Сафранин
. 2 г бояу ұнтағын 96%-ды этил спирті мен дистилденген
судың 1:1 ара қатынасында дайындалған қоспасында немесе қайнап
жатқан судың 100 мл-інде ерітіліп, сүзіледі.
Малахитті жасыл.
1 г малахитті жасыл ұнтағын 100 мл
дистилденген суда ерітіп, сүзеді.
Қызыл конго.
3 г бояуға 100 мл дистилденген су қосу арқылы
дайындайды. Бұл бояғыш препаратты негативті (теріс) тәсілмен бояу
кезінде қолданылады.
Люголь ерітіндісі
препараттарды Грам тәсілімен бояу үрдісінде
қолданылады. 2 г калий йодидін 25 мл дистилденген суға ерітеді. Сонан
соң ерітіндіге кристалды йодтың 1 г қосып, оның мөлшерін 300 мл-ге
дейін дистилденген сумен жеткізіп, ерітіндіні сүзеді.
Достарыңызбен бөлісу: