Микроэкономика



бет44/63
Дата15.09.2017
өлшемі10,07 Mb.
#33181
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   63

ә

ә

Сұрақ

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

Жауабы

ә

а

ә

а

ә

а

ә

а

б

ә

Сұрақ

21




























Жауабы

б




























250

ПАЙДАНЫ МЕЙЛІНШЕ АРТТЫРУ

ЖӘНЕ ЖЕТІЛГЕН БӘСЕКЕ

НАРЫҚТАРЫНДАҒЫ ҰСЫНЫС

7- ТАРАУ

7.1. ЖЕТІЛГЕН БӘСЕКЕЛЕС НАРЫҒЫНЫҢ

НЕГІЗГІ СИПАТТАМАЛАРЫ 253

7.2. ЖЕТІЛГЕН БӘСЕКЕЛЕС ФИРМАНЫҢ

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ КЕЗЕҢДЕ ПАЙДАНЫ МЕЙЛІНШЕ АРТТЫРУЫ 254

7.3. ЖЕТІЛГЕН БӘСЕКЕЛЕС ФИРМАНЫҢ

ЗИЯНЫН МЕЙЛІНШЕ АЗАЙТУ 257

7.4. ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ КЕЗЕҢДЕ ФИРМАНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ТОҚТАТУЫ 258

7.5. ҚЫСҚА МЕРЗІМДЕГІ ЖЕТІЛГЕН БӘСЕКЕЛЕС ФИРМАНЫҢ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ САЛАНЫҢ СҰРАНЫМ ҚИСЫҚТАРЫ 259

7.6. ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ БӘСЕКЕЛЕСТІК ТЕҢДЕСТІК ЖӘНЕ ТАУАРЛАР ҰСЫНЫСЫ 262 7.7. БӘСЕКЕЛЕС НАРЫҚТЫ ТАЛДАУДА ТҰТЫНУШЫ МЕН ӨНДІРУШІЛЕР

ҰТЫМЫ КОНЦЕПЦИЯСЫН ҚОЛДАНУ 263

251


7-тарау.Пайданы мейлінше арттыру жэне

Пайданы мейлінше арттыру және жетілген бәсеке нарықтарындағы ұсыныс

“Микроэкономиканың” бүл тарауының мақсаты жеке фирманың нарықтың белгілі бір моделіндегі, яғни жетілген бәсекелестік жағдайындағы іс-әрекетін зерттеу болып табылады. Бұл модель зерттеуді жеңілдететін алғышарттардан туындайтын, нақты экономикада толық күйінде кездесе бермейтін таза нарықтық құрылым болып саналады. Алайда, ол шешім қабылдау барысында өндірушілерге көптеген негізгі жорамалдау кезендерге түсінік береді, атап айтқанда, өнім өндіру көлемі мен тауардың бағасы және жеке сатушылардың ұсынысына әсер ететін факторларды анықтауға көмек береді. Нақты нарықтық құрылымдардағы фирмалардың тауар өндіру және қызмет көрсету процесін толық түсіну үшін аталған модельді қарастырудың маңызы зор.

Сонымен, зерттеу нысаны бәсекелес фирма болып табылады, ал оның мақсаты - тауар өндіру мен қызмет көрсету және оларды нарықта сату барысында пайданы мейлінше арттыру. Бұл арада зерттеуді жеңілдету үшін фирма бір ғана өнім түрін өндіреді деп жорамалдаймыз. Біздің талдауымыздың мақсаты - осы оқу құралының

252

7.1. Жетілген бәсекелес нарығың негізгі ...

алғашқы бөлімдеріндегі нұсқауларды қолдана отырып, біріншіден, бәсекелес өндірушінің қысқа мерзімді кезенде өндіріс көлемі жөнінде қалай шешім қабылдайтындығын және оның ұсынысына қандай факторлар ықпал ететіндігін көрсету. Екіншіден, жеке бір фирма және жалпы сала үшін ұзақ мерзімді өзгерістердің табиғатын зерттеу. Үшіншіден, мемлекеттік реттеу мен жүргізілген экономикалық саясаттардың нәтижелерін анықтау әдістерін қарастыра отырып бәсекелес нарықтың тиімділігін бағалау.



7.1. Жетілген бәсекелес нарығының

негізгі сипаттамалары

Жетілген бәсекелес нарығы дегеніміз - төмендегідей шарттар орындалатын нарық:

1) нарықта сатып алушыға стандартты немесе

біртекті өнім үсынатын тәуелсіз сатушылар саны өте

көп болған жағдай. Мысалы, ауыл шаруашылығы

өнімінің нарықтары;

2) әр фирманың жалпы нарықтық ұсыныстағы сату үлесі

елеусіз. Сондықтан, оның өнім көлемі туралы

өндірістік шешімдері жалпы ұсынысқа ықпал

етпейді, соған орай ол өнімнің нарықтық бағасына да

әсер ете алмайды;

3) баға, технология және ықтимал пайда жөніндегі

ақпараттар белгілі болады;

4) жаңа фирмалардың салаға кіруіне немесе одан

шығуына тосқауылдар қойылмайды.

Бәсекелес фирма нарықтық бағаға әсер ете алмайтын болғандықтан, ол бағаны сырттан белгіленген баға ретінде қабылдайды. Бұл - өндірілетін өнімнің кез келген мөлшерін фирма бір ғана бағамен сатады деген сөз. Жеке өндірушінің сұраныс қисығы горизонталь сызық болып табылады.



253

7-тарау.Пайданы мейлінше арттыру және .



7.1-сурет. Бөсекелес фирманың сұраныс қисығы.

Ескерту. Аталған қисықты нарықтық сұраныс қисы-ғымен шатастыруға болмайды.

Өнімнің өндірілген әрбір қосымша бірлігі тұрақты Ро бағамен сатылатындықтан, жалпы түсім өсімі немесе шекті түсім МR нарықтық бағаға тең болады, яғни МR = Ро. Сондықтан жетілген бәсеке жағдайында шекті түсім (МR) қисығы жеке фирманың сұраныс қисығымен (В) сәйкес келеді. Фирмаға белгіленген Ро бағасы нарықтық сұраныс пен нарықтық ұсыныстың сәйкестігінің нәтижесі екендігін көрсетеді.

7.2. Жетілген бәсекелес фирманың қысқа



мерзімді кезеңде пайданы мейлінше арттыруы

Шекті және графиктік талдау.



Пайда дегеніміз — жалпы түсім (ТR) мен жалпы шығындар (ТС) арасындағы айырма:

П = ТR~ТС (1)

Бұл жерде және өрі қарай экономикалық пайда туралы сөз болады. Фирманың мақсаты — белгіленген баға арқылы мейлінше көп пайда алуға немесе мейлінше аз зиян шегуге мүмкіндік беретін өндіріс көлемін таңдап алу болып табылады. Қысқа мерзімді кезеңде бәсекелес фирманың құрал жабдығы тұрақты болады да, ал өнім шығару көлемі өзгерген кезде тек айнымалы ресурстар ғана өзгереді, осыған сәйкес айнымалы шығындар өзгереді.

254

7.2. Жетілген бәсекелес фирманың қысқа ...



Енді, қысқа мерзімді кезеңде нарықтық баға мен өз шығындары туралы ақпараттарды ескере отырып, фирма өнім шығару көлемі туралы шешімді қалай қабыл-дайтындығын көрсетейік.

Бәсекелес өндірушінің алдында өзара байланысты 3 сұрақ туындайды:

1) өндіру қажет пе?

2) егер өндіру қажет болса, қандай мөлшерде?

3) алынатын пайда мөлшері немесе зиян қандай бо-

лады?


Егер өнім өндіру пайда әкелетін болса, онда бірінші сұраққа жауап дайын. Егер өндіріс зиян шегетін болса, онда фирманы жапқан жағдайдағы шығындарды және фирма қысқа мерзімде өз қызметін жалғастырғандағы шығындарын анықтау қажет. Өндіріс жабылғанда зиян (У) тұрақты шығындарға (ҒС) тең болады:

У = ҒС.

Егер фирма өндіріс көлемінің белгілі бір мөлшерінде ҒС -тан кем зиян шегетін болса, онда ол өз өнімін қысқа мерзімді кезеңде өндіруте тиіс болады. Сонымен, бірінші сұраққа былай деп жауап беруге болады: егер бәсекелес өндіруші экономикалық пайда алатын болса немесе ТҒС -тан кем зиян шексе, онда өндіріс жүргізуге болады.

Екінші сұрақтың жауабы өндірушінің мақсатынан туындайды: фирма мейлінше көп пайда алып немесе мейлінше аз зиян шегіп жұмыс істеуге сәйкес келетін өнім көлемін өндіреді. Үшінші сұраққа жауап берерде (1) формуланы қолдану жеткілікті.

Қойылған сұрақтарға толық және нақты жауап беру үшін белгілі бір өндіріс стратегиясын тандап алуға болатын 3 ықтимал жағдайды қарастыру қажет. Барлығы да өнімнің нарықтық бағасына байланысты болады. Бұл тәуелділікті түсіндіру үшін формуланы мына түрде жазайық:

255

7-тарау. Пайданы мейлінше арттыру және ...

П=Р-О-АС-О = (Р- АС) ■ 0. (2)

Бірінші жағдайды қарастырайық - пайданы мейлінше арттыру. Баға орташа жалпы шығындардың ең төменгі деңгейінен жоғары делік, яғни



Р > АС (3)

Онда, (2) формула бойынша есептесек фирма экономикалық пайда алады. Оны мейлінше арттыру үшін өндіруші өндірісті әрбір қосымша өндірілген өнім бірлігінің жалпы түсімге (К) қосатын өсімі оның жалпы шығындарға (ТС) қосатын өсімінен артық немесе тең болғанша ұлғайтуы қажет: МR > МС немесе жетілген бесеке жағдайында Р > МС, өйткені МR = Р. Сондықтан фирма менеджерлері әрбір қосымша өндірілген өнім бірлігіне шаққандағы шекті шығындарды өнім бағасымен салыстырулары тиіс. Бұл жағдайда осы өнім бірлігін сату (1) формулаға сәйкес, жалпы пайданы өсіреді.

Мейлінше көп пайда мынадай тендік орындалған

жағдайда шығарылатын өнім көлеміне Q сәйкес келеді.



Р = МС.

Бұл шарт жетілген бөсекелес фирма үшін пайдасын ең жоғары деңгейге жеткізетін шарт болып табылады.

Пайданы мейлінше арттырудың графиктік талдауы төмендегі суретте көрсетілген.

7.2-суретте фирманың шекті (МС) және орташа (АС) шығындарының қисықтары мен сұраныс қисығы Р = МR көрсетілген. МС қисығы сұраныс қисығымен В нүктесінде қиылысады. Оған сәйкес өнім көлемі - £). ÀВСБ тік төртбұрышының биіктігі өнім көлемінің бір бірлігіне шаққандағы пайда немесе төмендегі көрсеткіштердің айырмасына тең (Р-АС).



256

7.3. Жетілген бәсекелесфирманың зиянын



Оның ені- өндірілген тауарлар саны. Сонымен фирманың жалпы пайдасы АВСD тік төтбұрышының ау-данына тең болады Мейлінше көп пайда өнім шығару көлемі Q -ға тең болғанда алынады, ал бұл өнім көлемі үшін орташа шығындардың ең аз мөлшерде болуы міндетті емес.

Q* Q


7.2-сурст. Жетілген бөсекелес

фирманың пайдасын мейлінше арттыру.

7.3. Жетілген бәсекелес фирманың зиянын мейлінше азайту Екінші жағдайды, яғни шығындарды мейлінше азай-туды қарастырайық. Өнім бағасы мүмкін болатын жалпы орташа шығьгадардың ең төменгі мөлшерінен төмен, ал орташа айнымалы шығындардың ең төменгі шамасы-нан жоғары деп жорамалдайық.

AVCтіп
тіп

Бұл жағдайда фирма зиян шегеді және оның алдында өндірісті тоқтату немесе қысқа мерзімді кезенде қызметін жалғастыру сияқты екі тандау тұрады. Барлығы да зиян мөлшеріне байланысты болады. Өндірісті тоқтатқан кезде, фирма тұрақты шығындарға тең зиян шегеді, яғни, Ү = ТҒС. Өз қызметін жалғастыра отырып, фирма жалпы айнымалы шығындарды толық етеп, ал тұрақты шығындардың белгілі бір бөлігін ғана жабатын, жалпы түсім ала алады. Бұл жағдайда өндірісті жалғастыра отырып, фирма өз өндірісін тоқтатқаннан

258

7-тарау.Пайданы мейлінше арттыру және ...

гөрі аз зиян шегеді. Зиян мөлшері өте аз болатын өндіріс көлемі (4) теңдеу арқылы анықталады.

График түрінде оны былайша көрсетуге болады:

7.3-суретте баға сызығы АV С және А С қисықтарының арасынан өтеді. Өндіріс көлемі Q -ге тең болғанда, Р = МС, зиян мөлшері өте аз немесе АВСD тік төбұрышының ауда-нына тең бсшады Өнімінің 1 бірлігіне шаққандағы зиян (СВ) малшеріне тең.





7.3-сурет. Жетілген бөсекелес фирманың

зиянын мейлінше азайту.

Бұл жағдайда өндірісгі тоқтатқанда фирма көп зиян көретінін оңай көрсетуге болады. Шынында да, тұрақты шығындр DСЕҒ тік төртбұрышының ауданымен анықталуы мүмкін, оның СЕ биіктігі (АС-АVС) айырмасына тең, яғни АҒС. Сонымен, DСЕҒ ауданы:

SDCЕҒ = АҒС . Q* = ТҒС.

Ал, SАВСІ) < SОСЕҒ екендігі белгілі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет