8.8. Мемлекет тарапынан монополияны реттеу
Көптеген елдерде жеке фирмалардың монополиялық биліктерін шектеу үшін белгілі заңдар қабылданып, олардың қызметтерін реттеуде әр түрлі механизмдерді
318
8.8. Мемлекет тарапынан монополияны
пайдаланады. Мысалы, “жоғары деңгейдегі баға” белгілеу, салықтар және т. б.
Монополиялық фирмалар нарықта билік, үстемдік жүргізу арқылы тауарлардың бағасын неғұрлым жоғары қойып, ал өнім көлемін солғұрлым төмендететінін білеміз. Көпшілік елдерде жеке фирмалардың монополиялық билігін тежеу үшін арнайы зандар қабылданады және оның іс-әрекетін жөндеу үшін түрлі реттеу механизмдері қолданылады. Осы тәсілдердің бірі бағаны шектеу, реттеу және салық салу. Енді осы айтылған тәсілдер монополиялық фирмаға қалай әсер ететінін көрейік.
1. Бағаны реттеу. Фирманың монополиялық билігін жоғары деңгейдегі баға қою арқылы реттеуді көрелік. Бұл баға монополистің МR = МС тепе-тендік багасынан төмен болу керек. Енді бұны график түрінде көрсетейік. Рт, Qт - монополистің тауарының бағасы мен өнім көлемі.
8.10-сурет. Бағаны реттеу.
Енді мемлекет тарапынан реттеу болып, тауарға Р1 бағасы қойыпды дейік. Соның нәтижесінде тауардың бағасы монополия бағасынан гөрі төмендеп, ал
өнім көлемі Q1 –ге дейін көбейеді. Бағаны реттеу механизмі бұл жағдайда нарыққа оң әсерін тигізіп тұр, бірақ бұл әдістің шектеуі болады. Бағаны реттеудің ең төменгі деңгейі бәсеке нарығының бағасына келіп тіреледі, одан әрі баға төмендесе, өнім көлеміне азаюына әкеліп соқтырады, яғни монополистің іс-әрекетіне теріс әсерін тигізеді. Монополияға бағаны Рm-нан жоғары
319
8-тарау. Монополия және монополиялық...
белгілесе,ондай жағдайда да баға монополиялық фирманың жұмысына теріс әсер етеді. Сондықтан бағаны реттегенде Рг бәсеке бағасынан жоғары, ал монополия бағасынан төмен болуы керек: Рк < Рг < Рт.
2. Салық салудың монополияға тигізетін өсері. Фир-маның шекті шығындары тұрақты деп ұйғарайық. Мем-лекет тарапынан моноплиялық өндірушіге қосымша салық салынды дейік.
8.11-сурет. Монополиялық фирманың
тауарына салық салу.
LRМС — шекті шығын;
Т - салық;
Р1 және Q1 — монополистің салық салынғанға дейінгі жағдайы, ал P2, P2 ~ салық салынғаннан кейінгі баға мен өнім көлемі.
Шекті шығьш қисығы LRМС салық көлеміне тең шамаға жоғары қарай жылжиды, себебі салық мөлшерін өндіруші өз шығындарына қосады: LRМС + Т. Сон-дықтан салық салынғаннан кейін тауардың бағасы да жоғарылайды, бірақ баға түгел салық көлеміне көбеймейді ол салық шамасынан аз болады Р2 - Р1 < Т.
320
8.9. Бағалық дискриминация
Жетілген бәсеке кезінде МС тұрақты болған уақытта қосымша салық салынса, баға салық мөлшеріне өсетіні белгілі. Ал монополия кезінде баға салық мөлшерінен аз шамаға көбейіп тұр, сондықтан монополистердің іс-әрекеттерін салық механизмі арқылы реттеу оң нәтиже береді деп айта аламыз.
8.9. Бағалық дискриминация
Егер монополиялық билігі бар фирма, тұтынушылардың сұраныс икемділігін ескере отырып, бір тауарды тұтынушылардың әр түрлі категориясына әр түрлі бағамен сатса онда, ол бағалық дискриминация (құқын шектеу) саясатын жүргізеді деп айтамыз. Монополист бағалық дискриминация саясатын, қайталаньш сатуға жатпайтын тауарлар өндіргенде ғана іске асыра алады. Бұл жағдай орындалмаса бағалық дискриминация саясаты алыпсатарлыққа әкеліп соқтырады да, монополиске қосымша пайда алуға мүмкіндік бермейді. Монополистің бүл саясатын жүргізудің негізгі тәсілі сұранысы икемді және икемсіз тұтынушылардың табысын өзара қайта бөлу болып табылады және көбінесе бұдан сұранысы икемсіз тұтынушылар ұтуы керек.
Егер монополист әрбір тұтынушыға жеке баға тағайындайтын болса, онда біз жетілген бағалық дис-криминация саясатын көреміз (8.12-сурет).
Егерде монополист 8.12-суреттен көріп отырғанымыз-дай: тауарды тұтынушылардан барлық тобына бірдей бағамен сататын болса, онда РтВDР тікбұрышының ауданына тең пайда алады. Ал жетілген бағалық дискриминация саясатын жүргізген жағдайда, ол тұтынышылар санын көбейтеді. Бағаны төмендеткен уақытта, ол шекті шығындардан төмен болмауы керек. Монополист бағаны Рт -нан жоғары белгілегенде экономикалық пайдасын АВРтүшбұрышының ауданьша көбейте алады. Тауардың бір данасының бағасын Рт
321
8-тарау. Монополия және монополыялық...
нан төмен белгіле-ген жағдайда, монополист өз тауарын сатып алушылардың санын көбейтеді немесе табысы төмен тұтынушыларды қамту арқылы пайдасы ның шамасын ВСБ үшбұрышының ауданына жоғарылатады. Сонымен, мо-нополист жетілген бағалық дискриминация саясатын жүр-гізгенде экономика лық пайдасын АСР1 үшбұрышының
8.12-сурет. Жетілген бағалық дискриминация.
ауданы шамасына дейін ұлғайтады. Бұдан төмендегідей қортынды шығаруға болады:
Монополист жетілген бәсеке саясатын жүргізу нәти-жесінде тұтынушы ұтымын түгелдей иемденіп алады. Бірде-бір тұтынушы ұтым ала алмайды, себебі монополист сатып алушының әрқайсысына төлей алатын ең жоғары деңгейдегі бағаны белгілейді. Сондықтан тұтынушы ұтымы түгелімен монополиске пайда ретінде келіп түседі. Мемлекетгік басқару ұжымдары бағалық дискриминация саясатына өте қатаң қарамайды, себебі монополистер бұндай саясат жүргізе отырып өнім шығару көлемін ұлғайтады.
ЖАТТЫҒУЛАР
1. Суретте монополистің табысы мен шығынының
қисықтары бейнеленген.
а) барынша көп пайда әперетін өнім көлемін
анықта;
322
ә) монополиялық бағаны анықта;
б) графикке монополистің пайдасын көрсететін
ауданды белгіле;
в) монополистің өніміне нарықтық сұраныстың азаюы
монполистің іс-әрекетіне кандай әсерін тигізеді.
8.1-сурет. Монополистің табысы мен шығыны.
8.2-сурет. Ұзақ мерзімдегі монополия.
2. Суретте қарапайым монополияның ұзақ мерзім-
дегі табысы мен шығындарының қисықтары
берілген.
а) барынша көп пайда әперетін өнім көлемін
анықта;
ө) осы өнім көлемін сату үшін монополист қандай баға
тағайындайды?
б) монополия бұл жағдайда қандай пайда алады?
в) егер Р = МС тең болса, онда монополия
қандай бағамен қанша өнім көлемін нарыққа
ұсынады?
323
8-тарау. Монополия және монополиялық ...
ЕСЕПТЕР
8.1-кесте
Q
|
Р
|
ТК
|
мк
|
1
|
20
|
|
|
2
|
18
|
|
|
3
|
16
|
|
|
4
|
14
|
|
|
5
|
12
|
|
|
6
|
10
|
|
|
7
|
8
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |