Микробиология


Студенттердің өзін - өзі пысықтау сұрақтары



бет18/67
Дата20.10.2022
өлшемі1,43 Mb.
#154017
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   67
Байланысты:
УМКД Микробиология 2018

Студенттердің өзін - өзі пысықтау сұрақтары:
1. Саңырауқұлақтардың жасуша құрылысындағы ерекшеліктері?
2. Саңырауқұлақтардың көбею тәсілдері?
3. Саңырауқұлақтардың классификациясы.
4. Ашытқылар және олардың халық шаруашылығындаңы маңызы.
5. Қарапайымдыларға қандай ағзалар жатқызылады?
6. Балдырлардың табиғатта таралуы.
7. Вирустардың басқа микроағзаларда айырмашылығы.
8. Бактериофагтар. Лизогения.


5 – Дәріс. Микроағзалар тіршілігіне сыртқы ортаның әсері. Микроағзалардың өзара және басқа ағзалармен қарым – қатынасы
Қаралатын сұрақтар:
1. Кейбір микроағзалар тобының су режиміне, осмос қысымы және орта ылғалдылығына байланыстылығы.
2. Психрофилді, мезофилді және термофилді микроағзалар. Аэробтар мен анаэробтар.
3. Микроағзалардың өзара қатынасына сипаттама: метабиоз, симбиоз, антагонизм, паразитизм
4. Сапрофитті және паразитті микроағзалар.


Ылғалдылық. Микроағзалар жасушаларының құрамында 75–85%-ға жуық су бар. Жасушаға сумен бірге қоректік заттар және өмір тіршілігіне қажетті заттар шайылып жетеді. Микроағзалар тек қана ылғалды субстраттарда дами алады. Субстраттың ылғалдылығы төмендеген сайын микроағзалардың даму қарқындылығы тежеледі. Ылғалдылыққа байланысты микроағзаларды былай жіктейді: гидрофиттер – ылғал сүйгіш микрооағзалар; мезофиттер – орташа ылғал сүйгіш; ксерофиттер – құрғақ сүйгіштер.
Микроағзалардың қолайлы дамуы үшін, субстраттағы ылғал мөлшері жеткілікті болуы тиіс, оны қазіргі уақытта «сулы белсенділік» деп атайды. Ылғалдылық жеткіліксіз болған жағдайда микроағзалар көбеймейді. Микроағзаларды терең вакуумда кептіру, оларды тірі күйінде көптеген жылдар бойына сақтауға мүмкіндік береді, себебі жасушадағы биологиялық үдерістер баяулайды. Лиофилизация – микроағзаларды мұздатылған күйде кептіру арқылы құрғақ культураларды алу әдісі.
Ортадағы ерітілген заттар концентрациясы. Жасуша ішіндегі осмостық қысымы қоректік субстрат қысымына қарағанда жоғары болған жағдайда микроағзалардың қалыпты дамуы жүреді. Осы жағдайда жасушаға сырттан су өтіп, цитоплазма жасушаның қабырғасын аздап соза отырып, тығыз жанасады. Мұндай жағдайды тургор деп атайды.
Гипотониялық ерітіндіде суда еріген қосылыстардың концентрациясы төмен болады. Төмен осмостық қысымдағы субстратқа түскен микроағзаларда плазмоптиз түзіледі – цитоплазма жылдам сумен толығады да, жасуша қабығын жарып жібереді.
Жоғары осмостық қысымдағы ерітінді гипертониялық деп аталады. Жасуша ішіндегі қысымға қарағанда субстраттың осмостық қысымының артуы жасушаның сусыздануына – плазмолизге әкеп соқтырады, бұл кезде жасушаға қоректік заттардың түсуі тоқтайды. Плазмолиз күйінде микроағзалар тіршілігін ұзақ мерзімге сақтай алады. Осмофилді микроағзалар (Aspergillus, Penicillum) жоғары осмостық қысымды көтере алады. Ас тұзын немесе қантты қосу арқылы жасушаның ішіндегі қысымды реттеуге болады. Ас тұзының 0,5–2% концентрациясы микроағзалар үшін аз сезімтал; 3% - қолайсыз; 7-10% - шіріту бактерияларының көбеюі тоқтайды; тұздың 20% концентрациясында ботулис пен сальмонелла белсенділігінен айырылғанымен, тіршілік қабілетін сақтап қалады.
Галлофилдер – тұздың 20%-дан жоғары концентрациясына төзімді микроағзалар. Субстратта ас тұзының жоғары концентрациясы микроағзаларға токсинді әсер етеді: тыныс алу үдерісі төмендейді, жасуша мембраналарының қызметтері бұзылады және т.б. Микроағзалардың тұз бен қанттың жоғары концентрациясы қосылған ортада өсе алмауын тағам өнеркәсібінде әртүрлі өнімдерді консервілеу кезінде тиімді пайдаланады.
Температура. Микроағзалардың тіршілік етуі қоршаған ортаның температурасымен анықталады. Температураға қатысты микроағзаларды келесідей топтарға жіктейді: психрофилдер (гректің психрос – суық сөзінен шыққан) – суықты сүйгіш микроағзалар; мезофилдер (гректің мезос – орташа, аралық сөзінен шыққан) – бұл микроағзалар үшін оңтайлы температура 30-45°С құрайды, адамдар мен жануарлардың патогенді микроағзалары 37°С температурада жақсы өсіп дамиды; термофилдер (гректің термо – жылу сөзінен шыққан) – жылу сүйгіш микроағзалар, жоғары температура аймағында тіршілік етеді. Экстремалды – термофилді бактериялар – ыстық бұлақтарда мекендейтін бактериялар. Олардың тіршілік етуі жасушаның ультрақұрылымды ферменттеріне, ақуыздардың жоғары термотұрақтылығына және жасуша мембранасындағы липидті компоненттердің ерекше құрамына негізделген.

Кесте 1 – Температураға байланысты микроағзалардың таралуы





Топ

Температура, °С

минимум

оптимум

максимум

Қатаң психрофилді

0 және төмен

5-15

20-22

Факультативті психрофилді

0

25-30

30-35

Мезофилдер

10-15

30-45

35-47

Термофилдер

40-45

55-60

75-80

Жоғары температураның жойқын әрекетіне микроағзаларды өлтірудің көптеген әдістері негізделген. Мысалы: қайнату, булау, қуыру, пісіру, бланштау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет