Микроскоптың құрылысымен танысу. Микроскоптың құрылысы


Жарық өрісіндегі микроскопия



бет4/10
Дата23.10.2022
өлшемі353,04 Kb.
#154672
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
1 зерт

4. Жарық өрісіндегі микроскопия
Жарықта өтетін жарық алаңының әдістері негізінен мөлдір препараттарда қолданылады, өйткені олардың құрылымының бөлімшелері әр қилы жарықты сіңіреді. Жарықтандыру системасындағы сәулелер препаратқа және обьективке біртегіс жарықтандыру береді. Препарат құрылымының элементтері көбінесе оларға түсетін жарықты сіңіреді, ауытқытады, олар суреттің шығуын қамтамасыз етеді. Бұл әдіс сәуле сіңірмейтін обьект үшін де пайдалы. Жарық алаңының әдісі мөлдір обьектілерді бақылау үшін көбінесе биологиялық ұлпа және көптеген минералды қолданылады. Обьектив арқылы жарықтандыру төбеден препаратқа беріледі және ол тағы да жарықтандыру қызметін атқарады.
Биологиялық микроскоптың жабдықтары
Микроорганизмдерді зертеу үшін күрделі оптикалық прибор микроскопты қолданады (грекше mikros – кішкентай, skopeo – көремін). Микроскоптар 2 негізгі бөліктен: механикалық және оптикалық бөліктен тұрады. Механикалық бөлігі штативтен, тубустан және заттық үстелшеден тұрады. Заттық үстелше винттің көмегімен қиғашымен орналасады. Столдың үстінде препараттың қатайту үшін 2 клемма болады. тубус негізінен макрометрлік және микрометрлік винт көмегімен көтеріледі және түседі.
Тік немесе иілген тубустың үстінде револьвер жалғасқан, оған 2-4 объектив орналастырылған. Объективтерді ауыстыру үшін револьверді өзі осін айналдыру арқылы жүзеге асырамыз.
Микроскоптың оптикалық бөлімі жарық аппаратынан, объективтерін және омулярлардан тұрады. Жарық аппараты заттың үстелдің астында орналасқан, ол айнадан, конденсордан және ирис-диафрагмасынан тұрады. Айна екі беттен тұрады: тегіс және иілген: ол жарық сәулесін шағылыстарап, конденсорға бағыттайды. Өте үлкен жарықтандыру үшін тегіс айналарды қолданады. Жасанды және табиғи кішігірім жарықты үлкейту – иілген айнаны қолданады. Конденсор күшті линзалар жүйесінен тұрады. Ол зерттелетін объектінің оның көрінуі үшін жарықтың ашық болуын қамтамасыз етеді. Жарық сәулелерін жинап, оларды айнада шағылыстырған соң, конденсор тегіс айнада концетрлейді. Конденсор винттің көмегімен вертикальді бағытта жылжиды. Конденсорды төмен түсірген кезде микроскоптың көру түтігінде қараяды, ал көтергенде – жарықталады. Егер қатты жарық болып кетсе, онда конденсорды түсіру керек, ал егер қараңғылау болса – көтеру керек.
Ирис-диафрагма жіңішке металл сегменттерінен тұрады, ол конденсордың астында орналасқан, ол арқылы конденсорға түскен жарықты реттейді.
Микроскоптың ең негізгі бөлігі объективтер болып табылады. Олар револьвердің ұяшықтарында орналасқан және де линзалар жүйесінен тұрады. Металлды оправа бекітілген. Үлкейтуді беретін фронтальды немесе алдыңғы объективтің линзасы болып табылады. Күшті объективтің фронтальді линзалары кішігірім диаметрі қисықты береді, жарты шар түрінде. Барлық объективтер екіге бөлінеді: ахромат – қарапайым және апохроматы – негізі, ол оптикалық көріністің кемшіліктерінен айырылтуға мүмкіндік береді.
1-микроскоптың табаны, 2-конденсор кронштейні, 3-тубус ұстағыш, 4-микромеханизмі бар қорапша, 5-окуляр, 6-тубус, 7-призма, 8-тубус ұстағыштың басы, 9-револьвер, 10-салазиалардағы револьвер, 11-объектив, 12-заттың үстелшесі, 13-конденсор, 14-ирис-диафрагма ұстағыш, 15-диафрагма, 16-айна, 17-икрометрлі винт, 18-макрометрлі винт.
Сонымен бірге объективтер құрғақ және иммерсионды болып бөлінеді. Құрғақ объективтер жұмыс фронтальды линзалар және зерттелетін заттар арасында ауа қабаты болады . Иммерсионды (латынша immersio-ендіру) фронтальды линзалар жұмыс кезінде препараттың сұйық тамшысына ендіріледі. Бұл мақсатта жұмысына ең қолайлы препарат 1.515 коэфициентті ке кедр майы болып табылады. Жарық сәулесі айнадан шағылыспай кедр майы арқылы объективке түседі. Осы арқылы затты толық көруге мүмкіндік бар.
Конденсордың иристі-диафрагманың деңгейі мен объективтің жұмыстық қашықтығы, объективтің үлкейтулер арасындағы қатынастар.
МБР-1 және МБИ-1 биологиялық микроскопы 20,40,60 және 90 х сандары бар 3-4 объективі бар, олар осы объективтің үлкейтуін көрсетеді. Микроскоптардың ең күшті объективтері 90, 100, 101 және 110 х болып табылады.
Окуляр (латынша oculus-көз) тубустың түбінде орналасқан. Окуляр ені тегіс домалақтау линзадан тұрады. Линзаның біреуі көзге бағытталғаны – көздік, екіншісі препаратқа бағытталған – жинақты. Окулярда үлкейтілген фонус қысқа болуына байланысты, окулярда ұзындығы кішкентай болып келеді. Линзалар арасында диафрагма орналасқан, қисық жарық сәулелерін ұстап қалады. Окуляр сандармен белгіленген, олардың үлкейтулерін көрсетеді. Апохроматтармен жұмыс кезінде қиын компенсационды окулярлар қолданады.
Күшті объективтің әлсіз және орташа окулярлардың біргелесуі арқасында бейнені толық көруге мүмкіндік бар. Микроскоптың берілген жүйесінің көрінуін ұлғайту үшін окуляр мен объектив көрсетілімін көбейту керек. Мысалы, окуляр көрсетілімі 7 х және объектив көрсетілімі 90 х болса, онда микроскоптың көрінуінің ұлғаюы 630-ға тең.
Шынында, объектив заттың бейнесін береді. Ал окуляр оны үлкейтіп көрсетеді.
Жарықтандырғыш. Мироскопиялықта көбінесе электр жарығын көрсетеді. Көптеген микроскоптарда (МБИ-2, МБИ-6) жарықтандырғыш құрал микроскоптың өзіне ендірілген. МБР-1 микроскопында жұмыс жасау үшін ОН-7, ОН-19 және т.б. жарықтандырғыштармен қамтамасыздандырылған.
ОН-7 жарықтандырғышы 2 линзалы конденсордан тұрады иристі-диафрагма және азвольтты (8 В, 20 Вт) шамнан, олар 120-200 В-ті трансформатордан электр жарығын алып отырады. Шам потронымен жарықтандырғыш корпусында еркін орналасады және штативке керекті биіктікте бекітіледі. Жарықтандырғыш микроскоппен арнайы планкпен жалғасады. Шам накалын реттеп отыратын корпусында реостат орналасқан(7), шамды оған азвольтты трансформатор (6)арқылы жалғайды. Шам патронымен жарықтандырғыш корпусында еркін жылжиды және ол штативке керекті биіктікте бекітілген. Шамның алдында жарықтандырғыш екі линзалы иристі-диафрагма (4) және жарық фильтр(5) ұяшығы орналасқан. Жарықтандырғышты микроскоп алдына орналастырады, байланыстырғыш планкте керекті өлшемді береді.
ОИ-19 микроскоппен жарықтандырғыш:
1- жарықтандырғыш штативі; 2- жарықтандырғыштың корпусы; 3-патрон компасы; 4-иристі диафрагманың ұстағышы; 5-жарық фильтр; 6-трансформатор; 7-реастың ұстағышы; 8-өшіргіш; 9-біріктіргіш планкасы.
Жарықтандырғыш ОИ-9М.
Бинокулярлы қондырғысы АУ-12 микроскобына орнатылған: 1,2-окулярлы түтікше; 3-диатропты механизм; 4-диатропты сақина механизмі; 5-шар тәрізді түтікше өсінің корпусы және фланц құрылысы.
Бинокулярлы қондырғысы мен бинокулярлы микроскобын микроорганизмдердің колонияларының тығыз қоректік ортада өсіруін әсіресе микробытық препараттардың ұзақтылығын жүргізуге болады (5-сурет). Заттың стреоскопиялық көрінісін 3 бағыттағы өлшемі көру қабілетін тез шаршатпайды. Түтікшенің окулярлы түзегішінің 1 өлшегіш бағытқа көріністі көрсеткенше 1 келікке келтіреміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет