Қазақстан Республикасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін (МӘМСЖ) енгізу
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру дегеніміз не?
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі – ол денсаулық сақтау саласында мемлекеттік әлеуметтік мүдделерді қорғау жүйесі.
МӘМС, Қазақстанның барлық сақтандырылған азаматтарына, жынысына, жасына, әлеуметтік мәртебесіне, тұратын жеріне және табыстарына қарамастан медициналық және дәрілік көмекке тең қолжеткізуге кепілдік береді.
Елдің әр тұрғыны үшін медициналық көмектің бірыңғай топтамасы және оған жету теңдігі;
Көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын арттыру, медициналық ұйымдардың жоғары құзыреттігін және бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету, жаңа технологиялар және оқыту үшін жағдай жасау;
Өңірлер бойынша қаржы бөлудің және жеткізушілерден медициналық көмекті сатып алудың бірыңғай ережелері.