өз  ерлерін  ескермесе,  ел  тегі  қайдан  алсын  кемеңгерді»-деп  Ілияс  Жансүгіров 
жырлағандай Елбасының бүгінде батырлығын халқы мойындаған ұлының əруағын аспандатып, ерінің 
сағын сындырмай, елеп-ескеріп жатуы, Р.Қошқарбаев əулетін ғана емес, туған халқын да қуантты. Кеш 


 
76
болса да, ұрпақ алдындағы аманат орындалып, тəуелсіздігіміздің көгілдір туы желбіреп, батыр əруағы 
риза болғандай  сезінетініміз рас.  
 
Соған  орай,  Елбасы  Н.Ə.Назарбаев  «Қазақстан-2030»  стратегиясында, «Жаңа  əлемдегі  жаңа 
Қазақстан», «Қазақстан  халқының  əл-ауқатын  арттыру – мемлекеттік  саясаттың  басты  мақсаты, 
«Дағдарыстан  жаңару  мен  дамуға»  атты  жыл  сайынғы  халыққа  арналған  жолдауларында  жəне  білім 
жəне ғылым саласындағы мамандармен кездесулерінде патриоттық сезімімен ерекшеленетін, ақыл-ойы 
сергек, бəсекеге түсе алатын нағыз азаматтарды тəрбиелеу міндеттерін қоғам алдына қояды.  
 
Сондықтан  тарих  сабақтарында  əр  оқиға  желісі  бойынша  деректерді  дұрыс  қолдана  алған 
жағдайда,  оқушыларды  ерлікке,  елжандылыққа,  батырлық  пен  жауынгерлікке  баулудағы 
мүмкіндіктерді пəн мұғалімінің шеберлігіне байланысты болмақ.  
 
Оқушылардың  жас  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  оқушыларды  отаншылдыққа,  халықтар 
достығына тəрбиелеудің мынадай жолдары бар:  
- Туған өлке материалын тиімді пайдалану; 
-  Елжандылыққа,  достыққа  баулудағы  мемлекет  қабылдаған  құжаттарды  рет-ретімен  қолдана 
алу;  
- өзіндік ізі қалған тарихи тұлғалардың қасиеттерін үлгі тұтудағы еңбектерін көрсету. 
Осыған байланысты тарих пəні мұғалімдерінің заман талабына сай өзгеруі, олардың бойында 
кəсіби  мəнді  сапалар  қалыптасып,  жас  ұрпақтың  Отан  тарихын  меңгерудегі  іскерлігі  мен  біліктілігін 
қалыптастыру  мəселесінің  өзектілігі  артады.  Кəсібін  терең  түсінетін,  еңбекқор,  өзінің  теориялық 
білімін тəжірибеде жарата алатын мамандарға қоғам зəру екендігі түсінікті.  
 
Қазақстан  тарихының  мұғалімі  тереңірек  ойланатын,  өзіне  үлкен  тарихи,  əрі  саяси 
жауапкершілік  жүктелгелі  тұрғанын  жүрегімен  сезіну  керектігіне  белгілі  тарихшы  ғалым 
Т.Т.Тұрлығұл: «...260 жылдан  астам  отарлық    бұғауда  болған  халықтың  тарихын  қазір  қалай  оқыту 
керек? Ұлттық тарихты оқытатын ұлтжанды ұстаз аталған мəселелердің солқылдап, майысып тұрғанын 
көз  алдына  келтіре  алады,  осыларды  нығайтуға  үлес  қосудың  жолдарын  іздейді.  Оның  негізгі  жолы-
Қазақ мектептеріндегі оқушыларда ұлттық намысты қалыптастыру, оларды ұлтжанды етіп тəрбиелеу»-
деп атап көрсетеді /6/. 
 
Сол  сияқты  Қазақстан  Республикасының  тарихи  сана  қалптасуының  тұжырымдамасында 
мектеп  курсында  тарихи  оқиғаларға  баға  бергенде  абай  болудың  керектігін,  қандай  болсын  оқиғаға 
белгілі көзқарасты тануға тырыспау керектігіне мəн береді/7/. 
 
Қортындылай  келе,  əрбір  тарих  пəні  мұғалімі  тек  дайын  күйінде  жазылған  оқулықпен 
шектелмей,  шығармашылықпен  жұмыс  жүргізсе  оқушыларды  отаншылдық  рухта  тəрбиелеудің 
құндылығы  биіктей  берері сөзсіз. 
 
1. 
ҚР Білім туралы Заңы.- Алматы, 2008. 
2. 
Қозыбаев М.Қ. Күркіреп күндей өтті ғой соғыс. // Егемен  Қазақстан. 8 – мамыр. - 1993. 
3. 
Берт А.Ресей 1941-1945 жылғы соғыста: М.:Прогресс. -1967. 
4. 
Егемен Қазақстан. – 1999. - 8-мамыр. 
5. 
Аупбаев Ж., Мыңбай Н. Халық алған қамал. –Алматы, 1999. 
6. 
Тұрлығұл Т.Т.  Мектепте Қазақстан тарихын теориясы мен əдістемесі. – Алматы, 2003.- 
226 бет. 
7. 
ҚР  тарихи  сана  қалыптасуының  тұжырымдамасы. // Егемен  Қазақстан.- 1995. - 30 - 
маусым. 
 
Резюме 
Данная  статья  посвящена    некоторым  вопросам  преподавания  материалов  о  Великой 
Отечественной войне.  
 
Summary 
Given article speaks of some questions of the teaching material about Great Domestic war.  
 
 
  


 
77
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет