диффузиялық преципитация реакциясында телімді антиденелермен
белсенді түрде байланысқа түсе алатын 4 белок фракцияларының
болатындығы анықталған (2007).
Тұмау вирусы құстардың саңғырықтарында, ұлпаларда және суда
бір жылға дейін сақталады. +56ºС температурада 3 сағат, ал +60ºС-де 30
минутта инактивацияланады. Сілтілердің, қышқылдардың,
тотықтырғыштар мен құрамында йоды бар ерітінділердің әсерінен
зиянсыздандырылады.
Құс тұмауын балау эпизоотологиялық деректерге, клиникалық
белгілеріне, патологоанатомиялық өзгерістеріне, зертхана жағдайында
жұқтырылған 9-11 күндік тауық эмбриондарын гемагглютинация мен
диффузиялық преципитация реакцияларының көмегі арқылы вирустың
А типін, тип тармақтарын растауға, вируленттілік дәрежесін бағалау
үшін 4-8 күндік балапандарға жұқтыру арқылы анықтауға, вирустарды
бөліп алуға және оларды идентификациялауға негізделген.
Достарыңызбен бөлісу: