Люменисценттік микрокопия Люменисценттік микрокопия түсіп жатқан жарықтың әсерінен әр түрлі биологиялық заттар мен бағыттарға түскен жарықтың әсерінен сәулелену қабілетіне негізделген. Люминисценцияға тәуелді әр түрлі молекулалық заттар түсіп жатқан жарықтың энергиясын жұтып, жоғары энергетикалық деңгейімен сипатталатын қозған қалыпқа өтеді. Бірақ олар осы күйде аз уақыт болады да, қайтадан бастапқы энергетикалық деңгейде оралады. Бұл ауысу люмисценция жарығы түрінде артық энергияны беруімен бірге жүреді. Люминисценцияны тітіркендіру үшін объектіні 300-400 нм толқын ұзындығы УК сәулелерімен немесе 400-460 нм толқын ұзындығымен СФ сәулелерімен жарықтандырады. Себебі бұл жағдайда люмисценцияның жарығы спектрдің көрінетін жағында жатады. Люмисценцияның түсі спектрдің ұзын толқынды бөлігіне ығыстырылады. Люмисценцияны көк түспен тітіркендіргенде оның түсі жасылдан қызылға ауысуы мүмкін. Егер, люмисценция УК сәулелерімен тітіркенсе, онда жарық спектрінің кез-келген көрінетін жерінде жарықтанады. Бұл люмисценцияның ерекшелігі – тітіркенетін жарықты жұтатын арнайы жарықфильтрлерді пайдалана отырып, салыстырмалы түрде әлсіз люмисцентік жарықты бақылауға мүмкіндік береді.
Көрінетін көк сәулелермен жұмыс істегенде кәдімгі оптикалы микроскопты қолдануға болады. қосымша микроскоптың комплексінде 2 жарықфильтр болу керек. көк ультракүлгін мен сары және фокусирленген линзаны бар микроскопирлеуге арналған арнайы лампа.
Ерекше көңіл жарықфильрге бөлінген. Себебі олар көрінетін жарықты өткізбеу керек. бірақ осында көптеген көк және көк фиолетті әйнектер бақылауда кдергі жасайтын қызы сәулелерді өткізетінін ескереді. Әйнекті жарықфилтрді сұйық жарықфильтрдің орнына қолдануға болады. ол келесідей жасалынады: купорос ерітіндісіне 25% - дық аммиак ерітіндіден купоростағы тұнба жойылғанға дейін қосады. Алынған ерітіндіні тегіс, тар кюветаға құйып, үстіне бірінші жарық көрінгенге дейін дистилденген суды қосады.
Антибиотиктер және т.б. қосылыстар біріншілік люминисценцияға ие. Микрооргнаизмдердің кейбір клеткалары өте әлсіз люминисцентенеді. Сондықтан оларды арнайы люминисценция қабілеті бар бояғыштармен – флуорхраммен өңдейді. Люминисценцияның объектін флуорхраммен өңдегеннен кейін бағытталған немесе екіншілік деп аталады. Екіншілік люминисценцияны тітіркендіру үшін спектрдің көк-фиолетті бөлігін қолдануға болады.
Флуорохрамға примулин, орнажевый акридин, берберин сульфат, аурофосфин, т.б. бояғыштар кіреді. Флуорохрамды жақсы еріген ерітінділер ретінде қолданылады (1:500-1:100 000). Осы ерітінділер аз токсинді болып келеді. Бұл жаңа зақымданбаған жасушаны жақсы зерттеуге мүмкіндік береді. Флуорохрамдар микробты жасушамен қатар, оның бөлек құрылымдарын алады. Жасушалық құрылымдар өзініңхимиялық құрамына байланысты флуорохрамды адсорбирлейді. Сондықтан оны әр түрлі сәулелермен люминисцентендіреді. Флуорохрамдар тірі және өлі жасушалармен бірдей адсорбирленеді.
Мысалы, нейтральды қызыл цитоплазманы жасылға, метахрометинді дәндерді қара қызылға, вакуольдерді қанық сары түске бояйды.
Акриминді сарыны немесе аураминді қолданғанда туберкулез таяқшасын дифференцирлеуге болады.
Іш – сүзек таяқшасының флюрохромирленген клонниялар зерттелген материалды қайта еккеннен кейін, 6 сағаттан соң дифференцирленуі мүмкін. әлсіз концентрация (0,001-0,00001%) мен аз токсинділіктің арқасында бұл бояғыштарды тірі бактериальды жасушалардың құрылымдарын зерттеуде қолдануға болады. сондықтан люминисценттік микроскопия бактериялық жасушаларды цитологиялық зерттеулерде кеңінен қолданылуда.
Люминисценттік микроскопия көріністің контрастісін күшейтеді, бөлек жасушалық структураларды ажыратуға мүмкіндік береді. Люминисценттік микроскопия тірі және өлі жасушаларды анықтау үшін сондай-ақ топырақта және өсімдіктің микроорганизмдерін зерттеуде кеңінен қолданылады.
УК сәуледегі микроскопия көп таралмаған, себебі қымбат кварцтік оптиканы қолдануды қажет етеді. Одан басқа УК сәуле әсерінен микроорганизмдердің тірі жасушаларының зақымдануы болады. қазіргі кезде көрінетін жарықтың қысқа толқынды бөлігіндегі микроскопия үлкен роль атқарады.
Көрінетін жарықтың көк күлгінді сәулелердегі люминисценцияны, сәулелердің жолына көк әйнекті немесе сұйық жарықфильтрді орналастырып, кәдімгі микроскоп арқылы бақылауға болады. Люминисценны анықтаудағы кедергі жасайтын көк сәулелерді, сары жарықфильтрді микроскоптың окулярына қойып алып тастауға болады. нәтижесінде бақылаушы қара люминисцентін объектілерді көреді. Бірақ, микробиологиялық зерттеулер үшін МЛ-2 люминисцентті микроскоп өте ыңғайлы.
Люменисценттік микрокоп